Абдиева Н. А. МӘтін және мәтінтүзу ұҒымдары


Жақындап ажал тұрса да, Жа



бет13/24
Дата10.05.2023
өлшемі242.01 Kb.
#473464
түріДиссертация
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24
абдиева нураш

Жақындап ажал тұрса да,
Жанына қылыш ұрса да,
Қалжырап көңлі қарайып,
Қарауытып көзі тұрса да –
Үмітін қоймас адамзат!(Бұхар жырау).
Ассонанс пен аллитерация — көркем мәтіннің дыбыстық құрылымын күшейтіп, стильдік бояуын әрлендіріп қана қоймайды, сонымен қатар мәтіннің құрылымдық компоненттерін байланыстыру қызметін атқарады. Микромәтіндер арасында келіп, оларды байланыстырады. Бірақ олардың көркем мәтінде, әсіресе поэзиялық мәтіндерде қолданылу жиілігі бірдей болып келмейді. Өлең мәтіндерінде дауысты дыбыстарға қарағанда, дауыссыз дыбыстар қайталануға оңтайлы келеді. Сондықтан аллитерация ассонансқа қарағанда поэзиялық шығармаларда жиі қолданылады. Бұл құбылыс қазақ поэзиясында толық қалыптасқан. Ассонанс аллитерацияға қарағанда сиректеу қолданылса да, көркем мәтіннің дыбыстық лейтмотивін күшейтіп түрады. Дауысты дыбыстардың, әсіресе, ашық дауыстылардың өлеңнің әрбір жолының абсолют басында қайталанып келуі ерекше интонациямен, ерекше әуенмен айтылып, мәтіннің сол бөлігін басқаларынан даралап тұрады.
Көрмей жүрсе өзіңді қайтер адам,
Күй көркіңді аңсаймын,
Қайта оралам.
Көлбесе ақша бұлтың ақ жаулықтай,
Келеді көз алдыма
Қайсар анам… ( Ф. Оңғарсынова).

Киіктей тағы ем, үркек ем,
Қайырылып, кербез керілдім.
Қайғымды серпер бүркеген,
Қайырымды жан боп көрінген.
(М. Айтхожина).
Мұндағы өлеңнің бірнеше жолының басы қатарынан бірдей дыбыстан басталып тұруы, аллитерациялық, ассонанстық анофораға құрылуы, образ жасаудағы стильдік мақсатта қолданылуымен қатар, өлеңнің үнділігі, дыбыстық әсері көзделген деуге болады.
Ақындар поэзиясының тармақ басындағы ассонанс пен аллитерацияға құрылған анофораға кеңірек баруға өлеңнің оқуға, таңдауға арналғандығынан болса керек, екіншіден, түркі поэзиясының жасалу техникасында дыбыс ырғағының көбірек сақталғандығын білдіреді. Соны өздеріне үлгі етіп алғандығы көрінеді. Зерттеушілердің айтуына қарағанда, көне түркі поэзиясындағы өлең құрылысы аллитерацияға иек артқан, ол әрі ұйқас, әрі шумақ құраушы қызмет атқарғандығы, кейде тіпті тұтас шумақтардың өн бойында біркелкі дыбыстардың қайталануының да болғандығын айтады.
Өлең мәтініндегі сөз басындағы дыбыстардың біркелкі болып (аллитерация, ассонанс) келуі дыбыс сазының, үн гармониясының табиғатын көрсетеді. Өлең жолдарындағы аллитерация мен ассонансқа құрылған анофора тәсілі мәтіннің музыкалы, үнді болып шығуы үшін ғана емес, белгілі бір стильдік мақсатпен де қолданылады, сонымен қатар экспрессивтік жүк арқалап тұруы мүмкін, өйткені осы тәсіл арқылы ақындардың ой-толғаныстары, олардың жан-дүниесі, эмоциясы байқалады
Сонымен қатар кейде дыбыстардың үйлесіп келуімен бірге, сөздің эмоционалдық мәнділігі, мәнерлілік, суреттілік белгілері, бейнелілік, әсерлік бояуы жаратылысынан деп түсіндіруге болады. Мұндай аллитерациялық тәсіл құлаққа жағымды, мәнерлі естілу қызметін атқарады. Дыбыс қайталануы сөзге әсерін тигізіп, соның нәтижесінде олардың арасында тығыз байланыс орнайды. Олар сөзден тыс қолданылмайды, бірақ сөздің құрамында белгілі стильдік реңкке ие болады. Ақындар өлеңдеріндегі дыбыстардың қайталануы арқылы жасалған сөздер орнымен қолданылып, экспрессивті – эмоционалды реңк туғызып өлең шырайын ашатын тәсіл түріндегі қызметі ерекше.
Сонымен қатар ассонанс мәтіннің ырғағын күшейтіп, көркем шығармаға музыкалық реңк беріп тұрады. Құрамында дауысты дыбыстардан жасалған қайталамалары бар өлеңнің оқылуы аллитерациялы өлеңге қарағанда әлдеқайда жеңіл, қүлаққа жағымды болып келеді. Ассонанс пен аллитерацияның арасындағы осындай айырмашылықтар қазіргі кезде жас зерттеушілердің зерттеу объектісіне айналуда. Мысалы, Ж. Исаева ассонанс пен аллитерацияның қызметін саралауға талаптанады. Ол ассонанс әуезділікті, ал аллитерация әсем айшықты үстейді деп есептейді [54,27].
Қазіргі қазақ қара сөзі де аллитерация мен ассонансқа толы. Әсіресе, бүл тәсіл көркем прозадан гөрі көсемсөз, шешендік сөз, толғау, эссе сияқты жанрларды жандандырып қоя береді. Келтіріп отырған мысалдан тек аллитерация үлгілерін ғана емес, дыбыстық тіркестердің қайталануын да байқауға болады. Р.Сыздықова осындай қолданысты аллитерацияға (не ассонансқа) қүрылған дыбыстық анафора деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет