Ааж (автоматтандырылған ақпараттық жүйе) – аис



бет3/5
Дата01.07.2016
өлшемі420 Kb.
#171377
1   2   3   4   5

Компиляция – жоғары деңгейлі бағдарламалау тілінде жазылған бағдарламаның бастапқы кодын процессордың машиналық кодына түрлендіру процесі. Компиляция процесі бағдарламаны атқарумен ешқандай байланысты емес. Ол жеке және тәуелсіз жүргізіледі. Компиляция нәтижесінде объектілік код – программист пайдаланған, тек қажетті стандарттық процедуралар кітапханасынан қосылғаннан кейін ғана орындалатын кодқа (бағдарламаның жұмыс кодына) айналатын «жартылайфабрикат» алынады. Бұл қосылуды басқа қызметтік бағдарлама – байланыстар редакторы орындайды. Интерпретациямен салыстырыңыз..


Компьютерленген оқу курсы – Компьютеризированный учебный курс – негізінен баспа материалдарына, аудио немесе бейнеқұндақтарға негізделген, бірақ компьютерлік технология құралдарымен (оқытушы бағдарламалар, моделдеу жүйелері, математикалық бумалар, білімдерді тексерудің бағдарламалық құралдары) толықтырылған оқу курсы.

Компьютерлік (электрондық) оқу курсы немесе электрондық оқу-әдістемелік кешен (ЭОӘК)Компьютерный (электронный) учебный курс или электронный учебно–методический комплекс (ЭУМК) – тұлғалық режімде белгілі бір көлемдегі және белгілі бір пән саласындағы жаңа білімдерді, іскерліктер мен машықтарды қалыптастыру мен бекіту мақсатында on-line мен off-line режімдерінде білім алушының өз бетімен оқу курсын игеру мүмкіндігін қамтамасыз ететін оқу-әдістемелік бағдарламалық-ақпараттық кешен.

Компьютерлік аудармаКомпьютерный перевод бір табиғи тілден компьютердің көмегімен жүзеге асырылатын екінші тілге аударма.



Компьютерлік вирусКомпьютерный вирус – басқа бағдарламаларға өз бетімен енуге, өзінің көшірмелерін құруға және оларды бағдарламалардың жұмыс істеуін бұзу, файлдар мен каталогтарды бүлдіру, компьютер жұмысына кедергі жасау мақсатымен файлдарға, компьютердің жүйелік аймақтары мен есептеу желілеріне енгізуге қабілетті бағдарлама.

Компьютерлік есеп кітабыКомпьютерный задачник табиғаты әр түрлі есептерді шығару әдістерін тез меңгеруге мүмкіндік туғызатын компьютерлік ойындар түрінде іске асырылған есеп кітабы.

Компьютерлік жүйеКомпьютерная система – бірге әрекет ететін аппараттық және бағдарламалық жасақтамалардың жиынтығы.

Компьютерлік қолдауКомпьютерная поддержка компьютерлік оқулықтың электрондық құрауыштары (үйрететін бағдарламалар, модельдеу жүйелері, математикалық макеттер, білімді тексерудің бағдарламалық құралдары).

Компьютерлік ойынКомпьютерная игра тұлғаның ойлауын және шығармашылық қабілетін дамытуға арналған ең тиімді шешімдерді дайындау мақсатында қақтығыс әдісімен жағдайды модельдейтін компьютерлік технология.

Компьютерлік оқу курсы (Электронный учебный курс) – Компьютерный учебный курс (Электронный учебный курс) – оқу курсын немесе оның үлкен бөлімін өз бетімен игеруге мүмкіндікті қамтамасыз ететін бағдарламалық әдістемелік кешкен. өзіне кәдігімгі оқулықтың, анықтаманың, есеп кітабы мен зертханалық практикумның сипаттамаларын біріктіреді. Компьютерлік оқу курсының негізгі міндеті – белгілі бір пән саласындағы және жеке дара режімде белгілі бір көлемдегі, не оқытушының көлемі бойынша шектеулі әдістемелік көмегімен (жеке жағдайда, желілік кеңестер арқылы) жаңа білімдерді, біліктер мен машықтарды қалыптастыру мен бекіту.

Компьютерлік оқулық (КО) Компьютерный учебник (КУ) – бұл оқу пәнін немесе оның бөлімін өзіндік игеру мүмкіндігін қамтамасыз ететін бағдарламалық-әдістемелік кешен. КО өзіне кәдігімгі оқулықтың, анықтаманың, есеп кітабының және зертханалық практикумның сипатын біріктіреді және, әдеттегідей, курсты оқып білу бойынша басшылық болып табылатын, курсты оқып білуге қажетті үйретуші бағдарламалардың әр түрлі типі бар дискеттер жинағы бар баспа басылымы түрінде іске асырылады.

Контент: Ақпараттық толтыру – мәтіндер, графика, мультимедиа жән басқа ақпараттық мәнді толтыру.

Көпміндеттілік Многозадачность – бір мезгілде бірнеше бағдарламаны орындау мүмкіндігіне саятын операциялық жүйенің қасиеті.

Көркемдеу схемасыСхема оформления – Windows 95/98 операциялық жүйесі және оның қосымшаларының объектілері үшін біртұтас көркемдеуге мүмкіндік беретін, түстерді, қаріптерді, дыбыстық және басқа шешімдерді баптау параметрлері бар файл. Windows 95/98 жүйесіндегі Жұмыс үстелінің тақырыптары әдетте өзіне бірнеше көркемдеу схемаларын қамтиды.

Көрсеткіш бағдарлама – Индексирующая программа (Index program) – автоматтық іздестіруге қолайлы формада веб-сайт үшін сақталған ақпаратты құрылымдайтын және ұйымдастыратын, іздестіру жүйесінің пайдаланушыдан жасырын бөлігі.

Көрінерлік ету Визуализация – мәліметтерді кескіндер түрінде көрсету процесі.

Көшірмелеу Копирование – объектіні көбейту операциясы. Орын ауыстырумен салыстырыңыз.

Крекер (Cracker) – хахердің өзге атауы.

Куки (Cookie) – сіздің веб-сайтқа алдыңғы сапарыңыз туралы ақпараты бар шағын мәтіндік файл.

Курсты аяқтағаннан кейінгі тестілеу – Тестирование после окончания курса – білім алушылардың білімді меңгеру дәрежесін бағалау мақсатымен курсты немесе модульді оқып болғаннан кейін өткізілетін сынақ, тест немесе емтихан.

Курсты оқып білу траекториясыТраектория изучения курса білім алушының дайындық деңгейіне тәуелді анықталатын және оқу процесінде іске асырылатын желілік курс модульдерінің құрамы мен реті.

Курстың құрылымы – Структура курса – әр түрлі модульдердің (тараулардың, тақырыптардың) жазбасы, олардың байланысына бағдар және тізбектілік. Курстың мазмұны мақсатқа сәйкес таңдалынады және өзіне тек фактыларды, оқиғаларды ғана емес, процестер мен іс-әрекеттің тәсілдерін, құнды бағдарларды қамтиды.

Күндізгі оқыту – Очное обучение – оқытушы мен студенттің тікелей қарым-қатынасын білдіретін білім алудың формасы

Кіріккен қызметтері бар цифрлық желіISDN (Integrated Services Digital Network) - цифровая сеть с интегрированными службами – телефон бірлестіктері енгізген жаңа телекоммуникациялық стандарт. Телефон желісі бойынша өтімді сандық каналдар арқылы сөзді, мәліметтерді және кескіндердің жеке типтерін беруге мүмкіндік береді.

Кіріктірілген қызмет көрсетудің цифрлық желісі – Цифровая сеть интегрированного обслуживания (Integrated Services Digital Network, ISDN) – ақпаратты секундына 128 килобит жылдамдықпен жеткізетін қосудың түрі.

ҚапшықПапка – басқа объектілері бар бола алатын контейнерді белгілеу үшін Windows 95/98-дің операциялық жүйелерінің ортақ термині. Қапшықтар бір біріне салынған бола алады. Қапшықтар көбінеме дискідегі каталог болып табылады, бірақ қапшықтардың басқа да түрлері бар болады..



Қаріп Шрифт – берілген символдар жинағының графиқалық формасын сипаттайтын мәліметтер файлы.

Қатқыл дискЖесткий диск – мәліметтерді ұзақ уақыт сақтау үшін арналған компьютердің ішкі құрылғысы. Тығыз бекітілген құндақтағы мағниттік дискілердің блогы мен ақпаратты жазу мен оқу үшін арналған бастиек блогынан тұрады. Көлемі үлкен (бірнеше гигабайт) ақпаратты сақтау мүмкіндігін және оны оқу мен жазудың жоғары жылдамдығын қамтамасыз етеді.

Қатынас құру жиыныМножественный доступ бір ресурспен бірнеше абоненттің өзара әрекеттесу процедурасы.

Қауіпсіз жалғастыру хаттатасы – Протокол безопасного соединения (Secure Sockets Layer, SSL) – ақпаратты қауыпсыз жеткізу үшін пайдаланылатын хаттама немесе ережелер жинағы.

Қашықтық технологиясыДистанционная технология – оқыту сапасының көрсеткіштерін сақтай отырып оқытушы мен білім алушының арасындағы қашықтықты жеңуге бағытталған оқытудың ақпараттық технологиясы.



Қашықтықтан ашық білім беру (ҚАББ)Открытое дистанционное образование (ОДО) бұл қашықтық, жұмыс бастылық, жасы келу және б. сияқты оқытушы мен білім алушының арасындағы бөгетті жеңуді қамтамасыз ететін кешенді оқу технологиясындағы қазіргі заманғы білім беру әдістері мен тұтынушыларға қызмет көрсетудің маркетингтік әдістерінің ұштасу нәтижесі ретінде XX-ғасырдың соңғы үшінші бөлігінде пайда болған оқытудың сапалы жаңа түрі. Қашықтықтан ашық білім беру жүйесін іске асыру үшін белгілі бір ақпараттық ортаны, педагогикалық кеңістікті дайындау қажет. Бұл міндеттерді ең жақсы түрде ақпараттық-білім беру ортасы атқара алады.

Қашықтықтан білім беру – Дистанционное образование бұл оқып үйренушілердің келешекте шығармашылық пен (немесе) еңбек қызметінің негізі болатын белгілі бір білім деңгейіне жетуі мен бекітуіне арналған Қашықтықтан оқыту процесін іске асыратын жүйе.

Қашықтықтан білім беруДистанционное образование – білім беру қызметтерінің кешені, білім беру бағасын растап Қашықтықтан оқыту процесін іске асыратын педагогикалық жүйе.

Қашықтықтан білім беруДистанционное образование – жаңа ақпараттық технологиялар мен мультимедиа жүйелері негізінде өзіне күндізгі, сыртқы және кешкі оқу элементтерін қамтып үйлестіретін ерекше жетілдірілген форма. Телекоммуникациялар мен электрондық басылымдардың қазіргі заманғы құралдары дәстүрлі оқыту формаларының барлық беделін сақтай отырып, олардың кемшіліктерін жеңіп шығуға мүмкіндік береді. Соңғы уақытта Қашықтықтан білім беру туралы емес, ашық білім беру немесе Қашықтықтан ашық білім беру туралы айту қабылданған.

Қашықтықтан білім беруДистанционное образование – Қашықтықтан оқытудың әдістерімен және құралдарымен білім алудың формасы.

Қашықтықтан білім беруДистанционное образование – тым кең және Қашықтықтан оқытумен тығыз байланысты ұғым. Қашықтықтан білім беру – бұл білімді жеткізу процесі (оған оқытушы мен оқу орталығы жауапты), ал Қашықтықтан оқыту – бұл білім алу процесі (оған білім алушы мен оқытушы – пәнді әзірлеуші жауапты) деп есептеу қабылданған.

Қашықтықтан білім беру жүйесі (ҚББЖ) – Система дистанционного образования (СДО) - пайдаланушылардың білім алу мұқтаждықтарын қанағаттандыруға межеленген ақпараттық ресурстарды жеткізу құралдарының, өзара әрекеттесу хаттамаларының, аппараттық-бағдарламалық пен ұйымдық-әдістемелік жасақтамалардың жүйелі ұйымдастырылған жиынтығы.

Қашықтықтан білім беру мекемесіУчреждение дистанционного образования Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқу процесін жүзеге асыратын білім беру мекемесі.

Қашықтықтан білім беру технологияларыТехнологии дистанционного образования – қалыпқа келтірілген түсінікті үнемі жаңғыртуды, білімдерді жеткізу мен тексеруді ұйғаратын оқыту құралдарының, әдістері мен формаларының жүйесі.

Қашықтықтан қатынас құруДистанционный доступ – оқыту мекемелерімен мәліметтер алмасудың желілік технологияларымен жабдықталған аппаратты-бағдарламалық кешендер арқылы тұрған орындарында оқыту немесе жұмыс істеу.

Қашықтықтан оқытуДистанционное обучение – бұл білім беру процесіне алыстан қатысушылардың интерактивтілік өзара әрекетін қамтамасыз ететін оқу процесін ұйымдастыру формасы. Қашықтықтан оқыту формасының анықтамасындағы түйінділері «интерактивтілік өзара әрекет» және «қатынас құрудың ашық арнасы арқылы өзара әрекет» ұғымдары болып саналады.

Қашықтықтан оқытуДистанционное обучение – бұл дәстүрлі және жаңа ақпараттық технологиялар мен олардың білім алушылардың өз беттерімен оқып білуіне, оқытушы мен білім алушылардың арасында сұқбат алмасуға арналған оқу материалдарын жеткізуге қолданылатын техникалық құралдардың кең ауқымын пайдалануға негізделген оқытудың синтетикалық интегралдық гуманистік формасы, жалпы жағдайда оқыту процесі олардың кеңістіктегі орналасуы мен уақыты бойынша, сондай-ақ нақты білім беру мекемесіне мін емес.



Қашықтықтан оқыту Дистанционное обучение – оқытушы мен студенттердің өзара және оқыту құралдарымен, олардың кеңістікте орналасуына жіктеліп топтастырылған және уақыт бойынша келісілген, интерактивтілік (сұқбаттық), асинхрондық және синхрондық өзара әрекеттерінің мақсатты процесі. Басқаша айтқанда, Қашықтықтан оқыту деп білім берудің барлық формаларында қолданылатын технологияларды немесе технологиялар қосындысын айтады.

Қашықтықтан оқыту (АҚО)Дистанционное обучение (ДО) – оқытушы мен білім алушы уақыт және/немесе кеңістік бойынша физикалық түрде бөлінген кездегі, қашықтық технологияларын қолданып оқытудың сырттай формасынан айрықшаланатын, оқыту формасы.

Қашықтықтан оқыту (қашықтықтан білім беру) – Дистанционное обучение (образование на расстоянии) оқыту формаларының бірі және электрондық пен телеқатынастық құралдар арқылы білім беру ұйымдарынан алыста тұрған тұлғалардың оқу-танымдық іс-әрекеті мен дамуына мақсатты түрде бағытталған және әдістемелік түрде ұйымдастырылған басшылық.

Қашықтықтан оқыту (ҚО) – Дистанционное обучение (ДО) бұл білім алушылардың синхронды мен асинхронды өзара әрекет процесі мен білім алушылардың өзара және оқыту құралдарының кеңістіктегі орналасуына инвариантты әрі уақытпен үйлескен мақсатты түрде ұйымдастырылған ақпараттық педагогикалық технологиялардың жиынтығы.

Қашықтықтан оқыту (ҚО) (Қашықтықтан білім беру)Дистанционное обучение (ДО) (Дистанционное образование) – бұл оқып үйренушілер мен оқып үйренушілердің өз арасында әрі олардың кеңістікте орналасуына инварианты және уақыт бойынша келісілген оқыту құралдарымен синхронды және асинхронды интерактивтік өзара әрекеттесудің мақсатты түрде ұйымдастырылған процесінің ақпараттық пен педагогикалық технологияларының жиынтығы.

Қашықтықтан оқыту жүйесіСистема дистанционного обучения – Қашықтықтан оқытудың технологиясын пайдалану арқылы білім беру бағдарламаларын құру мен практикалық жүзеге асыруда іске тартылғын ұйымдық, телебайланыстық, педагогикалық және ғылыми ресурстардың жиынтығы. Ұйымдық түрде үйлестіруші органдардан, зерттеу ұйымдарынан, ҚО-дың базалық оқу мекемелерінен (ҚО-дың құрылымдық бөлімшелеріне жауаптылар), ҚО-дың университеттері мен оқу орталықтарының желісінен тұрады.

Қашықтықтан оқыту жүйесі (ҚО жүйесі) – Система дистанционного обучения (система ДОқашықтықтықтан оқытудың технологиясын пайдаланып білім беру бағдарламаларын әзірлеу мен практикалық жүзеге асыруға қатыстырылған ұйымдастырушық, телебайланыстық, педагогикалық және ғылыми ресурстардың жиынтығы. Ұйымдық түрде ол үйлестіру органдарынан, зерттеу мекемелерінен, ҚО-дың базалық оқу орындарынан (ҚО-дың құрылымдық бөлімдеріне жауаптылардан), университеттер мен ҚО оқу орталықтарының желісінен тұрады.

Қашықтықтан оқыту провайдері – Провайдер ДО – ҚО технологиясын пайдаланып оқудан өту мен білім алуды ұсынатын оқу орны.

Қашықтықтан оқыту технологиясы – Технология дистанционного обучения – Қашықтықтан оқыту кезінде кейстік, желілік, ТД-лық технология сияқты және т.б. технологияларды пайдаланатын ақпараттық технологиялар.

Қашықтықтан оқытудың дидактикалық құралдары – Дидактические средства дистанционного обучения – оқу материалы, оқытудың әдістері мен тәсілдері, оқытушымен тікелей қатынас жасау жоқ кезде автоматтандырылған процедура түрінде іске асырылған оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру формасы.

Қашықтықтан оқытудың кейстік (портфельдік) технологиясыКейсовая (портфельная) технология дистанционного обучения – айқын құрылымдалған және тиісті түрде құрастырылған арнайы жинақтың («кейстің», «портфельдің», «жинақтаманың») көмегімен іске асырылады. Бұл материалдар оқушыларға өз беттерімен оқып үйрену үшін жөнелтіледі (жіберіледі). Оқытушылармен-кеңесберушілермен (тьюторлармен немесе нұсқаушылармен) келесі мерзімді кеңестер осы мақсаттар үшін арнайы құрылған алыстағы (аймақтық) оқу орталықтарында, бөлімдерде, өкілеттіктерде, пунктерде несесе оқу мекемелерінің әріптестік (филиалдық, франчайзингілік) жесісінің базасында өткізіледі.

Қашықтықтан оқытудың құралдары – Средства дистанционного обучения – компьютерлік техника мен телебайланысқа, сондай-ақ білімдік технология саласындағы соңғы жетістіктерге негізделген оқытудың дәстүрлік пен жаңашылдық құралдары.

Қашықтықтан оқытудың педагогикалық технологиялары – Педагогические технологии дистанционного обучения – Әр түрлі байланыстық құралдарды пайдаланып қатынаудың педагогикалық технологиялары.

Қашықтықтан оқытудың телекөріністік технологиясы (ТК-технология)Телевизионная технология (ТВ–технология) ДО – оқу-әдістемелік материалдарды білім алушыларға жеткізу үшін телекөріністі пайдалануға және белгілі бір курс пен дайындық бағыттары бойынша оқытушылардың жүйелі дәрістерін ұйымдастыруға негізделген Қашықтықтан оқыту технологиясының түрі.

Қашықтықтан оқытушы кеңесші – Удаленный преподаватель-консультант – білім алушыдан географиялық түрде қашықтықтан (әдеттегідей, телеқатынастық және компьютерлік технологиялар көмегімен) өз міндетін орындаушы оқытушы-кеңесші.



ҚО жүйесін сараптаушыМониторинг системы ДО ҚО жүйесінің қалып-күйін басқару мен тексеру кешені.

Қоғамды ақпараттандыруИнформатизация общества ақпараттық ресурстарды қалыптастыру мен пайдалану негізінде азаматтардың, мемлекеттік үкімет органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары органдарының, қоғамдық бірлестіктердің ақпараттық мұқтаждығын қанағаттандыру және құқығын іске асыру үшін тиімді жағдайлар жасаудың ұйымдастырылған әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық процесі.

Қоғамдық меншік – Общественная собственность (Public domain) – кез келген пайдаланушы қатына құра алатын тегін ақпарат.



ҚО-дың кадрлық жасақтамасы – Кадровое обеспечение ДО - Қашықтықтан оқыту барысында оқытушылық, әдістемелік пен әкімшілік қызметті жүзеге асыратын адамдар жиынтығы, сондай-ақ ҚО процестерінің техникалық жасақтамасы.

ҚО-дың провайдері – Провайдер ДО – ҚО-дың технологияларын пайдаланып білім алу мен оқуды ұсынушы оқу орны.

ҚО-дың теледидарлық жүйесі (Теледидарлық технология) – оқып үйренушілерге оқу-әдістемелік материалдарды жеткізу мен белгілі бір курс пен дайындаудың бағыты бойынша оқытушылардың тұрақты дәрістерін ұйымдастыру үшін теледидарды пайдалануға негізделген Қашықтықтан оқыту технологиясының түрі.

Қолданбалы бағдарлама интерфейсі – Интерфейс прикладной программы (API – Aplication Program Interfase) – қолданбалы бағдарламалар мен қолданбалы тұғыр арасындағы стандарттық интерфейс.

Қомей – Шлюз (Gateway) – типі екі түрлі желіні қосата алатын орайластыру құрылғысы. Көмей информацияны алады, оны аударады, ал содан кейін аударманы тағайындалған орынға жөнелтеді.

Қорғалған (экрандалған) жұп өрім – Защищенная (экранированная) витая пара (Shielded Twisted Pair, STP) бөгеуілден қорғауды қамтамасыз ететін және мәліметтердің тұтастығын сақтайтын пластикалық қаптаманың астында металл немесе фольгамен жабылатын мыс өткізгіштердің бір немесе бірнеше жұбы.

Қорғалмаған жұп өрім – Незащищенная витая пара (Unshielded Twisted Pair, UTP) – қазіргі уақыттағы ең арзан кәбіл, ешқандай қорғанышсыз бір немесе көбірек мыс өткізгіштердің жұбынан жасалған.

Қоржын Корзина – жойылған объектілерді уақытша сақтау үшін арналған Windows 95/98 жүйесінің арнайы қапшығы.

Қосымша бағдарлама Приложение – нақты операциялық жүйенің басқаруымен жұмыс істейтін компьютерге арналған бағдарлама.

Қосымша білім беру – Дополнительное образование азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің білім алу мұқтаждығын жан-жақты қанағаттандыру мақсатымен барлық деңгейдің қосымша білімдік бағдарламаларының негізінде жүзеге асырылатын тәрбие мен оқыту процесі.



Құбылыс – Явление – заттың мән-мағынасын анықтау (өрнектеу) формасы.

Құжатты форматтауФорматирование документа Құжатты дайындау. Форматтау операциясы құжатты баспаға басу үшін қағаздың мөлшерін таңдауды, өрістердің енін беруді, қаріпті, оның мөлшері мен сызылымын тағайындауды, жолдарды туралау әдісі мен жаңа жолды безендіру әдісін таңдауды және жолдар мен жаңа жолдардың ара қашықтығының шамаларын беруді, сондай-ақ құрамдас графикалық және басқа объектілерді мәтіннің орап өту әдісін қамтиды

Құпия сөзПароль – белгілі бір ресурсқа, мысалы, желідегі алыс қомпьютерге немесе дискідегі қапшыққа, қатынау құқығын куәландыру үшін қызмет ететін символдардың құпия үйлесімі.



Құрт – Червь (Worm) – вирусқа ұқсас болатын шағын бағдарлама. Құрт өзін үнемі көшірмелейді және жұқтыру үшін компьютердің «қожасын» талап етпейді. Компьютерге жиірек электрондық пошта арқылы кіреді.

Құрылымдық диаграммаСтруктурная диаграммаМодульдік диаграмманы қараңыз.

Құрылымы ағаштәрізді Веб-сайт – Веб-сайт с древовидной структурой (Tree web site) – сайтта ақпараттарды қарап шығу үшін әр түрлі опцийлер мен баптаулардың жинағы бар генеалогиялық ағашқа ұқсас ұйымдастырылған сайт.

Лездік хабар – Мгновенное сообщение (Instant Message, IM) – шын уақыт режімінде Интернет бойынша адамдарға ақпарат алмасуға мүмкіндік беретін бағдарлама көмегімен жөнелтілетін хабар.

Лицензия – білім беру іс-әрекетін жүргізу құқығына мемлекеттік органдар немесе өкілетті мекемелер беретін ресми рұқсат..

ЛицензиялауЛицензирование лицензия (рұқсат) беру.

Лицензияның иегері (лицензиат) Обладатель лицензии (лицензиат) сертификация бойынша лицензия берілген тұлға немесе орган.

Логикалық дискЛогический диск операциялық жүйемен тәуелсіз құрылғы ретінде қарастырылатын қатқыл дискінің физикалық бөлімі.

Мақсаттар деңгейі (терминдерде) – Уровни целей (в терминах) – 1-ші: "елестете алу"; 2-ші: "білу"; 3-ші: "істей білу"; 4-ші: "ие болу".

Маманданған – квалифицирован – демонстрациялаған кезде тағайындалған талаптарды орындауға мүмкіндігі бар объектіге берілген мәртебе.

Мамандық процесі – Процесс квалификации – объектінің қойылған талаптарды орындау мүмкіндігін демонстрациялау процесі. Ескерту: Осы процесті белгілеу үшін кейде «мамандық» терминін пайдаланады.

Мәліметтер ағашы Дерево данных – мәліметтердің иерархиялық құрылымын қараңыз.

Мәліметтер базасыБаза данных белгілі бір ереже бойынша ұйымдастырылған өзара байланысты мәліметтер жиынтығы.

Мәліметтер базасы (МБ) – База данных (БД) – мәліметтерді сипаттаудың, сақтау мен өңдеудің ортақ қағидаларын алдынала қарастыратын белгілі бір ереже бойынша ұйымдастырылған мәліметтердің атау берілген, бүтін мәнді, біртұтас жүйесі.

Мәліметтер банкіБанк данных мәліметтерді жинауды, сақтауды, іздестіру және өңдеуді қамтамасыз ететін ақпараттық, техникалық, бағдарламалық, тілдік және ұйымдастыру құралдарының кешені.



Мәліметтер мәліметі бойынша іздестіру жүйесі – Поисковая система по метаданным (Meta Search Engine) – іздестіру жүйелері сайттарының үлкен мөлшерін зерттейтін және сіз үшін алынған нәтижелерді үйлестіретін жүйесі бар веб-сайт.

Мәліметтерді жеткізу ортасы – Среда передачи данных (Transmission media) мәліметтерді жеткізу үшін пайдаланылатын кәбілдік немесе сымсыз желінің екінші атауы.

Мәліметтерді жеткізуді басқару хаттамасы – TCP (Transmission Control Protocol) – Протокол управления передачей данных – көмегімен клиент пен сервердің арасын қосуды орнататын құрал. Мәліметтер бұмаға бөлінеді де, оларды жинау тәсілі туралы ақпаратпен бірге алушыға жөнелтіледі.

Мәліметтерді жеткізуді/желіаралық хаттаманы басқаратын хаттама TCP/IP (Transmission Control Protocol/Internet Protocol) – протокол управления передачей/межсетевой протокол – бұл Интернет желісіне негізделген стандарттық хаттама. Жергілікті немесе ауқымды желілерде ақпарат бумасын бағыттау үшін UNIX жүйелері үнсіз келісім бойынша қолданады.

Мәліметтерді жеткізуді/желіаралық хаттаманы басқаратын хаттама TCP/IP (Transmission Control Protocol/Internet Protocol) – протокол управления передачей/межсетевой протокол – сервер мен клиенттің арасын және Интернетте пайдаланылатын мәліметтерді жеткізуді басқару (TCP) мен желілік қосылулар (IP) жүйесінің хаттамасын қосуды орнататын хаттама қисыны.

Мәліметтерді/Желіаралық (Интернет) хаттаманы жеткізуді басқаратын хаттама – Протокол управления передачей данных/Межсетевой (Интернет) протокол (Transmission Control Protocol/Internet Protocol, TCP/IP) – барлық Интернет бойынша ақпаратты жөнелту мен алуды қамтамасыз ететін хаттама немесе ережелер жинағы.

Мәліметтердің иерархиялық құрылымыИерархическая структура данных – әрбір элемент деңгейі ең жоғары элементтен («түбір» немесе «төбе») осы элементке апаратын жолмен анықталатын мәліметтердің құрылымы. Мәліметтердің иерархиялық құрылымы мәліметтерді сызықтың немесе кестелік тізбекпен ұсыну қиын болған жағдайларда өте қодайлы болады. Мысалы, иерархиялық құрылым дискілерде қапшықтарды (каталогтарды) ұсыну үшін пайдаланылады.

Мәліметтердің қауіпсіздігіБезопасность данных кездейсоқ немесе әдейі өзгертуден, жоюдан, жариялаудан, сондай-ақ рұқсатсыз пайдаланудан мәліметтерді қорғау тұжырымдамасы.

Мәліметтің мәліметі бойынша іздестіру жүйесі (Поисковая система по метаданным (Meta Search Engine)) – іздестіру жүйелерінің саны үлкен сайттарын зерттейтін және алынған нәтижелерді сендер үшін қиыстыратын жүйесі бар веб-сайт.

Мәтіндік процессорТекстовый процессор – мәтіндік құжаттарды әзірлеу, безендіру және форматтау үшін арналған бағдарлама. Басып шығаруға беру үшін немесе, мысалы, факс бойынша жөнелту үшін арналған құжаттарды дайындауға пайдаланылады. Мәтіндік редактормен салыстырыңыз.

Мәтіндік редакторТекстовый редактор – мәтіндік құжаттарды әзірлеу және редакциялау үшін арналған бағдарлама. Мәтінді безендіру мен форматтау құралдары жоқ. Мәтіндік процессормен салыстырыңыз..

Мәтінмәндік анықтама Контекстная справка – осы мезеттегі операцияның орындалуына немесе басқарудың таңдалынған элементіне қатысты көмегі, кеңесі, ұсынысы бар операциялық жүйеден хабар.

Мәтінмәндік меню Контекстное меню – ағымдағы объектімен байланысты командалар жинағы бар арнайы меню. Windows 95/98' операциялық жүйесінде мәтінмәндік меню әрқашанда объектіде тышқанның оңжақ батырмасын шертумен ашылады.



Мәтінмәндік сезгіштік Контекстная чувствительность тышқанға, ол қандай объектіге келтірілгеніне байланысты, өзінің формасын өзгертуге мүмкіндік беретін тышқан көрсеткішінің қасиеті.

Мәшинелік кодМашинный код – сегізразрядтық екілік сандардың (байттардың) көмегімен процессордың командаларын кодтау жүйесі. Мәшинелік кодта бағдарлама оларды орындау уақытында ұсынылады.

Мемлекеттік білім беру мекемесі – Государственное учреждение образования Қазақстан Республикасының заңына сәйкес құрылатын білім беру мекемесі.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы – Государственный образовательный заказ – білікті жұмысшылар мен қызметкерлер дайындауға мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыру арқылы іске асырылатын тиісті мемлекеттік органдар тағайындайтын жоспар; бастауыш кәсіптік, орта кәсіптік, жоғары кәсіптік және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру ұйымдарының білім беру қызметін сатып алу; конкурстық негізде мемлекеттік білім гранттар мен несиелер ұсынысы.

Меню – біреуі таңдалынатын пункттер (әдетте командалар) жинағы болып табылатын басқару элементі. Менюдің пункті келесі деңгейдің салынған менюдің) менюі бола алады.

Меңзерлік пернелер Курсорные клавиши – пернетақтадағы көрсеткілері бар пернелер тобы. Олардың атауы осы пернелердің әдетте тиісті бағдарламаларда меңзердің орнын ауыстыру үшін пайдаланылуымен байланысты болады.

Мобильділік (тасымалданушылық, өзара ауыстырушылық) – Мобильность (переносимость, взаимозаменяемость) – аппараттық платформаларды жаңарту немесе алмастыру кезінде бағдарламаларды, мәліметтерді тасымалдау мүмкіндігін және мамандардың, оларды қайта дайындамастан, осы жүйеге немесе жүйенің аппараттық платформасына өзгертулер енгізу кезінде олармен жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін ашық жүйенің қасиеті

Модель – оқып білетін объектінің сипаты мен іс-әрекетін имитациялауды қамтамасыз ететін бағдарлама немес құрылғы.

Модем (Modem) – телефон желісі арқылы компьютерді Интернетке қоса алатын желілік жабдық.

Модем (модулятор/демодулятор) – Modem – компьютерді аналогтық телекоммуникациялық желілермен жалғастыратын және цифрлық мәліметтерді аналогтық формаға және керісінше түрлендіретін жабдық.

Модуль – оқу курсының аяқталған құрамы.

Модульдік диаграммаМодульная диаграмма – құрылымы күрделі бағдарламаны графиқалық ұсыну тәсілі.

Монитор – ақпаратты экранда бейнелеу құрылғысы. Барлық компьютерлердің құрамында іс жүзінде монитор немесе оның аналогы бар (мысалы, проекциялық қондырғы).

Мультимедиа – (англ. multimedia от лат. multum – много и media, medium – средоточие, средства – ағыл. латыннан multum – көп және media, medium – орта, құралдар) – бұл пайдаланушыға сұқбаттық режімде біртұтас ақпараттық орта түрінде ұйымдастырылған әр текті мәліметтермен (графикамен, мәтінмен, дыбыспен, бейнемен) жұмыс істеуге мүмкіндік беретін аппараттық және бағдарламалық құралдар кешені.

Мультимедиа - бұл: типі әр түрлі ақпаратты өңдеу құралдарын дайындау, жұмыс істеу және қолдану ретін сипаттайтын технология; типі әр түрлі ақпаратты өңдеу мен ұсыну технологиялары негізінде әзірленген ақпараттық ресурс; ақпаратты өңдеу мен ұсынуға байланысты жұмыс істеу типі әр түрлі компьютерлік бағдарламалық жасақтама; көмегімен типі әр түрлі ақпаратпен жұмыс істеуге мүмкін болатын компьютерлік аппараттық жасақтама; типі әр түрлі дәстүрлі статикалық көрінерлік ақпаратты да (мәтін, график), динамикалық ақпаратты да (сөз, әуен, бейне үзінділер, анимация және т.б.) өзіне қамтитын ақпараттың ерекше қорытынды түрі. Сонымен, кең мағынада «мультимедиа» термині (бір мезгілде оқырман да, тыңдаушы да, көрермен де бола алатын) пайдаланушыға аса тиімді ықпал ету мақсатымен әр түрлі бағдарламалық және техникалық құралдарды пайдаланатын ақпараттық технологиялар спектрін білдіреді.



Мультимедиа – шынайы әлемнің адамның сезім мүшелеріне ықпалын имитациялау мақсатымен бір құжатта дыбыстық, әуендік және бейне ақпаратты біріктіруді сипаттайтын ұғым.

Мультимедиа (multi – көп, media - орта) – зерттелетін құбылысты бейнелеу тәсілдерінің бай жинағы. Мультимедиа өнімдері ақпараттың сан алуан түрін: компьютерлік мәліметтерді, теле- және бейне ақпаратты, сөз бен әуенді қолданады. Мұндай біріктіру ақпаратты тіркеу мен жаңғыртуда компьютермен басқарылатын теледидардың, бейнемагнитофонның, HiFi-аудиожүйенің, жинақы дискілер (СD) ойнатқышының алуан түрлі техникалық құралдарын пайдалануға қол жеткізеді.

Мультимедиалық басылымМультимединое издание – жинақы-дискіде таратылатын және мазмұны мультимедиалық түрде көрсетілетін интерактивтік ақпараттық-білімдік қапшық.

Мультимедиалық оқу материалдарыМультимедийные учебные материалы – мәтінді, аудио-, бейне- және анимациялық элементтерді қамтитын оқу материалдары.

Мультимедиалық оқулықтарМультимедийные учебники безендіру материалы мультимедиаортасының көмегімен CD-ROM-да орындалған жоғары динамикалық оқулықтар. Мазмұны, әдеттегідей, жанды дәрістер, кәсіби диктор дыбыстап және кинематографиялық құрастыру заңдарын сақтап безендірілген әңгімелер түрінде ұсынылған.

Мультимедиалық үзінділерМультимедийные фрагменты жинақы дискілерде немесе басқа компьютерлік мәліметтер тасуышта, сондай-ақ кез келген уақытта пайдаланушылар қатынас құра алатын құрылғыларда бар баспалық, безендірушілік, көріністік, қозғалыстық және дыбыстық үзінділер жинағы.

МультимедиаортаМультимедиасреда (мультимедиа) кез келген мәліметтердің типін ұсынуды, кескіндерді (оның ішінде анимацияны – қозғалысқа келтіруді), сөздерді, дыбыстарды және құжаттарды бірігіп өңдеуді қамтамасыз ететін кешенді технология.

МұрағаттауАрхивация – қатқыл дискіден сыртқы ауысымды тасуыштарда мәліметтердің резервтік көшірмесін әзірлеу қатқыл дискі істен шыққан немесе мәлімет бүлінген жағдайда ақпаратты қорғау үшін қажет.



Нақты параметрлерФактические параметры – ішкі бағдарламаны шақыру кезінде формальды параметрлердің орнына қойылатын айнымалылар, тұрақтылар, жиымдар және мәліметтердің басқа объектілері.

Нормативтік құжат – Нормативный документ алуан түрлі іс-әрекеттің немесе олардың нәтижелерінің ережелерін, басқару қағидаларын немесе сипаттамаларын тағайындайтын құжат. Ескерту: "Нормативтік құжат" термині стандарттар, тезникалық шарттар, ережелер жинағы мен регламенттер сияқты құжаттар үшін ортақ термин болып саналады. Құжат деп ішіне немесе оның бетіне ақпарат жазылған кез келген тасуышты түсінуге болады.

Нығыздалдан дискУплотненный диск – сығымдауға ұшыраған диск. Windows 95/98 жүйесінің құралдары нығыздалған дискімен, кәдігімгі диск сияқты, жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Объект – дербес түрде не сипатталған және қарастырылған бола алса, сол. Ескерту: Мысалы, іс-әрекет немесе процесс, өнім, мекеме, жүйе немесе жеке тұла, немесе олардың кез келген үйлесімі объект бола алады.

Объект – мәліметтердің жеке элементтері үшін ортақ ұғым. Көбінесе жеке құжат немесе құжаттың бөлігі түрінде болады, мысалы, басқа құжатқа кірістіріле алатын бөлік.

Объектілерді реттеуУпорячение объекта – объектілерді берілген тізбекпен орналастыру процедурасы. Әдеттегідей, сұрыптау қалай болса, дәл солай.

Объектілік қодОбъектный код – машиналық код түрінде жазылған бағдарлама мәтіні. Комппилятордың жұмыс істеуі нәтижесінде алынады. Өзі арнайы бағдарламаның – байланыстар редакторының көмегімен, кітапханадан алынған қажетті процедураларды қосу арқылы, бағдарламаның атқарылатын кодының базасында орындалатын «жартылайфабрикат» болып табылады.

Оқу курсы – Учебный курс – бұрындары белгілі бір мақсат үшін әзірленген дайын модульдердің тақырыптық түрде аяқталған жинағы. Оқу курсы – оқыту курсын құрастыруға арналған бастапқы материал.

Оқу курсы – Учебный курс жоғары оқу орнында оқу үшін сәйкес ғылымнан немесе қызмет саласынан бөліп алынған, дидактикалық түрде білімнің, іскерлік пен машықтың негізделген жүйесі болып табылатын, оқу жоспарында дербес белгіленген білім беру мазмұнының үзіндісі.

Оқу құралы – Учебное пособие – оқулықты жартылай немесе толығымен алмастыратын немесе толықтыратын, басылымның осы түрі ретінде ресми түрде бекітілген оқу-теориялық басылым.

Оқу материалдарын жеткізу технологиясы Технологии доставки учебных материалов – дискеттерде немесе CD-ROM-да жөнелту, желі бойынша шығарып алу, онлайн режімінде WWW-серверінің ресурстарымен жұмыс істеу.

Оқу материалдарын сақтау технологиясы Технологии хранения учебных материалов оқу материалдарын (баспа өнімдерін, аудио және бейнеқұндақтарды, дискеттерді, CD-ROM-дарды, телеконференциялардағы, FTP-дағы және WWW серверлердегі және т.б.-дағы электрондық оқу материалдарының мұрағаттарын) сақтау тәсілдері.

Оқу мекемесінің виртуальдық өкілеттілігі (ВӨ) – Виртуальное представительство (ВП) учебного заведения – базалық оқу мекемесінің оқу бағдарламасы бойынша Интернет желісі арқылы оқу процесін ұйымдастыруды қамтамасыз ететін қызметтік міндеттің типтік жинағын іске асыратын типтік бағдарламалық кешен.

Оқу пәніУчебная дисциплина оқу процесінде оқып білу үшін белгілі бір ғылымдар, техникалар, өнерлер, өндірістік қызметтер саласынан іріктеп алынған білімдер, іскерліктер мен машықтар жүйесі.

Оқу-әдістемелік кешенУчебо-методический комплекс – жеке тұлғаның танымдық қызметін басқарудың әдістемелік жүйесінің біртұтастығын қамтамасыз ететін, ядросы оқулық болып саналатын дидактикалық әдістемелік құралдардың жиынтығы .

Оқулық Учебникбiлiм алушылар игеруге мiндеттi пәндiк ақпараттар көзi қызметiн атқарушы, бiлiм алушылардың (жеке тұлғалардың) логикалық ойлауын қалыптастырушы, бiлiктiлiгi мен шығармашылық қабiлеттерiн дамытушы, рухани құндылықтарды тасушы, әрi оқушылар санасына үлгі-өнегені дарытушы кітап.



Оқулық – Учебникоқу бағдарламасына сәйкес және басылымның осы түрі ретінде ресми түрде бекітілген оқу пәнінің (оның тарауының, бөлімдерінің) жүйелі мазмұны бар оқу басылымы.

Оқулық – Учебник сапалы білім мен ұлағатты тәлім-тәрбие беру міндетін атқаратын және тұлғалықты қалыптастыратын мәліметтер базасы.

Оқулық әдебиеттер Учебные литературы – тәлiм-тәрбие мен бiлiм берудің мақсаты мен мiндетін жүзеге асыратын оқу-әдiстемелiк кешеннің және білім беретін аспаптар (құрал-жабдықтар) мен модельдік көрнекі құралдардың жиынтығы.

Оқыту курсы – Курс обучения – оқу пәндерінен, белгілі бір білімдік бағдарламамен қарастырылған тақырыптар мен пәндерден тұратын тұтас цикл.

Оқыту сапасы – Качество обучения – бұл білім мазмұнын игерудің белгілі бір деңгейі (білімдер, іс-әрекет тәсілдері, шығармашылық қызмет тәжірибесі, көңіл-күй-құндылық қарым-қатынастары) және тұлғалық мүмкіндіктерге, оқудың мақсаттарына және талпынысқа сәйкес оқу процесінің әртүрлі кезеңдерінде оқушының қол жеткізетін дамуы.

Оқытудың араласқан (құрастырылған) технологиясы Смешанная (комбинированная) технология обучения курсты оқыту кезіндегі Қашықтықтан оқытудың әр түрлі технологияларының үйлесімі, мысалы, баспалық оқу материалдарының жинағын желілік технология ретінде электрондық пошта бойынша тьютордың кеңестерімен толықтырылған кэйс-технологии ретінде беру.



Оқытудың интерактивтілігіИнтерактивность обучения білім алушының танымдық іс-әрекетін белсенді етудің және, демек, интерактивтік өзара әрекет негізінде дайындықтың тиімділігін арттырудың негізгі тәсілдерінің бірі.

Оқытудың сапасыКачество обучения – оқу мекемесін бітірушілердің білімдері мен іскерліктерінің оның еңбек нарығында бәсекелестік қабілеттілігін қамтамасыз ететін алдын ала келісілген талаптармен сәйкестік дәрежесі.

Оқытушы-кеңесші – Преподаватель-консультант – студенттерге кеңес беретін және оларға нақты оқу бағдарламасының ауқымында көмек көрсететін адам. Оның міндеті қолдау мен көмек көрсетуге, басшылық жасауға және білім алушының жетістігін бағалауға саяды.

Он-лайн – модем арқылы немесе бөлінген желі арқылы қосылатын жалғастырушы көмегімен желіге тікелей қосылу кезінде Интернетте жұмыс істеудің режімі.

Он-лайндық режім Он–лайновый режим – шын уақытта жүзеге асатын оқытудың өзара әрекеттік оқу процесі. Мысалы: оқытушының студентпен әңгімесі, телефонмен сөйлесуі, бейнеконференция, чат.

Операциялық жүйеОперационная система – бағдарламалардың компьютердің аппараттық жасақтамаларымен өзара байланысын және пайдаланушының командаларды енгізу үшін базалық мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін бағдарламалар мен драйверлердің жинағы. Командаларды енгізу үшін пернетақтаны, сондай-ақ құрылғыны басқарудың негізгі құрылғысы тышқан немесе басқа орынды анықтайтын құрылғы болып саналатын графикалық операциялық жүйені пайдаланып программаларды іске қосу үшін командалық жол пайдаланылатын операциялық жүйелерді ажыратады.

Операциялық жүйе – Операционная система – компьютерді басқаратын бағдарламалық жасақтама.

Ортақ ресурсОбщий ресурс – бірнеше қосымшалар немесе пайдаланушылар бір мезгілде немесе әр түрлі уақытта) пайдалана алатын компьютердің немесе жергілікті желінің ресурсы.

Орталық процессор – Центральный процессор (Central Processing Unit, CPU) – Сіздің компьютерді басқаратын микросхема.

Орын ауыстыруПеремещение – файлдық құрылымдағы объектінің орналасу орнын өзгерту операциясы. Объектіні іздеу жолын өзгертуге балама. Көшірмелеумен салыстырыңыз.

Орынды анықтау құрылғысыУстройство позиционирования –графиқалық операциялық жүйеде басқару үшін арналған құрылғы, мысалы, тышқан.

Офф-лайн – Интернетке қосусыз электрондық құжаттармен жұмыс істеу режімі, мысалы, веб-беттерді келесі кезекте веб-сайтқа жөнелту үшін оларды компьютерде дайындау.

Офф-лайн – Интернетке қосылмастан электрондық құжаттармен жұмыс істеу режімі, мысалы, кейіннен оларды веб-сайдқа жөнелту үшін компьютерде веб-беттерді дайындау.

Офф-лайндық режімОфф-лайновый режим – оқытушы мен білім алушының қарым-қатынасының уақыт бойынша үзілуі кезіндегі оқу процесінің өзара әрекеті. Мысалы, электрондық пошта, оқытушының тапсырмасы бойынша студенттің кітаппен жұмыс істеп кейіннен сынақ тапсыруы.

Өзара алмастырушылық – Взаимозаменяемость – басқаның орнына сондай талаптарды орындау үшін түрлендірместен пайдалануға болатын объектіні қабілеттілігі. Ескерту: Нақты шарттарға байланысты қызметтік өзара алмастырушылық немесе өлшемдік өзара алмастырушылық терминін пайдалану керек..

Өзін өзі тексеру – Самоконтроль – орындалған жұмысты тағайындалған ережелерге сәйкес оны атқарушысының өзінің тексеруі. Ескерту: Өзін өзі тексерудің қорытындылары процесті басқару үшін пайдаланыла алады..

Өмірлік машықтар – Жизненные навыки – азаматтардың мұқтаждықтарына сәйкес олардың оларға өз беттерімен оқуға және еңбек етуге, өзгерістерге бейімделуге, дендерінің сау болуына, еліміздің қоғамдық және экономикалық тұрмысына белсенді түрде қатысуға мүмкіндік беретін машықтар.

Өнім – Продукция – іс-әрекеттердің немесе процестердің нәтижесі. Ескерту: Өнім қызмет көрсетуді [service], жабдықты [hardware], өңделетін материалдарды [processed materials], бағдарламалық жасақтаманы [software] немесе олардың құрамаларын қамтиды. Өнім материалдық (мысалы, тораптар немесе өңделетін материалдар) немесе материалдық емес (ақпарат немесе ұғымдар), немесе олардың құрамалары бола алады.

Өнімдердің сапасына жауапкершілік – Ответственность за качество продукции – өнімге байланысты зақым келтіргені, меншікті бүлдіргені немесе басқа залалы үшін шығынды өтеу бойынша дайындаушыларға немесе басқа адамдарға жүктелетін міндеттемені сипаттайтын ортақ термин. Ескерту: Өнімнің сапасы үшін жауапкершіліктің заңдылық және қаржылық мәні заңдылық актілерді қолданудың бір саласынан екіншісіне өзгере алады.

Өткізу жолағыBandwidthполоса пропускания – ақпаратты жеткізу үшін желідегі рұқсат етілген жиілік ауқымы. Өткізу жолағы неғұрлым кең болса, кәбіл бойынша берілетін мәліметтердің көлемі солғұрлым үлкен бола алады. Өткізу жолағы сандық сигналдар үшін секундтағы биттермен (бит/с) немесе аналогтық үшін герцтермен (Гц) өлшенеді.

Өткізіп жіберу қабілеттілігі – Пропускная способность (Bandwidth) – уақыт бірлігі ішінде желілік жалғастыру арқылы беріле алатын ақпарат мөлшері.

Пайдаланушыға ынтымақтастық – Дружественность к пользователю – түсініктілікті, қатынас құрушылықты, жеңіл басқарушылықты қамтамасыз ететін пайдаланушы интерфейсінің сипаттамасы.

Пайдаланушының интерфейсіИнтерфейс пользователя – пайдаланушының жүйемен немесе желімен өзара әрекеттесу процедурасын анықтайтын интерфейс.

Пакеттерді трассирлеушілер – Трассировщики пакетов (Packet sniffers) – желідегі ақпараттарды бақылайтын бағдарлама..

Параллель портПараллельный порт – ол арқылы ақпараттар тұтас байттарымен берілетін жән қабылданатын компьютердің стандарттық порты. Принтерлерді, сканерлерді қосу, компьютерлерді тікелей жалғастыру және басқа құрылғыларды қосу үшін қолданылады.

Педагогикалық ақпараттық технологиялар Педагогические информационные технологии компьютерлік пен желілік технологияларды және дидактикалық құралдарды пайдалануға негізделген оқытудың тиімділігі мен ырғағын дамытатын ақпараттық технологиялар.

Пернетақта Клавиатура – компьютерге әліпбилік-сандық мәліметтерді енгізуүшін арналған стандарттық құрылғы.

Пернетақтаны трассирлеушілер – Трассировщики клавиатуры (Keystroke loggers) – компьютерде әрбір басылған пернені жазатын және оны қадағалайтын адамға осы ақпаратты жөнелтетін бағдарлама.

Пернетақтаның орналасуы Раскладка клавиатуры – пернетақта пернелерінің ұлттық әліпби символдарына сәйкестік жүйесі.

Пиксел – экранның ажыратуын өлшеу бірлігі. Компьютер басқара алатын жеке жарқырайтын нүктеге, түске және жарықтылыққа сәйкес келеді. Ағылшын сөзі «рiхе1» қысқартылған тіркес «рicture се11» (кескін элементі) болып табылады.

Порт (Port) – компьютерге шеткері жабдықтарды қосу үшін арналған логикалық аппараттық құрылғы.

Портал – адамдарға бір бірімен өзара әрекеттесу, өз мүдделеріне сәйкес ақпараттық ресурстарды табу мен пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ететін құрамдас дербес интерфейсі бар WWW-жүйе.

Портал (білім беретін) – Портал (образовательный) – білім беру мен ағартушылық қызметін, қәсіпқойлар үшін ақпарат пен қарым-қатынас құралдарын ұсынуды, бар бөлімшелер мен ресурстардың арасындағы байланыстарды жақсартуды, мақсатты бағытта Интернет желісі бойынша бағдар бағыттау құралдарын жетілдіруді, авторлық құқықты сақтауды, интеллектуальдық меншікті қорғауды, ең жақсы оқу курсына, білім беру технологиясына, білім беру қызметіне және т.б. конкурстар жариялауды, бос орындарға конкурстар жариялауды, оқу мекемелерінің, еңбек нарығындағы сұраныстан тәуелді мамандықтардың, ақпараттар алмасу мүмкіндігінің рейтингтерін орналастыруды, әр алуан түрлі қызметтерді (ЧАТ, форум, пошталық жөнелту) және б. ұсынуды білдіретін Интернет желісі құралдарымен білім беретін кеңістік порталы.

Пошталық хабарларды жеткізудің жеңілдетілген хаттамасы SMTP (Simple Mail Transfer Protocol) – упрощенный протокол передачи почтовых сообщений – электрондық поштаны жеткізу мен қабылдауға қолданылатын Интернеттің стандарттық хаттамасы.

Принтер – тікелей қағазға басылатын ақпаратты басып шығаруға арналған құрылғы.

Процедура – ішкі бағдарламаның алуан түрі. Әдеттегідей, стандарттық және жиі қайталанатын қандайда бір әрекеттерді атқару үшін бас бағдарламамен шақырылады. Қызметпен салыстырыңыз.

Процедуралар кітапханасыБиблиотека процедур объектілік кодта жазылған процедуралар (бағдарламалар) қапшығы. Компиляция нәтижесінде алынған объектілік кодтан бағдарламаның орындалатын кодын дайындау кезеңінде байланыстар редакторы пайдаланады.

Процесс қандайда бір нәтижеге қол жеткізуге арналған тізбекті әрекеттердің жиынтығы; қалып күйлердің, даму кезеңдерінің тізбекті ауысуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет