А. С. Биханова, Н. Б. Кайсанова


  Зерделенетін оқулықтың қысқаша мазмұны



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата02.01.2022
өлшемі353.7 Kb.
#454305
1   2   3   4   5   6
entrepreneurship

 

1.1  Зерделенетін оқулықтың қысқаша мазмұны 

 

Дональд  Куратконың  «Кәсіпкерлік:  теория,  процесс,  практика»  атты 

еңбегін  қазақ  тіліне  халықаралық менеджмент магистрі М. Сейітжаппарұлы, 

менеджмент  магистрі  Б.  Сабденалиев,  Ноттингем  университетінің  магистрі 

Н. Ынтайбекова және Г. Түсіпова, М. Қыстаубаева есімді мамандар аударған. 

Алғаш рет баспадан 1994 жылы шыққан кітаптың соңғы шығарылымы 

2016  жылы  шыққан.  Оқулық  465  беттен  тұрады.  Шет  елдерде  қомақты 

қаражатқа сатылатын кітап Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» 

атты  бағдарламалық  мақаласының  «Жаңа  гуманитарлық  білім.  Қазақ 

тіліндегі  100  жаңа  оқулық»  бағыты  бойынша  отандастарымызға  су  тегін 

аударылып ұсынылуда. Оқулық 4 бөлімнен тұрады: 1бөлім: XXI  ғасырдағы 

кәсіпкерлік  ойлау  жүйесі;  2  бөлім:  кәсіпкерлік  венчурды  бастау;  3  бөлім: 

кәсіпкерлік  жоспарын  әзірлеу;  4  бөлім:  кәсіпкерлік  венчурдің  өсу 

стратегиялары. 

Ал  автор  кәсіпкерлік  білім  беру  саласының  үздігі  болып  саналады. 

Оның қаламынан бүгінге дейін дәл осы тақырып бойынша 30 кітап және 190-

нан  астам  ғылыми  мақалалар  туған.  Әлем  назарын  бүгінде  өзіне  аударып 

отырған өміршең тақырыпта ағылшын тілінде материалдар жазған оқу ісінің 

үздігі  бүгінде  аталған  саладағы  ең  үздік  ұстаздар  қатарына  енеді.  Оның 

жазған  еңбектерін  әлемдік  рейтингте  көш  басында  тұрған  жоғары  оқу 

орындары өздерінің білім беру үдерістеріне енгізіп, сол бойынша жыл сайын 

мыңдаған  шәкірт  тәрбиелеп  шығуда.  Ал  осы  кітаптағы  құнды  дүниелерді 

терең игерген студенттер дипломдары қолдарына тиісімен өздері білім алған 

салада үздіктер қатарынан атану мақсатында еңбек етуде. 

Оқулықта  әлемдік  тәжірибеде  дәлелденіп  қойған  «Mind  Tap»  әдісі 

туралы  толыққанды  мағлұмат  беріліп,  оның  қолданылу  жолдарын 

түсіндіреді.  Сондай-ақ,  әлемдік  бизнес  аренасында    танымал  болған  әдіс 

бойынша  арнайы  жағдаяттық  тапсырмалар  жазып,  оқырманды  сол 

тапсырманы 

мұқият 


орындауға 

итермелейді. 

Дональд 

Куратконың 

шығармасының  өне  бойы  дәл  осындай  оқырманға  арналған  жағдаяттық 

тапсырма  немесе  өз  алдына  жеке  бизнес-жоспар  жасау  жолдары  сатылап 

көрсетілген.  Яғни,  оқуға  да,  түсінуге  де  оңай  әрі  жас  үміткерлерді 

жігерлендіріп, кәсіпке деген көзқарастарын арттыра түспек. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет