«Аққала» Көрнекі құралдар: Қыс мезгілінің суреттері, үнтаспа, ермексаз, тақтайша, сүлгі



жүктеу 39.67 Kb.
Дата04.07.2016
өлшемі39.67 Kb.
05.01.15 Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы

«Қуыршақ тобы» (Естиярлар тобы)


Білім беру саласы: «Қатынас»; «Шығармашылық». Жүсіпбекова А.Қ

Бөлімдері: Тіл дамыту. Мүсіндеу.

Тақырыбы: «Қыс көрінісі» ; «Аққала»

Көрнекі құралдар: Қыс мезгілінің суреттері, үнтаспа, ермексаз, тақтайша, сүлгі.

Қостілділік компоненттері: қыс-зима- winter

қар-снег- snow

аққала-снеговик- snowman

ақ-белый-white
Мақсаты: Сурет арқылы әңгіме құрастыруға үйрету. Суретке деген қызығушылықтарын арттыру. Зейінін дамыту. Синонимдерді сөздік қорына еңгізу. Бөліктерді біріктіру амалын, заттың құрылымын, пропорциясын сақтауға үйретуді жалғастыру, шығарма-

шылық қиялын дамыту.




Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Балалардың назарын терезедегі өрнектерге және ыдыстағы қарға аударады.



Аяз қысып, 
Өрнек сызып. 
Терезені торлайды. 
Қарға омбығып, 
Бет домбығып. 
Сырғанап жастар ойнайды. 
Кейде ұлып, 
Кейде ысқырып. 
Ұйтқып боран соғады. 
Бөбектерім айтыңдаршы, 
,Бұл қай кезде болады? 

Балалар терезедегі аяз салған өрнектерді тамашалайды.

Жұмбақ сырын ұғынады.


Ұйымдастыру-іздестіру

Балаларға тақтадағы сурет арқылы қыс мезгілі жайлы түсіндіреді.

Тірек –сызбаны пайдаланып қыс туралы тақпақ оқу. 
Бір топ бала далада 
Соқты қардан аққала, 
Мұрны сәбіз үп-үшкір. 
Көзі көмір қап-қара. 
-Балалар бір сәт өзімізді – сыртта, таза ауада тұрғандай елестетейік. 

-Айнала қандай? 
-Қар қандай? 
-Ал мұз ше? 
-Ауа қандай? 
-Терезелерде не бар? 

-Қыс мезгілінде күн қандай болады?  

- суық, салқын сөздерінің мағынасы бірдей.



  • Балалар,мына ыдыстағы не?

-Қардың түсі қандай?

-қар не істейді?

-қар ерігенде неге айналады екен?

Балаларға қыс мезгіліне байланысты жұмбақтар жасырады.

Қол созсаң ақ күміс

Алақанға қонады.

Ашып-жұмсаң, із-түссіз,

Лезде жоқ болады.
Қолы жоқ сурет салады,

Аузы жоқ тістеп алады.
Шелек қалпақ басында,

Сәбіз екен танауы.

Қыста қардан туатын,

Тауып көрші, сен оны.

Дидактикалық ойын: «Аққаланы құрастыр»
Тәрбиеші балаларға аққала- ның үлгісін көрсетіп ,аққала мүсіндеуге шақырады.
Сергіту сәті

Ішік, пима, қолғап бар,

Арада жоқ тоңғақтар.

Баста қалын малақай,

Біз тоңбаймыз алақай.



Қызығушылық танытады.

-аппақ


-ақ ұлпа

-жылтыр


-таза

-өрнек


(қарлы,боранды,аязды) .

-суық


-салқын
-қар
-ақ

-ериді


-суға

қар


аяз


аққала

Балалар ойынды қызыға ойнайды.
Балалар аққаланы қызыға мүсіндейді.
Балалар сергіп алады. Қолмен көрсетеді,

Секіреді. 

Басын ұстайды

Қолын шапалақтайды.




Рефлексивті-реттеушілік

Тәрбиеші балалардың жұмыстарын бақылап, мақтап көңілдерін көтереді.

Балалар аққаланың құрылысын айтады. Оны қардан жасайды.

- Аққаланың пішіні- дөңгелек



-үлкен

- орташа


- кішкентай



Күтілетін нәтиже:

Біледі: қыста қар жауатынын, қардың түсін біледі, қысқы ойындардың барлығы қармен байланысты екенін, аққаланыі;

Игерді: Қыс мезгілінің ерекшеліктерін игерді, мағынасы бірдей сөздерді;

Қолданды: Ірі және ұсақ элементтерді пайдаланып, бір-біріне кедергі жасамай, бүлдірмей, ұқыпты жұмыс жасауды;


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет