Абай ауданының 2010 жылғы бірінші тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы. ӨНеркәсіп



Дата24.02.2016
өлшемі139.43 Kb.
#11744
Абай ауданының 2010 жылғы бірінші тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық

даму көрсеткіштері туралы.


  1. ӨНЕРКӘСІП

2010 жылдың қаңтар – наурыз айларында өндіріс орындары қазіргі бағамен 71085,0 мың тенгенің тауарлық өнімдерін өндірген, бұл былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 104,1 пайызды құрайды. Былтырғы жылы осы мерзімде аудан көлемінде 68311,0 мың теңгенің тауарлық өнімі өндірілген болатын.

«ВК РЭК» АҚ Семей филиалы 4835,0 мың теңгенің өнімін өндірген, бұл былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 141,2 пайыз құрайды, былтыр 3424,0 мың теңгенің өнімі өндірілген.

Қосалқы кәсіпорындар жыл басынан 5188,0 мың теңгенің өнімін өндірген, былтырғы жылмен салыстырғанда өнім көлемі 135,6 пайызға көбейген. Былтырғы жылы 3825,0 мың теңгенің өнімі өндірілді.




  1. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Аудан бойынша 2010 жылдың 1-тоқсандағы атқарылған жұмыстары бойынша ауылшаруашылық өнімдерін өндірумен 590 шаруа қожалығы және 4034 жеке меншік қосалқы шаруашылық айналысуда. Өндірілген мал өнімдерінің көлемі: ет – 1078,7 тонна, былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 98,0 пайызды құрап отыр, сүт-3420,5 тонна былтырғы жылмен 95,1 пайыз, жұмыртқа – 142 мың 300 дана 92,0 пайыз.

Ауылшаруашылық құрылымдарында мал шаруашылығы өнімдерінің кемігені байқалады. Қыстың қатты және су тасқыны болғандықтан биылғы жылы мал басы және өнімдері аздап шығынға түсті. Қой, ешкі малы 280515 бас, немесе былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда 91,9 пайызды құрады, мүйізді ірі қара 40688 бас немесе 96,4 пайыз, жылқы 16012 бас немесе 101,9 пайыз.

Биылғы жылы Ауылшаруашылығы саласының өзгерістеріне байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 21 қарашадағы №1907 қаулысымен бекітілген ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелеріне берілген. Аудан әкімінің 25.01.2010 жылғы № 164 санды қаулысымен ШҚО Абай ауданының ауылшаруашылығы бөлімі мемлекеттік мекемесінің атауы мен құрылымы өзгеруіне байланысты ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімі ММ болып қайтадан қаңтар айында әділет басқармасынан тіркеуден өтті. Бүгінде ауылшаруашылығы және ветеринария бөліміне 027 бағдарлама бойынша 2-малдәрігерлік маман, 9-ауылдық округтерге 9-ауылдық малдәрігерлік штаты беріліп отыр. Кәзіргі уақытта аумақтық инспекциядан 3-малдәрігері ауысу тәтібімен Кенгірбай би, Қасқабұлақ, Тоқтамыс ауылдық округтеріне ауысып келіп жұмыстарын атқаруда. Қалған 6-округке ауылшаруашылық бөліміне-2 жиыны-8 малдәрігерлік штатына конкурс жарияланды. Абай ауылдық газетіне берілді.

Эпизоотияға қарсы іс—шараларды жүргізуге берілген ағымдағы нысаналы трансферттер 026 бағдарлама бойынша қаржыландыруға берілген 55 млн 280 мың тенге ашық конкурс тәсілімен өткізілуге берілді. Биылғы 2010 жылы жалғыз Абай ауданында емес барлық жерлерде бұрын соңды болмаған қыстың жүріп жатқаны барлығына мәлім, соған қарамастан Абай ауданында да толықтай жұмыстар атқарылуда. Бірақ биылғы қыс қатты болғандықтан қиындықтар туғызуда. Алайда қардың қалың түсуіне байланысты жайылым болмай шаруа қожалықтарына қиындықтар туғызуда. Апатты аумақтардағы ауылдық округтер мен елді мекендерде жұқпалы аурулардың тарап кетпеудің алдын алу мақсатында мал өлекселерін дереу өртеу және көму бойынша жедел шаралар қабылдау үшін аудан әкімінің 2010 жылғы 26 наурыз №175 санды өкімімен арнайы аудандық комиссия құрылған.

Осы өкімді орындау мақсатында барлық ауылдық округтерде арнайы комиссия құрып, мал қорымының малдәрігерлік санитарлық жағдайын нақты анықтап, мал өлекселерін малдәрігерлік талаптарға сай жою мақсатында тиісті іс-шара жұмыстар атқарылуда.




Шаруа қожалықтарының өсу қарқыны





Малдың басы


Ауылдық округтер бойынша шаруа қожалықтарының саны







  1. КӨЛІК ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС.

Аудан бойынша 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында аудандық көлікпен 5386 тонна жүк тасымалданған. Жүк тасымалдауда жеке кәсіпкерлердің ықпалы басым болып отыр.

Аудан бойынша төмендегідей жолаушы тасымалдау бағыттары бар:

Бірінші бағыт – Семей-Қасқабұлақ-Қарауыл, бұл бағыт бойынша шетел автобустары қатынайды, автобустың сыйымдылығы 50 орын.

Екінші бағыт – Семей-Қасқабұлақ-Қарауыл-Кенгірбай би-Көкбай- Құндызды бағыты бойынша ГАЗель микроавтобусы қатынайды, сыйымдылығы 15 орын.

Үшінші бағыт – Семей-Қасқабұлақ бағыты бойынша ПАЗ автобусы қатынайды, автобус сыймдылығы 26 орын.

Ауданда бүгінгі күні 2262 телефон нүктелері жұмыс істейді, оның ішінде 22 нүктесі жеке кәсіпкерлер, 189 мекемелер мен кәсіпорындардікі, 2014 жеке тұрғындардікі.


  1. ТҰРҒЫН ҮЙ – КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ,

СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС.
Ауданның әлеуметтік-мәдени және әкімшілік нысандарын дер уақытында 2009-2010 жылдардағы қысқы от жағу маусымына бекітілген іс-шаралар жүзеге асырылып, аудан бойынша:

12 жылу қазандығы;

15 білім саласы мекемелері;

11 денсаулық сақтау нысандары: дайындалып, апатсыз, қалыпты жұмыс істеп жатыр.

56,2 шақырымдық 6 елді мекендеріндегі су құбырлары: (Қарауыл, Кеңгірбай би, Медеу, Архат, Қасқабұлақ, Құндызды), 11 су скважиналары әзірленіп, халыққа қызмет көрсетуде.

Барлық жылу жүйелері, су құбырлары, жылу қазандықтары, әлеуметтік-мәдени және әкімшілік нысандарының ішкі жүйелері тұрақты жұмыс істеуде. Мектептер, денсаулық сақтау объектілері, басқа да мекемелер мен кәсіпорындар көмірдің қажетті қорымен қамтамасыз етіліп отыр.

Аудан бойынша 2009-2010 жылдардағы қысқы от жағу маусымына 25581 тонна көмір қажет болады деп жоспарланса, қаңтар-наурыз айларында оның 25462 тоннаға жуығы тасылған. Оның ішінде 15000 тоннасы отты өз үйлеріндегі жеке пеш арқылы жағатын тұрғындарға, 3962 тонна көмір жергілікті бюджеттік мекемелерге, 800 тоннасы денсаулық сақтау мекемелеріне және қалған 5700 тонна басқа мекемелер мен кәсіпорындарға түсірілді. Көмірдің 1 тоннасының бағасы бюджеттік мекемелерге 3302-4900 теңге болып келісілсе, халық жеке тасымалдаушылар арқылы түсірді, көмірдің 1 тоннасы 4600-6500 теңгені құрады .

Абай ауданы бойынша жолдар жүйесі 369 шақырым. Оның ішінде 255 шақырым облыстық деңгейдегі жолдар, қалған 114 шақырымы аудандық деңгейдегі жолдар.

Қара жиекті жамылғы – 225 шақырым.

Қара жиекті қиыршық тасты жамылғымен – 144 шақырым.

Аудан бойынша 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй бағдарламасын іске асыру бағытында 2008 жылы екі пәтерлі тұрғын үй құрылысы жалпы 254,7 шаршы метр берілді. Мемлекеттік қабылдау комиссия желтоқсан айында болды. Аудан бойынша құрылыс нысандарын жүргізу үшін 13 жер учаскелері бөлінді.

2008-2010 жылдарға өңірлік тұрғын үй бағдарламасы бойынша 2008 жылға екі пәтерлі бір тұрғын үй құрылысына 11,0 млн.теңге осы салынатын үйлердің инженерлік жүйелеріне 2,0 млн. теңге облыс маслихат шешімімен бөлінді. 6 ақпан 2008 жылы осы салынатын үйге, инженерлік желісі жүйесіне ашық конкурс өтті. Конкурс жеңімпазы Семей қаласынан «Сәуле» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Көкбай ауылындағы бала бақша ғимаратын қайта жасақтау құрылысына 10,0 млн.теңге, Құндызды ауылдық округіндегі су құбырын қайта жасақтау құрылысына 27,721 млн. теңге, бөлініп ашық конкурс жеңімпазы Семей қаласынан «Инком-Шығыс» ЖШС. Кеңгірбай би ауылдық округіне қарасты Шәкерім орта мектебін кәсіптік техникалық мектеп етіп қайта жасақтау құрылысына 169,5 млн.теңге облыстық бюджеттен бөлінді. Конкурс жеңімпазы Семей қаласынан «Тайлан» ЖШС. Осы құрылыстар толығымен бітіп мемлекеттік комиссия қабылдап, пайдалануға берілді.


5. ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ
Ауданымызда 920 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Шағын кәсіпкерлер субъектілерінен салық түсімі 9801,0 мың теңгені құрады. Жалпы шағын кәсіпкерлер субъектілерінде 1811 адам жұмыс жасайды.

Аудан бойынша 575 шаруа қожалығы тіркеліп, 1533 адам жұмыс атқарады және 3961,0 мың теңге салық түсімі түскен. Жеңілдетілген декларация және жалпыға бірдей тәртіп бойынша 149 шағын кәсіпкерлер субъектілері тіркелген, түскен салық түсімі 2893,0 мың теңге. 175 кәсіпкер патент жүйесімен қызмет атқарып, 1495,0 мың теңге салық төлеген. Заңды тұлға ретінде аудан бойынша 21 кәсіпорын қызмет атқарады және онда 196 адам жұмыс жасайды. Бұлардан түскен салық көлемі 1452,0 мың теңге.




  1. БАҒАЛАР

Ауданда апта сайын негізгі халық тұтынатын тауарларға бағаны тұрақтандыру жөнінде талдау жасалып отырады. «Кәсіпкерлік – жаңа экономиканың қозғаушы күші» деп Жолдауда көрсетілгендей әртараптандырудың өзегі кәсіпкерлік болады. Осыған байланысты Үкіметке 2010 жылдан бастап өңірлерде кәсіпкерлікті дамыту жөнінде біріңғай бюджеттік бағдарлама енгізілуін қамтамасыз етіледі және оны «Бизнестің жол картасы-2020» деп аталады. Ауданда өңірлік бағдарламаның орындалу барысы бойынша сарапшылық топ аудан әкімдігінің 19.01.2010 жылғы №158 қаулысымен құрылып жұмыс жасауда.



Бүгінгі күні жыл басымен салыстырғанда негізгі тұтыну тауарларының бағасына жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша сүт, қант, көкөністер қымбаттап, ұн, күріш арзандаған. Бүгінгі күні нанның бағасы 40 теңге. Тауарлардың қымбаттауы, негізгі тұтыну тауарларын алатын Семей қаласының көтерме сауда орталықтарындағы бағаға және де қазіргі уақыттағы ауа райының қолайсыздығына байланысты болып отыр.
Тағамдардың бағасы


Р\с

Тағамның атауы

өлшем бірлігі


бағалары


2004ж

2005ж

2008 ж

2009 ж

2010ж

1

Нан

Дана

35

35

39

40

40

2

Ұн

Кг

37

39

60

58

38

3

Шәй

қорап

120

120

250

250

250

4

Сүт

Литр

30

30

80

80

60

5

Ет

Кг

300

400

450

450

450

6

Қант

Кг

85

85

125

140

170

7

Сары май

Кг

300

300

450

450

430

8

Өсімдік майы

Литр

130

130

252

200

220

9

Картоп

Кг

35

35

86

90

47

10

Пияз

Кг

35

35

79

90

48



7. БЮДЖЕТ
Аудан бойынша 2010 жылға бюджет кірісі 1 197 419,0 мың теңгеге бекітілді. Ресми трансферттердің көлемі 1047336,0 мың теңге. Ауданның өз кіріс көздері есебінен түсім 150 083,0 мың теңге болып жоспарланды.

2010 жылдың 3 айында бюджеттің кіріс бөлігі 294 212,3 мың теңгеге жоспарланып, ол 296 541,4 мың теңгеге, 100,8 пайыз болып орындалды. Бюджеттің шығыс бөлігі 3 айда 294 212,3 мың теңгеге жоспарланып, 276 793,9 мың теңгеге орындалды, 94,1 пайыз болды. Жергілікті бюджет кірісі бірінші тоқсанға 29 300,0 мың теңгеге жоспарланып 31 628,7 мың теңгеге орындалды, немесе 107,9 пайызды құрады.



3 айдағы аудан бюджеті, %






  1. ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ

ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМА
01.04. 2010 жылға 86 отбасыға және 373 отбасы мүшелеріне атаулы әлеуметтік көмек 2143,0 мың теңге тағайындалып, 1922,0 мың теңге төленді.

Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар 1980 балаға 5883,0 мың теңге толенді. Тұрғын үй жәрдемақысы 118 жанұяға 1900,0 мың теңге төленді.

«УБА» шипа жайына 8 зейнеткер адам демалып қайтты.

Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушыларына және қатысушыларға теңестірілгендерге 5000 теңгеден 23 адамға, 345,0 мың теңге, Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілгендер,яғни ауруы ядролық сынақ салдарынан болған мүгедектерге ай сайын 2000 теңгеден 320 адамға, 2062,0 мың теңге коммуналдық қызметтерге өтемақы төлемдері төленді.

Алтын алқа, Күміс алқа, І-ІІ-дәрежелі Ана даңқы орденімен марапатталған аналарға 391 анаға 1955,0 мың тенге 4 және одан да көп 18-ге толмаған балалары бар көп балалы аналарға 250 анаға 1250,0 мың теңге 8-наурыз мерекесі мен балаларды қорғау күні мерекесіне 5000 теңгеден бір жолғы материалдық көмек төленді.

Аз қамтамасыз етілген жанұяларға аудан бойынша демеушілік арқылы 299 адамға 739,5 мың теңгенің көмегі отындай, азық-түлік, ақшадай көрсетілді.

Жалпы білім беретін мектептердің аз қамтылған отбасылардан шыққан түлектерге облыстың жоғарғы оқу орындарындағы оқуын төлеу үшін 2555,0 мың теңге әлеуметтік көмек төленді. 2007жылға Семей медициналық академиясына 2-бала, Семей педагогикалық институтына 2-бала. 2008 жылға Семей медициналық академиясына 2 бала Семей педагогикалық иниститутына 3 бала 2009жылға Семей медициналық академиясына 1-бала, Семей педагогикалық институтына 5-бала..Жиыны 15 бала грант бойынша оқуда .

Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау және төлеудің ережесін бекіту туралы Абай ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 03 наурыз № 371 қаулысына сәйкес, 2008 жылға 28 балаға ай сайын 11000 теңгеден 883,0 мың теңге жәрдемақы төленді.

01.04. 2010 жылға 86 жұмыссыз адам есепте тұр, жұмыссыздық деңгейі 1,1 пайыз.

Жұмыссыздарды әлеуметтік жағынан қолдау көрсету және жұмыссыздықты азайтудың бір түрі ақылы қоғамдық жұмысқа жіберу 70 адам жіберіліп, 2526,7 мың теңге төленді.

Кәсіптік білім беру және қайта даярлыққтан өткізуде Семей қаласындағы «Болашақ» кәсіптік мектебімен, «Семей құрылыс» колледжімен келісім шарт жасалып жұмыссыз азаматтар оқытылуда.

Жұмыссыз азаматтарға, кәсіптік білім беру және қайта даярлықтан өткізу мақсатында оператор, дәнекерлеуші, слесар-сантехник, азпазшы, сылақшы,электромонтер мамандықтарына жиыны 30 адам оқуға жіберілді, оның ішінде Жол картасы» бойынша 23 адам.

Жастар іс тәжірибесіне жоғарғы және арнаулы оқу орындарын бітіріп келген 4 жұмыссыз жастар Жол картасы» бойынша жіберілсе, әлеуметтік жұмыс орындарына 3 аз қамтамасыз етілген жұмыссыз адамдар жіберілді.

01.04. 2010 жылға жиыны 46 жұмыссыз адам жұмысқа орналасты.


Жұмыссыздық деңгейі




  1. БІЛІМ

Аудан бойынша 10 орта мектеп, 1 бастауыш мектеп-балабақшасы, 2 қосымша білім беру мектебі, 1 шағын кешенді негізгі мектеп (150 оқушы) жұмыс жасайды. Осы мектептерде жыл басында 2834 оқушы қамтылды. Мектептер бойынша 169 сынып, 165 сынып комплектісі болып отыр. Сыныптар бойынша балалардың орташа сиымдылығы 19,43%.

Абай ауданы мектептерінде 426 мұғалім жұмыс атқарады. Оның жоғары білімдісі – 372, арнаулы орта – 52, орта білімді – 2. Мұғалімдердің біліктілігін жоғарлатуда жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, 17 мұғалім жоғары санатқа өткізіліп, облысқа бекітуге ұсынылды. 9 мұғалім өз санатын қайта қорғады. Жоғары санат бойынша 49 мұғалім өз біліктілігін қорғаса, 41 мұғалім жаңадан 1 санатқа өтті. Сондай-ақ мектептер бойынша 76 мұғалім 2 санатқа өтіп, жиыны 206 мұғалім аттестациядан өтті.

М.Әуезов мектебінің жанынан интернат ашылып, балаларды тамақтандыруға 358,0 мың теңге жұмсалды. Осы тоқсанда жалпы мектептер бойынша 1-4 сынып оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін бюджеттен 6904,0 мың теңге қарастырылып, игерілді. Мектеп алды даярлық топтарына Балауса және Балбөбек ясли-балабақшасына – 3020,0 мың теңге бөлініп, игерілді.

Биылғы жылы Жол картасы аясында білім бөлімі бойынша 5 жоба іске асылылады деп жоспарлануда. Бұл жобаларға 130551,0 мың теңге жұмсалады. Оның ішінде республикалық бюджеттен 83042,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 47509,0 мың теңге. Жобаға 120 адам жұмысқа тартылмақшы.


10. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
Аудан халқына медициналық көмек 1 медицина бірлестігімен, 7 дәрігерлік амбулаториялармен, 2 медициналық пунктімен, 2 ғимаратсыз медицина қызметкерлерімен атқарылады. ШҚО Әкімінің шешімімен аудандық медицина бірлестігі құрылған.

Ауданда 42 жоғары білімді дәрігер, оның 27 квалификациялық категориясы бар–64,2%, орта буын медицина қызметкерлері–84, оның 46,4%-ында квалификациялық категория бар.

Дәрігерлермен қамтамасыз етілуі 26,1 – 10 000 халыққа облыс көрсеткіші 37,9. Медбикелермен қамтамасыз етілуі 51,0 – 10 000 адамға облыс көрсеткіші 87,2.

Медициналық қызметке жылдық мемлекеттік тапсырыс алынған стационарлық көмекті «АИС – стационар» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Ауру түрлеріне байланысты орталықтандырылған емдеу протоколдары тағайындалған.

Аудандық емханада стационарға жатқызу бюросы ашылып науқастардың қалаған емдеу мекемесінде стационарлық емделуіне кезек күттірмей берілген уақытта жатуына мүмкіндік туды. Аудандық медицина бірлестігі бойынша дәрі – дәрмек алуға СК «Фармациямен» келісім – шарт жасалды. Алайда бүгінгі күнге тапсырыс алушылар тарапынан дәріні уақытында жеткізбеу фактілері орын алып отыр. Сол себепті стационарда емделіп жатқан ауруларды толықтай дәрімен қамту мүмкін болмай отыр. 2010 жылдың І тоқсанында облыстық Денсаулық Сақтау басқармасының рұқсатымен біршама дәрілер тұрақталған бағамен сатып алынды. Осындай қиындықтарға қарамастан медицина бірлестігі бойынша шұғыл медициналық көмекке т.б. жағдайларда дәрі – дәрмекпен қамтылып отыр. Биылғы қыстың ауырлығы ұзақ уақыт тұрған қатты аяз бен жолдың болмауы, су тасқыны медицина қызметкерлеріне де оңай болған жоқ. Аудандық медицина бірлестігінде жедел – жәрдем бригадасы тағайындалған. Елді мекендерде, қыстақтарға шұғыл шақыртулар дәрігерлермен атқарылды. Оның ішінде балалар мен жүкті әйелдер болған жоқ. Ауданда төтенше жағдай орын алған кезде медицина қызметкерлеріне жергілікті әкімшіліктен үлкен көмек болды (ГСМ, көмір, жолдарды тазалауға транспорт т.б.).

2010 жылдың наурыз айынан бастап кейбір тегін берілетін дәрілер келе бастады (қант диабеті, бронхиалды астма, жүйке ауруларына, 1 жасқа дейінгі балалар тамағы, ана мен бала қобдишасы).

ҚР Үкіметінің 15.12.2009 жылғы №2131 санды Қаулысына сәйкес «Бақанас» медициналық пункті жабылды. Халық саны – 24 адам, бұл елді мекеннің медициналық көмек жайы Көкбай дәрігерлік амбулаториясына жүктелді. Фельдшердің штаты Көкбай дәрігерлік амбулаториясына қаратылды. Бұл жұмыс аудан және ауыл әкімінің кеңесшісі бойынша жасалды.

Дәрігерлер мен медбикелердің біліктілігін көтеру мақсатында 2010 – 2013 жылдарда бюджеттік қаржы арқылы оқытуға сұраныс жасалды. 2010 жылы медициналық құрал – жабдықтар алынғаны «Алкотест» жедел – жәрдем бөлімінде қолданысқа берілді.



Ұлы Жеңістің 65 жылдығы қарсаңында соғыс ардагерлері медициналық байқаудан өткізілді. 1 ардагер Москвадағы әскери шеруге қатысуға дайындалып жатыр. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасына аптасына соғыс ардагерлері жөнінде мағлұмат беріліп тұрады.
11. ҚЫЛМЫСПЕН КҮРЕС
Жыл басынан бері ауданда 10 қылмыс тіркеліп, 90,9 пайызы ашылды. Ауыр қылмыстардан 2 іс тіркеліп, 100 пайыз ашылды. Ұрлық жасау бойынша 4 қылмыстық іс тіркеліп, 75,0 пайыз ашылды. Кәмілетке толмағандар тарапынан қылмыстық іс тіркелген жоқ.

12. ДЕМОГРАФИЯ
Аудан бойынша негізгі демографиялық көрсеткіштер: ауданда халық санының азаюы байқалады. 2009 жылдың 3 айында туған бала саны –50, қайтыс болғандар саны – 28 адам, табиғи өсім 22 адам. Аудан бойынша келген адамдар саны – 108 адам, ал кеткені - 140 адам. Көші-қон сальдосы - 32 адам. Аудан бойынша 01.04.2010 жылға халық саны – 15710 адам.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет