А. с пушкин атындығы орталық балалар кітапханасы



Дата05.07.2016
өлшемі49.04 Kb.
А.С Пушкин атындығы орталық балалар кітапханасы


А.С Пушкин атындығы орталық балалар кітапханасы Орал қаласының көне кітапханаларының бірі. Балалар кітапханасы 1947 жылы қаңтар айында «Зенит» зауыты аумағында ашылған. Алғаш ашылған бір бөлмелі кітапханада үш кітапханашы жұмыс істеп, ағашқы меңгерушісі қызметін – Дегтярова Оксана атқарған. Жыл өткен сайын кітапхана да кеңейіп, оқырмандар көбейе түсті. 1967 жылы кітапхана №17 орта мектеп ғимаратының бір бөлмесіне көшіп, ал 1974 жылы қазіргі тұрақты мекен-жайы – жол құрылыс басқармасының ғимаратынан қоныс тепті. 1976 жылы Орал орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің құрылуына байланысты кітапхана «А.С Пушкин атындағы орталық балалар кітапханасы» болып қайта ұйымдастырып, балалармен жұмыстың әдістемелік орталығына айналды. 1967-85 жылдар аралығында кітапхана меңгерушісі қызметін Батыс Украинадан келген Чиркова Александра Ивановна атқарды. Чиркова А.И – балалар кітапханасын Орал қалалық ОКЖ-нің ең озық кітапханаларының қатарына кіргізген жақсы ұйымдастырушы, шығармашылық ізденістері мол білікті маман болды. Оның басқаруымен кітапхананың көптеген қала мектептерімен, балалар бақшаларымен, оқу орындарымен, жергілікті басқару, қоғамдық ұйымдарымен байланысы жақсарып, кітапхана беделі жоғарылады. Кітапхана жанынан алғашқы қызығушылық клубтары ұйымдастырылып, жұмыс істей бастайды. Осы клубтардың жұмысы туралы «Приуралье» газетінде «Демалыс күнінің штабы» атты мақала жарық көрді. Кітапхана ұжымы өзінің ұйымшылдығымен, жұмыскерлігімен бірнеше рет «Социалистік жарыс үздігі» атағын жеңіп алды.

1985-1995 жылдар аралығында кітапхана меңгерушісі қызметін Кочурова Елена Иосифна, кейін 1995-2009 жылдар аралығында Чунарева Екатерина Ивановна атқарды. Чунарева Е.И. басқарған кезеңдерде кітапхана қызметіне озық тәжірибелер енгізіліп, кітапхана облыстық, қалалық байқаулардың жғңімпазы атанды. 2009 жылдың көкек айынан кітапхана меңгерушісі қызметін атқарып келе жатқан Даубаева Светлана Ахметовна заман талабына сай оқырман сұраныстарын қанағаттандыру еселі еңбек етуде.

2013 жылға дейін кітапхана Орал жол құрылыс басқармасының ғимаратының бірінші қабатынан үш бөлмені жалдап тұрған. Ол бөлмелерде: абонемент(1-4 сыныптар; 5-6 сыныптар, 7-9 сыныптар) оқу залы-32 орындық және кітап сақтау бөлімдері болған. Жалға алынған бөлмелердің жалпы ауданы-160шаршы метр. 2010 жылы кітапханаға жаңа компьютер мен принтер беріліп, «КАБИС» бағдарламасы жүйесіне қосылды. Қазір осы бағдарлама бойынша кітапхана қорының электронды мәліметтер базасының жасақталуы қолға алынды. Құрылғанына 60 жылдан астам уақыт ішінде кітапхана үлкен шығармашылық жолдан өтіп, бүгінде қаламыздағы жас оқырмандар, ұстаздар, ата-аналар, бала-бақша тәрбиешілері мен мектеп кітапханашылары үшін ақпараттық, әдістемелік, бос уақытын тиімді өткізу орталығына айналды. Кітапханада жас оқырмандарға кітаппен қызықты болуы үшін, оның осы кітапханаға, кітап оқуға қайта оралуына қолайлы барлық жағдай жасалған.

Қазіргі таңдағы кітапхана жұмысының маңызды бөлігі – жас оқырманның таным көкжиегін кеңейту, оны адами құндылықтарға бағыттау, өзінің интеллектуалды кітабын табуына көмектесіп, үлкен өмірге дайындау.

А.С.Пушкин атындағы орталық балалар кітапханасы жанында 4 қызығушы лық клубы жұмыс істейді. Клуб мүшелері кітапханада өткізілетін көпшілік шараларға белсенді араласып, кітапхана жұмысын түрлендіруге ат салысып келеді. « Юный краевед» клубы 1971 жылы жасөспірімдерді туған өлке тарихын, әдебиетін жан-жақты терең оқып-білуге жұмылдыру мақсатында құрылған. Клуб мүшелері өлке тарихын оқып біліп қана қоймай, зерттеу-іздері бағытында жемісті нәтижелерге жеткен. 1977 жылы жас өлкетанушылар Батысқазақстандық жауынгерлердің майдан жолымен Одесса, Тирасполь қалаларына саяхат жасаған. 1992 жылы клуб аты «Жас өлкетанушы» деп өзгертіліп, қазақ тілді оқырмандармен жұмыс жургізіле бастайды. Жыл сайын клуб отырыстарынын тақырыптары ауысқанымен өлкетану бағыты өзгермейді. Клуб мүшелерінің ұстанымы: «Туған өлке тарихын білу парызың»! Жылына клубтың 5-6 отырысы өткізіледі. Отырыс бағдарламасы өлкенің қоғам қайраткерлерімен, тарихи тұлғаларымен, белгілі өнер адамдарымен, соғыс және еңбек ардагерлерімен т.б. қызықты шаралардан тұрады. Клуб мүшелері: №41 ЖОББМ –нің 6-7 сынып оқушылар.

1970 жылы «Литературные встречи» деген атпен құрылып, 2009 жылдың қыркүйегінен аты «Әдеби кездесулер» деп өзгертіліп, қазақ тілі жұмыстанып келеді. Мақсаты:жас өрендерді қазақ ақын-жазушыларының шығармашылығымен таныстырып,олардың шығармаларын насихаттау, дарынды балалардың шығармашылығын дамыту. Клуб мүшелері: №9 ЖОББМ 5-6 сынып оқушылары. Клуб отырысының саны ақын-жазушылардың мерейтой санына байланысты жоспарланады: әдеби кеш, поэзия сағаты, жергілікті ақын-жазушыларымен кездесулер, портрет кеші,т.с.с. шаралар өткізіледі. Клуб мүшелері өз отырыстарында БҚО журналистер Одағының мүшесі, ақын А.Н.Нәріковпен, танымал өлкетанушы Жайсан Ақбаймен, жерлес ақындар Қайрат Жұмағалиев, Ақұштап Бақтыгереева т.б. кездесіп, ұлы Абайдың, Мағжанның, Ж.Молдағалиев, Қ.Мырза Әли, Х.Есенжанов,М.Әуезов сынды қазақ классиктерінің шығармаларымен терең танысып, зерттеді. Сонымен қатар, клуб жанында шығармашылық дарындылықтарын дамыту бағытында да көңіл бөлінеді. Клуб 1974 жылы бастауыш сынып оқушыларын кітапханаға тарту мақсатында құрылған. Клуб мүшелері:№39 мектептің 1-2 сынып оқушылары. Ұстанымы «Бәрін де білгім келеді»! Жылына клубтың 6 отырысы өткізіледі. Клуб жұмысының мазмұны кең: әр түрлі тақырыптарда танымдық сабақтар, түрлі саяхаттар, ойын-сайыстар, ертеңгілік, дауыстап оқулар, театрланған көріністер, шығармашылық шеберхана қызықты шаралар жоспарланған. Клуб мүшелері балалар классиктерінің шығармашылығымен танысып, кітап кейіпкерлерін мінездерін талқылап-талдауда, кітап сюжеттері бойынша суреттер салуда, өз ой-пікірлерін білдіруде белсенділік танытып, кітапхананың үздік оқырмандары қатарын құрайды. Клуб жанында: «Дружба и братство-дороже богатсва»достық сабағы, «Вокруг зеленой елки»Жаңа жыл мейрамы, Е.Дүйсенбайұлының санамақтарының дауыстап оқуы, «Хорошие манеры» әдептілік сабағы, К.Чуковскийдің «Муха-цокотуха» шығармасы бойынша құқықтану сабағы, Ю.Калининаның «Удивительные вещи» кітабының тұсаукесері, қызықты, танымды шаралар өткізілді.

Клуб 1980 жылы құрылған.Мақсаты:жасөспірімдердің құқықтық сауатын жетілдіру, олардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдың алу және адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу. Клуб мүшелері: №23 ЖОББМ–нің 5-6 сынып оқушылары. Ұстанымы: «Заң алдында бәрі тең». Жылына клубтың 4 отырысы жоспарланған. Клуб отырыстарының бағдарламасы «Жасөспірім және заң» лекторийі, әр түрлі кездесулер, пікір-таластар, әңгімелер, әдебиеттерге шолулар, құқықтық ойындар, дөңгелек үстелдер, тақырыптық кештер т.с.с. шаралар тұрады.

Кітапханада кітап пен оқырман арасындағы диалог негізіне құрылған көптеген танымы мен тәлімі мол, ой-пікір туғызатын копшілік шаралар өткізу дәстүріне айналған. Жас оқырмандардың дүниетанымын қалыптастыруда кітапхана төмендегі бағыттарда: өлкетану, патриоттық тәрбие, Қазақстан тарихы, экология, салауатты өмір салты, құқықтық тәрбие, оқу ісіне көмек, кәсіптік бағдар беру, әлемдік мәдениет және жұмыстанып келеді

Дәстүрлі өткізілетін айлықтар:



  • «Жаңа оқырмандар тарту айлығы» (1наурыз-1сәуір);

  • «Құқықтық білімді насихаттау» (16қазан-16 қараша)

  • «Балалар мен жасөспірімде кітабының апталығы» (24 наурыз-1 сәуір)

  • «Қазақстандық кітаптарының апталығы» (10-15қазан)

  • «Туған тілім-бабам тілі- өз тілім»-тіл апталығы(22-27 қыркүйек)

Дәстүрлі өткізілетін акциялар:

  • «Озің жазылсан,досынды да алып кел»-жаңа оқырмандар тарту;

  • «Кітапханаға кітабын қайтар»-бережақ оқырмандармен жұмыс;

  • «Бір ел –бір кітап»-республикалық акциясы

2013 жылы кітапхана жаңадан салынған «Салтанат сарайына» көшірілді
Каталог: zkolib -> rus -> nav -> oral
nav -> Қабыршақты ауылдық кітапханасы
nav -> Аудандық кітапхана шежіресі Кітапхана м
nav -> Жарсуат ауылдық кітапханасы
nav -> Қызылағаш ауылдық кітапхана шежіресі Оқырман саны: 271 Кітап берілімі: 5361 дана
oral -> Кітапхана тарихы
oral -> №2 Калалық кітапхана филиалы
oral -> 12 қалалық кітапхана филиалы
oral -> Түрлі сайыстар,ойындар,байқаулар; оқырман конференциясы, әдеби талқылау, дауыстап оқу; ақпаратты шолулар, ұсыныс әңгімелер т с. с өткізіледі


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет