Жұмыстың мақсаты: Судың кермектілігін анықтау және кермектілікті жоюдың түрлі тәсілдерінің тиімділігін анықтау.
Қондырғылар мен материалдар: лабораториялық иономер, суды қайнатуға қажетті ыдыс, электр плитасы, әр түрлі су (бұлақ, жаңбыр, өзен, су жүйелерінен алынған сулар).
Жұмыс барысы:
Лабораториялық иономердің көмегімен әр түрлі сулардың кермектігін анықтау.
Суды 15-20 минут көлемінде қайнатып, лабораториялық иономер көмегімен кермектілігін анықтау.
Ион алмасу әдісімен судың кермектілігін жойып, лабораториялық иономер көмегімен кермектілігін анықтау.
Сынақ нәтижелері бойынша қорытынды
Сынақ нәтижелері бойынша әр түрлі сулардың кермектілігі жайлы және оны жұмсарту тәсілдерінің кермектік көрсеткішіне әсері жайлы қорытынды жасау.
Бақылау сұрақтары:
Қандай тұздар табиғи судың кермектілігін сипаттайды?
Табиғи суларды жұсарту үшін, оның құрамынан қандай иондарды жою қажет. Қандай иондарды ендіру арқылы суды жұсартуға болады?
Судың қандай кермектілігі уақытша кермектілік деп аталады?
Судың қандай кермектілігі тұрақты кермектілік деп аталады?
Кермектілікті жою тәсілдері. Олардың жетістіктері мен кемшіліктері.
Судың кермектілігі бетонның қатаюуы мен ұстасуына қалай әсер етеді?
Лабораториялық жұмыс № 5
Байланыстырғыш заттар ерітіндісінің рН көрсеткішін анықтау
Таза су әлсіз электролит ретінде аз болса да иондарға диссоцияциаланады:
Бір молекула су диссоцияциаланғанда бір және бір иондары түзілсе, 1 л суда моль диссоцияциаланғанда г-ион және г-ион түзіледі.
Әрекеттесуші массалар заңына сәйкес судың диссоцияциалану константасы:
Судағы диссоцияциаланбаған молекулалар саны [Н+] және [ОН-] пен салыстырғанда көп болғаны үшін [Н2О] мөлшері өзгермейді деп қарастыруға болады, 1 л суда 1000 / 18 = 55,56 моль су бар.
Сондықтан бұл константа судың иондық көбейтіндісі деп аталып, түрінде жазылады.
Осылайша, 1л суда [Н+] және [ОН-] концентрациялары да ге тең болады. Демек 220С да судың иондық көбейтіндісі не тең болып, осы температурада өзгермейді.
Таза суда, [Н+]·[ОН-]=10-14 тең, яғни [Н+] және [ОН-] иондарының концентрациялары тең болады, сондықтан су бейтарап зат. Судағы әр түрлі ерітінділерде [Н+] және [ОН-] концентрациялары өзгеруі мүмкін, , бірақ та олардың көбейтіндісі өзгермейді.
Егер суда белгілі бір затты еріткенде [Н+] және [ОН-] иондарының концентрациясы тең болса, ерітінді бейтарап болады. Суға қышқыл қосылса, онда[Н+] концентрациясы артып кетеді. Бірақ та [Н+] және [ОН-] концентрацияларының көбейтіндісі өзгермейтіндіктен [Н+] концентрациясы артқанда [ОН-] концентрациясы азаяды. Бұл жағдайда [Н+] нің концентрациясы ден көп болады. Бұндай ерітіндінің ортасы қышқылдық болады.
[Н+] = [ОН-] – бейтарап орта
[Н+] >[ОН-] – қышқылдық орта
[Н+] < [ОН-] – сілтілі орта
Кез елген ерітіндіде [Н+]·[ОН-]=10-14 болған жағдайда, оның ортасын анықтау үшін [Н+] немесе [ОН-] концентрациясын білу жеткілікті. Ерітінді ортасын негізінен [Н+] нің концентрациясымен бейнелеу қабылданған.
[Н+] = 10-7 – бейтарап орта
[Н+] > 10-7 – қышқылдық орта
[Н+] < 10-7 – сілтілі орта
Егер ерітіндегі [Н+] = 10-5 болса, [ОН-] мәнін анықтауға болады: [ОН-] = 10-9, ерітіндінің ортасы қышқылдық.
Егер ерітіндегі [Н+] = 10-9 болса, онда [ОН-] = 10-5, ерітіндінің ортасы сілтілі орта болады.
Достарыңызбен бөлісу: |