Құдайдың жұпар иісін таратушыларға, күн сайын тәңертенгілікте, мынадай дұға оқыған жөн болады:
Мадақ саған болсын, Аллам! Шын мәнінде, мынау Сенің рахымыңның хош иісінен бет бұрған Сенің құлдарын, Сенің бірегейлігіңнің ағашында жалындаған отпен тұтанған, Сенің бірлігіңнің Синай тауындағы нұрланған жарықты көрумен олардың көздері ағартылған!
Уа, Билеуші Ием! Сені Өзіңнің халықтарыңның арасында аузына алу үшін, олардың тілдерін ағы; Өзіңнің игілігінмен және рақымынмен Саған мадақ айтуына оларға рұқсат ет, Өзіңнің періштелеріңнің тобымен оларға көмектес, Өзіне қызмет етуде, олардың белін бекем бу да, оларды Өзіңнің жаратқандарыңның ішінде Өзіңнің жетекшілігіңнің нышандары ет!
Сен, ақиқатында, Билік етушісің, Асқақсың, Күнәмізді жіберушісің, Рақымдысың!
Уа, Аллам! Тәңірім! Сенің патшалығыңның күшін сұрап тұрған, осы әлсізді көріп тұрсын! Сенің Жұмағыңның құпияларын жалбарынып сұраған осы кедей пенденді көріп тұрсын! Мәңгі өміріңнің бастауынан Сенің суынды аңсаған осы аңсаушыны көріп тұрсын! Сенің шексіз рақымын арқылы толығымен сауығуды күткен осы сырқаттанушыны, Сенің жоғарғы Патшалығында, Өзіңнің таңдаулы құлдарына сыйға берілгенін көріп тұрсың!
Уа, Билеуіші Ием! Сенен басқа, менде бөтен көмекші жоқ, Сенен басқа, бөтен жұбатушы жоқ және Сенен басқа, бөтен сүйеніш жоқ! Өзіңнің қасиетті хош иісінді таратуда және Өзіңнің халқыңның таңдаулыларының арасында Сенің Ілімінді хабарлау үшін Өзіңнің періштелерінмен маған көмектес!
Уа, Билеуші Ием! Сенің киіміңнің етегінен мықтап ұстанып, Сенен басқа, бөтеннін барлығынан мен безінейін; Өзіңнің дінінде мені шынайы ет, Өзіңнің махаббатында берік ет, Өзіңнің Кітабында маған Сен нені өсиет етсен, сонымен келісімде өмір сүруіме ізет білдір.
Сен, ақиқатында, Билік етушісің, Аса қуаттысың және Ең күштісің.
ҚҰРАМА ШТАТТАР МЕН КАНАДАНЫҢ
БАХАИЛАРЫНА ЖОЛДАУ
1917 жылдың 8 наурызында (Измаил-Аканың бөлмесінде), жазғы үйде, Абдул-Баханың үйінде, Хайфада ашылып және Құрама Штаттар мен Канаданың бахаиларына арналып жазылған.
Ол- Құдай!
Уа, сендер, ақ батаға ие болған жандар,
Патшалықтың ұлдары мен қыздары!
Құдай Құранда айтады:
«Бірін қалмай, бәрін де жол көрсетуші Құдайдың Жібінен ұстап алып және бытырап кетуден алшақ болындар». Осы тәуелді әлемде, адамдардың көптеген түрде ұжымдық ұмтылыстары тіршілік етеді, оларды адамзат ұрпағынын балаларын өзара жұмылдыруда, оларды біріктіретін орталықтар деп атауға болады. Оларға, мысалы, патриотизм, ұлтшылдық, мүдделердің бірлігі, саяси одақтастық, сондай-ақ, идеология тән; және адамзат әлемінің өркендеуі, осы ұмтылыстар өмірге қандай тәсілдермен жүзеге асады, соған байланысты.
Солай болса да, тізбектелінген құбылыстардың барлығы, өз мәнінде субстанцияны емес, үлгіні, мәндіні емес, кездейсоқтықты, үнемі бола беруді емес, өткіншіні ғана байқатады. Ұлы төнкерістер мен революциялардың жүрісінде, осыған ұқсас біріккен орталықтардың бәрі талқандалған болып шығады. Бірақ, жоғарғы Біріктіруші Орталық бар,- өз ішінде, Құдіреттінің заңдары мен ілімдерін жүзеге асыратын, мәңгі болатын- Патшалықтың Біріктіруші Орталығы. Ол Шығыс пен Батысты байланыстырып, адамзат әлемінің бірлігін орнатып, алауыздықтын қандайын болмасын жояды. Ол адамдардың барлық ұмтылыстарынан асып түсіп және қамти алады. Күңнің сәулелері тәрізді, ол өлкелердін бәрін орап алатын қаратүнекті сейілтеді және Құдіретті нұрланудың жарқылын көрсетіп, шынайы өмір сыйлайды. Қасиетті Рухтың күшімен ол ғажайыптарды жасайды: Шығыс пен Батыс бауырластық құшақта бірігіп жатыр, Солтүстік пен Оңтүстік бір-біріне қарсы ұмтылуда, алауыздықтар мен қарама-қайшылықтардың негіздері жоғалады, мақсаттардың келіспес қайшылығы жойылып, тіршілік етуге деген күресу заңы күшінен айырылады, өзінің аясында бүкіл адамзат ұрпағын жасырған, жер шарынын үстінде бірігудін шатыры құрылады. Сондықтан да, шынайы Біріктіруші Орталық, Құдіретті Ілімнің өзі, өйткені, ол өз ішіне өмірдін барлық қырларын сыйдыра алады, жалпы байланыс пен қарама-қатынастарды қамти алып және адамзатқа қажет деген заңдардың барлығын береді.
Қарандар! Бұрындары Шығыс пен Батыстың адамдары түгелдей бытыранқы болатын. Ал, бүгінде, олар, өздерін не жақындатып және біріктірсе, соған ие болды! Парсы мен Америка елдері бір-бірінен қаншалықты алыс десенші! Бірақ, Құдіретті күш те қаншалықты алапат асқан күшті десенші, осының арқасында, мындаған шақырым түкке тұрғысыз шақырым болып қалады! Бүгінде, бұрындары бір-бірінен алыс болған және біріктіретіндіктері де соншалықты аз болған әртүрлі халықтар, Құдайдың рақымымен бірлік пен келісімге келді! Ақиқатында, Оның үстемдігі өткен кезде де өзгеріссіз болды, болашақта да өзгеріссіз болып қала бермек! Және де, ақиқатында, Ол барлығына да билік етуші!
Бақтағы гүлдерге қарандар. Олар: түрлерімен, бояуымен және үлгісімен айырықшаланады, бірақ, оларды бір желдін есуі желпіп, бір күңнің сәулелері жылытады, ал олардың алуан түрлілігі, оларға ерекше әсемдік беріп, оларды одан сайын әсем етеді. Егер бақта гүлдер мен өсімдіктер, томарлар мен ағаштар өсіп тұрса, олардың жапырақтары, гүлдестелері мен жемістері бір үлгі мен бір түсте болса, көз сондай жалығып кетер еді! Бояулардың үлгілері мен әрлерінін көп түрлілігі бақты байыта түсіп әрі әсем етеді, оның сұлулығының қайнар көзі болып қызмет етеді. Сол сияқты, ойланудың әртүрлі тәсілдері, әртүрлі темпераменттер мен мінездер, бірегей Орталықтың билігімен және әсерімен біріккендіктен, даңқы мен адамның сұлулығының жарқ-жұрқ еткенін көрсетеді. Құдай Сөзінің бұ жерге жатпайтын күші бәрін билейді және барлық заттардың мәңдерінен басым түседі және жалғыз ол ғана ой-ниеттердін, пікірлердін, идеал мен адамзат ұрпағы балаларынын сенімдерінің алуан түрлілігін үндесуге алып келуге қабілетті.
Сондықтан да, барлық американ республикаларындағы сенушілер, Құдай Сөзінің күшімен қаруланып алып көтерілсін де, содан олар Құдіреттінің Ілімінің таратылуының жолы болып және адамзат әлемінің бірлігінін орнатылуының құралы болсын! Ақ батаға ие болған жаңның қайсысы болмасын, Американың түкпір-түкпірінін барлығына өмір демін апаратын қызмет етудін белбеуімен буынып алсын, олар Құдайға деген махаббаттың отымен, тірі судан және Қасиетті Рухтан шоқынуды қабылдап алулары үшін әрі қайтадан дүниеге келулері үшін кісілерді жаңа рухпен желпулері тиіс. Өйткені, Інжілде айтылған:«Тәннен туылған тән болып табылады; ал рухтан туылған рух болып табылады».
Уа, Құрама Штаттар мен Канаданың сенушілері! Осы ұлы міндетті орындауға қабілетті адамдарды таңдап алындар, немесе осы әлемнің тыныштығы мен игілігінен кім бас тартып, өзі қызмет етуге көтерілсе және Сенімді Аляскаға, Мексика республикасына және одан әрі Мексикадан оңтүстікке қарай, Орталық Американың республикаларына, Гватемала, Гондурас, Сальвадор, Никарагуа, Коста-Рикаға, Панама мен Белизге таратуға аттанса; сондай-ақ, Оңтүстік Американың республикаларына, Аргентина, Уругвай, Парагвай, Бразилия, Француз Гвионасы, Голланд Гвианасына, Британ Гвианасына, Венесуэла, Эквадор, Перу, Боливия мен Чилиге; сондай-ақ, Батыс Индия тобының аралдарына: Куба, Гаити, Пуэрто-Рико, Ямайка мен Санто-Доминго сияқты және кіші Антиль, Багам мен Бермуд жағалауларына; сондай-ақ, Оңтүстік Американың шығысына, батысы мен оңтүстігіне орналасқан аралдарға: Тринидад, Фолклендік, Галапагоссы, Хуан-Фернандес пен Тобаго сияқты. Олар сөзсіз, Бразилияның шығыс жағалауындағы, Бахия қаласында болулары тиіс. Бірнеше жыл бұрын осы қала, Бахия- осы атпен аталған болатын, бұл еш күмәнсіз-ақ, Қасиетті Рухтың еркімен жүзеге асты.
Сол жерлерде осы міндетті орындай отырып, Құдіреттінің Хабарын жария ету үшін, Құдіреттінің Ілімін таратып және барлық жерлерде мәнгі өмірдін рухын жария ету үшін Билеуші Иеміздің достары зор құлшыныс байқатулары тиіс; олардың еңбектерінін арқасында, Мәңнің Күнінің нұрлы жарығы осы елдерді көмкерсін; сонда қалған басқа елдердін барлығы оларға мадақ айтып және олардың алдарында ілтипатпен бас иетін болады. Панама республикасына ерекше назар аударындар, өйткені, осы ел екі ұлы мұхиттардың арасында орналасқан және ол арқылы Шығыс пен Батысты қосатын Панама жолы өтеді, және де оған болашақта маңызды орын анықталып берілген. Осы жерде орнатылған Құдіреттінің Ілімі Шығыс пен Батысты, Солтүстік пен Оңтүстікті біріктіретін болады.
Сендер адамзат ұрпағынынын балаларынын жүректерін қоса алуларын үшін, сендердің ниеттерін таза, еңбектерін риясыз және қасиетті болсын. Осы даңқты мақсатқа, барлық қасиетті діндердін шынайы негізі- Құдіреттінің Ілімінің күшімен ғана жетуге болады.
Құдіретті діндердін адамзат өркениетінін жоғары өрлеуіне қосқан үлесінін қаншалықты зор екенін ұғынындар! Таурат діні- шынайы даңқ пен адамзаттың өркениетіне ықпал еткенін түсініндер. Қасиетті Иса Мәсіхпен әкелінген Қасиетті Рухтың демі, қастасқан халықтардың жақындасып және бірігуінін себебі болғанын түсініндер! Қасиетті Мұхаммедтің қасиетті күшінін нақ өзі, Арабтың жартылай аралындағы соғысқұмар тайпаларын бірігіп және татуласуға алып келгенін түсініндер, сөйтіп, мындаған тайпалар біртұтас халық болып бірігіп, содан дұшпандық пен соғыстар аяқталған болатын; барлығы бірігіп, біртұтас албырттықпен, мәдениет пен өркениеттін игілігіне еңбек ету үшін олар серпілді, дамудың төменгі сатысынан ауыспайтын даңқтың биігіне көтерілді! Осы түкке тұрғысыз әлемде, Құдайдың Өзінен келген, осы Біріктіретін ұлы Орталықтан күшіменен басым түсуге қабілеті бар осы сияқты бірдене бар ма? Мұнымен салыстырғанда, ұлтшылдық, патриотизм, саяси, мәдени және инттеллектуалды құндылықтар, адамдарды біріктіретін басқа мақсаттар- балалардын ойыны ғана болып қалады!
Оны бекіту үшін Пайғамбарлардың барлығы келіп және ол Құдіретті Ілімнің мәнінен басқа, ештене де емес болып табылатын- Қасиетті діндердін ұлы Біріктіруші Орталығы, әрқайссы тәңертенгі жұлдыз тәрізді, Мәңнің көкжиегінен жарқырап, Құдіреттінің сәулелері табиғат әлемінің қара түнегін сейілтіп және адамзат әлемі ақиқаттың жарығымен нұрлануы үшін,- Америкадан тыс жерлерді көмкеріп тастау үшін еңбек етіндер. Бұл ұлы мақсат! Өздеріңнің еңбектерінде берік болындар, сеніндер- жақын арада осы әлем өзгеріп, жердін беті тамсандыратың Жұмаққа айналып және адамдардың арасында тұрақты және мызғымас заңдар орнатылатын болады.
Басқа жерлерге бағыт алушылардың қайсысы болмасын, Ілімді тарату үшін осы жалбарынуды: таулардың, шөл далалардың, жидектер мен теңіз суларының үстінен айтатың болсын:
Уа, Тәңірім! Уа, Құдайым! Сен менің әлсіздігімді, Өзіңнің жаратқандарыңның алдында бағынуымды және мойынсұнуымды көріп тұрсын; сонда да болса, Өзіңнің қызмет етушілеріңнің арасында Сенің Ілімінді жария ету үшін, Сенің күшін мен алапат қуатына сенім артып, бәрін Саған тапсырған мен, Сенің Ісіне қызмет етуге көтерілдім.
Уа, Билеуші Ием! Мен Сенің шексіз биігіне самғап ұшуға тырысып жатқан қанаты сынған құсынмын. Осыны мен қалай орындауға тиіспін, егер бұған сенің еркін болмаса және мені Сенің рақымың көмкермесе әрі Сенің көмегін мен қолдауын маған жіберілмесе.
Уа, Билеуші Ием! Менің әлсіздігімді аяшы және Өзіңнің күшінмен мені нығайт.
Уа, Билеуші Ием! Менің дәрменсіздігімді аяп, Өзіңнің ұлылығың мен құдіретінді келтіріп, маған көмекке келе гөр.
Уа, Билеуші Ием! Сенің жаратқандарыңның ең бейшарасың Қасиетті Рухтың демі нығайтқан кезде, ол неге ұмтылса да, соның бәріне жеткен болар еді және нені тілеген болса, соны иеленер еді. Ақиқатында, Сен қызметшілеріне, өткен заманда да көмекке келіп отырдың және де олар Сенің жаратқандарыңның ішіндегі ең қауқарсызы болса да, Сенің қызметшілеріңнің ең қарапайымы болса да, жер бетінде өмір сүріп жатқандардың ең бейшарасы болса да, Сенің адамдарыңның ең даңқтыларынан және адамзат ұрпағының балаларының ең бекзат дегенінен жоғары көтеріліп жеңіске жетіп, Сенің еркінмен және рақымыңмен олар салтанат құрып отырды. Бұрын құртақандай жәндік болған ол, патша бүркіт тәрізді болған еді, бұрын ақырын аққан шалшық су ағыны сияқты болған олар, теңіз сияқты бола бастады және де бұл Сенің игі еркіңнің арқасында және рақымынмен ғана жүзеге асып отырды. Сенің ұлы еркінмен, олар жетекшіліктің көкжиегінде жарқыраған жұлдыз болып көтерілген, өлмейтін бақтарда әң салатын құстай самғап ұшты, білім мен даңалықтың шоқ тоғайында ақырған арыстандар тәрізді болып, өмір мұхитының суларын кешіп жүретін киттерге айналды.
Сен, ақиқатында, Рақымдысың, Ең құдіреттісің, Күштісің әрі Қайырымдылардың барлығының ішіндегі Ең рақымдысысың.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ----------------------------------------------------------------------------
СОЛТҮСТІК- ШЫҒЫС ШТАТТАРЫНДАҒЫ
БАХАИЛАРҒА ЖОЛДАУ ------------------------------------------------------
ОҢТҮСТІК ШТАТТАРЫНДАҒЫ
БАХАИЛАРҒА ЖОЛДАУ ------------------------------------------------------
ОРТАЛЫҚ ШТАТТАРДЫҢ
БАХАИЛАРЫНА ЖОЛДАУ ---------------------------------------------------
БАТЫС ШТАТТАРЫНЫҢ
БАХАИЛАРЫНА ЖОЛДАУ----------------------------------------------------
КАНАДА БАХАИЛАРЫНА
ЖОЛДАУ ---------------------------------------------------------------------------
ҚҰРАМА ШТАТТАРЫ МЕН КАНАДАНЫҢ
БАХАИЛАРЫНА ЖОЛДАУ-------------------------------------------------------
ҚҰРАМА ШТАТТАРЫ МЕН КАНАДАНЫҢ
БАХАИЛАРЫНА ЖОЛДАУ -------------------------------------------------------
ҚҰРАМА ШТАТТАРЫ МЕН КАНАДАНЫҢ
БАХАИЛАРЫНА ЖОЛДАУ -------------------------------------------------------
СОЛТҮСТІК-ШЫҒЫС ШТАТТАРЫНЫҢ
БАХАИЛАРЫНА ЖОЛДАУ --------------------------------------------------------
ОҢТҮСТІК ШТАТТЫҢ
БАХАИЛАРЫНА ЖОЛДАУ---------------------------------------------------------
ОРТАЛЫҚ ШТАТТАРДЫҢ
БАХАИЛАРЫНА ЖОЛДАУ --------------------------------------------------------
БАТЫС ШТАТТАРЫНЫҢ
БАХАИЛАРЫНА ЖОЛДАУ---------------------------------------------------------
КАНАДА БАХАИЛАРЫНА
ЖОЛДАУ --------------------------------------------------------------------------------
ҚҰРАМА ШТАТТАРЫ МЕН КАНАДАНЫҢ
БАХАИЛАРЫНА ЖОЛДАУ-----------------------------------------------------------
Достарыңызбен бөлісу: |