Калибрлiк график құру 50 мл-лiк өлшеуiш колбаларға 0,5; 1; 2; 4 мл негiзгi стандартты ерiтiндi (100 мкг/мл), 0,6; 0,8; 1 мл бастапқы стандартты ерiтiндi (1000 мкг/мл) құяды. Белгiсiне дейiн дистильденген су құяды. 4 мл стандартты ерiтiндiдегi SO2 концентрациясы сəйкес 4; 8; 16; 24; 32; 48; 64; 80 мкг болады. Стандарттар шкаласын дайындау үшiн үлгi алуға арналған бiр ғана фильтрдi пайдаланады, анализдiң барысына сəйкес барлық жұмыстарды жүзеге асырады. Осымен қатар нольдiк үлгiнiң оптикалық тығыздығын да анықтайды.
Күкiрт қышқылы мен ерiгiш сульфаттардың концентрациясын төмендегi формула бойынша анықтайды:
С = a • m/V0 • b;
бұндағы:
a — үлгiнiң жалпы көлемi (10 мл);
b — анализге алынған үлгiнiң көлемi (4 мл);
m — калибрлiк график арқылы табылған үлгiдегi SO2 (мкг);
V0 — анализге алынған ауаның қалыпты жағдайдағы көлемi, л.
Мына тапсырманы орындап, бақылау сұрақтарына жауа беру: 1. Атмосфераға температураның əртүрлi инверсиялары қалай əсер етедi?
2. Атмосфераны ластаушы негiзгi факторлар қандай
3. Атмосфералық ауаның ластануы халық саны мен өсiмдiктер дүниесiне қалай əсер етедi?
Оқытуға арналған әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер: 3,6,8,9
Қосымша әдебиеттер: 6,10,11,15,17,18
Зертханалық жұмыс № 6 Тақырып: Қала көшелерi топырақтарындағы химиялық элементтердiң суда еритiн түрлерiнiң сапалық талдау. Мақсаты: Қала көшелерi топырақтарындағы химиялық элементтердiң суда еритiн түрлерiнiң сапалық талдау жасап үйрету.
Реактивтер мен құрал-жабдықтар: 1. Таразы;
2. 100 мл, 200 мл — лiк колбалар;
3. воронкалар;
4. шыны таяқшалар;
5. филтьрлер;
6. пробиркалар;
7. 10%, 37%-тiк тұз қышқылы;
8. концентрациялы азот қышқылы;
9. күмiс нитраты;
10. 20%-тiк барий хлоридi ерiтiндiсi;
11. күкiрт қышқылындағы дифениламин ерiтiндiсi;
12. 4%-тiк қымыздық қышқыл аммоний ерiтiндiсi.