Абай ауданының 2008 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы



Дата23.02.2016
өлшемі0.64 Mb.
#9233
Абай ауданының 2008 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы

әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы.
Абай ауданы 1928 жылы құрылған, территориясы 20,09 мың шаршы шақырым. Халқы 15,8 мың адам. Аудан орталығы Қарауыл ауылынан облыс орталығы Өскемен қаласының ара қашықтығы – 402 км, Семей қаласымен ара қашықтығы-182 км.

1. ӨНЕРКӘСІП
2008 жылдың қаңтар – желтоқсан айларында өндіріс орындары қазіргі бағамен 30007 мың тенгенің тауарлық өнімдерін өндірген, бұл былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 84,8 пайызды құрайды. Былтырғы жылы осы мерзімде аудан көлемінде 34841 мың теңгенің тауарлық өнімі өндірілген болатын.

«ВК РЭК» АҚ Семей филиалы 16049 мың теңгенің өнімін өндірген, бұл былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 177,4 пайыз құрайды, былтыр 9006 мың теңгенің өнімі өндірілген.

«Қазақалтын» Тау-Кен-Концерны Жанан кен орнында жұмыстарын тоқтатуына байланысты көрсеткіші күрт төмендеп отыр.

Қосалқы кәсіпорындар жыл бойы 13047 мың теңгенің өнімін өндірген, былтырғы жылмен салыстырғанда өнім көлемі 58,4 пайызға кеміген. Былтырғы жылы 22068 мың теңгенің өнімі өндірілді. Өндірілген өнімнің азайу себебі биыл жұмыс істеп тұрған қосалқы кәсіпорындардың санының азайуы.




  1. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Ауданның негізгі саласы ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал шаруашылығы. Аудан бойынша 2008 жылдың қорытындысы бойынша ауылшаруашылық өнімдерін өндірумен 590 шаруа қожалығы және 4034 жеке меншік қосалқы шаруашылық айналысуда. Өндірілген мал өнімдерінің көлемі: ет – 10499,6 тонна (былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 110%), сүт – 18941,2 тонна (былтырғы жылмен 105%), жұмыртқа – 933 мың 969 дана (101%), жүн өндіру – 454,4 тонна (былтырғы жылмен 107,4%) .

Ауылшаруашылық құрылымдарында мал шаруашылығы өнімдерінің өскені байқалады. Мал басының өсуіне байланысты мал өнімдерін өндіру өсті. Қой, ешкі малы 262762 бас болды немесе былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда 108,1% өсті, мүйізді ірі қара 37712 бас немесе 104,6%, жылқы 14172 бас немесе 109,6 % өсті.

Ауданда қой малының тұқымын асылдандыру жұмысымен 20 шаруашылық: «Қасқабұлақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Мағжан», «Ұлан», «Дәурен», «Жанабай», «Қарашоқы», «Айтуған» «Қабанбай», «Нұрсұлтан» және биылғы жылдан «Би ата», «Сертек», «Әйгерім», «Жанат», «Серік», «Қашым» шаруа қожалықтары айналысып келеді. Бұлардың иелігінде 30776 бас қазақтың қылшық жүнді асыл тұқымды қой малы өсіріледі. Осы малдардың 14982 басы элита класына, 12408 басы І класқа жатқызылды. Сондай-ақ, 2007 жылы «Ильяс и К» 2008 жылы маусым айында “Би ата” және “Құрмет”, «Айдос» шаруа қожалықтары жылқы малын асылдандыру бағытында ашылды. Осы асыл тұқымды 4 шаруа қожалықтарының иелігінде 661 бас асыл тұқымды қазақтың жабы тұқымды жылқы малы өсіріледі. Осы малдардың 235 басы элита класына, 259 басы І- класқа жаққызылады. Оларға бөлінген субсидия 50550,0 мың теңге. Болашақта МІҚ малдарын асылдандыру жоспарлануда. «Шалипан», «Олжас» шаруа қожалығы 400 бас мал бордақылап сатуда. Бөлінген субсидия 6 млн 824 мың теңге.

Ауылдық округтерде қолдан ұрықтандыру пункттерін ашу мақсатында ауылдардан арнайы ғимараттар бөлініп, күрделі жөндеуден өтті. Бүгінгі таңда 5-ауылдық округтерінде Қарауыл, Саржал, Архат, Медеу, Көкбай ауылдарында мал бордақылау алаңы жұмыс жасайды. Мүйізді ірі қараны қолдан ұрықтандыратын 5 пункт бар. Биылғы жылы қосымша тағы 4 пункт ашылады. Аудан бойынша: «Қасқабұлақ» ЖШС-гі негізінде машина-трактор жөндеу шеберханасы жұмыс жасауда. Қазіргі уақытта шаруа қожалықтарымен, ауыл тұрғындарымен келісім шартқа отырып, тапсырыс бойынша қызмет көрсетуде. Қарауыл ауылында да машина-трактор жөндеу шеберханасы МТС «Дерикар» ЖШС-гі негізінде ашылып, халыққа қызмет жасауда. Сондай-ақ, ауылдық округтерде жеке кәсіпкерлердің халыққа техникалық қызмет көрсету орындары жұмыс істейді. Олар халыққа аппаратура жөндеу, сваркалық жұмыс, токарлық жұмыс, шөп дайындап тасымалдау жұмыстары, қысқы отынмен қамтамасыз ету, т.б. қызмет түрлерін көрсетуде.

«Қарғалы» шаруа қожалығы негізінде жұмыс істеп отырған қымыз цехы күніне 250 литр жоғары сапалы қымыз өндіріп, аудан көлемінде, Семей қаласының дүкендерінде литрі 120 теңгеден саудалануда.

2006 жылдан бастап «Шыңғыстау несие» серіктестігі 31 шаруа қожалығы негізінде жарғылық қоры 13 337 000 теңге болып құрылып, әділет басқармасына тіркелген. 2006 жылы “Ауыл шаруашылығын қаржылай қорғау” АҚ арқылы ауданның 55 тұрғындарына 6,5 млн. теңге несие берілсе, 2007 жылы несие көлемі көбейіп, 65 адамға 10790,0 мың теңге несие берілді. Ағымдағы жылы жарғылық қоры 20000,0 мың теңгеге үлғайып, қайта тіркеуден өтті. Құрылтайшылар саны – 34, оның ішінде 2 заңды тұлға және 32 шаруа қожалығы кіріп отыр. Қазіргі уақытта 73348,0 мың теңгенің несие желісі ашылды. «Аграрлық несие корпарациясы» АҚ-нан мал өсіру мақсатында қосымша 20000,0 мың теңгенің несиесін алу үшін құжаттар дайындалу үстінде. Несиелік серіктестік 2009 жылы 1 – категорияға өтуді жоспарлап отыр.

Аудан көлемінде ауылшаруашылығы өнімдерін жәрменкелеу мақсатында КазагроМаркетинг А.Қ арқылы 72 шаршы жерді алатын 17 секциялы 1200,0 мың теңгенің павилион палаткалары алынды.


Ауылшаруашылық өнімдерінің бағаларын тұрақты ұстау мақсатында Өскемен қаласындағы Жәрдем базарына ауылшаруашылық өнімдерінің жәрменкесіне, Семей қаласындағы Турист алаңындағы ұйымдастырылған жәрмеңкелерге ауданымыздың шаруа қожалықтары үнемі қатысып отырады. Биыл Семей қаласы әкімімен қала тұрғындарын арзан бағалы етпен қамтамасыз ету үшін Мереке базарына 300 тонна ірі қара етіне, 400 тонна қой етіне келісім-шарттқа отырып , күнделікті етпен қамтамасыз етіп отыр.

Шаруа қожалықтарының өсу қарқыны





Малдың басы



Ауылдық округтер бойынша шаруа қожалықтарының саны








  1. КӨЛІК ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС.

Жасалған сараптама бойынша 2008 жылы аудандық көлікпен 14250 тонна жүк тасымалданған, бұл былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда 12%ке артық. Жүк тасымалдауда жеке кәсіпкерлердің ықпалы басым болып отыр.

Абай ауданы аумағында коммуналдық меншіктегі 369 шақырым жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары бар. Оның ішінде 255 шақырымы облыстық коммуналдық меншігіне қараса, 114 шақырымы жергілікті маңызы бар жолдар.Осы жолдардың 225 шақырымы қатқыл табанды, ал қалған 144 шақырымы қиыршық құм төселген көтерілген жолдар. Бұдан басқа аудан аумағынан республикалық маңызы бар Семей-Қайнар автомобиль жолының 70 шақырымы өтеді. Барлығы 439 шақырым. Бұл жолдардың күтіп ұсталуы, ағымдағы жөндеу жұмыстары, автокөлік қозғалысының бөгетсіз, кедергісіз жүруі аудан әкімдігінің үнемі назарында. 2008 жылды 49686 жолаушы тасмалданған, оның 36036-ы бағытты автобуспен болса, 13650 жолаушы жеке меншік көліктері бар тасмалдаушылардың үлесіне тиеді, бұл көрсеткіш былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 135 пайызға артық.

Ауданда бүгінгі күні 2262 телефон нүктелері жұмыс істейді, оның ішінде 218 телефон нүктесі мекемелер мен кәсіпорындардікі, 2044 жеке тұрғындардікі. Осы жылы қалааралық телефонмен сөйлесу көлемі 31891,0 мың теңгені құрады. Бұл былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда болжам 110,5%-ға артығымен орындалды.




  1. ТҰРҒЫН ҮЙ – КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ,

СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС.
Ауданның әлеуметтік-мәдени және әкімшілік нысандарын дер уақытында 2007-2008 жылдардағы күзгі-қысқы от жағу маусымына дайындау мақсатында аудандық топ құрылды, ауыл әкімдеріне және мекеме басшыларына нысандарды жылу мерзіміне дайындау үшін нақты тапсырмалар берілді. Оның ішінде:

  • 16 білім нысандарын, оның ішінде 11 орта мектеп, 1 балабақша, 1 спорт мектебі;

  • 13 денсаулық сақтау нысандарын, оның ішінде 1 емхана, 7-ЖДА, 5-ФП;

- аудан бойынша 12 жылу қазандығын дайындалды.

Ақпанда жергілікті және облыстық маңызы бар жолдарды ағымдағы жөндеу, ұстау және қысқы ұстау жұмыстарын жүргізуге, жалпы сомасы 26000,0 мың теңге және облыстық деңгейдегі Семей-Қарауыл 102 шақырым /80-182 км/ автокөлік жолын орта жөндеуге, жалпы сомасы 36100,0 мың теңге ашық конкурс өтті. Конкурс жеңімпазы болып «Дерикар» ЖШС анықталды. Бөлінген 36100,0 мың теңгенің 1498,15 мың теңгесі орта жөндеу авансына, 4343,49 мың теңге ұстау, қысқы ұстауға 908,49 мың теңгесі жобалық сметалық құжат дайындауға жұмсалып, игерілді.

Өңірлік тұрғын үй бағдарламасы бойынша 2008 жылға екі пәтерлі бір тұрғын үй құрлысына 11,0 млн.теғге осы салынатын үйлердің инженерлік жүйелеріне 2,0 млн.теңге облыс маслихат шешімімен бөлінді. 6 ақпан 2008 жылы осы салынатын үйге, инженерлік желісі жүйесіне ашық конкурс өтті. Конкурс жеңімпазы Семей қаласынан «Сәуле» жауапкершілігі шекткулі серіктестігі. Көкбай ауылындағы бала бақша ғимаратын қайта жасақтау құрылысына 10,0 млн.теңге, Құндызды ауылдық округіндегі су құбырын қайта жасақтау құрылысына 27721,0 млн.теңге, Кеңгірбай би ауылдық округіне қарасты Шәкәрім орта мектебін кәсіптік техникалық мектепке қайта жабдықтау құрылысына 169,5 млн.теңге бөлінді.

Абай ауданы бойынша жеке меншік тұрғын үй қорын жалпы алаңы 266334 шаршы метр 2980 тұрғын үй және жалпы тұрғын алаңы 11750 шаршы метр 20 көп қабатты үйлер құрайды. Аудан бойынша жаңадан салынып және қайта жасақталынып жатқан тұрғын үй саны жетеу, екі мал базы, екі сауда дүкені, екі жанар-жағармай қүю станциясы.

Аудан бойынша бүгінгі күні бес елді мекенде су құбыры жұмыс жасап /Қарауыл, Кеңгірбай би, Архат, Қасқабұлақ және Медеу/, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуде.

Абай ауданы орталығы Қарауыл ауылын тұрғындары мен мекемелерін ауыз сумен «Риза» КМҚК қамтамасыз етеді.Мекемелер мен кәсіпорындарға судың 1текше метрінің тарифі 262,41 теңге, ауыл тұрғындарына ай сайын 1 адамға 100 теңге болып белгіленген.


5. ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ
Ауданымызда 895 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Шағын кәсіпкерлер субъектілерінен салық түсімі 31879,6 мың теңгені құрады. Жалпы шағын кәсіпкерлер субъектілерінде 1684 адам жұмыс жасайды.

Аудан бойынша 583 шаруа қожалығы тіркеліп, 1335 адам жұмыс атқарады және 10063,0 мың теңге салық түсімі түскен. Жеңілдетілген декларация және жалпыға бірдей тәртіп бойынша 163 шағын кәсіпкерлер субъектілері тіркелген, түскен салық түсімі 9154,2 мың теңге. 140 кәсіпкер патент жүйесімен қызмет атқарып, 5110,0 мың теңге салық төлеген. Заңды тұлға ретінде аудан бойынша 15 кәсіпорын қызмет атқарады және онда 190 адам жұмыс жасайды. Бұлардан түскен салық көлемі 7093,9 мың теңге. Осы орайда ауданда кәсіпкерлік бөлімі ашылып, қызмет көрсетуде.

Аз қамтамасыз етілген жанұяларды күнделікті пайдаланылатын негізгі тағам түрлерімен қамтамасыз ету үшін аудан орталығынан арнайы төмендетілген бағамен сауда жасайтын «Ардагер» дүкені ашылды. Осындай бөлімдер 8 ауылдық округтер бойынша да ашылмақшы.

2008 жылы ШҚО ауыл шаруашылық департаментінің бағаны тұрақтандыру қорынан, Абай ауданына нан өнімдерінің бағасын тұрақтандыру үшін 270 тонна ұн бөлінген. Бұл бөлінген ұн 13 кәсіпкерге Келісім- Меморандум бойынша бөлінді. Кәсіпкерлер, Меморандум шарты бойынша әлеуметтік нанның бір бөлкесін орташа 39 теңгеден сатып отыр.


6. БАҒАЛАР
Кәсіпкерлік бөлімі тарапынан бағаға күнделікті мониторинг жүргізіліп отырылады. Ауданда бағаның өзгеруі, өсуі көбінесе тауарлар әкелінетін Семей және басқа қалалардағы базар бағасының өзгеруіне байланысты. Сондай-ақ, аудандағы негізгі азық-түліктердің, киімдердің, жанар-жағар майдың, құрылыс материалдарының бағасының өзгерістері үнемі қадағаланып, бақылауда ұстанылуда.

2007 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда бағаның өсу көрсеткіштері күнделікті қажетті тағам түрлерінің барлық түрінде байқалынды. Оның ішінде: төмендегі тағам өнімдері бойынша күріш 53,8 пайызға, сәбіз 19 пайызға, сүт 25 пайызға, картоп 26 пайызға қымбаттаған. Талдау нәтижесінде қымбаттау шегі кейбір тағам түрлері бойынша қазан, қараша айларына сәйкес келеді. Мысалы; 1-ші сортты ұнның 50 кг-дық 1 қабы 2008 жылдың қаңтар айында 3000 теңге болса, қазан айында 3800 теңгеге дейін көтеріліп, қараша айында 3300 теңге, желтоқсан айында 3150 теңгеге төмендеген. Өсімдік майының 1 литрі жыл басында 300 теңге болса, қазан айында 330 теңге, қараша, желтоқсан айларында 285-271 теңге болды. Сол сияқты күріштің 1 килограмы жыл басында 130 теңгеден, қараша айында 216 теңге болып, желтоқсан айында 200 теңгеге түсті.


Тағамдардың бағасы


Р\с

Тағамның атауы

өлшем бірлігі


бағалары


2004ж

2005ж

2006ж

2007ж

2008ж

1

Нан

Дана

35

35

35

45

39

2

Ұн

Кг

37

39

39

64

60

3

Шәй

қорап

120

120

120

250

250

4

Сүт

Литр

30

30

30

80

80

5

Ет

Кг

300

400

370

450

450

6

Қант

Кг

85

85

85

110

125

7

сары май

Кг

300

300

350

400

450

8

өсімдік майы

Литр

130

130

135

300

252

9

Картоп

Кг

35

35

35

70

86

10

Пияз

Кг

35

35

55

60

79



7. БЮДЖЕТ
Аудан бойынша 2008 жыл ішінде бюджет кірісі 1028422 мың теңгеге жоспарланып, ол 1032167,5 мың теңгеге немесе 100,4% немесе 3745,5 мың теңгеге артық орындалды. Бюджеттің шығыс бөлігі бойынша жоспар 1030836,3 мың теңге болса, ол 1029219,6 мың теңгеге орындалды, немесе 99,8%. Ауданның өз кірісі көздері 102624,0 мың теңгеге жоспарланып, ол 106459,5 мың теңгеге орындалды, немесе 103,7%. Жоспарлы 36 түрлі кіріс түрлері толықтай артығымен орындалды.

Республикалық бюджеттен бөлінген мақсатты трансферттер жоспары 40875,0 мың теңге болса, ол 40741,2 мың теңгеге орындалды немесе 99,9%. Қалған 43,8 мың теңге қаржылық қызметке байланысты ұсақ ақшалар.

Облыстық бюджеттен 166164,0 мың теңге нысаналы трансферт бөлініп, ол 165717,1 мың теңгеге немесе 99,7% болып орындалды. Бұның 356,9 мың теңгесі мақсатты ағымдық трансферт ретінде қалып отыр.
2008 жылғы аудан бюджеті

мың теңге






  1. ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ

ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМА
2008 жылға 141 отбасыға және 519 отбасы мүшелеріне атаулы әлеуметтік көмек 10478,0 мың теңге төленді.

Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар 2235 балаға 25616,0 мың теңге төленді. Тұрғын үй жәрдемақысы 200 жанұяға 2388,0 мың теңге төленді.

ҰОС мүгедектері мен қатысушылары, тыл ардагерлері, 90 жастан асқан қарттардың және ауған соғысы қатысушылары отбастарына зерттеулер жүргізіліп, арнайы бағдарламаға енгізілді. Ортопедиялық-протездік сұранысқа 12 мүгедек адамдарға тегін ортопедиялық- протез жасау үшін Семей қаласындағы протез жасайтын орталыққа жолдамалар берілді.

25 мүгедек адамға 5379 дана гигиеналық құралдар таратылды 3-ші топтағы 6 мүгедек адам жұмыссыз ретінде тіркеліп, 4 мүгедек адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылып, 1 мүгедек адам кәсіптік оқуға жіберіліп, жұмысқа орналасты.

«УБА» шипа жайында 35 адам демалып қайтты, оның ішінде 26 адам жасына байланысты зейнеткерлер және тыл ардагерлері, 6 адам I-II-III топтағы мүгедектер, «Мойылды» шипажайында 3 мүгедек адам демалды.

Бүгінгі күнге 7 соғыс мүгедегі және қатысушылары есепте түрады. Соғыс мүгедегі және қатысушыларға теңестірілгендерге коммуналдық қызметтерге өтемақы төлемдері 25 адамға 1670,0 мың теңге төленді.

Аз қамтамасыз етілген жанұяларға аудан бойынша 434 адамға 2117,0 мың теңгенің көмегі отындай, азық-түлік, ақшадай көрсетілді. Күнкөріс денгейі төмен халық саны 1080 адам.

Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккен 20 адамға экологиялық өтемақылар, 342,5 мың теңге төленді.

2008 жылы 103 жұмыссыз адам есепте тұр, жұмыссыздық деңгейі 1,3 пайыз. Ақылы қоғамдық жұмысқа осы уақытқа дейін 257 адам жіберіліп, 7928,0 мың теңге төленді. Жұмыссыз азаматтарға, кәсіптік білім беру және қайта даярлықтан өткізу мақсатында шаштараз, дәнекерлеуші, есепші мамандықтарына жиыны 32 адам оқуға жіберілді. Биылғы жылы 100 жұмыссыз адам жұмысқа орналасты.
Жұмыссыздық деңгейі





  1. БІЛІМ

Аудан бойынша 1 бастауыш мектеп-балабақшасы, 1 негізгі мектеп, 10 орта мектеп (оның ішінде 1 гимназия , 1 мектеп-лицей) барлығы 12 білім мекемесі жұмыс жасайды. Осы мектептерде 2915 оқушы оқиды, оларға 485 мұғалім сабақ береді. Мектептер бойынша 169 сынып, 165 сынып комплектісі бар. Сыныптар бойынша балалардың орташа сыйымдылығы 18,7.

Ауданы мектептерiнде жұмыс жасап отырған педагогтар саны -485. Оның ішінде жас мұғалімдер саны 48. Облыстық біліктілік арттыру институты жанынан аудан мектептерінің ұстаздар қауымының арнайы курстан өтуінде біршама алға жылжушылық бар. 2006 –2007 оқу жылында- 112. 2007 – 2008 оқу жылында –187 ұстаз курстан өткен. Өткен жылға қарағанда мұғалімдердің сапалық құрамы, біліктілік дәрежесі біршама жақсарды.

Педагог қызметкерлердiң әлеуметтiк жағдайлары қанағаттанарлық жағдайда . Мектепiшiлiк кәсiподақ комитетiне өтiнiш түсiрген мұғалiмдерге көмектер көрсетiлiп отыр. Санаторий, курорттарға өтiнiшiне сәйкес жолдама берiлiп, көмектер көрсетiлуде. Мұғалiмдер ай сайын еңбек ақыларын уақытылы алып отыр. 2006 жылы тұрғын үйге өтiнiш берген 6 жас мұғалiм үймен тегiн қамтамасыз етiлдi.

2007-2008 оқу жылында аудан мектептерiне 6 жас маман жұмысқа орналасып, 6 мұғалiмге көтерме ақы әрқайсысына 120 000 теңге аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi мекемесi төлеген болатын.

Аудан бойынша мектеп бітірген 227 түлектің ҰБТ-ға 175 түлегі толықтай қатысып:



2006 жылы орта балл 58,9; 275 оқушының 227 ҰБТ қатысуы 82% , 2007 жылы орта балл 61,3; 227 оқушының 175 ҰБТ қатысуы 77 %

2008 жылы орта балл 63,6; 203 оқушының 168 ҰБТ қатысуы 82,7%

51 түлек – «3-49» балл алып, 30 пайыз

32 түлек - «50-59» балл алып, 19 пайыз

27 түлек – «60-69» балл алып, 16 пайыз

26 түлек - «70-79» балл алып, 15 пайыз

20 түлек - «80-89» балл алып, 12 пайыз

9 түлек - «90-99» балл алып, 5 пайыз

3 түлек - «100-125» балл алып, 2 пайыз құрап

жиыны: орта балл 63,64 жоғары балл – 115 болды.

2008 жылы аудан бойынша 2 оқушы «Алтын белгіге ие болды.

1 мектепке дейінгі мекеме Б.Байғожина атындағы бастауыш мектеп- балабақшасы жұмыс істейді. Онда 2008-2009 оқу жылында 1-4 жас аралығындағы 50 балалық - 4 балабақша тобы және 5-6 жас аралығындағы - 50 балалық мектепалды даярлық 4 тобы жұмыс жасауда.

Қарауыл гимназиясы, М.Әуезов , Ш.Әбенов, Ш.Тоқжігітов атындағы орта мектептері жанынан 100 балалық шағын орталыққа 3-4 жастағы балалар тартылуда. Аталған мектептер лицензияларына өзгерістер еңгізуде. Шағын орталық ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынған «Қайнар – мектепке дейінгі балаларды балабақша жағдайында оқыту, тәрбиелеу және дамыту бағдарламасы» негізінде жұмыс жасайды.

Білім бөлімі бойынша 2008 жылы жазғы каникул кезеңінде 12 мектепте мектеп жанындағы демалыс лагерi жұмыс жасап, оған 1993 бала тартылды.

Бұл лагерлерде “Математика-компьютерлiк”, пәндiк, тәрбиелiк, спорттық-сауықтыру , музыкалық бағыттарда жүйелi жұмыс жасап, өз деңгейiнде жұмыс атқарылды.

Аудан бойынша барлық мектептерде компьютермен қамтылған , жиыны –289 компьютер , әр балаға шаққанда 11 балаға – 1 комьютерден келеді. Б.Байғожина атындағы бастауыш мектеп-балабақшасында, Көкбай, Молдағалиев, Тоғжігітов, Бекбосынов орта мектептері интерактивті тақта орнатылған. Барлық мектептер интернетке қосылған. Қарауыл гимназиясы, Абай лицейі, Б.Байғожина атындағы бастауыш мектеп-балабақшасы жоғары жылдамдықпен жұмыс жасайтын Мегалайын жүйесіне қосылды. 8 мектеп мултимедиялық кабинетпен жабдықталған.

10. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
Аудан халқына медициналық көмек бір орталық емханамен, 7 дәрігерлік амбулаториялармен, 4 медициналық пунктімен 1 ғимаратсыз медицина қызметкерлерімен атқарылады. Аудан халқы – 15991, оның ішінде балалары – 4348, жасөспірімдері – 959,ана болуға қабілетті әйелдер – 3909.

ШҚО Әкімінің шешімімен аудандық медицина бірлестігі құрылған.

Ауданда 40 жоғары білімді дәрігер, оның 28 квалификациялық категориясы бар – 66,7%, орта буын медицина қызметкерлері– 77, оның 46% квалификациялық категория бар.

Дәрігерлермен қамтамасыз етілуі 27,6 – 10 000 халыққа облыс көрсеткіші 37,9. Медбикелермен қамтамасыз етілуі 48,3 – 10 000 адамға облыс көрсеткіші 87,2.

Аудан бойынша ана мен бала денсаулығын қорғау және жақсарту бағдарламасы жасалынған.

1 қаңтар 2008 жылдан бері Дүние жүзілік Денсаулық Сақтау тірі және өлі туғандар критерилары бойынша тірі және өлі туған нәрестелерді тіркеу жұмысы жүргізіліп отырған.

2008 жылды туған бала саны 243, қайтыс болған бала– 4; сәби өлім көрсеткіші – 13,7%.

2008 жылы қайтыс болған 4 баланың үшеуі орталық емхананың перзентхана бөлімінде, біреуі Семей қаласының перзентхана үйінде. Қайтыс болған екі сәби - егіздер, салмақтары 560 және 580 граммнан 12 күн және 16 күн өмір сүріп, жасалған емдерге қарамастан қайтыс болды. Диагноздары:Синдром дыхательных расстройств, недоношенность IV ст.Үшінші сәби – 1 күн ғана өмір сүрген, салмағы 1500; Диагнозы: СДР, недоношенность ІІ ст. Семей қаласының №2 перзентханасында 2 күн өмір сүріп Диагнозы: Внутриутробная пневмония қайтыс болған, бала уақытына жетіп туған.

Барлық қайтыс болған сәбилер аудандық балалар өліміне қарсы күрес комиссиясы отырысында және аудандық медициналық кеңесте қаралып, тиісті жауапты медицина қызметкерлері әкімшілік тарапынан жазаланды. Қайтыс болған сәбилер 100% патанатомиялық тексеруден өтті, клиникалық және патанатомиялық диагноздер сәйкессіздік жоқ.

Ауданда бала мен ана денсаулығына басты назар аударылып отыр, мамандар уақытында білімін жетілдіріп отырады; маман сертификаттары бар. Бүгінгі күні аудандық педиатр «Реанимация и интексивная терапия неотложных состоянии в неонатологии» циклі бойынша Алматы білім жетілдіру институтында оқуда. Асқынған туберкулез ауруының орташа облыстық деңгейіне ара қатысы 0. Аудан бойынша – 0. 2008 жылы туберкулез ауруымен ауыршаңдық көрсеткіші 2007 жылмен салыстырғанда төмендеген 119%.

Бастапқы медициналық – санитарлық ұйымдардың нормативке сәйкес медициналық жабдықтармен, медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілуі – аудан бойынша – 24%.

Профилактикалық қарау жұмыстары барлық категория бойынша жоспарға сәйкес 100% орындалып отыр.



Жылу жүйесіне 800 тонна көмір қарастырылған, бөлінген сомасы 3948,8 мың теңге. 2008 жылға орталық емхананың су қондырғысын күрделі жөндеуден өткізіп, ауыстыру жоспарланған, қазіргі уақытта қаржы мәселесі шешіліп, жөндеу жұмыстары басталды.
11. ҚЫЛМЫСПЕН КҮРЕС
Жыл басынан бері құқық қорғау органы қызметкерлерінің қатысымен ауданда 47 қылмыс тіркеліп, 82,5 пайызы ашылды. Ауыр қылмыстардан 6 іс тіркеліп, 100 пайыз ашылды. Ұрлық жасау бойынша 27 қылмыстық іс тіркеліп, 81,3 пайыз ашылды. Кәмілетке толмағандар жасаған қылмыста 1 іс тіркеліп, 100 пайыз ашылды.
12. ДЕМОГРАФИЯ
Аудан бойынша негізгі демографиялық көрсеткіштерге келетін болсақ, ауданда халық санының азаюы байқалады. 2008 жылдың 12 айында туған бала саны –243, қайтыс болғандар саны – 123 адам, табиғи өсім 120 адам. Аудан бойынша келген адамдар саны – 237 адам, ал кеткені - 597 адам. Көші-қон сальдосы - 360 адам. Аудан бойынша 01.01.2009 жылға халық саны – 15733 адам.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет