Абай және музыка Мақсаты



Дата10.06.2016
өлшемі68.27 Kb.
#126229
Аймағамбет Күләнда Қуанышқызы

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы

Құлшар атындағы Бейнеу өнер мектебі
Абай және музыка
Мақсаты: Қазақтың ұлы ақыны Абайдың әнші-композиторлық шеберлігін, оның музыка өнеріне жоғары талап қоя білетін талғампаз бейнесін таныту арқылы,Абай әндерінің бүгінгі өмірде де, халықтың, рухани жан-дүниесін сусындатар өлмес мұра екендігін таныту арқылы ,оқушылардың бойында эстетикалық сезім, ән-музыка өнеріне деген сүйіспеншілік сезіміне ықпал етіп дамыту.
Көрнекілігі: Күйсандық , слайдтар , музыкалық орталық , баян, суреттер, нақыл сөздер жазылған

плакаттар.


Жоспары:
І.Ұйымдастыру.
ІІ. Кіріспе.
ІІІ.Негізгі бөлім.
ІV.Қорытынды.

Барысы.
Ұйымдастыру.
Кіріспе.
Мұғалім: Құрметті оқушылар! Бүгін “Абай және музыка” атты сынып сағатымыз ұлы ақын, ағартушы, композитор Абайдың ән-өлеңдерімен танысып,тыңдауға арналады.

Өнердің ішінде ерекше орын алатыны-музыка өнері.Музыканың адамзат өмірінде алатын орны ерекше.Осы адамзат тіршілігіне өте қажет іске ұлы гуманист,демократ,қазақ халқының ойшылы,ақылғой ақыны Абай қандай мән берді екен.

Ұлы ақын, ағартушы Абай музыка саласында да айта қалғандай мұра қалдырды.Өзінің асыл өлеңдерін, қара сөздерін қағазға түсіріп,кейінгі ұрпаққа жазып қалдырса, музыка жөнінде оның мұндай мүмкіншілігі болмады.Абай өмір сүрген кезеңде қазақта музыканың жазба мәдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыз дәстүрлік қалыпта еді.Сондықтан Абай әндері де қазақтың басқа халықтық ән-күйлері сияқты, ауыздан-ауызға,заманнан-заманға ауыса отырып жетті.

Музыка саласында жазба мәдениеттің болмауына қарамастан,Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі-олардың халықтың жүрегінде сақталуыға санасы сай келетін шығармалар болғандығында, халық санасынан өшпес орын алғандығында. Абай әндерінің өзгешілігі-мелодиялық,ырғақтық жақтарындағы жаңалықтарында,идеялық мазмұнының ашықтығында.

Жаңа ырғақ - өлшеу,жаңа кейіпті мелодия жолы, жаңа үн сөздіктері – осы үшеуі Абай музыкасының жаңалығы болды.

Он бір және жеті-сегіз буынды өлеңдермен айтылатын әндерге Абай әндері ұқсамайды.Абай тудырған жаңа поэзия лебі, оның әндеріне де жаңа лебіз берді.Абай орыстың әдет-ғұрып,музыкасы,қала романстарын ести,тыңдай отырып, солардан творчестволық үлгі алды.Оның үстіне Абайдың «Евгений Онегинді» аударып, «Татьянаның хатына» өзінің ән шығаруы,Дельвич пен Глинканың «Сұрғылт тұманын», Рубинштейннің «Мен көрдім», Лермонтовтың «Қараңғы түнде тау қалғып» аударып, оларға ән шығарғаны Абайдың музыка сөздігін байытуға әсер етті.

Абайдың композиторлыққа басқалардан өзгеше жолмен келуі, оның творчествосында заманының алдын ораған жаңалықтарының болуы, Абай әндерінің ырғақтық,үндік,мелодиялық жақтарының өзіне дейінгі қазақтың халық әндерінде болмаған қасиеттерге ие болуының тағы бір себебі-Абай ерекше бір музыкалық ортада болды: бір жағынан өзінің асқан музыкалық қабілетінің музыканы жан-тәнімен сүюінің арқасында қазақтың халық музыкасын жақсы біліп, Семей қаласына гастрольге келген артистердің концерттерін тыңдап көру арқылы орыс музыкасымен тікелей танысып отырса,екінші жағынан айналысына топталған өнерпаздардың кейбіреулері орыс халқының музыкалық үлгілерімен таныс адамдар болды. (өз баласы Әбдірахман, скрипкашы Мұқа). Олар Абай шығарған әндердің тыңдаушы ғана емес, бабына келтіріп орындаушы, дос пейілді кеңесшілер еді.

Данышпен Абай күй жөнінде де өте өткір пікірлер айтты. Күйдің текесіз айтылатын ән екенін сезген Абай:

Мұңмен шыққан,оралған тәтті күйге

Жылы жүрек қайда бар қозғаларлық

немесе:

Ақылдының сөзіндей ойлы күйді



Тыңдағанда көңілдің әсері бар - деді.

Бұл жолдардан Абайдың күйді жете түсінгендігі көрініп тұр.Абай орындаушылыққа үлкен мән берген адам.Шығармашылық пен орындаушылықтың 2 түрлі қабілет екенінде ол жақсы түсінді.Абай өз әндерінің шығарушысы да, әншіліктің сыншысы да өзі болды.

Халқымыз Абайды тек данышпан ақын, әрі ағартушы деп қана танып қоймай,оны көптеген әндер шығарған композитор ретінде де аса құрметтейді.Абай әндері жанға жайлы, құлаққа қонымды мелодиясымен ерекшеленеді.
Негізгі бөлім

1-оқушы: Қазақ халқының көркем жазба әдебиетінің негізін салушы Абай орыс халқының атақты ақындары Пушкин,Лермантев, Крылов творчестволарымен танысады да, кейін олардың біршама өлеңдерін қазақ тіліне аударады. Абай осы аударған өлеңдерінің кейбіреулеріне және өз өлеңдерінің бірсыпырасына ән шығарады. Абай шығарған әндер өзінің форма,әдіс,ырғағы жөнінен өзіне дейінгі және өзімен замандас халық композиторларының шығарған әндерінен ерекшелігін байқатады.
2-оқушы: «Мен жазбаймын өлеңдк ермек үшін» деген Абай музыканың да адам өміріндегі орнын, оның поэзиямен қосылғанда күші арта түсетінін сезген.Абай әнді ермек үшін де, қосымша кәсіп болсын деп те шығармаған.Ол жан жырын халыққа тек поэзия тілі арқылы ғана жеткізуді місе тұтпай, сонымен бірге халқымен музыка арқылы да тілдесуді жөн көрген.

Мұғалім: Қазір тыңдайтындарыңыз «Дос-Мұқасан» ансамблінің орындауында Абайдың «Қараңғы түнде тау қалғып» әні.Бұл әннің интонациясынан орыс әндерінің мелодиясы айқын сезіліп тұрады.
3-оқушы: Қазірде Абай өлеңдері халықтың рухани нәр алатын азығы болып отыр. Оның өлеңдерін концерттерден де, радио, теледидардан да тыңдауға болады. Абай әндері халық сахнасынан түсуге тиісті.Бұл халықтың Абай әндеріне берген бағасы болып табылады. Ұлы октябрь социалистік революциясынан кейін Абай әндерін жинау,бастыру ісі қолға алынды.
4-оқушы: Қазақтың халық музыкасын жинаушы Затевич 1925ж.Абайдың бірнеше әнін нотаға түсіріп, жариялады. 30-шы жылдарда композиторлар б:Ерзакович пен Л.Хамиди Абайдың 20-дан аса әнін нотаға түсірді. Бұл әндердің бірқатары Абайдың 2-томдық өлеңдер жиағында басылды. 1939ж.М.Мұхамеджанованың орындауымен 16 әнін нотаға жаздырды.Қазір Абай әндерінің 70-астамы музыкалық нотаға түсірілді. Бүгінде Абайдың әндері «Сегіз аяқ», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Көзімнің қарасы», «Айтшы сәлем Қаламқас», «Татьянаның әні» халық арасына кеңінен таралған.

5-оқушы: Абай тек ән шығарушы ғана емес, ән – күйдің әділ сыншысы да. Ол ән-күй жөнінде көптеген терең, үлгілі пікірлер айтты.
Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең

Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен

Ойлансаңшы,бос қақпай елең-селең


Бұл арада өлең деген сөз ән мәнісінде айтылып тұр.Ол музыканың адам өміріне туғаннан бастап, қайтыс болғанға дейін ілесе жүретінін аңғартады.
6-оқушы: Құлақтан кіріп бойды алар

Жақсы ән мен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең,менше сүй - деп ақын әнге, музыкаға,өз көзқарасын осылай білдірді.Абайдың ән жөніндегі айта қаларлықтай еңбегі - әнге өзінің көзқарасын ғана айқын қоюында емес,әнге баға беруінде,Абай әннің көркемдік қасиетінде әлеуметтік мәнін де түсінді.


Мұғалім: Ұлы Абайдың қазір тыңдағалы отырған «Көзімнің қарасы» әні лирикалық махаббат тақырыбына арнап жазған әндерінің бірі.Бұл әннің әуені қайғылы әнде адамның күйзеліске ұшыраған ішкі сезімі анық сезіледі.
7-оқушы: Абай өмір елесі, көңіл күйі болып туған, басты миды оятып жүрек тебірентететін әнді және оны дәл нақышына келістіріп, дұрыс сала білген әншіні жақсы әнші деп білді.Жақсы әнді ғана бағалайды.
Мұғалім: Р.Абдуллиннің орындалуында «Абай» операсындағы Абайдың ариясын тыңдаймыз.
8-оқушы: Ұлы ақынымыздың музыкалық өнердің әрі өзіне тән ерекшелігін, әрі әлеуметтік тәрбиелік мәнін терең түсініп, классикалық анықтамалар беруінің кейінгі ұрпақтар үшін мәні зор.Абай айналасынан ақын,әнші,композиторлардың көбірек шығуы да кемеңгер ақынның тікелей әсері.
9-оқушы: Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа

Адай оны түрленіп ауған шақта

Салған ән-көлеңкесі сол көңілдің

Тақтасына билесін ол құлаққа


10-оқушы: Шырқап,қалқып, сорғалап, тамылжиды

Жүрек тербеп, оятар басты миды

Бұл дүниенің ләззаты бәрі сонда

Ойсыз құлақ ала алмас ондай сыйды

Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар

Үннің тәтті оралған мәні оятар

Кейі зауық,кей мұң, дертін қозғап

Жас балаша көңілді жақсы уатар


11-оқушы: Адам аз мұны біліп ән саларлық

Тыңдаушы да аз ол әннен бәһра аларлық

Мұңмен шыққан,оралған тәтті күйге

Жылы жүрек қайда бар қозғаларлық


12-оқушы: Көбінесе ән басы келеді ащы

«Кел тыңда» - деп өзгеге болар басшы

Керім талғап, тауысар қоңыр күңір

Сол жеріне ойынмен араласшы


13-оқушы: Әннің де естісі бар, есері бар

Тыңдаушының құлағы кесері бар

Ақылдының сөзіндей ойлы күйді

Тыңдағанда көңілдің әсері бар


14-оқушы: Білімдіден аяман сөздің майын

Алты өлеңмен білдірдім әннің жайын

Ездің басы қаңғырсын ердің көңілі

Жаңғырсын деп ойладым айтқан сайын

Көкірегінде оты бар, ойлы адамға

Бұл сөзімнің суреті тұрар дайын

Өмірдің алды-ыстық,арты суық
15-оқушы: Алды-ойын,арт жағы мұңға жуық

Жақсы әнді тындасан ой көзінмен

Өмір сауле көрсетер судай тұнық

Жаманға жар деген – ақ әні көрінер

Жақсы ән білсе,айтуға кім ерінер

Жарамды әнді тыңдасаң,жаның еріп



Жабырқаған көңілдің көтерілер
Мұғалім: Халық арасына тараған лирикалық әндерінің бірі «Айттым сәлем, Қаламқас».Қазір осы әнді тыңдайсыңдар.
Қорытынды:
Мұғалім: Абай дарынды композитор болды, өзінің нота сауатынан хабарсыздығына қарамастан,ән шығару ісін де айта қалғандай жаңалықтар тудырды.Оның басты себебі-Абай поэзиядағы сияқты,музыкалық творчествосында да орыс халқының прогресшіл өнерінің артықшылығын түсініп, оны меңгеруге тырысты. Сөйтіп қазақтың халықтық музыка дәстүрінде ол өзіне дейін болмаған жаңа үнді, жаңа ырғақты ән шығарады. Сонымен қатар ақын, композитор,орындаушы-үшеуі бір кісі болған тұста ол қолынан келгенше, олардың арасында еңбек бөлісінің керектігін сезіп,өз ауылында,айналасында болса да, сол жұмыстың басын бастап кетті.Өзінің баяу дауысымен шығарған үлкен сырлы әндерін халық көпшілігіне жеткізудің шарасын қолданды.Композиция жағынан Абайдың музыкасы көп жанрлы деуге болады. Онда драма,сатира,трагедия,әдет-ғұрыптың жаратылыс суретін бейнелейтін тағы басқа сан түрлі музыка бар.Ал оның музыкалық сыншылығында жан-жақты арқылы, терең философиялық пікірлер жатады.Бүгінде Қазақстан композиторлары Абай әндеріне сай көптеген музыка жазуда.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет