Абай ауданының 2009 жылғы 3 тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы



Дата29.02.2016
өлшемі121.66 Kb.
#33906
Абай ауданының 2009 жылғы 3 тоқсандағы

әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы.
ӨНЕРКӘСІП
2009 жылдың қаңтар – қыркүйек айларында өндіріс орындары қазіргі бағамен 395791,0 мың тенгенің тауарлық өнімдерін өндірген, бұл былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 182,8 пайызды құрайды.

«ВК РЭК» АҚ Семей филиалы 8840,0 мың теңгенің өнімін өндірген, бұл былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 98,4 пайыз құрайды.

«Қазақалтын» Тау-Кен-Концерны Жанан кен орнында жұмыстарын тоқтатуына байланысты көрсеткіші күрт төмендеп отыр.

Қосалқы кәсіпорындар жыл бойы 10800,0 мың теңгенің өнімін өндірген, былтырғы жылмен салыстырғанда өнім көлемі 125,3 пайызға өскен.


АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Аудан бойынша 2009 жылдың 9 айда атқарылған жұмыстары бойынша ауылшаруашылық өнімдерін өндірумен 590 шаруа қожалығы және 4034 жеке меншік қосалқы шаруашылық айналысуда. Өндірілген мал өнімдерінің көлемі: ет – 75832 тонна, былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 104,9 пайызға артып отыр, сүт-144226,0 тонна былтырғы жылмен 103,2 пайызға, жұмыртқа – 756 мың 700 дана 100,7 пайызға артты.

Ауылшаруашылық құрылымдарында мал шаруашылығы өнімдерінің өскені байқалады. Мал басының өсуіне байланысты мал өнімдерін өндіру өсті. Қой, ешкі малы 313407 бас, немесе былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда 103,2 пайызға өсті, мүйізді ірі қара 44081 бас немесе 105,6 пайызға, жылқы 17268 бас немесе 111,9 пайызға өсті.

Бүгінде ауданнының ауылшаруашылық мамандарының тікелей көмегіменен мал тұқымын асылдандыру жұмысы жақсы жолға қойылды. 2009 жылдың 1 қаңтарына ауданда асыл тұқымды шаруашылықтарының саны 23 шаруашылық болса, олардың құрамында 59 шаруа қожалығы біріккен. Қой малының тұқымын асылдандыру жұмысымен 15 шаруашылық: «Қасқабұлақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Мағжан», «Ұлан», «Дәурен», «Жанабай», «Қарашоқы», «Айтуған», «Қабанбай», «Нұрсұлтан», “Би ата”, “Сертек”, «Әйгерім», «Жанат», «Серік», «Қашым», шаруа қожалықтары қазақтың қылшық жүнді құйрықты қой малдарын өсірсе, «Шалипан» шаруа қожалығы қазақтың ақ бас ірі қара малдарын, Жабы тұқымды жылқы малдарынан 4-шаруашылық : Ильяс и К, Құрмет, Би ата, Айдос шаруа қожалықтары асыл тұқымды шаруашылық мәртебесін алды. Аудан бойынша асыл тұқымды қазақтың қылшық жүнді құйрықты қой малдарының саны 45313 бас, оның ішінде аналығы 33058 бас, элита класына 20143 бас, 1-класс бойынша 12636 бас жатқызылады. Сондай-ақ асыл тұқымды қазақтың жабы тұқымды жылқы малдарының саны 1511 бас, оның ішінде аналығы 841 бас, элита класына 449 бас, 1-класс бойынша 387 бас жатқызылады. Асыл тұқымды ірі қара малдарының саны 362 бас, оның ішінде 150 бас аналық, 38 бас элита класына, 59 бас 1-классқа жатқызылады. 2009 жылдың 1-тоқсанында асыл тұқымды шаруашылық мәртебесін алу үшін «Акпар» шаруа қожалығының құжаттары толықтай облыстық комиссияға ұсынылды. МІҚ малдарын бордақылау жұмыстарымен “Шалипан”, “Олжас”, «Қашым», «Мағжан», «Қарашоқы» шаруа қожалықтары айналысуда. Олардың иелігінде биылғы жылы 692 бас мал бордақыланып, 130 тонна ет өткізу жоспарлануда.

Абай ауданының ауылшаруашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Асыл тұқымды қой және жылқы шаруашылығының қазіргі жағдайы және оны дамыту мәселелері» туралы 2009 жылы 13 ақпанда «Қасқабұлақ» ЖШС-нің базасында үлкен көлемде облыстық семинар-кеңес өткізілді.

Семинар–кеңестің мақсаты облысымыздағы қой және жылқы шаруашылығының қазіргі жағдайы және оның келешектегі дамуы туралы мәселелерді талқылады . Абай ауданының «Қасқабұлақ» асыл тұқымды мал шаруашылығының тереңдете жүргізілген селекциялық жұмысының артықшылықтары және жетістіктері туралы мәселелер қозғалды.

Сол сияқты Қарауыл ауылында 2009 жылдың 10 сәуір күні Ауыл шаруашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен ауыл шаруашылығын қолдау , шағын несие, шағын лизинг беру және жұмыс орындарын ашу жөнінде семинар кеңес өткізілді. 18 маусымда аудан әкімі ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілермен ауылдық тұтыну кооперативін құру туралы кеңейтілген кеңес өткізілді.

Шағын мал сою орындарын ашу үшін Көкбай ауылына қарасты «Қарашоқы» шаруа қожалығы негізінде және Саржал ауылына қарасты «Сенім» шаруа қожалықтары Өскемен қаласындағы Аграрлық несиелік коорпорациясының филиалына барып несие алу үшін келісілді.

2009 жылға көктемгі дала жұмыстары жер көлемі бойынша картоп егуге 111 га жерге, көкөніс егуге 17 га жерге жиыны-128 га жерге егу ұлғайтылды. Ауданға 10 тонна тұқымдық картоп сатып әкелінді.

Семей қаласы «Турист қонақ үйі» алаңында өтетін жәрмеңкеге бекітілген арнайы кесте бойынша ауылдық округтердің шаруа қожалықтары ауылшаруашылық өнімдерімен (ет,сүт,май) әр сенбі сайын қатысып отыр. Семей қаласының халқын арзандатылған бағамен базарларға күнделікті етпен қамтамасыз етуде. Сонымен қатар аудандағы ауылшаруашылығы өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында аудан әкімі, ауылдық округ әкімдері және шаруа қожалықтары арасында меморандумға 3-жақты 254 шаруа қожалықтарымен келісім шарт жасасты.
КӨЛІК ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС.
Аудан бойынша 2009 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында аудандық көлікпен 15220 тонна жүк тасымалданған. Жүк тасымалдауда жеке кәсіпкерлердің ықпалы басым болып отыр.

2009 жылдың 9 айында 85292 жолаушы тасымалданған, оның 36737-і бағытты автобуспен болса, 48555 жолаушы жеке меншік көліктері бар тасымалдаушылардың үлесіне тиеді.

Ауданда бүгінгі күні 2262 телефон нүктелері жұмыс істейді, оның ішінде 22 нүктесі жеке кәсіпкерлер, 196 мекемелер мен кәсіпорындардікі, 2044 жеке тұрғындардікі. Осы жылдың 9 айында қалааралық телефонмен сөйлесу көлемі 20255,0 мың теңгені құрады.
ТҰРҒЫН ҮЙ – КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ,

СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС.
Ауданның әлеуметтік-мәдени және әкімшілік нысандарын дер уақытында 2009-2010 жылдардағы қысқы от жағу маусымына бекітілген іс-шаралар жүзеге асырылып, аудан бойынша:

12 жылу қазандығы;

16 білім саласы мекемелері;

13 денсаулық сақтау нысандары: 1 орталық емхана, 7 жаңұялық амбулатория, 5 фельдшерлік бөлімшені /облыстық бюджет/ дайындалып, апатсыз, қалыпты жұмыс істеді.

52 шақырымдық 6 елді мекендеріндегі су құбырлары: (Қарауыл, Кеңгірбай би, Медеу, Архат, Қасқабұлақ, Құндызды), 11 су скважиналары әзірленіп, халыққа қызмет көрсетті;

Барлық жылу жүйелері, су құбырлары, жылу қазандықтары, әлеуметтік-мәдени және әкімшілік нысандарының ішкі жүйелері тұрақты жұмыс жасады. Мектептер, денсаулық сақтау объектілері, басқа да мекемелер мен кәсіпорындар көмірдің қажетті қорымен қамтамасыз етілді. Аудан бойынша 25300 тонна көмір қажет болады деп жоспарланса, оның 15500 тоннаға жуығы отты өз үйлеріндегі жеке пеш арқылы жағатын тұрғындарға, 4100 тонна көмір жергілікті бюджеттік мекемелерге және қалған 5700 тонна басқа мекемелер мен кәсіпорындарға түсірілді. Көмірдің 1 тоннасының бағасы бюджеттік мекемелерге 4750 теңге болып келісілсе, халық жеке тасымалдаушылар арқылы түсірді, көмірдің 1 тоннасы 4400-4500 теңгені құрады .

Абай ауданы бойынша жолдар жүйесі 369 шақырым. Оның ішінде 255 шақырым облыстық деңгейдегі жолдар, қалған 114 шақырымы аудандық деңгейдегі жолдар.

Қара жиекті жамылғы – 225 шақырым.

Қара жиекті қиыршық тасты жамылғымен – 144 шақырым.

Аудан бойынша 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй бағдарламасын іске асыру бағытында 2009 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 2670,75 шаршы метр. Биылғы жылы Қарауыл ауылында мал бордақылайтын және мал сою цехы, Архат ауылында мешіт, Көкбай, Құндызды ауылдарында дүкен ғимараттары салынуда. Қарауыл ауылы Ералы көшесіндегі жатахана ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарына ЖСҚ дайындауға 976,0 мың теңге қаралған. Қазіргі кезде спонсорлық көмекпен жалпы құны 14 млн. теңгеге осы ғимараттың шатыры мен терезелері толықтай ауыстырылып, төбесіне жылу қабаты төселді. Бас мердігер «Казпромстрой-Монтаж» ЖШС. Осы мердігер Молдағалиев көшесіндегі жолды жөндеу үстінде, қаралған қаржы 10,0 млн. теңге. Қарауыл ауылындағы мәдениет үйінің шатырын жөндеуге 1315,0 мың теңге бөлінген, жұмыс толығымен аяқталды. Құндызды ауылындағы су құбырын жөндеуге жергілікті бюджеттен 13841,0 мың теңге бөлінді. Қазіргі уақытта жұмыс аяқталу үстінде.


ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ
Ауданымызда 926 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Шағын кәсіпкерлер субъектілерінен салық түсімі 7402,0 мың теңгені құрады. Жалпы шағын кәсіпкерлер субъектілерінде 2104 адам жұмыс жасайды.

Аудан бойынша 583 шаруа қожалығы тіркеліп, 1839 адам жұмыс атқарады және 1770,0 мың теңге салық түсімі түскен. Жеңілдетілген декларация және жалпыға бірдей тәртіп бойынша 182 шағын кәсіпкерлер субъектілері тіркелген, түскен салық түсімі 2801,0 мың теңге. 148 кәсіпкер патент жүйесімен қызмет атқарып, 1816,0 мың теңге салық төлеген. Заңды тұлға ретінде аудан бойынша 16 кәсіпорын қызмет атқарады және онда 191 адам жұмыс жасайды. Бұлардан түскен салық көлемі 1015,0 мың теңге.


БАҒАЛАР
Ауданда апта сайын негізгі халық тұтынатын тауарларға бағаны тұрақтандыру жөнінде талдау жасалып отырады. ШҚО ауыл шаруашылық басқармасының астық бағасын тұрақтандыру қорынан, 2009 жылы наурыз айында ауданымызға 25 тонна ұн бөлініп, бұл ұн инфляция үрдістерін тежеу жөніндегі штаб кеңесінің шешімі негізінде, Абай ауданы әкімдігімен Меморандум шарты бойынша 13 наубайханашы-кәсіпкерлерге бөлініп берілді. Маусым айында 25 тонна ұн бөлініп, 10 наубайханашы-кәсіпкерлерге, шілде айында 25 тонна ұн 8 наубайханашы-кәсіпкерлерге берілді, жыл басынан Семей қаласының «Ардагер» ұн дайындау комбинатынан 100 тонна ұн бөлінді. Бүгінгі күні нанның бағасы жыл басындағы 45 теңгеден 40 теңгеге төмендеді. Жыл басымен салыстырғанда жемістер мен майлар бағасы төмендесе, жанар-жағар май бағасы өсуде (АИ-80 70,9%).

Ауданда бағаның өзгеруі, өсуі көбінесе тауарлар әкелінетін Семей және басқа қалалардағы базар бағасының өзгеруіне байланысты болып отырады. Мамырда орталық алаңда ауылшаруашылық өнімдері жәрмеңкесі үйымдастырылды. Тамыз айында Өскемен қаласының орталығында өткен «Туған жер алтын бесігім» атты мәдени күндеріндегі өткізілген Абай ауданы күнінде ауылшаруашылық өнімдерінің және қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі өтті.


БЮДЖЕТ
Аудан бойынша 2009 жылға бюджет кірісі 985224,0 мың теңгеге бекітілді. Ресми трансферттердің көлемі 880201,0 мың теңге. Ауданның өз кіріс көздері есебінен түсім 105023,0 мың теңге болып жоспарланды.

2009 жылдың 9 айында бюджеттің кіріс бөлігі 848474,7 мың теңгеге жоспарланып, ол 869718,0 мың теңгеге, 102,5 пайыз болып орындалды. Бюджеттің шығыс бөлігі 9 айда 853573,8 мың теңгеге жоспарланып, 835574,0 мың теңгеге орындалды, 97,9 пайыз болды. Жергілікті бюджет кірісі 9 айға 72834,0 мың теңгеге жоспарланып 94547,4,0 мың теңгеге орындалды, немесе 129,8 пайызды құрады.



ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМА
1 қазанға 131 отбасыға және 507 отбасы мүшелеріне атаулы әлеуметтік көмек 7630,1 мың теңге тағайындалып, 7405,1 мың теңге төленді.

Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар 2149 балаға 17174,9 мың теңге төленді. Тұрғын үй жәрдемақысы 267 жанұяға 4829,0 мың теңге төленді.

«УБА» шипа жайына 34 зейнеткер адам демалып қайтты.Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушыларына және қатысушыларға теңестірілгендерге 5000 теңгеден 23 адамға, 805,0 мың теңге, Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілгендер, яғни ауруы ядролық сынақ салдарынан болған мүгедектерге ай сайын 2000 теңгеден 320 адамға, 7308,0 мың теңге коммуналдық қызметтерге өтемақы төлемдері төленді.

Алтын алқа, Күміс алқа, І-ІІ-дәрежелі Ана даңқы орденімен марапатталған аналарға 391 анаға 3905,0 мың теңге 4 және одан да көп 18-ге толмаған балалары бар көп балалы аналарға 250 анаға 2490,0 мың теңге 8-наурыз мерекесі мен балаларды қорғау күні мерекесіне 5000 теңгеден бір жолғы материалдық көмек төленді.

Аз қамтамасыз етілген жанұяларға аудан бойынша демеушілік арқылы 340 адамға 1487,3 мың теңгенің көмегі отындай, азық-түлік, ақшадай көрсетілді. Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккен азаматтарға бір жолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 ақпандағы №110 қаулысына сәйкес, 7 адамға экологиялық өтемақыларға құжаттар қабылданып аудандық зейнетақы төлеу орталығына өткізілді. Аудан бюджетінен азық-түлік қымбаттауына байланысты 210 жанұяға 7638 теңгеден 1604,0 мың теңге және тұрмыстық жағыдайы төмен туберкулезбен ауырған адамдарға 15000 мың теңгеден 17 адамға 255,0 мың теңге бір жолғы көмек көрсетілді.

Жалпы білім беретін мектептердің аз қамтылған отбасылардан шыққан түлектерге облыстың жоғарғы оқу орындарындағы оқуын төлеу үшін 1999,0 мың теңге 11 студентке әлеуметтік көмек төленді. 1 қазанға 98 жұмыссыз адам есепте тұр, жұмыссыздық деңгейі 1,3 пайыз.

Жұмыссыздарды әлеуметтік жағынан қолдау көрсету және жұмыссыздықты азайтудың бір түрі ақылы қоғамдық жұмысқа жіберу 160 адам жіберіліп, 8773,9,0 мың теңге төленді. Кәсіптік білім беру және қайта даярлыққтан өткізуде Семей қаласындағы «Болашақ» кәсіптік мектебімен, «Семей құрылыс» колледжімен келісім шарт жасалып жұмыссыз азаматтар оқытылуда.

Жұмыссыз азаматтарға, кәсіптік білім беру және қайта даярлықтан өткізу мақсатында шаштараз, дәнекерлеуші, мамандықтарына жиыны 17 адам оқуға жіберіліп, 816,6 мың теңге игерілді, оның ішінде 493,6 мың теңге жұмыссыздарды оқытуға, 323,0 мың теңге жол жүруге, жатын орындарына төленді.

Жастар іс тәжірибесіне жоғарғы және арнаулы оқу орындарын бітіріп келген 8 жұмыссыз жастар жіберілсе, әлеуметтік жұмыс орындарына 7 аз қамтамасыз етілген жұмыссыз адамдар жіберілді. 1 қазанға дейін аудан бойынша жиыны 276 жұмыссыз жұмысқа орналасты, оның ішінде жол картасы бойынша 205 адам.
БІЛІМ
Аудан бойынша 10 орта мектеп, 1 бастауыш мектеп-балабақшасы, 2 қосымша білім беру мектебі, 1 шағын кешенді негізгі мектеп жұмыс жасайды. Осы мектептерде жыл басында 2915 оқушы қамтылды. Мектептер бойынша 169 сынып, 165 сынып комплектісі болып отыр. Сыныптар бойынша балалардың орташа сиымдылығы 19,43%.

Абай ауданы мектептерінде 506 мұғалім жұмыс атқарады. Оның жоғары білімдісі – 417, арнаулы орта – 85, орта білімді–4. Жоғары санатты 14 разряд – 22, 1 санатты /13 разряд/ – 132, 2 санатты /12 разряд/ - 167, Санатсыз /6-11 разрядты/ – 185.

Аудан бойынша мектеп бітірген 206 түлектің ҰБТ-ға 156 түлегі қатысты:

2006 жылы орта балл 58,9; 275 оқушының 227 ҰБТ қатысуы 82% ,

2007 жылы орта балл 61,3; 227 оқушының 175 ҰБТ қатысуы 77 %

2008 жылы орта балл 63,6; 203 оқушының 168 ҰБТ қатысуы 82,7%

2009 жылы орта балл 72,5; 206 оқушының 156 ҰБТ қатысуы 75,7 %

9 түлек – «3-44» балл алып, 5,7 пайыз

34 түлек - «45-59» балл алып, 21,7 пайыз

37 түлек – «60-67» балл алып, 23,7 пайыз

48 түлек - «71-89» балл алып, 30,7 пайыз

16 түлек - «90-100» балл алып, 10,2 пайыз

2 түлек - «101-110» балл алып, 1,3 пайыз

10 түлек - «111-120» балл алып, 6,4 пайыз құрап

жиыны: орта балл 72,5, жоғары балл – 119, төмен балл – 28 болды.

2009 жылы аудан бойынша 2 оқушы «Алтын белгіге ие болды.

Қаңтар айында ғылым негіздерінен мектеп оқушыларының аудандық пәндік олимпиадасы өтті. 9 оқушы облыстық кезеңіне қатысып, 4 оқушы жүлделі орын иеленді. «Құзырлылық амалының негізгі ұғымдары» тақырыбында оқу ісі меңгерушілерінің оқуы болды. Барлық математика мұғалімдерінің аудандық пән олимпиадасы өтті. 20.01.-20.02. аралығында «Жалпыға бірдей міндетті оқу айлығы өтті». Ауданның барлық мектептерінің 4,9- сыныптарында мемлекеттік аралық бақылау өтті. Физика, химия - биология, орыс тілі мен әдебиеті, шет тілі мұғалімдерінің пәндік олимпиадасы өз дәрежесінде өтті, алдағы уақытта бұл үрдіс жалғасын табады.

Семей мемлекеттік педагогикалық институтының, Шәкерім мемлекеттік университетінің, М.Әуезов атындағы жоғары оқу орындарының оқытушы- ғалымдарымен, студенттерімен мектеп оқушыларының кездесулері өткізілді.

Ақпараттандыруға байланысты мектеп басшыларымен аудандық семинар өткізілді.

Мектеп оқушылары арасында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық сайысы өтті. Барлық мектеп педагогтары жоспар негізінде аттестациялаудан өткізілді. Абай, Шәкерім оқуларының аймақтық (3 аймақ) кезеңдері болып өтті. Мектеп, балабақша тәрбиешілері арасында аудандық «Үздік тәрбиеші»сайысы өтті. Ж.Кәрменовтың 60 жылдығына орай, мектеп оқушылары арасында «Әз Жәнібек» атты әншілер байқауы болды. Бастауыш сынып (4-сынып) оқушыларының олимпиадасының аудандық кезеңінің жеңімпаздары (12 оқушы) олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысып, 10 оқушы жеңімпаз атанды. «Оқыту нәтижесін тексеру мен бағалау жүйесін талдау және олардың құрылымын анықтау» тақырыбында директорлар оқуы болды. Оқу-тәрбие процесін талдау, саралау және әдістемелік көмек көрсету мақсатында Көкбай атындағы орта мектепте жоспарлы комплексті тексеру өтті. «Қазақ әдебиетін оқытудағы аймақтық компонент пайдалану тәжірибелері» атты облыстық пед.оқуға 3 мұғалім баяндама жасап, жақсы жағынан аталып өтті. «Тілдердің үш тұғырлылығын дамыту» атты облыстық ғылыми- практикалық конференцияға 2 мұғалім қатысып, баяндамалары арнайы жинаққа кіргізілді. Республикалық, облыстық БАИ-дың жоспарлары негізінде қаңтар-наурыз айларында 42 мұғалім, Семей мемлекеттік пед. Институты жанындағы біліктілікті арттыру институтынан 22 мұғалім білім көтеру курстарынан өтті. Аудандық білім бөлімінің 2009 жылға арналған жұмыс жоспары негізінде алқа мәжілісі, кеңейтілген аппараттық кеңес, әдістемелік кеңестер, семинар, дөңгелек үстел, ғылыми жоба жарыстар, мектеп басшыларының, әр пән мамандарының оқулары жүйелі өткізіліп отырады.

Аудан бойынша 12 мектепке бастауыш сынып бойынша 1070 бала толығымен ыстық тамақпен қамтылған. Жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен аз қамтамасыз етілген, жетім, ата-ана қамқорынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулің балалардан бастауыш сынып бойынша 17 оқушы, жоғарғы сыныптар бойынша 117 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
Аудан халқына медициналық көмек 1 орталық емханамен, 7 дәрігерлік амбулаториялармен, 3 медициналық пунктімен, 2 ғимаратсыз медицина қызметкерлерімен атқарылады.

Ауданда 39 жоғары білімді дәрігер, оның 28 квалификациялық категориясы бар – 66,7%, орта буын медицина қызметкерлері– 84, оның 46%да квалификациялық категория бар, кіші буын медицина қызметкерлері - 29.

Дәрігерлермен қамтамасыз етілуі 27,6 – 10 000 халыққа облыс көрсеткіші 37,9. Медбикелермен қамтамасыз етілуі 48,3 – 10 000 адамға облыс көрсеткіші 87,2.

Аудан бойынша ана мен бала денсаулығын қорғау және жақсарту бағдарламасы жасалынған. 1650 ана медициналық тексеруден өтті. Бала мен ана денсаулығына басты назар аударылып отыр, мамандар уақытында білімін жетілдіріп отырады, маман сертификаттары бар. Санитарлық-ағарту жұмыстары туралы жергілікті баспасөзге 2 рет мақала жариаланды.

2009 жылдың 7 айында туған бала саны – 143, қайтыс болған бала – 3; Бастапқы медициналық – санитарлық ұйымдардың нормативке сәйкес медициналық жабдықтармен, медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілуі – аудан бойынша – 24%.

Профилактикалық қарау жұмыстары барлық категория бойынша жоспарға сәйкес 100% орындалып отыр.



Облыстық бюджеттен үстіміздегі жылы орталық емханаға жұмсақ және қатты мүліктер алуға 2346,0 мың теңге, материалдық-техникалық жарақтандыруға 2000,0 мың теңге қаржы бөлініп, игерілді. 226,0 мың теңгеге Кресло КВ-2С, 1000,0 мың теңгеге Аудиометр АД 229 в, 692,5 мың теңгеге Спидометр Chestjraph Hi-101 медициналық құрал-жабдықтары сатылып алынды.
ҚЫЛМЫСПЕН КҮРЕС
Жыл басынан бері құқық қорғау органы қызметкерлерінің қатысымен ауданда 86 қылмыс тіркеліп, 76,9 пайызы ашылды. Денеге ауыр жарақат түсіруден 1 іс тіркеліп, 100 пайыз ашылды. Ауыр қылмыс 5 тіркеліп, 100 пайыз ашылды. Ұрлық жасау бойынша 56 қылмыстық іс тіркеліп, 73,1 пайыз ашылды. Кәмілетке толмағандар жасаған қылмыста 6 іс тіркеліп, 100 пайыз ашылды.
ДЕМОГРАФИЯ
Аудан бойынша негізгі демографиялық көрсеткіштер: ауданда халық санының азаюы байқалады. 2009 жылдың 9 айында туған бала саны –170, қайтыс болғандар саны – 84 адам, табиғи өсім 86 адам. Аудан бойынша келген адамдар саны – 233 адам, ал кеткені - 462 адам. Көші-қон сальдосы - 229 адам. Аудан бойынша 01.10.2009 жылға халық саны – 15730 адам.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет