Абай атындағы ҚазҰпу-нің хабаршысы, «Физика-математика ғылымдары» сериясы, №4 (80), 2022 228 мрнти


Keywords: inclusive education, information and communication technologies, digital literacy, project training



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата17.09.2024
өлшемі1.35 Mb.
#503701
1   2   3   4   5   6   7   8
httpsbulletin-phmath.kaznpu.kzindex.phppedarticledownload9457507085

Keywords: inclusive education, information and communication technologies, digital literacy, project training 
 
Кіріспе 
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының басты 
міндеттерінің бірі еліміздегі инклюзивті білім беруді дамыту болып табылады. Осыған орай, мемлекет 
басшысы жолдауында «Біздің білім беру жүйеміз қолжетімді әрі инклюзивті болуы тиіс» [1] - деп, 
атап өтті. Шет елдерде мүмкіндігі шектеулі балаларға білім үрдісін ұйымдастыру мәселелері алғаш рет 
1970 жылдары қарастырылып бастады, ал инклюзивті білім беру бағдарламаларын толығымен білім 
беру саясатына АҚШ пен Еуропа елдерінде енгізген [2] .
ҚР Конституциясында ерекше білім беруді қажет ететін тұлғалардың білім алуына берілетін 
кепілдіктер «ҚР бала құқығы туралы» Заңында және ҚР «Білім туралы» Заңында «Мемлекет өз 
тарапынан ерекше білім беруді қажет ететін тұлғалардың дамуы мен білім алуын, сонымен қатар 
дамуындағы және әлеуметтік бейімделуіндегі бұзылыстарын түзетуін қамтамасыз ету және ата-
аналардың балалардың мүмкіндігі мен ерекшеліктеріне орай қалауы бойынша білім беру мекемесін 
таңдау құқығы бекітілген». Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, 
адамдардың бәсекеге қабілеттілігімен айқындалады. «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», 
«Мәдени және конфессия аралық келісім» сияқты бағдарламалар - ұлтымызды, барша 
қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы», - деп көрсетілген [3]. 
Жалпы қоғамымызға енген жаңа ұғымның мағынасына тоқталатын болсақ, инклюзив- ағылшын 
термині «inclusion», яғни «кіріктірілу, ендіру» дегенді білдірсе, француз тілінен аударғанда «inclusif» 
«өзіне ендіру», латын тілінен аударғанда «include» - «ену» дегенді білдіреді. 
Отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектерінен «инклюзив» терминінің анықтамасын әр 
қырынан қарастырғандарын байқауға болады. Инклюзивті білім беру - оқыту үрдісінде қалыпты дамып 
келе жатқан балалар мен ерекше білімді қажет ететін тұлғалардың, сапалы білім алуына тең 
қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында оларды әлеуметтік бейімдеуге бағытталған білім беру 
процесі, яғни орта мен қоғамдық сананың кедергілерінсіз оқытылуы, онда барлық балалардың жеке 
қажеттіліктері ескеріледі және олардың толыққанды дамуы мен өзін-өзі жүзеге асыруы үшін қолайлы 
жағдайлар жасалады. Инклюзияны Қазақстанда алғаш рет зерттеп, әдіснамасын жасаған ғалым З.А. 
Мовкебаеваның «Тиімді инклюзивті білім беру жолындағы басты кедергі – білім беру мекемелері 
педагогтерінің осы үдеріске біліктілік дайындығының төмендігі», деген ұстанымы маңызды болып 
табылады [4]. Ресейде алғашқы инклюзивті білім беру мекемелері 1980-1990 жылдары пайда болды. 
1991 жылы Мәскеуде емдеу педагогикасы орталығының және ата-аналардың қоғамдық ұйымы 
бастамасы бойынша «Ковчег» инклюзивті білім беру мектебі ашылды.
Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдерінде 
«Инклюзивті білім беру – баршаның сапалы білімге қол жетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған 
білім беру жүйесі процестерінің бірі болып табылады. Ол балалардың психикалық, зияткерлік
мәдениэтникалық, тілдік және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, сапалы білім беру ортасына 
айрықша білім алу қажеттіліктері бар балаларды қосуды, барлық кедергілерді жоюды, олардың сапалы 
білім алуы үшін және олардың әлеуметтік бейімделуін, социумге кірігуін көздейді» [5]. Осы 
талдаулардан, қазіргі таңда ерекше білімді қажет ететін балаларды қалыпты балалармен оқыту өзекті 
мәселе, ал инклюзивті білім беруде әр пәнді жеке қарастыру маңызды екендігі осының дәлелі. 
Зерттеу жұмысының мақсаты: инклюзивті білім беруде цифрлық сауаттылықты жобаға бағыттап 
оқытудың теориялық негіздерін анықтау. 
Бұл мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылған:
- инклюзивті білім беруде цифрлық сауаттылықты жобаға бағыттап оқытудың теориялық негіздерін 
анықтау; 
- цифрлық сауаттылықты жобаға бағыттап оқытудың қолданыстағы тәсілдерін зерттеу және 
жағдайларын анықтау. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет