Қолдану мақсатына қарай:
-Қорғайтын таңғыш болады- ол жараны инфекция түсуден қорғайды.
-Қысатын таңғыш – қан тоқтату үшін дененің бір жеріне қысым жасайды.
-Қозғалтпайтын таңғыш- иммобилизациялайтын-
сынықты не шыққан
буынды
қозғалтпай науқасты тасымалдау, емдеу кезінде пайдаланады.
-Ауа жібермейтін – окклюзиялық таңғыш- плевра қуысы жарақаттанған
кезде
салынады.
-Коррекциялайтын-түзейтін таңғыш- дененің дұрыс емес біткен жерлерін
түзейді, мыс, гипс жаға мойны қисық болып туған балаға салынады.
-Тартатын, созатын таңғыш- сынықты емдеуде қолданылады.
-Таңғыш ретінде
дәкеден істелген бинт, мақта, эластик бинт, торлы-түтікше
бинт, мақта-мата материалын қолданады. Материал ретінде – ағаш, гипс,
металл, пластмасса, клей т.б. қолданады.
Жұмсақ таңғыштар: бинт, үшбұрыш орамал, клей, праща, эластик, торлы
түтікше. Қатты таңғыштар: шина, гипс, пластмасса, клеол, желім.
Жұмсақ таңғыштар 2 бөліктен тұрады:
жараны жабатын стерильді салфетка.
оны бекітетін таңғыш материал.
Көбіне таңғыш ретінде бинтті пайдаланады.
Оның спиральді, орап байлау,
жорғалата байлау, 8-тәрізді байлау, айқастырып байлау т.б. түрлері бар.