А., Н. «ҚҰрылыс материалдары химиясы» ПӘнінен зертханалық сабақтарды өтуге арналғАН



бет10/26
Дата30.11.2022
өлшемі0.92 Mb.
#466103
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26
4 ҚМХ пәнінен лаб.саб арналған ӘН

Сутектік көрсеткіш (рН). Жоғарыдағы сандарды есептеулерде қолдау қйын болғандықтан, [Н+] иондары концентрациясының теріс мәнмен алынған ондық лагорифмі қолданылады және ол сутектік көрсеткіш деп аталып, рН таңбасымен белгіленеді.


рН=-lg[Н+]

Мысалы: [Н+] = 10-7 болса, ол жағдайда рН=-lg[10-7]=-(-7)=7 тең болады, бұл бейтарап ортаны көрсетеді. Егер [Н+] = 10-3 болса, ол жағдайда рН=-lg[10-3]=-(-3)=3 тең болады бўлади, бұл қышқылдық орта. [Н+] = 10-9 болса, ол жағдайда рН=-lg[1093]=-(-9)=9 тең болады бўлади және орта сілтілік болады.


Белгілі бір ерітіндіде рН=5 болса, онда рОН=9 болади.
Ерітінділерді, жалпы химиялық реакияларды оқып үйренуде реакция ортасының, яғни рН маңызы ерекше. Мысалы, минералды байланыстырғаш заттардың гидратациялану реакциясы әлсіз негіздік ортада жақсы жүреді. Бетон және темірбетонды бұйымдардың коррозиясы қышқылдық ортада қарқынды жүреді. Осылайша әрбір процестің жүру ортасын біле отырып процестерді басқаруға болады.
Ерітінділердің (рН) сутектік көрсеткіші арнайы рНметр немесе иономерлердің көмегісен анықталады. Зерттелетін ерітіндіге 2 электродты салады: индикаторлы (шыны) және салыстыру электроды. Сутегі ионының концентрациясына байланысты, электродтарда әр түрлі электрқозғаушы күш пайда болып, олар қарсы бағытталған ЭҚК теңестіріледі және өлшенеді. Зерттелетін ерітінді ретінде қатты заттардың ерітіндісі алынады. Сонымен бірге гидратацияланушы цемент пасталары мен басқа да байланыстырғыш заттардың рН көрсеткішін анықтауға болады.
Байланыстырғыш заттар ерітінділері ортасының рН көрсеткішін білу химиялық құрамы өзгермелі шикізаттық материалдар негізінде бетондардың оңтайлы құрамын анықтауға, шикізаттық материалдардың құрамындағы кремний қос тотығы, әк сияқты компоненттердің ерігіштігін болжауға мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет