Абдуллина г. К


 Орталық және перифериялық тілдік аппараттар



Pdf көрінісі
бет7/80
Дата21.02.2024
өлшемі1.97 Mb.
#492611
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   80
Абдуллина-Г.К.-Тілдік-кемістіктер-себептері-мен-қалыпқа-келтіру

1.3 Орталық және перифериялық тілдік аппараттар 
Тілдің тіл болуы үшін ең қажетті фактор – ойлау, пайымдау екені 
белгілі. Адамның ми қабатында жинақталған ой тіл арқылы сыртқа 
шығады, сөйлеу арқылы бейнеленеді, көрініс табады. Адамның ойы тілдік 
элемент арқылы неше мәрте айтылса да, белгілі бір сөйлеу жүйесіне 
бағынбаса, түсініксіз болады. Ой тілге әсер етеді, сөзден пайда болады. 
Сөз ойлаудың құралы: - сана мен естің, ақпараттың тасымалдаушысы; 
өзінің және басқа адамдардың қылықтарын реттеу мен басқару құралы. Тіл 
мен ойлау ажырамас бірлікте. Ойлау процесін іске асыру үшін ең алдымен 
физиологиялық процестер анализаторлардың мидағы ұштарының 
арасында туып жатқан уақытша жүйелік байланыстардың (шартты 
рефлекстердің) маңызы өте зор. Шартты рефлекстер екінші сигналдардың 
әсерінен туындайды. «Сөйлеу органдарынан ми қыртысына баратын 
кинестезиялық тітіркендіргіштер (қозғалыс) екінші сигнал болып 
табылатын сигналдардың сигналы» (И.П. Павлов). Адам сөзінің 
түсініктілігі мен мағыналылығы сөздік органдағы қалыптасқан 
қозғалыстардың нақтылығы мен автономдылығына (шапшаңдылығы мен 
жылдамдығы) байланысты. 
Сөз, сөйлеу, тіл – бас ми қабығының ең жоғарғы функциясы, 
адамдарға ғана тән қарым-қатынас құралы. А.В. Петровский мен М.Г. 
Ярошевскийдің айтулары бойынша, тіл әрекет барысында қалыптасқан 
тарихи құбылыс. Сөздің, тілдің атқаратын функциялары: коммуникативті, 
интерактивті, перцептивті. Сөз – ойлаудың құралы; сана мен естің, 
ақпараттың тасымалдаушысы; өзінің және басқа адамдардың қылықтарын 
реттеу мен басқару құралы. Тіл мен ойлау ажырамас бірлікте. Ойлау 
процесін іске асыру үшін ең алдымен (физиологиялық процестер) 
анализаторлардың мидағы ұштарының арасында туып жатқан уақытша 
жүйкелік байланыстардың (шартты рефлекстердің) маңызы өте зор. 
Шартты рефлекстер екінші сигналдардың әсерінен туындайды. «Сөйлеу 
органдарынан ми қыртысына баратын кинестезиялық тітіркендіргіштер 
(қозғалыс) екінші сигнал болып табылатын сигналдардың сигналы» (И.П. 
Павлов). 
Сөздің жасалуына бас ми қыртысының барлық бөліктері қатысады. 
Әсіресе доминанттық бөлікте орналасқан ми қабықасты аймақтары: көру, 
есту, қозғалыс. Сол жартышардың самай тұсында дыбыстық 
тітіркендіргіштерді қабылдау (Вернике орталығы) мен дифференциялау 


20 
аймағы бар. Самай аймағында өте күрделі процесс – сөзді түсіну жүзеге 
асады. Маңдай иірілімдерінің төменгі тұсында сөздің қозғалыс аймағы 
(П.Брока орталығы) орналасқан және сөздік айтылулардың бағдарламасы 
мен әр адамның ауызша сөзін жүзеге асыратын функциялар орналасқан. 
Ал бас мидың желке тұсы – көру аймақтары, жазбаша сөзге қатысты 
графикалық бейнелерді тану мен қабылдау функцияларын атқарады. 
Сөздік әрекетте бас мидың төбе аймақтары өте маңызды: орталық жүйке 
жүйесінен келген сөздің қозғалыс импульстарын талдайды және 
қабылдайды.
Орталық жүйке жүйесінен келген сөздің қозғалыс импульстары сөздік 
кинестезия деп аталады. Олар кері афферентті байланыстарды тудырады. 
Кері афферентті байланыстар – тілдік бұлшықеттердегі артикуляциялық 
органдардың қозғалыс импульстарын жоғарғы жүйке жүйесіне 
тасымалдаушы функциясын атқарады. Осы кері байланыстарсыз тілдің 
дамуы мүмкін емес, себебі: тілдік бұлшықеттердің қозғалыстарын 
меңгеретін дағдылар мүмкіншіліктері – тілдік праксис қалыптасып 
дамымайды. Тілдік праксис дегеніміз – қалыптасқан тілдік қозғалыстардың 
автоматты орындалуы. 
Сөйлеудің нақты жаңғыртылуын сөйлеудің кері байланысы, сонымен 
қоса сөз құрастырушы мүшелердің бұлшық ет және буын рецеторларынан 
бақылайды. Сөйлеуді реттеу мидың лимбикалық жүйесі көмегімен жүзеге 
асырылады, сөйлеудің интонациялық және эмоциональды мінездемесі 
анықталады. Мидың басқа да қабықасты құрылымдары да сөйлеу 
функциясында қатысады. Қыртысты қабаттың негізгі бөлімі ми 
сыңарларының ішкі беті лямбиялық аймаққа жатады. Лимбиялық аймақ
лимбиялық жүйенің құрамына кіреді: 
- Лямбиялық жүйеде бірнеше маңызды орталықтар - тыныс алу, қан 
айналым, қан қысымының, дәм немесе иіс сезуші орталықтар 
жинақталған.
- Сонымен бірге, ішкі органдардың қызметіне байланысты 
анализаторлар да жайғасқан. 
- Лямбиялық жүйе - сезуші бағананы гиппокампты, миндаль тәрізді 
денелі, гиппоталамусты, таламус, кейбір ядроларды, белдік,
гиппакампалық және тісті қыртыстарды қамтиды. 
Сенсорлық жүйе дегеніміз – сырттан келетін әсерлерді сезім 
мүшелеріне жеткізетін; анализдеу, конфронтациялау (қарсы келу немесе 
төтеп беру) және тану қызыметін атқаратын ми бөлігі. Сенсорлық жүйе 
таным үрдісінің фундаментальды негізі болып табылады. Сенсорлық жүйе 
болмаса таным да болмайды. Сырттан келген ақпараттарды қабылдау және 
өңдеу механизмін түсіну үшін ми құрылымындағы атқаратын 
функциялардың маңызын жоққа шығармаймыз.
Сенсорлық жүйе сыртқы және ішкі болып екіге бөлінеді. Сыртқы 
сенсорлық жүйе экстрорецепторлармен қамтылған, яғни сырттан келетін 
тітіркендіргіштерді қабылдайды. Экстрорецепторлар дистанттық (түстер, 


21 
дыбыстар, иіс сезу рецепторлары кіреді) және контактілі (байланысты: 
олар тері және дәм сезу) болып келеді. Ішкі сенсорлық жүйелердің 
рецепторлық аппараттары интерорецепторлармен қамтылған, яғни 
организмнің барлық ішкі жағдайларындығы қан тамырларының ішкі жағы, 
ішкі органдардағы, бұлшық еттердегі, буындардағы, қаңқа сүйектеріндегі 
және т.б. тітіркендіргіштерді реттеп отырады. 
Тілдің пайда болуы мидың эволюциялық дамып жетілуімен тығыз 
байланысты. Дыбысты тіл еңбекпен бірге адам санасы дамуының негізгі
бір факторы болып табылады. Сондай ақ тіл арқылы жеке адамның 
тәжірбиесі, санасы ұжымның басқа мүшелерінің игілігіне айналды. 
Осының арқасында адам жеке дыбыстарды ғана емес, түрлі дыбыс 
тіркестерін, тиісті мән мағынасы бар сөздерді айта алатын қабілетке ие 
болды.
Сөз немесе тілдік сөйлеудің дер кезінде пайда болып, дұрыс дамуы 
үшін ұрықтан түзілу сәтінен бас мидың барлық бөліктері және барлық 
аналаизаторларының толық, әрі аман-сау күйінде қалыптасуы аса 
маңызды. Сөздік әрекеттің қалыпты дамып жетілуі үшін бас мидың және 
жоғарғы жүйке жүйесінің барлық бөліктерінің өзара функционалды тығыз 
байланыстары болуы қажет. Ми қыртысының түрлі бөліктерінің 
құрылыстық ерекшеліктерін оның архитектоникасы деп атайды. Ми 
қыртысындағы клеткалардың көлемін, пішінін, олардың ми қыртыс 
қабаттарында орналасуын және әрбір қабаттың қалыңдығын, ондағы түрлі 
клеткалық 
элементтердің 
бір-бірімен 
сандық 
қатынастарын 
(цитоархитектоникасы) т.б. өте ұқыптылықпен зерттеу нәтижесінде, үлкен 
ми сыңарлар қыртысының бетін толып жатқан алаңдарға бөлуге мүмкіндік 
туды. Кешірек ми қыртысының миелинді талшықтарының орналасуы мен 
құрылыс ерекшеліктерін зерттеуге кірісті (милоархитектоника).
Адам миы симметриялы ағза. Алайда олардың әрекеттері әртүрлі 
болып, әралуан іс-әрекетті меңгереді. Мидың әрекеттік асиметриясы екі 
жағдайда байланысты:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет