Құқылы:
Кезекшi әкiмшiлiк:
4.1. Өз кезекшiлiгiнде тәрбие-бiлiм беру үрдісін ұйымдастыруға байланысты кез-келген шешім қабылдап басқаруға;
4.2. Мектеп қызметкерлерiнен мектептiң iшкi еңбек ережесi, қызметкерлердiң жұмыс тәртiбi, сабақ, үйiрме, секция т.б. кестелерiнiң сақталуын талап етуге;
4.3. Мектеп қызметкерлерiне мiндеттерді бөліп беруге;
4.4. Оқу-тәрбие үрдiсiндегi мадақтау және ескерту туралы бекiтiлген ережелер бойынша оқушыларды тәртіптік жауапкершiлiкке тарту.
4.5. Мектеп қызметкерлерiн жауапкершiлiк тәртіпке ұсынуға;
Жауапты:
5.1. Мектептiң iшкi тәртіп ережесi мен Жарғысын орындағаны немесе мүлдем себепсiз орындамағаны үшiн мектеп директорының және жергiлiктi нормативті актiлерi мен қызметтiк мiндеттерiн осы қойылған нұсқаулықтарды, оның iшiнде ұсынылған ережені қолданбағаны үшiн.
5.2. Кезекшi әкiмшiлiк жеке оқушыға дене жарақаты мен психикалық тұрғыда бір рет нұқсан келтiргенi үшін атқарып отырған қызметінен ҚР-ның «Бiлiм беру туралы» Заңы мен Еңбек Кодексi талаптары негiзiнде босатылады.
5.3. Әкiмшiлiк өз кезекшiлiгiндегі ережелерде қарастырылғандай еңбекті қорғау, өрт қауiпсiздiгi мен санитарлық-гигиеналық ережелердi бiлiм беру мен шаруашылық үрдісінде бұзылған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
5.4. Әкiмшiлiк өзінің қызметтік міндетін атқаруда мектепке немесе бiлiм беру үрдiсiне қатысушыға нұқсан келтiргенi үшiн бекiтiлген еңбек және азаматтық заңнамалармен материалдық жауапкершілікті қамтиды.
Өзара қарым - қатынас. Қызметіне байланысты.
Кезекші әкімшілік:
6.1. Мектеп директорының бекiтiлген кестесiмен жұмыс iстейдi;
6.2. Мектептегі оқушылардың өмiрiмен денсаулығына байланысты болған барлық оқыс жағдайлардың талапқа сай орындалуын хабарлайды
(Негізі: Облыстық білім басқармасының «Білім беруді дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы 26 қыркүйектегі №787 хаты және Мақтаарал ауданының білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің 28.09.2023 жылғы №229-08-04/2065 шығыс хаты).
Директордың тәрбие ісі жөніндегі рынбасары: Ш.Наргозиев
Абай атындағы №17 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2-қосымша
«КЕЛІСЕМІН» «БЕКІТЕМІН»
Кәсіподақ комитетінің Мектеп директоры:
төрағасы:_______Н.Әжіғалиев _______Т.Ниязбеков
13.10.2023 ж. 13.10.2023 ж.
2023-2024 оқу жылында қазан айының 13-ші жұлдызынан
бастап (өзгертілген) мектептің ішкі тәртіп ережесін қамтамасыз ету
мақсатында апта бойына жасалған кезекшілік
КЕСТЕСІ
Достарыңызбен бөлісу: |