Абай туралы сөз абайдың 150 жылдығ


Өнер-білімді қайдан іздеген жөн?



бет2/3
Дата14.06.2016
өлшемі136.5 Kb.
#135854
1   2   3

Өнер-білімді қайдан іздеген жөн?

Абайға айтқызсаңыз: «Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да - бәрі орыста тұр... Орыстың ғылымы, өнері - дүниенің кілті. Оны білгенге дүние арзанырақ түседі».

Естір кұлақ тосырқайтындар тосын жауап. Тым пайда қуған, бақ қуған утилитарлык көзқарас емес пе? Мұндай акылдың патша ұлықтары таратып жүрген пікірден несі өзге? Ұлык жалба тымақты түз адамын кемсіте беруді көздейді. Абай тезірек тең етуге асығады. Оның ұғымында сол астам ортаның «Зарарынан қашық, пайдасына ортақ болу үшін де оқуын, ғылымын білмек керек... Сен оның тілін білсең, көкірек көзің ашылады. әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі соныменен бірдейлік дағуасына кіреді де, аса арсыздана жалынбайды ». Сонда бұдан шығатын қорытынды: кемсінгеннен мәдениетін меңгеріп, қомсынғаннан білімінді асырып қана есе қайтара аласың. Әйтпесе, аз бен көптің, күшті мен әлсіздің арасында басқаша теңдік болуы еш мүмкін емес екен.

Әншейін қиқарлықтай көрінетін бұл қағидасын Абай өз өмірімен дәлелдеп шыға алды. Айдаладағы киіз туырлықты ауылда жатып, орыс классикасын түгелге жуық оқып қана қоймай, шетінен қазақшаға аударып, ел арасына насихаттаумен шұғылданды. Ол аз болғандай, орыс тілі арқылы Байрон, Гете, Шиллер, Лесаж, Дюма, Мицкевичтерді зерделеп, казақша сөйлетуге тырысты. Тіпті, көне грек, ежелгі Рим дәуірлеріне тереңдеп, Аристотель мен Сократтан бастап, Спиноза мен Спенсерге дейінгі аса көрнекті ойшылдарды шұқшия зерттеді. Дарвинді ақтарып жаратылыстану жетістіктерімен танысса, Нью-Йорк университетінің профессоры Джон Уильям Дрепердін еңбектеріне ден койып, Еуропаның ақыл-ой дамуының тарихына, католицизм мен ғылымның арасындағы қарым-қатынас тари­хына қанықты. «Менің қағбам енді батысқа ауысты», - деуі де сондықтан еді.

Сезімтал ақын, сергек ойшыл, ғұлама дала тіршілігін өзге дүние тіршілігімен салыстыра зерттеп барып түсінгісі келді. Бала кезінен таныс араб, парсы тіліндегі кітаптарды қайта ақтарып, Шығыс поэзиясына, тарихына, философиясына соны көзқараспен қарап, жаңаша баға берді. Әсіресе Табари, Рабғузи, Рашид-әд-дин, Бабыр, Абылғазы еңбектеріне ерекше зейін койды. Шығыстық логика мен мұсылман құқығын үңіле зерделеді. Өз тұсындағы Кіндік Азия мен Күнгей Азияның мәдени-рухани өмірінен мейлінше хабардар отырды.

Абай зердесі тек сырткы дүниеге ғана назар аударып қоймай, ұлттық болмысты пайымдайтын төл мұраларға да көңіл бөлді. Қорқыт, Асан Қайғы, Аталык, Сыпыра жыраулар, Қодантайшы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Марғасқа, Жиембет акындар жырларындағы уайым мен жігер, Бүкар, Төле, Қазыбек, Әйтеке өсиеттеріндегі өміршілдік - Абай дүниетанымының ең тёрең және етене қабаттары еді.

Оған ғұламалар Қожа Ахмет Иассауи, Әл-Фараби, Жүсіп Баласағүн, Махмұд Қашкари, Мұхамед Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайыр, Мүхаммед ибн Қайс, Хусан Аддин Бар-шынлегінің енбектерін қоссаныз қазақ акынының көп кабатты, көп атырапты дүниетанымына еріксіз кайран калар едініз.

Екі алып кұрлықты алтын кіседей айқара құшақтатып жаткан ежелгі сахарада қалыптаскан ғұламалық ой-сананың қаншалыкты терең, қаншалықты кең қарымды, белгілі бір мәдениет, мектеп, ағым ауқымына тұтқындалмайтындай қаншалыкты бостан әрі азат болатынына көзініз жете түсер еді.

Абайдың көзшоласы кандай ұлан-ғайыр кең болса, танданған, қызыққан, жиренген, құмартқан, алған өсерлері сондай ұлан-асыр, байқаған-түйген парасат-пайымы соншама терең еді.

Бірақ оның мұншалық күрделі рухани әлеміне ерекше бір сындарлылык бітіріп тұрған әсер мен ой, сезім мен зерде, әуен мен бейне аражігін ажыратпай, айқұшақ қауышып жататын шынайы адамилық, шынайы азаматтық кемелділік. Неге де болса, даму тұрғысынан қараған, диалектикалық серпін. Тоқмейіл тоғышарлыққа бой бергісі келмейтін шыншылдық пен уайым ...

Азияның шетқақпай түкпірінде туып-өскен түз ақынына мұндай рухани рационализм, адамгершіл максимализм қайдан бітіп жүр?.. Оның шығармаларына ол кезде Еуропаның өзі түгел мойындай қоймаған, адамды басты тұлға, адамгершілікті - басты қасиет санайтын кайта өрлеу мұраттары, шын мәніндегі кайта құрушылық көзкарастар қайдан дарып жүр?

Оқыған кітаптан ба, заманнан ба, ортадан ба, күнде-күнде көз алдында көлеңдеп тұрған көңілсіз болмыстан ба?

Дұрысы - соңғысы. Қара басының өзі ел бағам деп алыс-жұлыстан мезі болып, мыңмен жалғыз алысып, әбден қажыған сананы, әсіресе, сарғайтқан - дүние түгел өзгеріп жатса да, өзгермей қойған дала тірлігі, қыр тұрмысы еді. Далиған даланың қай қиырынан да көзге ұрып тұрған - мелшиген мешеулік еді. Соны әлі ұғып болмаған аңғал жұрт еді.

Күні кеше өзінен өзгенің бәріне күлетін ауылдастарын тыңдай жүріп «бізден басқаның бәрі антұрған, ең тәуір халық біз екенбіз» деп ойлап қалған аңғал ұғыммен айналасына көз тастай барласа, кешегі келеке қылып жүргендердің бәрі озып кеткен... Біреулердің «екпеген егіні жоқ, шығармаған жемісі жоқ», саудагеріне дейін жүрмеген жері жоқ, қылмаған кәсібі жоқ». Біреулері «солдаттыққа да шыдайды, қазаға да шыдайды, молда, медресе сақтап, дін күтуге де шыдайды». Біреулерінің біз құлы, күңі кұрлы да жоқпыз», «біріміз жалшы, біріміз қош алушымыз», «бағанағы мақтан, күлген, куанған қайда?»

Абайдың ақыл-санасын түгел жаулап алған осы сауал, бұның бәрін «елемеген кісінің не дүниеде, не ахиретте басы бір ауырмай қалмаса керек». Кереңнін басы ахиретте ауыра ма, жоқ па? Ал кемелдің басы бұл дүниеде жүріп-ақ әбден дал болары сөзсіз. Бірақ ондай «үнемі уайым-қайғымен жүре аламыз ба? Үнемі қайғыға жан шыдай ма? »

Батыс пен Шығыс ғұламаларын ақтара-ақтара келіп, тапкан түйіні: құдайдың өзі де рас, сөзі де рас; ол ешкімге арам бол, қанішер бол, масыл бол деген емес; ендеше, кұдайға құлақ аспай, қулық түзелмейді; құлық түзелмей тұрып, құлқын арам ішкенін коймайды; адалға жүрмей, адам түзелмейді; адам түзелмей, қоғам түзелмейді; халық түзелу үшін әркім жеке-жеке өзін-өзі түзеуі керек. Ол үшін «қуанбасқа куанып, ұялмасқа ұялатынын» қоюы керек. Одан арылтатын жалғыз дауа: еңбек. Абайдың ұғымында: «Еңбек танымды арттырады. Еңбек естіген нәрсені бекіте түседі. Адам алған білімін ретке келтіреді, керектіні керексізден сұрыптап, ақылды болады». Сондықтан да, ол еңбекті барша игіліктің негізі, оған деген сүйіспеншілікті адамдық өмірдің басты мәні мен мақсаты деп санайды. Ал жалқаулықты барша қырсықтың, одан туындайтын жарамсақтықты барша қиянаттың, мақтаншақтықты түзелуден үмітін үзген бейшаралықтың түп атасы деп түсіндіреді. Халықты «түзелмейтін қайыршыға» айналдырмайтын амал: «Егін, сауда, кәсіп, ғылым» деп біледі. Ол тек ыждаһат пен ынта бар жерде ғана жүзеге асады. Абайдың: «Құдай саған еңбек етуге жеткілікті күш берді. Бірақ сен еңбек етпейсің. Құдай саған ғылым берді. Бірақ сен оқымайсың. Құдай саған сана берді, сен оны жоғалттың. Сен ерінбей еңбек етсең, шыдамдылыкпен іздеп, пайдалы жұмыс жасасаң - бай болар едің», - деп жазғыратыны да сондықтан.

Ол тек енбек етудің арқасында ғана адам моральдық жағынан кемелденіп, от басына, жас ұрпақ тәрбиесіне, аталық, аналык, достық, жолдастық, туысқандык парызға деген көзқарасты өзгерте алады деп санайды. Әйтпесе, атадан қалған малға масаттанған масыл, ел үстінен күн көрген жымысқы өзгедегіге көз сүзген өлермен бақастық пен ұрлықты, жалқаулық пен жарамсақтықты, қатігездік пен мансаптықты өршітпесе, үй құлкын да, түз құлкын да түзей алмайды.

Абай барша ұғымның шын мәнін ашып беретін бірден бір өлшем - еңбекке көзкарас деп санайды. Алтыншы сөзінен» мына бір үзіндіні келтірейікші: «Қазақ айтады: «Бірлік болмай тірлік болмайды», - деп. Сондағы айтып отырғаны қай бірлік?.. Қазақ ойлайды... ат ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дөулет ортақ болса екен дейді. Олай болғанда байлықтан не пайда, кедейліктен не залал? Ағайын құрымай мал іздеп не керек? Осы ма бірлік? Жоқ, бірлік - акылға бірлік, малға бірлік емес... Бірлік малға сатылса, антұрғандық... Ағайын алмай бірлік кылсын... сонда әркім несібесін кұдайдан тілейді, не шаруа іздейді... Әйтпесе, елі біріне бірі пәле іздейді... Мұның қай жерінен бірлік шықты?

«Ырыс алды - тірлік» дейміз. Кай тірлік?.. Жаны кеудеден шықпағандық па? Ондай тірлік итте де бар... Ол айтылған тірлік бұл емес. Көкірек, көзіңіз тірі болса, соны айтады. Өзің тірі болсан да, көкірегінің әлі болса, ақыл табуға сөз ұға алмайсың. Адал еңбекпен ерінбей жүріп мал табуға жігер қыла алмайсың».

Айтудай-ақ айтқан емес пе? Жалпы, біз қазір қолға алып жатқан көп бастаманың дәйектемесін басқа жақтан іздеудің қажеті жоқ. Бәрін де Абайдан табасың.

Бүгінгі халықаралық жағдайларға байланысты ұстанып отырған мемлекеттік ішкі-сырткы саясатымызға да жауапты Абайдан табуға болады. «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген жолдардан халықтар достығы ақын үшін қатар өмір сүрудің жалан дипломатиясы ғана емес, тіршіліктің негізгі мағынасын айкындайтын ұлы мұрат екені көрінеді. Ақын көзкарасын казіргі тілге салсақ, өзге елдермен достык қарым-қатынаста, ынтымақтастықта болу саясаты - біздің ел болып қатарға косылуымыздың алғышарттарының бірі. Өзге өскен ел не істесе соны істе, ғылымын, мәдениетін меңгер дейді Абай. Ол үшін өзгелермен «мәдени, экономикалық, саяси араластық керек, оның аты, бүгінгіше айтсақ, интеграция.

Ал «Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең істін бәрі бос» деген сөздері шын мәнінде ұлт болып ұюымыздың негізгі шарты. Өз халкымыздың мүддесі үшін күресте достық, татулық, бірлік керек пе? Керек. Ендеше, Абай сөзін тереңірек ұғынып, онымен өзгелерді ұялтуға емес, өзімізді өзіміз ұялтуға тырысайық.

Өзгеше тарихи жағдайда өмір сүрген қазақ халқына бұдан әрі бұрынғыша тіршілік етуге болмайтынын, заман талабына сай еңбек етіп, кәсіпті, сауданы меңгеру керектігін де бірінші айтқан Абай. Яғни, қазақ кауымына әлеуметтік реформаны да, экономикалык реформаны да бірінші ұсынған - Абай.

Жерінен, суынан, тәуелсіздігінен, билігінен айырылған қазақты құткарудың жалғыз амалы - оның рухани әлемін, елдік, адами ізгі касиеттерін сақтап калу екенін, сонда ғана оның ұлттық сипатын аман алып калуға болатынын акын жақсы түсінді. Сол үшін жан аямай күресті.

Абайды мұқият оқыған адам оньң көзкарастары күні бүгінгі нарық экономикасымен де тікелей үндес екенін айқын аңғарар еді. Абай әлемі бізді жеті түнде адастырмас Темірқазық іспетті. Соған қарап тірлігіміздің дұрыс-бұрысын сараптай аламыз. Өйткені жанды жегідей жеп жүрген көп сауалдың жауабын Абай әлдеқашан айтып кеткен. Абайды оқып отырып-ак, көштің басын баяғыда-ақ жөнге салып алуға болатын еді. Сорлатқанда, біреудің уақыты жетпейді, біреудің ұғымы жетпейді, біреудің атымен зауқы жоқ.

Әйтпесе, көп дүние әуелі сол әркімнің өзін-өзі түзей алмағандығынан өрге баспай жатыр емес пе?

Өз халқын «жұрт болсын, өссін, өнсін» дейтін әрбір азамат әуелі Абайды оқысын, Абайға құлақ ассын. «Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіннен өзін. есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісін? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей калыппысың? », - деген ақын сөзін еске алайықшы.

Егер әркім баяғыны қойып, өзгеріске ұшыраған он жыл, тәуелсіздік алғаннан бергі төрт жыл ішіндегі тіршілігін оймен шолып көрсе, қанша мүмкіндікті қапы жібергенін, қаншама нәрседен ғапыл қалғанын айқын аңғарар еді. Әуелде ағайынға, кейін өкіметке қол жайып калған, өз қамын өзі жемей, өзгеден жәрдем күтетін әлеуметтік енжарлық көп азаматымызды әліге дейін шұғыл өзгеріп жатқан уакыт талабына икемделгізбей келеді. Соның салдарынан, бейқамдық пен бейберекеттіктің қырсығынан сыртта өндіріс пен шаруа, үйде тұрмыс күйзелуде. Біреуден нұскау күтіп, әркімге қол жайып, айтпасаң білмеу, ақырмасан түсінбеу кесірінен амалдын орнына айла, істің орнына сөз, ұсыныстың орнына қолқа, дөлелдің орнына сылтау, акыл-кеңестін орнына өкпе-бопса бел алып барады.

Тарихтың берген мүмкіндігі мен табиғаттың берген байлығы әлі де болса, орнын таппай, боска зая болып жатқаны жанға қатты батады. Ол үшін сыртқа өкпелейтін ештеңе жоқ. Тәуелсіздігімізді уактылы мойындады. Қолқабыс-көмектерін ұсынды. Экономикамызды, әлеуметтік-мәдени дамуымызды көтеру жолында бірлесе әрекеттенуге әзір екендіктерін білдірді. Жан-жағымызбен тату-тәтті қарым-қатынастамыз. Алыспен де, жақынмен де алысып-берісіп жатырмыз. Нағыз іскер ахуал орнатуға не керектің бәрі бар. Жетпейтіні: Абай айтқан ынта мен ыждаһат, білуге ыждаһат, үйренуге ыждаһат, енбектенуге ыждаһат күшеюдің орнына әлсіреп бара жатқандай. Оның орнына Абай айтқан қырсыздық пен қияңқылык, «өтірік пен өсекті жүндей сабаған» даукестік пен данғойлык, өз елін өзі аңдыған» ұрлық пен «жүз қарата екі жүз аларман бар» көрсеқызарлық, қозғау салып қоздырғыш» жікшілдік пен «сөз қыдыртқан, жұрт құтыртқан партияшылдық» азаяр емес. Экономикалык белсенділікті, Абайша айтсақ, «өз жерімен, өз елімен ойрандасып, ойсыздарға қойнын ашып, мал шашумен», «халыққа қайыры бар іс бітірмей», «қардың суы сықылды тез суалар, енбек қылмай табылар мал-дәулет», саяси белсенділікті дау жоқ жерден дау іздеумен, жау жоқ жерден жау іздеумен, әлеуметтік белсенділікті ұрынарға қара таппай жүретін ұрдажықтықпен, әр нәрсеге бір тұмсық тығатын тіміскілікпен шатыстырып алу етек алып барады. Бұған ренжімегенде, неге ренжисіз? Өзімізге өзіміз өкпелеуге мәжбүрміз. Соның бәрі «Шала мейір шала байқайды» демекші, тәуелсіздігіміз бен бостандығымыздың қадірін шала ұғып, шала бағалаудан шығып жатқан кеселдер. Осы тұста ұлы ақынның: «бәйгеге ат қоссан, атыңды тартыспайтын ағайын, атың келсе, бәйгесіне өкпелейтіні қалай?.. Тыныштық іздеп, таба алмай жүрген жұрт тыныштық көрсе, сәтке тұрмай, тыныштықтан жалыға калатұғыны қалай?.. Кеселді кісі ер келетұғыны несі? Кедей кісінің кер келетұғыны несі?.. Қазақтын шын сөзге нанбай, құлак та қоймай, тыңдауға қолы да тимей, пәлелі сөзге, өтірікке серттей ұйып, бар шаруасы судай ақса да, соны әбден естіп ұкпай кетпейтұғыны калай?» деген сөздері ойға келеді. Осы бір жан айқайының бүгінгі біздін қоғамға да қатысы бар екенін естен шығармасақ болғаны.

Өздерініз жақсы білесіздер, бас қосқан ұлы жиындардың бәрінде де мен халқымыздың бірлігі мен татулығы туралы айтпай калған емеспін. Өйткені, әлімсақтан белгілі, ел болудың амалы - ішкі бірлік.

Тарихтың барлық кезеңінде даудан да, жаудан да қазақ ұтылса, тек бірлік пен татулықтың аздығынан ұтылды. Абайдың да өзегін өртеген кайғы осы болатын. Егер елде бірлік болса, Абай:

«Бас басына би болған өңкей қиқым

Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын?

... Бірлік жоқ, береке жок, шын пейіл жоқ,

Сапырылды байлығың, баққан жылқың.

Баста ми, қолда малға талас қылған,

Күш сынасқан күндестік бұзды-ау шыркың», -

деп өкінер ме еді?

Бірақ, Абай тағы да былай дейді: «...Бұрынғы ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен. Ол екі мінез қайсы десен, әуелі, ол заманда ел басы, топ басы деген кісілер болады екен. Көші-қонды болса, дау-жанжалды болса, билік соларда болады екен. «Екі тізгін, бір шылбырды бердік саған, берген сон, қайтып бұзылмақ түгіл, жетпегенінді жетілтемін», - деп жамандығын жасырып, жақсылығын асырамын деп тырысады екен. Оны зор тұтып, әулие тұтып, онан сон жақсылары да көп азбайды екен. Бәрі де өз бауыры, бәрі өз малы болған сон, шыныменен жетесінде жоқ болмаса, солардын қамын жемей кайтеді?!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет