Абай поэмалары, Өлеңдерінің идеясын түсіну, саралау, өлең курылысына сатылай талдау



Pdf көрінісі
бет2/2
Дата13.03.2024
өлшемі1.27 Mb.
#495155
түріПоэма
1   2
Абай поэмалары, Өлеңдерінің идеясын түсіну, саралау, өлең курылысына сатылай талдау

Әз м
Ескенд р
Масғұт
Ондай әңгімелі өлендерден Абай өзі ойлаған өсиеттік, адамгершілік терең тәлім-тәрбие туа
қоймайтындай көретін. Өз басының ұзақ ақындық еңбегі бойында Абай поэма жанрына анықтап зер
салған жоқ. Тек, кейін тәрбиесінен шыққан шәкірт ақындарына ғана әр алуан тақырыптар беріп, анық
поэма дерлік күрделі сюжеті бар шығармаларды соларға жазғызады. Ал, солай бола тұрса да, өзін-өзі
тежеп, ақындық шығармаға жанр жағынан да арнаулы қатал талап қойған ақынның, жоғарыда аталған,
үш поэманы жазғанын көреміз.
Бірақ жалпы алғанда, көлемдері азғана, оқиға, сюжеттері шағын шыққан осы поэмалардың да негізгі
идеясы мен мақсаты Абайдың көп лирикалық шығармаларындай, ұстаздық тәрбиелік ойларға
арналғанын көреміз. Өзі көп дәстүрлерін қабылдаған орыс классиктері: Пушкин, Лермонтовтың, не
Байрон сияқты Европа классигінің анық үлкен поэма жазудағы өрнектеріне Абай бой ұрмайды. Олардың
поэмалары кең өмірді мол қамтитын, кейде роман- поэма, кейде қалың уақиғалы, шытырман шебер
тартысы бар романтикалық поэма боп, көркем, шебер қалыптанса да, Абай сол жанрға қызықпайды.
Осы жылдарды еске алганда, Абайдың біз тексергелі отырган поэмалары, ең әуелі жоғарыда
ескерткендей, шағын халдерді алып, содан өсиеттік, ұстаздық ой туғызуға тырысады. Екінші жағынан,
Абай өзінің ұзақ шығармалар тудырарлық қуатын байқап, осы тұста тәжірибе жасап көреді.


Тарихтың Абайға артқан жүгі тек әлеуметтік мәселелер
ғана емес, ұрпақтарының алдында өзінің ақындық
міндетін, яғни әдебиет мәселесін де жүктегенін ол
жақсы ұғынды. Абай өз бойындағы барлық
мүмкіншілігін бұл жолдан да аяған жоқ. Абай қазақ
поэзиясын әрі мазмұны, әрі көркемдігі жағынан
жоғары сатыға көтерді. Өзіне дейінгі қазақ өлең
құрылыстарындағы табыстарды пайдалана отырып,
оны дамытуға күш салды. Шығыс, орыс, батыс
әдебиеттерінің ұлы классиктерінің туындыларымен
жақсы танысқан ақынды қазақ өлеңінің байырғы
түрлері қанағаттандырмады. Жаңа мазмұнға жаңаша
түр іздеді, бұл салада да Абай тарихи мәні зор ұлы
өзгерістер жасады.Қазақтың өлең құрылысы
силлабикалық өлең құрылысының жүйесіне
жататындықтан, негізгі өлшеуіші - буын. Буыны
жағынан ауыз әдебиетінің де, Абайға дейінгі тарихи
әдебиеттің де жеткен жері осы еді. Бұл түрлер қазақ
өлеңдерінде әбден тұрақталып, бекіп алған болатын.
Абай ең алдымен қазақ өлеңдерінің осы жағына көңіл
бөлді.


Абай өлеңдерінің ерекшелігі көптеген қырларынан байқалады,
мұнда тек жеке өзім тереңірек əсер алған қырлары жайлы біраз
таным-түсінігімді айтайын.
Тақырыптық жəне мазмұндық жағынан алғанда, Абай өлеңдерінде
ұлтқа, руға, тап өкілдері тағдырына қатысты маңызды қоғамдық
тақырыптар жатыр, əрі күнделікті өмірдегі талас-тартыс, адамдар
арасындағы қуаныш пен қайғы жəне сахарадағы төрт маусымның
пейзажы суреттуледі. Абай тəрбиелік мақсатта, көптеген
ынтымақты, еңбекті, ғылымды, мəдениетті, достықты, ж.т.б.
мадақтаған философиялық шығармалар жазады. Абайдың
философиялық өлеңдері, оның лирикасымен қоса өміршеңдікке
ие. Себебін қарастырар болсақ, бір жағынан, өлеңнің өзіндік
ақиқаттық астарында болса, екінші жағынан, бұл философиялық
өлеңдерде лирикамен бірдей көркемдік тартымдылық бар. Бұл
ақынның асқан суреткерлік өнерімен қоса, өзі осы философиялық
өлеңдерді жағанда шын жүректен тербеп жазуының
маңыздылығында.
Абай жырының өлмейтін өлең мəніндегі құпиясының бірі оның
құрылымында. Сол негізде Абайдың өлең құрылысын зерттеу
қашан да мəнді.
Абай ақындығының айналасын айқындай түсуде, ұлттық арқау,
шығыстық, батыстық негіздерін игеруге ұмтылуда Абаймен тұстас,
Абайдан ілгерідегі өлең түрлері мен поэтикалық тəсілдерді
тұтастай нысанаға алып отырып қазақ өлең тарихы мен
теориясының ғылыми нəтижелері ауқымындағы жинақтау мəнді
нақтылы пайымдаулар қажет.
Абайтану тарихында Абайдың өлең түрі тұрғысында бір ғасырдан
астам уақыт қарастырылып келе жатқан арнайы сала бола тұра,
қазіргі кезеңде осы мəселенің абайтанудағы өзекті жайлардың бірі
болып қалып отыр-ғандығы белгілі. Мұндағы түрлі себептердің
жай-жапсары абайтану мəселелерін ғылыми не-гізде зерделеген
белгілі ғалымдардың еңбек-терінде айтылып, қамтылып отырды.
Айқындай түсуді, нақтылай түсуді қажет етіп отырған, қайсыбір
құнды болжам, зерттеулерді ғылыми айналымға қосудағы ынта-
ықыластың кемдігінен қазақ өлеңінің даму тарихындағы елеулі
мəндердің қағаберістеу қалып отырған да жайлары бар.


ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Өмірәлиев Қ. Қазақ поэзиясының жанры мен
стилі (ХІХ ғ. бірінші жартысы). — Алматы: Ғылым,
1983. — 240 б.
2.Уәлиханов Ш. Таңдамалы. — Алматы, 1985. – 570 б.
3. Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті тарихының
мәселелері және Абай поэзиясының тілі. – Алматы:
Қазмемәдеббас, 1960. — 364 б.
4. Баласағұн Ж. Құтты білік / Көне түркі тілінен
аударған, алғы сөзі мен түсініктерін жазған
А.Егеубай. — Алматы: Өлке, 2006. — 640 б. 
5. Әбдірәсілқызы А. Қожа Ахмет Йассауидің
ақындық әлемі (монография). — Алматы: Кие»
лингвотану инновациялық орталығы, 2007. — 264 б.
6. Кенжебаев Б. Түрік қағанатынан бүгнгі дейін… /
Құрастырып, алғы сөзін жазған ф.ғ.д., профессор
Қ.Ергөбек. — Алматы: Ана тілі, 2004. — 344 б.


НАЗАРЛАРЫ
ҢЫЗҒ
А РАХМЕТ!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет