А. Үшкемпірова, Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бөлім бастығы. Жанашыр азаматтарға құрмет Үстіміздегі жылдың маусым айында Алматы қаласында білім жүйесіне қолдау көрсетіп жүрген азаматтарды салтанатты



жүктеу 25.73 Kb.
Дата19.06.2016
өлшемі25.73 Kb.
«Жетісу» облыстық қоғамдық-саяси

газет № 86 (17068) 29 шілде, 2008 жыл

А. Үшкемпірова, Алматы облысының

балалардың құқықтарын қорғау

департаментінің бөлім бастығы.
Жанашыр азаматтарға құрмет
Үстіміздегі жылдың маусым айында Алматы қаласында білім жүйесіне қолдау көрсетіп жүрген азаматтарды салтанатты «Меценат-2008» марапаттау рәсімі болып өтті.

Аталмыш шараға республика көлемінен 32 азамат шақырылды. Білім жүйесіне жанашырлық танытып жүрген азаматтарға құрмет көрсету рәсімі елімізде бірінші рет қолға алынып отыр. Марапаттау шарасына қатысқан 32 демеушінің есімі меценнаттардың алтын кітабына жазылды. Олардың арасында Алматы облысының білім саласының демеушілері іскер азаматтар «Алматықұрылыс» Ұлттық холдинг компаниясының президенті Ермигияев Амангелді Дінұлы мен «Ресей-Қазақстан» құрылыс өндірісінің бас директоры Леонид Иванович Горелов та бар.

Амангелді Ермигияевтың тікелей басқаруымен компанияның жанында «Бозторғай», «Жарылғап батыр», «Ветеран» қайырымдылық қорлары ұйымдастырылған. Осы қорлар арқылы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, зейнеткерлер мен оқушыларға, өнер, спорт қызметкерлерімен жазушыларға, баспасөз орындарына материалдық, қаржылай көмектер беріліп, демеушілік көрсетіліп келеді. Амангелді Дінұлы Райымбек Ауданына қарасты Жалаңаш ауылындағы Жамал Ермигиев атындағы орта мектепті өз қамқорлығына алып 2000 жылы 2 млн. теңгеге мектеп шатырын жаңартып, 2001 жылы 16 млн теңгеге мектептің іші-сыртына күрделі жөндеу жұмысын жүргізді, 2002 жылы 1,44 млн теңгеге мектептің ішін евро – жөндеуден өткізді. Сондай-ақ, арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті. Бір сөзбен айтқанда, қолдан келер барлық көмекті аямай келеді.

Жастайынан еңбекқолығымен таныла білген Леонид Горелов Павлодар трактор зауытында басшылық қызмет атқарған. Қазір Ресей федерациясында Новосибирск қаласында тұрады. Қазіргі уақытта экструдировандық полистролда жылу өтпейтін материал шығаратын «Ресей-Қазақстан» құрылыс өндірісінде бас директор қызметін атқарады. Бұл Ресей холдингінің Қазақстандағы бірінші зауыты. Алматы облысы бойынша, Қапшағай қаласына қарасты Заречный ауылындағы №12 мектепке 3 млн теңгеге демеушілік көмек көрсетіп, бүгінде сол Заречный ауылдық округін үнемі өзі істейтін зауыттың қамқарлығына алуды қарастырып отыр.

«Жақсының жақсылығын айт - нұры тасысын» демекші, еліміздің болашағын ойлаған азаматтарға алғысымызды білдіреміз.

ҮНДЕУ

Білімді қолдау – болашаққа сенім
Біз, білім беру саласындағы меценаттарға құрмет көрсетуге арналған «Меценат-2008» салтанатты іс-шарасының қатысушылары, жас ұрпақтың тәрбиесін қосқан біздің азғантай үлесіміз ескеріліп көңіл бөлінгеніне ризашылық сезімімізді білдіреміз.

Біздің құрметімізге арналған марапаттау рәсімі көмекке мұқтаж болған жандарға үнемі қолдау көрсетіп, еліміздің, туған жеріміздің, игілігі үшін еңбек етуге ынтамызды арттыратыны анық.

Біз еліміздің барлық азаматтарын, бизнесмендері мен кәсіпкерлерін қатарымызға қосып, республикамыздың білім беру жүйесіне қолдан келер көмегімізді көрсетейік деген үндеу жолдаймыз.

Қоғамымыздың жігерлі азаматтарын ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, айбынды еңбек ардагерлерінің, ерлік пен өрліктің, мейірімділік пен парасаттылықтың ерен үлгісі болған, Қазақстанымыздың мақтан тұтар жандарының лайықты мұрагерлерін тәрбиелеу үшін күш біріктіруге шақырамыз.



Біз әлемдегі барша жақсылықтың бастауы – балалық шақ екенін ұғамыз. Бұл қамқорлық пен ықыласымызға, жылы сөзімізге жаны құштар балаларымызың алдындағы біздің жауапкершілігімізді тағы да айқындай түседі.

Ендіше, біздер, үлкендер қазақстандық кішкентай азаматтарымыздың бақытты да алаңсыз өмір сүруі үшін бар мүмкіндікті жасайық.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет