Абдуллина г. К


Меңгерген білімді бекітуге арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет37/80
Дата21.02.2024
өлшемі1.97 Mb.
#492611
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   80
Абдуллина-Г.К.-Тілдік-кемістіктер-себептері-мен-қалыпқа-келтіру

Меңгерген білімді бекітуге арналған сұрақтар: 
1. Күрделі кемістіктер туралы ғылыми зерттеулер. 
2. Кемістіктердің эндогенді және экзогенді себептері. 


80 
3. Эмбриондық даму кезеңіне сипаттама. 
4. Жүре пайда болатын кемістіктердің шығу себептері. 
5. Нейроинфекциялардың сөйлеу тіліне әсерлері. 
6. Орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануымен байланысты 
тілдік бұзылулар. 
7. Афазия және оның түрлері. 
8. Алалия және сенсорлы, моторлы түрлері. 
9. Сенсорлы алалиясы бар балалардың психологиялық-педагогикалық 
және сөйлеу тіл ерекшеліктері. 
10. Дизартрия және себептері. 
11. Орталық 
жүйке 
жүйесінің 
функционалдық 
өзгерістерімен 
байланысты тілдік кемістіктер. 
12. Тұтығу және оның себептері, түрлері. 
13. Ерте жастағы аутизм және мутизм. 
14. Балалар аутизмнің классификациясы. 
15.  Артикуляцияның органикалық - құрылымдық кемістіктерімен 
байланысты тілдік бұзылулар. 
16. Дислалия және ринолалия. 
ІІІ. ЛОГОПЕДИЯЛЫҚ ӘДІСТЕР АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕУ ТІЛІНДЕГІ 
КЕМІСТІКТЕРДІ ТҮЗЕТУ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 
3.1 Бала сөйлеу тіліндегі кемістіктерді анықтау мен
түзету – қалыптастыру 
 
Бала сөйлеу тіліндегі кемістіктерді анықтау мен түзету – 
қалыптастыру 
тілдік 
кемістіктердің 
күрделі 
және 
қарапайым 
зақымдануларына байланысты болады. Тілдік кемістіктердің бұзылу 
түрлерін түзету мен сауықтандыру, қалыпқа келтіру үшін сөйлеу тілі 
кемістіктерінің деңгейін, симптоматикасын, көріністері мен ерекшеліктерін, 
кемістік пайда болған уақытын жете білу қажет. Тіл кемістіктері тілдік 
қарым-қатынастың жалпы қабылданған мөлшерден ауытқуы, өзінің 
тұрақтылығымен және өз бетімен кетпейтіндігімен ерекшеленеді. Тіл 
кемістіктерінің жас ерекшелігіне қарай физиологиялық тілдік кемістіктер 
кездеседі: дыбыстардың айтылуы бұзылуы 5 жасқа дейінгі балаларда жиі 
кездеседі және бұл жағдайлар артикуляциялық мүшелердің қозғалысы 
дамуының жеткіліксіздігімен және феноменологиялық есту қабілетінің 
нашар немесе жеткіліксіз қалыптасуымен түсіндіріледі.
Логопедиялық әдістер былайша жіктеледі: 
1 - топ: ұйымдастыру әдістер: салыстыру, лонгитюдиналды (даму 
барысында зерттеу), кешенді. 
2 - 
топ: 
эмпирикалық 
әдістер: 
обсервациялық 
(бақылау), 
экспериментальді 
(зертханалық, 
табиғи, 
қалыптастырушы, 
психологиялық –педагогикалық), психологиялық –диагностикалық 


81 
(тестер, анкеталар, сұқбаттасу), биографиялық (анамнез бойынша 
мәліметтер жинау және оларға анализ жасау). 
3 – топ: жинаған мәліметтерді ЭЕМ қолдану арқылы сапалық және 
сандық (математика –статистикалық) талдау. 
4 – топ: интерпретациялық әдістер, зерттеу құбылыстары арасындағы 
байланысты теория жүзінде зерттеу тәсілдері (тұтас пен бөлшектердің, 
жалпы құбылыс пен жеке параметрлердің, тұлға мен функциялар 
арасындағы байланыс).
Сөйлеу тілінің бұзылуларын жою – бұл сөйлеу тілі бұзылған жеке 
тұлғаны арнаулы тәрбиелеуге бағытталған, ерікті процесс, сөйлеу тілін 
дұрыстап түзете оқытатын процесс. Сөйлеу тілінің кез келген бұзуларын тіл 
мөлшерімен және сөйлеу тілімен салыстыру белгіленген. Кез-келген сөйлеу 
тілінің бұзылуының пайда болуы мен құрылу механизмінің себептері 
болады. Кез-келген сөйлеу тіліндегі бұзылулар адамның психикалық іс-
әрекетіне әсер етеді. 
Логопедияның міндеті: тіл кемістіктерін түзету және профилактикасы. 
Жұмыс жүргізу бағыттары: 
1. Тіл кемістігін түзейтін арнаулы мамандарды даярлау.
2. Тіл кемістіктерін жоятын арнаулы әдістерді ойластыру.
3. Тіл кемістіктерінің себептерін зерттеу, статистикалық мәліметтер 
жинау.
4. Тіл кемістіктерінің адам психикасына әсерін зерттеу.
5. Мектепке дейінгі, мектеп және медициналық мекемелерде 
логопедиялық жұмыстармен қамтамасыз ету.
6. Тіл кемістігінің түрлі формаларында сатылы диагностиканың 
теориясы мен практикасын жетілдіру.
7. ТОҚ, лабораториялық – эксперименттік құрал – жабдықтарды жасап 
шығару, оқу процесіне компьютерлік техниканы енгізу.
8. 
Отандық 
және 
шетелдік 
логопедияның 
теориясы 
мен 
практикасындағы жетістіктерді саралау. 
Шеткі сөйлеу аппараты негізінен үш бөліктен тұрады:
1 – Тыныс алу бөлігі
2 – Дыбыс шығару бөлігі
3 – Дыбысты құбылтып – өзгерту бөлігі.
А.Куссмауль зақымдану түріне қарай тіл бұзылуларын бес топқа 
бөледі. 
1. Кортиналды бұзылулар. Түрлі анализаторлардың іс-әрекеттерінің 
бұзылуларымен байланысты.
2. Дислогиялық бұзылулар. Интеллектың аурушаң күйімен байланысты.
3. Спазматикалық бұзылулар. Логоневроздар 
4. Тіл мүкістігі (косноязычие - бұрмалау)
5. Саңыраулар мен нашар еститіндердің тіл бұзылулары.
6. Жазудың бұзылулары. 
Тіл бұзылуларының клиникалық – педагогикалық классификациясы


82 
1. Тілдің формасының бұзылуы (ауызша немесе жазбаша).
2. Тіл іс-әрекетінің бұзылу түрі (айту, тыңдау, жазу, оқу)
3. Тілдің қабылдау немесе сөзді түсіну кезеңдерінің бұзылуы.
4. Өз ойын айтуды көркемдеуді орындайтын операцияның бұзылуы.
5. Өз ойын айтуды көркемдейтін қажеттіліктерін бұзылуы.
Осы классификация бойынша барлық тіл бұзылулары екі топқа 
бөлінеді: ауызша және жазбаша. Ауызша сөйлеу тілінің бұзылуы: 
1. Айтылатын ойды көркемдеудің сырттай бұзылуы.
2. Айтылатын ойдың ырғақты әуезді құрылымы бұзылуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет