Абдуллина г. К


Есту қабілеті зақымдалған балалармен жүргізілетін жұмыстар



Pdf көрінісі
бет45/80
Дата21.02.2024
өлшемі1.97 Mb.
#492611
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   80
Абдуллина-Г.К.-Тілдік-кемістіктер-себептері-мен-қалыпқа-келтіру

3.6 Есту қабілеті зақымдалған балалармен жүргізілетін жұмыстар 
 
Есту қабілеттері зақымдалған балалардың ауызша сөйлеу тілін 
түсініп, қабылдаулары негізінен көру анализаторларының көмегімен, яғни 
еріннен оқып, танумен тығыз байланысты екендігіне тоқталған Ф.Ф. Рау: 
«Нақты сөздерге және сөз тіркестеріне сәйкес түсініктің пайда болуы, 
негізінен естімейтін адамның есінде сақталған тілдік бейнелердің 
белсенділендіру нітижесінде іске асады, сонымен қатар мәтіннің негізгі 
мағынасына қарай және естімейтін адамның жиналған өмірлік және тілдік 
тәжірибесіне байланысты деген. Ана тілін меңгерудің маңызды 
физиологиялық түбірі болып есту және естіп қабылдаумен және ауызша 
сөздерді айтумен, олардың түрлі үйлестірулермен байланысты. Бас ми 
қабында сақталып қалған бұл үздік жүйе, қажетті ішкі сөйлеу тілі мен тілдік 
ойлауың алғы шарты. 
Ал, 
естімейтін 
бала 
барлық 
фонемаларды 
дұрыс 
айтуды 
меңгермейінше, оның сөйлеу кинестезиялары сөздердің фонетикалық 


100 
өзгешеліктері мен грамматикалық формаларын толық меңгеруге 
мүмкіншілік бермейді. Бұл баланың сөздік қорының дамын, сөйлеу тілінің 
грамматикалық жақтарын меңгерулерін тежейді. 
Ауызша 
сөйлеу 
тілі 
арқылы 
іске 
асатын 
күнделікті 
айналасындағылармен сөйлесу үдерісінде қолдау табатын ойлауға 
негізделген артикуляциялық сөйлеу, күрделі және төтенше қозғалмалы дем, 
дауыс, артикуляциялық аппарат атқаратын экспрессивті мүмкіншіліктерінің 
айтарлықтай маңызы бар. Еліктеу шығармашылық элементпен тығыз 
байланысты. Сөздің фонетикалық жағын толық және нақты айта алмайтын 
жағдайдағы бала, негізгі сөзді құрайтын фонемаларды айтуды мінездейтін, 
сөздің ырғақ, буындық құрылымдық бейнесінен әлде- қайда өзгешеленетін, 
сөздің жеке өзіндік моделін өзіне ыңғайлап құрастырып алады. 
Айналасындағылардың сөйлеу тілі тәрізді, тіпті үш жас аралығында 
баланың өзіне тән сөйлеу тілінің дыбысталу жағы, оның санасының 
қалыптасуына негіз бола бастайды. Ырықты танымдық іс- әрекет, яғни 
шығармашылық элемент дыбыс айтудың қалыптасуына ерекше тән қасиет. 
Баланың дыбыс айтуын жетілдіретін басты күш, ауызша сөйлеу тілін 
қарым- қатынас құралы ретінде қажет етуі және оның маңыздылығын 
түсінуі. Есту қабілеті зақымдалған балалардың психикалық даму 
ерекшеліктерін анықтау үшін, олардың қарым-қатынас құралдарының 
жалпы және спецификалық заңдылықтарын ашып, сөйлеу тіл түрлерінің 
қалыптасу ерекшеліктерін білу қажет. Онсыз есту қабілеті зақымдалған 
балаларды дұрыс оқыту мен тәрбиелеу жұмысын ұйымдастыру мүмкін 
емес.
Есту қабілеті зақымдалған балалар сөйлеу тілін көріп қабылдау арқылы 
танып, тілдік қимыл сезімдері арқылы бекітеді. Олар сөйлеу тілінің 
интонациялық мәнерлік құрамдары мен оларды естіп қабылдауға, еліктеуге 
мүмкіншіліктері болмайды. ХХ ғасырдың соңғы онжылдығында есту 
қабілеті зақымдалған балалардың есту қалдығын дамытуға үлкен назар 
аударыла бастады. Осыған орай сурдопедагогтар психолог мамандармен 
бірлесе отырып, осы күрделі де өзекті мәселені шешу жолдарына аса 
жауапкершілікпен қарағаны абзал. Естіп - көру арқылы сөйлеу тілін 
қабылдау негізінен келесі жағдайларға байланысты: 
- біріншіден, естімейтін балалардың көпшілігінде есту резервтері 
болады, яғни сөйлеу тілінің фонетикалық құрылымын құрайтын қандай да 
бір элементін потенциялды қабылдау мүмкіндігі. Ол дыбысты күшейту 
қажеттілігінде таныс сөздер мен тіпті сөз тіркестерін тануға мүмкіндік 
береді. Қабылдау үшін сөздердің ритмикалық контуры, кейбір 
интонациялық компоненттері (құрауыштары) болуы мүмкін. 
- екіншіден, сөйлеу тілінің акустикалық құрылымын ескеру қажет. 
Мысалы, интонацияны алатын болсақ, оның компоненттерін – 
динамикалылығы, темпоралдылығы, әуезділігі құрайды. 
- үшіншіден, қиын жағдайда сөйлеу тілін қабылдау (есту, еріннен оқу, 
оқу) сөйлеу тілі жүйесінің моторлық бөлімін белсенділендіреді: жаттығулар 


101 
орындау процесінде жетілмеген акустикалық бейнелер сөздерді 
компенсаторлы түрде естулерін қалыптастырады. 
төртіншіден, сөйлеу тілін естуді дамытудың басты жағдайы, арнайы 
дыбыс ұлғайтатын аппараттардың көмегімен немесе жеке аппараттың 
көмегімен коршаған ортадағы сөйлеу тілін қабылдауға мүмкіншілік туғызу, 
яғни жағдай жасау. Сол кезде есту, көру кинестетикалық функциялар 
арасында байланыс туындап, естімейтін балалардың сөді айтуы мен 
қабылдауы қалыптасып, айтарлықтай дұрыс дамиды. 
Есту қабілеті зақымдалған балалар оқыту процесінде ауызша, 
жазбаша сөйлеу тілімен қатар, дактильді сөйлеу тілін меңгереді. Ол қол 
саусақтарының ауадағы мақсатты түрде қозғалысы нәтижесінде құрылған 
сөйлеу тілінің өзіндік кинестетикалық формасы. Ал, саусақ қозғалыстары әр 
халықтың өзіне тән әріптерін бейнелейді. Мысалы, дактильдік әліппедегі 
диктилемалар әріптерді бейнелейді. 
Дактильді сөйлеу тілін меңгерген естімейтін бала, міндетті түрде 
дұрыс жазу ережесіне сүйенеді. Егер ол элементтер саны бойынша жазбаша 
сөйлеу тілін құраса, аналогиялық фунциясы бойынша ол ауызша сөйлеу 
тіліне сәйкес келеді. Дактильді сөйлеу тілі естіп-көру арқылы қабылдауды 
қиындырақ тудыратын дыбыстар (Г, К, Х). 
Ымдап (қол - қимыл) сөйлеу тілі – есту қабілеті зақымдалған 
балаларға айналасындағы адамдармен қарым- қатынасқа түсуге мүмкіндік 
беретін, қалыпты сөйлеу тілін компенсациялау (алмастыратын) қызметін 
атқаратын өзіндік сөйлеу тілі. Ымдық сөйлеу тілін қалыптастыру және оның 
қарым- қатынас процесінде қолданылуын, естімейтін балаларды оқытудағы 
рөлін Г.Л.З айцеваның зерттеу жұмыстарынан көруге болады. 
Бала психикасының дамуының бастапқы кезеңінде ымдап сөйлеу тілі 
экспрессивті – мимикалық және қарым- қатынастың заттық элеметтік 
құрамы ретінде пайда болады: қарым- қатынасқа қажеттілік туындағанда 
балалар айқын мимикамен үйлескен ымдық сөйлеу тіліне жүгінеді. 
Жақындармен қарым- қатынасқа түсуге талпынап, өз қалауларын жеткізуге 
тырысады. 
Ең алдымен нұсқаулық ымдар, кейін әрекетті бейнелейтін нақты 
ымдық сөйлеу тілі қолданылады. Ымдық сөйлеу тілі танымдық және 
практикалық іс- әрекеттің нәтижелілігімен бірге қалыптасады. Көрнекі 
бейнелер ым арқылы көрсетіліп, жалпылау түрде шынайлылықты білдіреді. 
Ымдық сөйлеу тілінің келесі ерекшеліктері көпымдылығы (Р.М.Боскис 
бойынша) яғни, бір сөзге бірнеше ым сәйкес келетіндігі. Мысалы, 
«шүперекпен сүрту» түрлі мағынаға ие. Ымдық сөйлеу тілінінің негізгі 
ерекшелігі оның көпмағыналылығы. Сөйлеу тілі – зат пен әрекетті білдіреді. 
Сөйлеу кезінде ымның нақты мағынасы сөйлеу тілі контексті немесе нақты 
жағдайға орай анықталады. Ымдық сөйлеу тілін зерттеудегі басты маман 
Г.Л. Зайцеваның пікірінше, естімейтіндердің қарым- қатынас жүйесі күрделі 
ұғымға ие, себебі ол сөйлеу тілінің басқа түрлерінен басқа, ымдық сөйлеу 
тілінің екі түрін меңгереді: тілдік және калькалық. 


102 
Еститін балалар мен естімейтін балалардың сөйлеу тілін меңгерудегі 
ерекшеліктері, естімейтін балалардың басым бөлігінің сөйлеу тілінің 
бірнеше түрін меңгерулері. Сонымен, психология ғылымының даму 
кезеңінде, есту қабілеті зақымдалған балалардың сөйлеу тілдерінің 
дамуының кейбір психологиялық тұстарын қарастырдық. Оларды шешу 
жолдары: психологтар мен педагог мамандардың күрделі сөйлеу тіл 
процесінің түрлі жақтарына айрықша көңіл бөліп, есту қабілеті зақымдалған 
балалардың сөйлеу тілдерін дамытуға бағытталған жоспарлы жұмыс 
түрлерін ұйымдастыру. 
Фонематикалық естуді тексеру 
Дыбысты дыбыстау дағдысын анықтаумен қатар балалар тілінің 
фонемаларын есту арқылы қалай ажырататынын анықтау керек. Бұл 
мақсатта логопед тапсырмалар қатарын береді. 
1. «Тыңда және көрсет». Үстел үстінде дыбысталуы бойынша ұқсас, 
бірақ мәні бойынша әр түрлі (қас-тәж) сөздерді білдіретін бірнеше 
сурет жатыр. Логопед ақырын және анық суреттер атауын айтады, ал 
балалар қажеттісін тауып, логопедке көрсетеді. 
2. «Кім ең байқағыш». Логопед дыбыстар (буындар) қатарын айтады, 
ал бала зерттелетін дыбыс бар буынды естісе шапалақтап, немесе 
туды көтеру керек. 
3. «Тыңда және қайтала». Логопед балаға дұрыс дыбысталатын 
дыбыстардан тұратын 2-3 буынды тіркесті қайталауды сұрайды, 
мысалы, ба-па, па-бапа. Әр дұрыс жауап үшін балаға фишка беріледі. 
Содан кейін дұрыс жауаптар саны саналады. 
4. «Буратино әкелген сыйлықтар». Буратиноның сиқырлы қалтасында 
неше түрлі ойыншықтар бар. Ол оларды атайды, егер балалар 
олардың атауынан зерттелетін дыбысты тауып алса, ол оны оларға 
береді. 
5. «Саяхат». Балалар серуенген орманға барады. Жолда оларға кірпі 
кездесіп оларды оның инелерінен белгілі бір дыбысы бар суреттерді 
алғанға дейін жібермейді. Саяхат жалғасады. Жолда себеті бар 
қызыл телпек кездесіп балаларға атауында зерттелген дыбыс бар 
ойыншықты ашуды сұрайды. Саяхаттың соңында балалар 
«сиқырлы» үйшікке келеді. Бұл үйге тек қана берілген дыбысы бар 
сөзді атағандар ғана кіре алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет