б) Зертханалық жұмыс № 1
Тақырып: Атмосферадағы шаң мөлшерiн анықтау.
Мақсаты: Атмосфералық ауаның құрамындағы шаң мөлшерiн анықтау.
Реактивтер мен құрал-жабдықтар:
1). Шаң ұстағыш құрал: фильтрлi ұстағыш, ФПП фильтрi, үлгi алуға арналған респиратор, металл-конус тəрiздi жəне бөлшектенетiн ыдыс;
2). Аналитикалық таразы;
3). эксикатор;
4). пинцеттер;
5). шыны тостағаншалар, диаметрi 10 см;
6). барометр
7). психрометр;
8). анемометр;
Жұмыстың барысы :
ФПП материалынан жасалған фильтрдi бөлмеде 40-60 мин ұстап, содан соң пакетке салып ауасы зерттелетiн орынға əкеледi де, фильтр ұстағышқа бекiтедi. үлгi алынар алдында фильтр ұстағыштың дұрыстығын тексередi, ол үшiн оның ұшын тығынмен жауып, құралды iске қосады, фильтр ұстағыш дұрыс болса, құрал 0-дi көрсетедi.
Үлгi алу 250-400 л/мин жылдамдықпен жүргiзiледi, фильтрдегi шаң массасы 4 мг — нан кем болмау керек. Үлгi алу 30 минут жүргiзiледi. Бұдан соң фильтрдi пинцетпен босатып алып, шаң жұққан бетiн iшке қаратып төрт рет бүктеп, пакетке салады. Лабораторияда фильтрдi 40-60 минут бөлме температурасында ұстап, тұрақты массаға жеткiзедi. Егер үлгi 100% — ке жақын салыстырмалы ылғалдылықта алынса, фильтрдi балқыған CaCl2 шыны тостағаншамен эксикаторға 30-50 минутқа қояды, содан кейiн 40-50 минут бөлме температурасында ұстайды.
Шаңның концентрациясын С (мг/м3) төмендегi формула бойынша есептеп табады:
С = М/V0;
мұндағы,
М — фильтрдегi шаңның массасы, ол таза фильтр мен шаңданған фильтр массасының айырмасына тең, мг;
V0 — қалыпты жағдайдағы зерттеуге алынған ауаның көлемi, м3;
Vt х Р х 273
(273 + t) х 1013
Қалыпты жағдайда температура 00С жəне атмосфералық қысым 1013 ГПА (760 мм.сын. бағ.).
V0 = Vt х Р х 273 / (273 + t) х 1013;
мұндағы,
Vt — берiлген температурадағы жəне атмосфералық қысым-
дағы Р (гПа, м4) алынған ауаның көлемi, м4;
273 — газдардың ұлғаю коэффициентi;
1013 — қалыпты қысым, гПа.
Достарыңызбен бөлісу: |