Денсаулық топтары - Жоғарыда айтылған төрт белгіні есепке ала отырып, баланың немесе жасөспірімнің денсаулығына кешенді баға берілген соң, төменде көрсетілген 5 денсаулық тобының біреуіне жатқызады:
Бірінші топ - дені сау, дене бітімінің дамуы дұрыс, негізгі органдар мен жүйелердің қызметі қалыпты жағдайдағы балалар мен жасөспірімдер. Яғни, бұл топқа жататын балалардың созылмалы аурулары жоқ, ешқашан ауырмаған, немесе бақылау мерзімінде жеңіл аурулармен науқастанып, жылдам жазылған, дене бітімі мен психикалық дамуы өзінің жасына сәйкес үйлесімді жағдайдағы балалар.
Екінші топ - дені сау, бірақ, функционалдық немесе кейбір морфологиялық ауытқулары бар, сонымен қатар жедел және созылмалы ауруларға қарсыласу мүмкіндігі азайған балалар. Яғни, созылмалы аурулары жоқ, бірақ жиі (жылына 4 реттен көп) және ұзақ (бір аурумен 25 күннен көп) ауырған балалар.
Үшінші топ - созылмалы аурулары компенсация сатысында, организмдерінің қызмет мүмкіндіктері сақталған балалар мен жасөспірімдер. Яғни, созылмалы аурулары немесе туа пайда болған потологиялық ауытқуларының қабынулары сирек болатын және жеңіл өтетін, жалпы денсаулық жағдайы қанағаттанарлық дәрежедегі балалар.
Төртінші топ - созылмалы аурулары субкомпенсация жағдайындағы, организмдерінің қызмет мүмкіндіктері азайған балалар мен жасөспірімдер. Яғни, созылмалы аурулары мен туа пайда болған дамудағы ақаулары субкомпенсация жағдайындағы, олардың қабыну, асқынулары жиі болып тұратындықтан денсаулық жағдайы нашарлаған, жедел аурулардан жазылу уақыты (реконволесценция) ұзақ болатын балалар.
Бесінші топ - созылмалы аурулары декомпенсация жағдайындағы, оганизмдерінің қызмет мүмкіндіктері едәуір төмендеген балалар мен жасөспірімдер. Бұл топтағы балалар негізінен жалпы профильдегі балалар мекемелеріне бармайды және жалпы бақылауға алынбайды.
Уыз бен сүттің құрамы
Достарыңызбен бөлісу: |