Абдиева Н. А. МӘтін және мәтінтүзу ұҒымдары


Көркем мәтіндегі дыбыстық символикалық сөздер



бет16/24
Дата10.05.2023
өлшемі242.01 Kb.
#473464
түріДиссертация
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24
абдиева нураш

2.3 Көркем мәтіндегі дыбыстық символикалық сөздер

Тілдегі сөздердің дыбыстық тұлғасы мен олардың мағынасы арасындағы байланыс мәселесі өте ерте заманнан бері зерттеушілердің назарын аударып келе жатқаны белгілі. Фоносемантика бағыты тіл білімінде ХХ ғасырдың 80 - ші жылдарынан бастап қалыптаса бастады. Бұл бағытта зерттеулер С.В.Ворониннің еңбектерінен бастау алады. С.В. Воронин ұсынған фоносемантикалық талдау, сараптау әдісі түрлі тілдер негізінде К.Ш. Хұсайын [59] , Өткелбаева С.А. [60] , және т.б. ғалымдардың зерттеулерінде жалғасын тапты.


Дыбыс еліктеуіш сөздер туралы қазақ тіл біліміндегі зерттеулерде дыбыс еліктеуіш сөздерді лексика-семантикалық, морфологиялық, синтаксистік тұрғыдан сөз тобы ретінде қарастырады.
Дыбыс бейнелеуіш (дыбыс еліктеуіш) сөздердің зерттелу тарихының екінші кезеңі К.Ш. Хұсайынның зерттеулерінде бүгінгі тіл білімінің жаңа талаптарына сай, озық әдістемелер негізінде жаңа қырынан зерттелінді. Қазақ тілінің бейнелеуіш сөздері фоносемантиканың теориялық қағидалары мен әдістемелері негізінде 9500-ден астам бейнелеуіш түбір және негіз дериватив сөздердің, қырықтан астам туыс және туыс емес тілдердің (түркі, тұңғыс-манчжур, үндіеуропалық, семиттік тілдер) негізінде олардың экстралингвистикалық сипаты ескеріле отырып, салыстырмалы-типологиялық түрде зерделенген. Қазіргі уақытта қазақ тіл біліміндегі фоносемантика теориясы саласындағы зерттеулер қатарында С.А. Өткелбаева[95],, М. Жұбанова, Б. Жонкешов еңбектерін атауға болады.
А.М.Газов-Гинзберг өзінің «Был ли язык изобразителен в своих истоках?» [61] атты монографиясында, сондай-ақ басқа да ғылыми еңбектерінде семит тілдерінің туыс емес төрт тілдік семьяларындағы дыбыс бейнелеуіш түбірлерді салыстыра келе, тілдің пайда болуындағы дыбыс пен мағынаның байланыстылығын көрсеткен. Г.Е. Корнилов идеофон және имитативтер символикалық түрде дыбыс бола тұра, жанды немесе жансыз объектілерді бейнелей алады деген пікір білдіреді [62,58]. Дыбыс бейнелеуіштік мәтіннің фоносемантикалық ұйымдасуына мүмкіндік береді, өйткені осы дыбыс бейнелеуіштік көркем мәтіннің дыбыстық формасын құрайды және реципиенттің мәтінмен ой қызметін жасау барысындағы алдыңғы материя болып табылады. Дыбыс бейнелеуіштіктің, анығырақ айтқанда дыбыс еліктеуіш пен дыбыс символдау арқасында айшықты ой байланыстары туындайды, олар мәтінге белгілі бір әшекейлік беріп тұрады. Мәтіндегі дыбыс еліктеуіш сөз мәтін бөлшегіндегі дыбысты ғана берудегі кілт элемент қана емес мәтіннің негізгі мағынасын да беруші болып табылады. Өйткені денотат негізінде жатқан, дыбыстың акустика-артикуляттық сипаттамасына қарай ол мәтіннің тереңдегі мағына суреттемесін нақты (мәтінқұру құралдарының санын барынша аз қолданып) береді және реципиентке үнділік-мағына құруға да мүмкіндік береді. Дыбыс еліктеуішті берілген тіл құралдары арқылы қоршаған болмыс дыбыстарын шартты сөз ишаралары арқылы беру деп те айтуға болады. Түбір сөздің дыбыс еліктеуіштік артикуляциясы физикалық тұрғыдан дыбыс шығудың табиғи үдерісін толығымен қайталайды деуге де болады. Дыбыс еліктеуіштік сөздердің – ономатоптардың С.В. Воронин құрастырған объективті топтастырылуы денотаттар дыбысталуының түрлі типтерінің психофизиологиялық параметрлері негізінде құрылады. Дыбыс бейнелеуіш сөздер фоносемантика теориясы бойынша екі түрге бөлінеді: дыбысқа еліктеуіш сөздер (звукоподрожательные слова), екінші түрі – дыбыстық символикалық сөздер (звукосимволические слова).
Егер дыбыс еліктеуіш сөздер үшін номинация негізіне алынатын дыбыстарға қатысты (бұл белгілер әрқашан да дыбыс болып табылады) белгілер анық болса, дыбыс символдық сөздер осындай белгілерге қатысты толық анықталмаған. Дыбыс символдық сөздердің уәжділік аясы дыбыс еліктеуіш сөздер уәж аясынан әлдеқайда кең, сондықтан анықталмаған белгісіз сипаттары да көп.
Дыбыс символдық сөздердің алғашқы денотация аясы (яғни сөздің түрлі ұғынуларға ие болмай тұрғандығы денотациялық ая) оның уәж аясына сай келеді; сондықтан дыбыс символдық сөздер қандай жағдайларда қолданылатынын анықтап алу қажет. Талдауларға қарағанда дыбыс символдық сөздер номинациясы негізіне адамның кез келген сенсорлық модальділігіне қабылданатын нысандар сыңайларын алуға болады (әрине, бұл жерде есту модальділігінен басқалар: онда ол дыбыс еліктеуіш болып кетеді). Олар көру, иіс сезу, дәм сезу, дененің сыртқы әсерлерді сезінуі , органикалық түйсіктер арқылы білінетін сыңайлардың көбі көру үлесіне келеді: қозғалыс (шұғыл/ұзақ, тез/ақырын, күрт/жұмсақ, тегіс/тегіс емес, үзік/ үзіліссіз, ретсіз, сырғыма), статика (алшақтық – жақын/алыс, мөлшер – үлкен/кіші, форма – дөңгеленген/қисайған, үшкіленген, созылған). Иіс сезіну бізге түрлі иістерді ажыратуға мүмкіндік береді, олар көбінесе жығымды/жығымсыз деп сипатталады. Дәм объектінің дәмдік сыңайлары (сипаттары) айырмашылықтарын – тәтті, тұзды, қышқыл, ащы (бұлар жағымды/жағымсыз деп те айтылады) деп қарастырады. Сыртқы әсерлерді дененің сезінуі келесі жағдайларды ажыратуға мүмкіндік береді: терінің сыртқы орта әсерін сезіну тобындағы белгілер (жанасуды, қысымды сезу, беткі қабат белгілерін – тегіс/бұдырлы; объекті фактурасы; қаттылық немесе қатқылдық, сондай-ақ серпімділік; форма), емператураны сезіну тобы (ыстық/суық), ауырсыну тобы (кесіп, сұққылап, сыздап, түйнеп, қақсап ауыру). Ашығу, шөлдеу, тұншығуды сезіну біз органикалық түйсіктер арқылы қабылдаймыз. Аталған сезіну белгілері дыбыстық сезінуден басқалардың барлығын қамтамасыз етеді. Сондықтан дыбыс символдық сөздердің «дыбыс емес» ретінде анықтау аясының уәжділігі дәлелді болып табылады. А.Б. Михалевтың топтамасы бойынша көркем мәтіннің рецепциясы барысында мәтіннің дыбыстық ұйымдасуына мүмкіндік беретін дыбыс символдық сөздердің мынадай түрлері бар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет