Абадилдаева Шырынкуль Келесбаевна Ағылшын мәтініндегі когнитивті метафораның қолданылуы 6M011900 Шетел тілі: екі шетел тілі педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация



жүктеу 381.73 Kb.
бет1/3
Дата06.03.2016
өлшемі381.73 Kb.
  1   2   3


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университеті

Филология факультеті

Шетел тілдері және аударма кафедрасы


ӘОЖ 802.0: 801.8 Қолжазба құқығында



Абадилдаева Шырынкуль Келесбаевна
Ағылшын мәтініндегі когнитивті метафораның қолданылуы
6M011900 – Шетел тілі: екі шетел тілі педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация

Ғылыми жетекші: филология ғылымдарының докторы,

профессор Е.Н Нұрахметов

Қазақстан Республикасы

Қызылорда, 2013

Диссертация Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің шетел тілдері және аударма кафедрасында орындалды.

Ғылыми жетекші: филология ғылымдарының

докторы, профессор Е.Н. Нұрахметов

Ресми оппонент: филология ғылымдарының

кандидаты, доцент Қ.Б. Уразбаев

Диссертация 2013 жылы «___»__________ сағат «____» Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінде 6M011900 – Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін беру жөніндегі диссертациялық кеңесінде қорғалады. (120014, Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі № 40, №1 оқу ғимараты).

Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады.




КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Метафора дәстүрлі зерттелуде тілді көркемдеуші құрал ретінде танылады. Ол көркем әдебиетте адресатқа әсер ету қызметі тұрғысынан зерттеліп келді. Оның танымдық сипатына соңғы уақыттарда көңіл бөліне бастады. Бұл ретте, ең алдымен метафораның адамның ойлау үдерістерімен байланыстылығы және тілдегі әлем туралы білімнің бейнелену заңдылықтарына қатысы ескеріле бастады. Оның тек қана көркемдеуші құрал емес, сонымен қатар тілдің лексикалық сұранысын өтеуші құрал екендігі анықталды. Заттар мен құбылыстар ұқсастығы арқылы метафора жинақталған білім қорын белгілі бір мақсат қажеттілігіне сай қолдануға көмектеседі.

Метафора жекелеген бөлек объектілерге емес, ойлау кеңістігіне жатады. Таным үдерісінде бұл күрделі тікелей байқалмайтын ойлау кеңістіктері метафора арқылы ең қарапайым немесе нақты байқалатын ойлау кеңістіктермен ара қатыста болады.

Тіл білімінде метафора мәселесі көне ойшылдар Аристотель, Цицерон, батыс ғалымдары А.Ричардс, Ф.Уилрайт, Макс Блэк, Дж.Лакофф және М.Джонсон, орыс тілі зерттеушілері АА.Потебня, В.Г.Гак, В.Н.Телия, Н.Д Арутюнова, В.К.Харченко т.б; қазақ тіл білімінде А.Байтұрсынұлы, Б.Хасанов, Ә.Болғанбайұлы, Ғ.Қалиұлы, Б.Қалиев, Б.Қасым т.б. зерттеу еңбектерінен көрініс тапқан.

Аристотель алғаш рет метафораны ұқсастық негізінде сөз мағынасының өзгеруі деп көрсетеді. Цицерон оның тілге қажет ұғымдарды атау қабілетін басты назарға алды. А.А.Потебня метафоралық ауысуды тілдік семантиканы дамытудың бір құралы ретінде таныды. В.Г.Гак, В.Н.Телия метафораның аталымдық, когнитивтік қызметіне баса назар аударды. Н.Д.Арутюнова бұл құбылыстың тілдік аспектілері: бейнелілігін, қолданымдық сипатын ашады. Метафораның мағына дамытудағы маңызы туралы А.Байтұрсынұлы, Ә.Болғанбайұлы, Ғ.Қалиұлы, М.Балақаев құнды пікірлер қалдырған. Оның қызметіне, қолданыстық ерекшеліктеріне Б.Хасанов зерттеу еңбегін арнаған. Әлем тіл білімі метафораның адамның ойлау үрдісін қалыптастырушылық қасиетін ескеріп, оны басқа қырынан қарастыруды алға тартады.

Соңғы уақытгарда бұл тақырып когнитивистикамен айналысушы ғалымдардың терең қызығушьшығын тудырды. Адам танымы, дүниені қабылдауы, оны тілде бейнелеуінде метафора маңызды қызмет атқарады. Метафора ұғымдарды қалыптастырады жөне дайын таңбалар арқылы оларды атайды.

Зерттеудің өзектілігі. Метафоралардың уәждемесі, ішкі мағыналық құрылымы мәселелерін зерделеуде олардың бейнелілігі, ұқсастыққа негізделетіні метафораның тілдік құбылыс ретіндегі сипатын ашуды талап етеді. Метафораның маңызын адамның білім қорына жасалатын операциялары тұрғысында қарастыру когнитивтік мәселелерді қозғауға түрткі болды. Бірліктердің метафора арқылы жасалуын зерттеу, адамның қоршаған әлем нысандарын таңбалау, тілдік материалдармен бекітудегі танымдық әрекеттердің тілдегі көрінісін қарастыруға бағыттайды. Тіл білімінде метафора және метафоралық сөз тіркестері кеңінен қолданылады, олар жиі поэтикалық мәтіндерде кездесіп, жаңа образдар, жасауға көмектеседі, оқырмандардың ой-танымын кеңейтеді. Бұл орайда Дж. Галсуорсидің шығармашылығы осы мәселені қарастыруға кеңінен мүмкіндіктер береді. Оның көркем стилі басты ерекшелігі әртүрлі тәсілдерді кеңінен қолдануы, әсіресе метафоралар мен метафоралық тіркестер. Дж. Галсуорсидің «The Man of Property» романындағы метафоралардың табиғатын когнитивтік тұрғыда саралау бұрын-соңды қарастырылмаған. Тіл байлығының метафора арқылы толығуы жазушының танымдық деңгейімен байланыстылығы бұл құбылыстың сырына үңілуді қажет етеді. Метафораның әмбебаптығы тілдің бүкіл жүйесінен айқын байқалады. Тіл бірліктерінің жасалуындағы осы үрдістің қатысын зерттеу тіл мен ойлау арақатысын жаңа қырынан тануға жетелейді.

Зерттеу нысаны. Джон Галсуорсидің «The Man of Property» романындағы метафоралар.

Зерттеудің пәні. Джон Галсуорсидің «The Man of Property» романындағы метафоралардың танымдық сипаты.

Зерттеудің мақсаты. Дж. Галсуорсидің «The Man of Property» романындағы метафоралардың табиғатын таным тұрғысынан қарастыру, семантикалық топтарын жіктеп көрсету зерттеудің басты мақсаты болып табылады. Когнитивтік метафораларды анықтау, түрлеріне, мағыналық мазмұнына қарай топтастыру.

Зерттеудің міндеттері.

-когнитивтік метафора ұғымын ашу;

-когнитивтік метафоралардың құрылымын айқындау;

-метафораның тілдік құбылыс ретіндегі зерттелуіне тоқталып, оның маңызын ашып көрсету;

-тілдік бірліктерінің метафора арқылы жасалуын когнитивтік тұрғыда зерделеу;

-тілдік бірліктерінің уәждемесі ішкі мағыналық құрылымы теориялық мәселелерін қарастыру, метафоралы бірліктердің қызметіне қарай түрлерін, олардың жасалу, қолдану ерекшеліктерін ашу;

-метафоралық сөз тіркестерін мағыналық топтарға жіктеу және олардың жасалуының танымдық ерекшеліктеріне тоқталу;

-метафоралық ауысулардың когнитивтік үлгілерін қарастыру;



-мәтіндегі мысалдарға танымдық талдау жасау және ондағы құрылымдардың топтарын анықтау;

Жұмыстың зерттеу әдістері. Зерттеу жұмысында ғылыми сипаттама әдісі, білім қорындағы ақпараттар алмасуы фреймдік әдіс және компоненттік, когнитивтік талдау әдістері қолданылды.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері. Метафораның танымдық тәсіл ретінде қарастырған тіл біліміндегі А.Байтұрсынұлы, М.Балақаев, Б.Хасанов, Ә.Болғанбайұлы, Ғ.Қалиұлы, Б.Қалиев, Б.Қасым, Н.Уәли сияқты зерттеушілермен қатар орыс тіл біліміндегі А.А.Потебня, В.Г.Гак, В.Н.Телия, Н.ДАрутюнова, В.К.Харченко, Е.О.Опарина, М,Минский, Ч.Филлмор, А.Н.Баранов, батыс ғалымдары А.Ричардс, Ф.Уилрайт, М.Блэк, Дж.Лакофф және М.Джонсон және т.б зерттеушілердің еңбектері басшылыққа алынды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Зерттеу жұмысында Дж Галсуорсидің «The Man of Property» романындағы метафоралық тіркестердің жасалуы когнитивтік тұрғыда қарастырылды. Зерттеу нәтижесінде олардың ұқсастық заңдылығына сәйкес жүргізілген ауысулардың себептері ашылып, метафораның тілдегі жаңа ұғымдарды қалыптастырудағы қызметі айқындалды. Тілдік бірліктерінің уәждемесіндегі метафора жасаған бейнеліліктің танымдық негіздері қарастырылды. Танымдық тұрғыда метафоралы бірліктердің ішкі мағыналық құрылымы беретін санадағы бейнесіне, нысандардың адамның тәжірибесі арқылы жинақталатын білім қорына негізделетіні анықталды. Бірліктердің жасалуы адам ойлау жүйесінің құрылымдық сипатына байланысты фреймдер арқылы түсіндірілді. Метафора арқылы жасалған тілдік бірліктер екі немесе үш фрейм арасында ақпарат алмасумен туындайтыны анықталды. Тілдік бірліктерінде сыртқы пішінге байланысты ауысулардың басымдығы байқалды. Сонымен қатар, қызмет, қасиет ұқсастығынан да метафоралы тілдік бірліктердің туындайтыны анықталды. Когнитивтік метафораларда жасалуына ассоциациялы ойлау себепші болатын, дерексіз ұғымдардың негізінде жасалған аталымдар жатқызылды.

Зерттеудің теориялық құндылығы. Бұл мәселеге назар аудару- қазіргі ғылымның ең бір маңызды қажеттілігі. Ғылым адамды қоршаған болмысты игеруде белгілі бір жетістікке қол жеткізді, бірақ соған қарамастан адамның ішкі әлемін толық біле алмады. Мұны зерттеушілердің көбі «шын мәнінде бүгінгі күні адамның ішкі әлемін зерттеу» маңызды және қажетті дегенді айтады. Зерттеу жұмысының барысында тілдік бірліктерінің жасалуындағы метафораның тілдік сипаты теориялық меселелері қарастырылды. Метафораның бейнелілік, ұқсастық қасиеттерінің тілдік, тілден тыс табиғаты зерделенді. Когнитивтік метафоралардың түрлерінің ерекшеліктері, мағына түзудегі маңызы мәселелері қарастырылды.

Зерттеудің практикалық мәні. Жұмыстың нәтижелерін жоғары оқу орындарда лексикология, лингвомәдениеттану, когнитивті лингвистика, стилистика пәндері бойынша оқулықтар мен оқу құралдарын жазуда, теориялық курстар мен арнайы семинарларда қолдануға болады.

Зерттеудің дереккөзі ретінде Джон Галсуорсидің «The Man of Property» романы пайдаланылды.

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар. Диссертациялық зерттеу нәтижесі негізінде тілдік бірліктер жасалуында метафора тәсіл ретінде танылды. Бірліктердің ішкі мағыналық құрылымының бейнелілігі метафора ықпалынан жасалады. Метафоралы бірліктер адам тәжірибесінен жинақталған білім қорының ақпараттарының ауысуынан бейнелі туындайды. Ақпараттар ауысуы таңбалардың беретін білім қорын толықтырып, ойды жаңа біліммен қамтамасыз етуімен тілдің дамып, баюына жағдай жасайды.

Заттар мен құбылыстарды таңбалау мақсатын көздейтін метафоралар сыртқы пішін, қасиет және қызмет ұқсастығына байланысты ауысулар арқылы жасалады. Бұл аталымдардың ішкі мағыналық құрылымында ұқсастық нысандардың бір белгілеріне негізделеді.

Ассоциациялық ойлаумен байланысты және дерексіз ұғымдарды қалыптастырудағы қызметіне қарай когнитивтік метафораларда нысандардың беретін ассоциациялары аталым жасауда қолданылады. Бұл ассоциациялар зат және қимыл әрекеттер негізінде туындап, деректі немесе дерексіз ұғымдарды қалыптастыруға ұйытқы болады. Дерексіз ұғымдар деректі нысандардың білім қорындағы ақпараттары арқылы жасалады.

Антропоөлшемділік ұстанымына сәйкес қолданымдык қызметіне қарай метафоралар адамның мінез ерекшеліктерін сипаттау және прагматикалық мақсатта адресатқа әсер ету үшін жасалады. Метафора ішкі мағыналық құрылымы бейнелілігінің айқындылығымен ерекшелінеді. Аталымдар адресатқа әсер ету мақсатында экспрессиялығымен, көңіл-күйді білдіретін қосымша мағыналарымен ерекшеленеді.



Жұмыстың жариялануы және мақұлдануы. Зерттеудің негізгі тұжырымдары “Зейнолла Қабдолов тағылымы” республикалық конференцияда (Атырау, 28-28.11.2012), “Қазақстан халықаралық білім кеңістігінде” 5-ші халықаралық ғылыми конференциясында (Алматы, 4.04.2013) мақалалар жарияланды.

Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың негізгі мазмұны

«Метафораның теориялық негіздері» атты бірінші тарау екі тармақтан тұрады. Оның 1.1 тармағы «Қазіргі тіл біліміндегі метафораның зерттелуі» деп аталады. Метафораның әлем лингвистикасында зерттелуі ерте кезден басталған. Грек ойшылы Аристотель метафораға өзіндік ғылыми бағасын былай деп береді: «Метафора сөз мағынасының тектен түрге, түрден текке, немесе түрден түрге, я болмаса ұқсату негізінде өзгеруі» [1]. Батыс ғалымдарының метафораға деген қызығушылықтарын осы мәселеге арналған зерттеулерден байқаймыз. Батыс ғалымдары А.Ричардс, Ф.Уилрайт, Макс Блэк, Дж.Лакофф жене М.Джонсон метафораның күнделікті өмірдегі, ойлаудағы, тілдегі маңызына кеңінен тоқталады. Тілдегі осы құбылыс жөнінде А.Ричардс төмендегідей пікір айтады: «Біз метафораны қолданғанда, санамызда екі түрлі зат туралы екі бөлек ой болады және сол ойлар бір сөздің немесе сөз тіркесінің ішінде өзара байланысқа түседі. Осы байланыс нәтижесі - жаңа мағына» [2]. Жаңа мағынаның туындауындағы метафораның қызметі орасан зор. Санада әртүрлі белгілері жиналып, бейне арқылы сақталған нысандардың тілде жаңа мағына беруі метафора арқылы жасалады. В.Г.Гак, В.Н.Телия, Н.Д. Арутюнова метафораның аталымдық- когнитивтік маңызына баса назар аударады. Когнитивтік дегенде метафораның тілдік таңбалардың астарындағы білім қорын пайдалануы және сол арқылы жаңа ұғымдарды қалыптастыруы басты назарға ілігеді. Шынайы болмыс заттары мен құбылыстарын өз білім қоры мен түсінігі арқылы өлшеп, тану - адам санасының антропоөлшемдігінің бір көрінісі. Сондықтан да, тілдік метафоралар антропоөлшемділігімен ерекшелінеді.

Метафораны тіл білімінде зерттелуін қарастырғанда, олардың әр бағытта жазылғанын көреміз. Батыстың лингвистикалық бағытында субститутивтік, салыстырмалы, интеракционистік және когнитивтік метафора тео­риясын атайды.



Субститутивтік бағыт кез-келген метафоралық тіркес тура мағынадағы тіркес баламасының орнына қолданылып, ауыстырыла алады деген ұстанымға негізделеді. Бұл көзқарас Аристотель берген анықтамаға келеді: метафора шындығында басқа нәрсеге тәуелді затқа, нысанға атау береді. Метафораның когнитивтік мазмұны деп оның тура мағынадағы баламасы деп есептеуге болады.

Салыстырмалы бағыт кез келген метафоралық тіркестің мағынасы тура мағынадағы баламасымен беріле алатындығын айтады. Бұл теория метафора сөздің қолданыс аясымен ғана шектеледі, өйткені метафора тек салыстыруды білдіреді. Метафора әрқашан теңеумен өзара әрекетте болады. Көптеген авторлар метафора –қысқарған теңеу десе, біреулер бұл көзқарасты жоққа шығарады.

А. Ричардс және М. Блэктің еңбектерінде көрініс тапқан интеракционистік теория метафора мәнін бейнелеуде аналитикадағы басты бағыттардың бірі болып саналады. М. Блэк А. Ричар­дстың метафора «әртүрлі нысанға қатысты екі ой, олар өзара әрекеттесіп, бір сөздің, бір фразаның құрамында болады және туындаған мағына олардың өзара әрекетінің нәтижесі» деген ойынан алшақтайды [2]. Басқаша айтсақ, ойдың өзі метафора, теңеуден өрбіп, метафора жасайды.

М. Блэк метафора тұжырымын өзара әрекет ретінде дамытады, бірақ оның моделінде метафора ойдың емес, обьектілердің интеракциясының нәтижесі. "Метафора" клас­сикалық жұмысында М. Блэк метафора сараптамасының субституциялық амалын сынға алады. Интеракционистік теорияда метафора теңеуді немесе кез келген басқа бір тура мағынадағы сөзді алмастыратын нәрсе емес, ол ұқсастықты жасайды.

М.Блэк жалпы қабылданған ассоциациялар немесе ассоциацияланатын нысандар жүйесі ұғымын пайдаланды. Басқаша айтсақ, интеракция теориясындағы метафораның ерекше белгісі оның мағыналық екіжақтылығы – басты және қосымша субьектілердің өзара әрекеті, тура және ауыспалы мағыналардың ойыны. Бұл схемадағы метафора ерекше сүзгі ретінде әрекет етеді: басты субьектінің импликация жүйесі арқылы көмекші субьектіге проекциялануы арқасында нысанды бейнелеудің жаңа жолы ашылады. Бұл ойды қалыптастыратын концептуалды метафоралар, когнитивті модельдер жасайтын базалық метафоралар, әлем бейнесін жасайтын, мәдениетте көрініс табатын инвариантты құрылымдар сараптамасына апаратын тура жол.

М. Блэк теориясы интеракционистік бағыт шеңберінде метафораның әрі қарай зерттелуіне үлкен әсерін тигізді. (М. Хессе, М. Арбиб, Е. Китти, Е.К. Уэй, С.С. Гусев және т.б.). Интеракционистік бағыт негізінде М. Биердслидің конфликт теориясы дамыды. Конфликт теориясының басты проблемасы метафоралық конфликт сөздің өзінің мағынасында болады және ол контекске де, автордың алға қойған мақсатына қарамайды. Метафораны экстралингвистикалық факторларды ескермей- ақ анықтауға болады. М. Биердсли айтқандай, ол мағына құрылымының өзіне тән [3].

Интеракционистерге қарсы метафораны сараптаудың прагматикалық амалдың өкілі Д. Дэвидсон метафораның сөздіктегі тура мағынасынан басқа метафоралық мазмұны жоқ деген ойды айтады. Д. Дэвидсонның айтуынша метафора бізге тура мағынадағы бір заттың орнына басқа затты көрсетеді және оны түсінуге мүмкіндік жасайды. Метафора өткізгіш емес, дереккөз. Оны жақсы интерпретациялау метафоралық бейненің құрылымына ғана емес, адресаттың автордың кодталған ойын шешу қабілетіне де байланысты. Тұлға метафоралық мағынаны анықтайды.

Метафораны сараптауда қаралған амалдар метафораның лингвистикалық табиғаты жөнінде үш басты көзқарасты анықтауға мүмкіндік береді: сөз мағынасы ретінде (лексикалық құбылыс – метафора сөз мағынасының тілдік құрылымында жүзеге асады); синтаксистік семантикалық құбылыс (сөздің синтаксистік үйлесім деңгейінде қарастырылады); коммуникативтік акт кезінде мағынаны беру (мәтінде жүзеге асатын функционалды–коммуникативтік құбылыс).

Когнитивтік бағыт метафора мәселесіне мүлде өзге қырынан келуді алға тартып отыр. Метафораның когнитивтік тұрғыда қарастырылуы адамның қоршаған әлемді қабылдауымен байланысты. Адамның ойлау әрекеттері тәжірибе арқылы жинақталған білім қорына әртүрлі операциялар жүргізумен іске асырылады. Жинақталған білім таңбалар арқылы белгіленеді. Лексемалардың мағынасы әлем үлгілерін, яғни шынайы өмір кескіндерін суреттейді. Метафора өзге тәсілдер сияқты тілдің дамуына қызмет етеді. Когнитивтік метафора теориясы метафораны ұғымдардың когнитивтік операциясы ретінде қарастырады және оны концептуализация құралы деп таниды. Ол басқа салаларда алынған тәжірибе негізінде қалыптасқан ұғымдық құрылым терминдерімен ақиқат дүниені түсінуге мүмкіндік береді. Когнитивтік метафора теориясы бойынша «ауысу» жекелеген атау емес, бүтін концептуалдық құрылым (схема, фрейм, модель, сценарий), тілді тасымалдаушының санасында белгілі бір сөзбен актуалданады ( мета­фора фокусы).

М.Минский, Ч.Филлмор, А.Н.Баранов басқа да ғалымдар ұсынған фреймдер мен сценарийлер туралы ойлар метафоралардың жасалуының танымдық қырын түсінуге баспалдақ болды. Фрейм сөзі құрылым деген мағынаны білдіреді.

Фрейм терминін енгізген М.Минский: «Фрейм - стереотипті ситуацияларды елестетуге арналған құрылым. Әр фрейм арқылы әртүрлі ақпарат асоциацияланады» - деп көрсетеді [4]. Н. Уәли М. Минскийдің берген анықтамасына сүйене отырып, фреймдік құрылымның фреймдік емес құрылымнан басты айырмасы ретінде олардың «санада бұрыннан тіркелген стереотип ситуациясы және оның бұрыннан аталып қойған екінші таңбасы, тілдік таңбасы» болуына ерекше мән береді. Зерттеуші фреймдердің вербализациялануының екі түрлі: фразеологиялану және метафоралану тәсілдерін көрсете келіп, «фреймдерді таңбалаудың екі типіне де (фразеологиялық және метафоралақ) базалық сөз концептінің арғы жағында тұрған ой-бейне (мыслительный образ) негіз болады», дейді.

Т.А. Ван Дейктің көзқарасы бойынша: «... фреймдер-белгілі бір концептің төңірегінде ұйымдасқан бірліктер. Ассоциациялардың жай жинағынан фреймдердің айырмашылығы, олардың өздері ассоциацияланатын қандай да болмасын концепт жайлы негізгі, арнаулы және барынша кең мағлұматтарды иелену мүкіндігінде» [5] десе, В.Б. Касевичтің пікірінше: «лингвистика ғылымының бүгінгі даму деңгейінде ғалымдар концепциясы бойынша, ақпараттарды ұйымдастырудың маңызды әдістерінің бірі болып саналатын тіл көбінесе фреймдер жүйесін білдіреді»- дейді [6].

Фреймде дүние туралы қабылданған жалпы білім көрініс береді. Фреймдік элементтерді кейде ғылыми дефиниция ретінде де қабылдауға болады. Біз жеке сөздерді қабылдап, түсініп қана қоймаймыз, сонымен бірге сөйлесімдік жағдаятты да қабылдаймыз. Сондықтан фреймде жалпылама болмыс стереотипті түрде қабылданады. Фрейм тілдік өзгеріспен байланысты. Жаңа фреймдердің пайда болуымен бірге сөз мағынасы өзгеріп қолданыстың жаңа саласына өтеді.



«Когнитивтік метафораның түрлері мен классификациясы» 1.2 тармағында тіл білімі тарихындағы метафораларды топтастыру мәселесіне тоқталамыз. Әр түрлі зерттеушілер оларды белгілі бір типтерге бөлді, әр түрлі тұрғыда қарастырды, белгілерін жасады, соған сәйкес метафораларды әр түрлі топтарға бөлді.

Метонимиялық стратегия шеңберінде екі нұсқасы сараланды: метонимиялық феноменологиялық стратегия және метонимиялық ноуменологиялық стратегия. Біріншісі концептуалдануды мысалдар, үлгілер арқылы беріледі. Екінші стратегия гиперонимдерді қолданады. Бұл түрі және амалдық ерекшелігі бойынша дәстүрлі анықтама. "Махаббат- әйел мен еркек арасындағы сезім "

Метафоралық стратегия шеңберінде де екі тұрғыда қарастыруға болады: ноуменологиялық-гетерогенді метафорамен байланысты, феноменологиялық-гомогенді метафорамен немесе символмен байланысты. Гетерогенді метафора, мысалы "махаббат-қасиетті ауру", қандай да бір құбылыс, әдетте, тұрпайы және өте жұтаң түсінілетін басқа бір ұқсастық арқылы концептуалданады.

Гомогенді компоненттер-метафоралық стратегия аясында метонимиялық шектесудің көрінуі. Бұл көрінулермен метафораға таңқаларлық әлем кіреді, ол табиғаттан бөлек шынайы құбылыстарға қалай болса солай жорамал болуын қояды, оны шындыққа балайтын метафоралық ізденіс еркіндігі дәрежесін шектейтін мотив туады. Гетерогендік метафорада гомогендік компоненттердің болуы шексіз семантикалық түр жасайды. Әдеттегі метафорада жалпы қасиеттерді алып тастағанда салыстыру компоненті жойылады. Символда ұқсасу аймағы тұйықталмаған. Эстетикада әрдайым атап көрсетілетін символдың сарқылмайтындығы міне осыдан.

Атап көрсетілген төрт стратегияның негізінде метафораның презумциясы жатыр және символ шектестіктің қатынастары күрделенген метафора сияқты түсіндіріледі. Бірақ басқа да жолды көрсетуге болады: феноменологиялық метафоралық стратегия символ беретін ұқсастық қатынастармен күрделене алады.

Шынайы болмыс нысандары мен құбылыстарын концептуалдаудың жолы мен сипатына қарай метафораларды құрылымдық, онтологиялық және бағдарлық деп бөлінеді.

1. Құрылымдық метафоралар тәжірибеден танымал болған құбылыстар мен заттар арқылы дерексіз нысандарды концептуалдауды айтады. Адамға таныс, құрылымдық тәжірибенің айқын құрылымының негізінде басқа дерексіз нысандарды реттеу мен нақтылау орын алады: apple-juice seat – алма шырыны тұрған жерге қарама-қарсы орын.

2. Бағдарлық метафоралар біздің тәжірибе барысындағы кеңістіктегі базалық метафоралық емес бағыттарға орай түрлі ұғым салаларын құрылымдайды. Мұндай метафоралар ұғымның кеңістіктегі бағытын айқындап, “жоғары – төмен”, “ішкі - сыртқы”, “алдыңғы жақ – артқы жақ”, “терең - таяз”, “орталық - жанама” типте қарама-қарсы қойылады.

3. Онтологиялық метафоралар шынайы болмыс әлемінің заттарына тән белгілерді (нәзік, қатты, тұрақсыздық т.с.с.) дерексіз нысандарды (ақыл, эмоция, адамгершілік, құқық т.с.с) бейнелеуде қолданылады.

Jane is very fragile. ? Джейн өте нәзік жанды.

Бұл мысалда метафоралық ауысу шынайы болмыстағы тез сынатын заттарға тән белгілерден эмоциялық қасиетке берілген.

Тәжірибені нысандар мен заттардың терминдерімен түсіну өз тәжірибеміздің кейбір бөлігін бөліп алып, оларды дискреттік мәндер немесе бір типтегі заттар ретінде түсіндіреді. Бұл оларды бір категорияға біріктіріп, топтастырып және санын анықтауға, ойлауға мүмкіндік береді.

Егер нысандар дискретті немесе нақты контурлары болмаса, мысалы, таулар, қиылысулар, ағаш шарбақтар т.с.с, біз оларды белгілі бір категорияға жатқызамыз. Физикалық әлемнің құбылыстарын осындай тәсілмен түсіндіру нақты мақсаттарды орындау үшін қажет. Яғни, таулардың орналасуын, көшенің қиылысында кездесу үшін т.с.с Мұндай мақсаттар бізден физикалық құбылыстарға дискреттілік мән беру үшін қолдан жасалған шегара жасауды талап етеді. Өйткені біздің өзіміз физикалық обьектінің бірі болып саналамыз.

Адамның кеңістік бағытындағы тәжірибесінен бағдарлық метафоралар туындаса, физикалық нысандармен байланысты тәжірибеден онтологиялық метафораның негізі құралады. Яғни, оқиғаларды, әрекеттерді, эмоциялар мен ойларды түсіндірудің тәсілдері. Тілде сөйлеушілер метафоралық қолданыстарды байқамайды. Бұл бағдарлық метафоралар сияқты онтологиялық метафоралар құбылыстарды, оның сандық сипатын білдіретін тәсілі ретінде қолданылу диапазоны аз.

Мақсатына қарай онтологиялық метафоралардың әртүрлі типтері бар. Мысалы, сиымдылықты білдіретін метафоралар әдетте шектеулі кеңістікті білдіреді.

  1   2   3


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет