А. Ш. Махаева тарих ғылымдарының кандидаты, доцент



бет2/168
Дата21.12.2023
өлшемі271.04 Kb.
#487436
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   168
тесты (2)

АЛҒЫ СӨЗ


Тарих – ұлтты мақтан тұту мен патриотизмге тәрбиелейді. Сондықтан елдің саналы, белсенді азаматы болу үшін Отан тарихын жақсы білу қажет. Сондай-ақ дүниежүзі географиясын толық білгені абзал. Оқыту үдерісіндегі ең маңызды бөлімінің бірі - оқытудың нәтижесін тексеру. Жалпы тестілеу әдісі көптеген дамыған елдерде қазіргі білімнің ажырамас бөлігіне айналған жастардың дайындық деңгейін және жалпы білім сапасын болжаудың тиімді құралы ретінде пайдаланылады.


Тарих пен география өткен заман туралы білімдердің жиынтығы ғана емес. Ол сондай- ақ әр халықтың бүгінгі дүниедегі болып жатқан оқиғалар мен құбылыстарға қатынасын нақты анықтауға мүмкіндік беретін ойлау жүйесі.
Соңғы жылдары тесттік әдіс оқу - білімге қатысты барлық ұйымдарда кеңінен қолданып жүр. Бүгінде тест қолдану талапкерлер үшін көп тиімді екенін өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Нәтижесі тікелей белгілі болады әрі тесттік әдіс талапкердің білім дәрежесін анықтауда көп уақыт алмайды.
Тарих пен географияны білу кімге де болса қажет. Ал тарих болса алдымен өзіңнің өмір тарихыңды, өзің туып-өскен өлкеннің, туған халқыңның, еліңнің тарихын оқып үйренуден басталады. «Қазақстан тарихы және географиядан» тест жинағының ЖОО-ға түсетін талапкерлер мен тыңдаушылар үшін дайындалған. Қазақстан тарихы және география тест жинағының жаңа курсын оқытуда, жан-жақты дайындық пен өзінің теориялық және кәсіби деңгейін арттыруда, семинар, тәжірибелік сабақтарын өткізуде маңызды болып табылады. Бұл оқу құралы ұлттық бірыңғай тестілеу мен кешенді тестілеу дайындығына арналған Қазақстан тарихы және географиядан тақырыптық тесттер жинағы жоғарғы оқу
орындарына түсу үшін барлық тақырыптармен қамтылған.
Сонымен қатар талапкерлерді кәсіби дайындау мақсатында олардың дайындық курсында алатын білімдерін бекіте түсуге де септігін тигізеді.
Тест нұсқасындағы барлық тапсырмалар оқулықтағы тақырыптар негізінде жинақталып, жүйелі түрде бірізділікпен берілген.
Тест нұсқасындағы тапсырмалар әр тақырып бойынша сұрақ-жауап негізінде жасалған.
Тест нұсқасының ерекшелігі – Қазақстан тарихы мен географиядан күрделі де ғылыми тұрғыда жазылған тұстары қарапайым, түсінікті тілде берілгендігі.
Күнделікті сабақтарда бұл тест нұсқасын пайдалану талапкерлердің және тыңдаушылардың таным қызметін дамытуға, оқиғаларға, тарихи қайраткерлердің қызметіне баға беру және тарихи оқиғалардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажырату, салыстырмалы талдау жасау сияқты тапсырмаларды орындауға икемділігін қалыптастырады.
Бұл тест нұсқасының талапкерлер мен тыңдаушыларға, оқытушыларға берер пайдасы мол. Әр тақырып бойынша білімдерін толық бекітуге және есте сақтауға көмектеседі деген сенімдеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   168




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет