Халықаралық ұйымдар құқығы
Халықаралық құқықтың туынды субъектілерінің қатарына халшықаралық ұйымдар жатады. Бұлар мемлекеттермен қатар, халықаралық құқық субъектісі ретінде доктриналық та, конвенциялық та тәртіпте мойындалады. Халықаралық құқықтық әдебиеттерде мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың бір- біріне өзара әсерінің неғұрлым күрделі мәселелері үкіметаралық ұйымдардың құзіретіндегі мемлекеттік егемендік пен ұлттық элементтердің арақатынасы арқылы көрінеді. Мемлекеттің егемендігі мәселесі мемлекет пен халықаралық ұйымға өз құзіретінің бір бөлігін берумен немесе халықаралық ұйымның белгілі бір функцияларды жүзеге асыруы барысындағы құзіреттерінің арақатынасы тұрғысында анықталды. Халықаралық ұйымдар мемлекеттердің жан-жақты өзара қарым-қатынстарының нысны болып табылады, мемлекеттермен қажеттілік шегінде құрылады және хаклықаралық қатынастар қажеттіліктерінен объективті түрде туындайды. Ерекше атап өтетін жайт, халықаралық ұйымдардың құқықсубъектілігі мүше мемлекеттердің ниет білдіруіне, осы ұйымның мақсаттарына, құзіреттеріне, органдар құрылымына қабылданған шешімдердің заңи нәтижелеріне тікелей байланысты, бағынышты болады.
Ұйым жарғысының заңды күшіне енуі белгілі бір құқықтық нәтижелердің туындауын қамтамассыз етеді. Мысалға, оны құрған мемлекеттен ерекше жаңа бір халықаралық құқық субъектісі пайда болады. Бірақ, сонымен қатар, халықаралық ұйым халықаралық құқықтың алғашқы субъектілеріне – мемлекеттермен ұлттар, өз егемендігі үшін күресуші халықтар тән маңызды қасиетке егемендікке емес. Мемлекет кез келген халықаралық ұйымға кіре отырып, өзінің егемендік құқығын жүзеге асырады. Сонымен қатар, мемлекетпен ұлттық ұйымдардың өзара байланыс сипаты мемлекеттік егемендіктің жіктелуіне әкеледі деп айту дұрыс емес. Егемендік- бұл мемлекеттік биліктің күрделі саяси – құқықтық қасиеті және ол саяси режим, құзірет, билік механизмі сиақты құқықтық институттарда жүзеге асады. Халықаралық ұйымдардың жарлығында шектеу бір ғана өлшем бойынша жүргізіледі, ор – құзіреттілік ( Халықаралық даму және қайта құру Банкінде, халықаралық валюталық қорда – бұл экономикалық мәселелер, БҰҰ-ның Қауыпсіздік Кеңесінде – бұл бейбітшілік пен қауыпсіздікті қолдауға байланысты мәселелер болып келеді).
Оларға:
- шаруашылық қызметтің интернационализациясын ;
- ғылыми- техникалық процесін ;
- қазіргі кездегі маңызды мәселелердің ғаламдық сипатын жатқызуға болады.
Халықаралық ұйымдар мемлекеттер мен халықаралық құқықтың басқа да субъектілері арсындағы өзара қарым- қатынасының бірден-бір маңызды құқықтық нысаны болып табылады. Халықаралық ұйымдар қызметінде неғұрлым басым, актуалды сипатқа қазіргі кездегі ғаламдық мәселелер ие. Сонымен қатар халықаралық ұйымдар егеменді мемлекеттермен қатар халықаралық қатынастарды халықаралық құқықтық реттеуде маңызды атқаратыны жалпыға мәлім.
Достарыңызбен бөлісу: |