Ақбалшық ауылдық кітапханасы



Дата03.07.2016
өлшемі7.11 Kb.
#174518
Ақбалшық ауылдық кітапханасы.

Бірлік ауылдық округінің №2 бөлімшесі - Ақбалшық елді мекені. Ақбалшық ауылының тұрғындары негізінен мал өсірумен айналысқан. 1968 жылы бригадир С.Қайыржановтың бастамасымен «Ұшқын» мал бордақылау жастар бригадасы құрылған. Ақбалшық ауылын 1970-75 жылдары Мортық ауылдық кітапханасының жанындағы көшпелі кітапхана қажетті әдебиетпен қамтамасыз етті. 1986 жылы Ақбалшық ауылдық кітапханасында Боранбаева А., 1990 жылдан Ж.Қайыржанова ,Қ Едіресовалар жұмыс істеген. Сол кезде кітапхананың кітап қоры 3600, оқырманы 112 болған. 1989 жылдан күні бүгінгіге дейін Балғазиева Зинар осы кітапханада 2009 жылға дейін өз қызметін атқарған. Бүгінгі таңда кітапхананың 4035 кітап қоры, 200 оқырманы бар. Кітапханада көптеген тұрақты көрмелер, өтілген шараларға байланысты кітап көрмелері, тақырыптық шолулар, әдеби кештер өткізіліп, әдебиеттерді насихаттауда оқырмандар көңілінен шығуда.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет