А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет19/231
Дата16.02.2023
өлшемі5.1 Mb.
#469668
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   231
26
Мүктер
бөліміне 
көпшілігінде 
ма ңыз-
ды екі мүше – сабақ пен жа пырақтары бо-
латын өсімдіктер жатады. Алайда мүктердің 
арасында денесі тек спорангийі бар жасыл 
пластинадан тұратын қарапайым формала-
ры да кездеседі. Мысалы, 
бауыр­ мүктер. Олар 
да жоғары сатыдағы өсімдіктерге жатады.
Бауыр мүктерінің вегетативті дене құрылысының 
қарапайымдылығы, олардың ерте пайда бол-
ғанын көрсетеді. Маршанциялар – бауыр мүктер 
класына жатады (102-суретті қараңдар).
Мүктер – құрлықта өсуге бейім делген ал-
ғашқы өсімдіктердің бірі. Бірақ оларда өткізгіш 
және тірек ұлпалары қалыптаспады. Сондық-
тан мүктер аласа болады, тек ылғал жер лерде 
өседі. Олардың тамыры болмайды. Кейбірінде 
тамырдың қызмет ін 
ризоидтар атқарады. Ри-
зоид – бірнеше жасушалардан тұратын жіңішке 
жіп тәрізді сыртқы қабықтың өсіндісі. Ризо-
ид арқылы өсімдік топырақтан суды және онда 
еріген минералды заттарды бойына сіңіреді. 
Мүктер 
спо­рангийде жетілетін споралар арқылы 
көбейеді (18-сурет).
қырықбуындар және плаундар бөлімі – 
бұл жоғары споралы өсімдіктер. Көпжылдық 
шөптесін өсімдіктер мен шала бұталар олардың 
қазіргі өкілдері.
қы рықжа пырақтар жоғары споралы өсім-
діктерге жатады. Олар ертеде жойылып кеткен 
риниофиттерден пайда болуы мүмкін. Қырық- 
жапырақтәрізділер ге ұсақ шөп тесін өсімдіктер 
болуына тамыр сабақтың пайда болуы, өткіз гіш 
және тірек ұлпа ларының қа лып тасуына мүм-
кін дік берген жоқ. 300 млн-дай жыл бұрын 
ұзындығы 100 метрге дейін жететін алып 
қырықжапырақтар өсті. Олар дың көбісі жой-
ылып, таскөмір қорын 
түзді. 
Қазақстан 
аумағындағы барлық қырықжапырақтәрізді-
лер – көп жыл дық шөпте сін өсімдіктер. Бі рақ 
Ав стра лияның реликтілік ормандарында ағаш-
18-сурет. Көкек мүгi және 
оның көбеюi: 
1 – аналық өсiм дiк
2 – аталық өсiм дiк; 
3 – мүктiң спора арқы лы 
көбеюi; 
4 – қақ па ғы ашыл ған 
қа у а шақ; 
5 – жас мүктің өcкiншеci
1
2
3
4
5
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


27
тәрізді қы рық жапырақтар қазіргі кезде 
де өседі. Мүктәрізділер мен қырықжапы-
рақ тә різділер споралы өсім діктерге жа-
тады. Сондықтан олар ға көбею мү шесі – 
спорасы бар спорангий тән (19-сурет). 
Ашықтұқымдылар – көбею мү шесі 
ре тінде алғаш рет тұқымы, сондай-ақ 
нағыз мықты тамыры қалыптасатын 
өсімдік бөлімі. Ашықтұқымдылар дың 
шығу тегі – жойылып кеткен 
тұқым-
ды­ қырықжапырақтар бол ды. Сонымен 
қатар көптеген ежелгі ашық тұқымдылар да жойылып кетті. Қазіргі 
ашықтұқымды өсімдіктер, негізі нен
қыл­қанжапырақтылар­ класы­-
нан тұрады. Оларға шырша, қарағай, балқарағай, арша және т.б. 
ағаштар жатады (20-сурет). Өсімдіктер дің осы бөлімінің маңызды 
ерекше лігі – көбею мүшесі ретінде тұқымының пайда болуы. 
Спорасы бар спорангий жойылып, оның орнына тұқымы бар бүр пай-
да болады. Қылқанжапырақтылар класының маңызды белгісі – 
ерекше инетәрізді жапырақтары – қылқаны болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   231




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет