Абилбакиева галия турысбековна



Pdf көрінісі
бет28/40
Дата02.11.2023
өлшемі2.47 Mb.
#482213
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   40
Dissertation1

Қалыптастыру эксперименті 
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өткізілді. 
Бақылауға 2016-2017 жылдар аралығында болашақ МДҰ мамандығына 


92 
қабылданған
3
студент
алынды. Дәстүрлі әдістеме бойынша оқытылған олардың 
бөлігі, яғни экспериментке қатыспайтындарға басқарушылық құзыреттілікті 
қалыптастыру оқытушылармен іске асырылды (берілген әдістеме мен 
қалыптастыру үдерісінің моделін қолданбайтындарға). Төрт жылдық оқыту 
барысындағы студенттер біздің экспериментте – бақылау топтары болып 
табылады (курсқа шамамен 80 адам қабылданса, соның 40-адамы). 
Студенттердің екінші жартысы – жасалған әдістеме негізінде АКТ арқылы 
басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру зерттеуші мен басқа 
оқытушылармен іске асырылып, эксперимент тобы болып табылады (40 адам). 
Осыдан зерттеуді жүргізу кезінде 2016-2017 жылдардағы студенттер – 
бірінші курстар (45 адам) берілген әдістеме төңірегінде педагогикалық ЖОО-да 
басқарушылық құзыреттілікті қалыптастырудың толық циклын өтті.
Студенттердің басқарушылық құзыреттілік қалыптастыру деңгейін 
бақылаудың мысалын келтірейік. 2017-2018 ж.ж. аралығында экспериментке 
қатысатын эксперимент тобы – 41 студент, «Мектепке дейінгі оқыту және
тәрбиелеу» мамандығы және біздің әдістемеміз бойынша АКТ арқылы 
басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың толық циклын өткендер. 
Барлық бақылау бойынша 83 студент қатысты, бұл циклдың бақылау тобында 
(дәстүрлі әдістеме бойынша) – 42 студент болды. 
АКТ арқылы басқарушылық құзыреттілікті қалыптастыру деңгейін бақылау 
негізінде деңгейлерді анықтау критерийі (ақпараттық орталық мәні туралы 
білімнің толықтығымен жүйелілігі, оның құрылымы мен функционалдану 
механизмі; ақпараттық әрекеттегі басқарушылық құзыреттілік функциясының 
іске асырылуы; ақпараттық ортада субъективтіліктің пайда болу дәрежесі) және 
олардың моделі бойынша көрсеткіштері бар. Болашақ МДҰ педагогінің 
басқарушылық құзыреттілігін қалыптасу деңгейін бағалау үшін біз сараптап 
бағалау әдісін пайдаландық. Сарапшылар тобына студенттердің өздері мен Абай 
атындағы ҚазҰПУ-дың оқытушылары кірді. 
Бұл міндетті шешу үшін студенттердің басқарушылық құзыреттілік 
қалыптасуынан үш критерийдің (деңгей) әрқайсысы үшін бес көрсеткіштің 
әрқайсысы келесі шкала (көрсеткіш) бойынша бағаланды: сапасы күшті және 
үнемі байқалады (К
5
) – 5 балл; сапасы күшті және сирек байқалады (К
4
) – 4 балл; 
сапасы бірдей байқалады және байқалмайды (К
3
) – 3 балл; сапасы аз және анда-
санда байқалады (К
2
) – 2 балл; сапасы аз немесе мүлдем байқалмайды (К
1
)-1 
балл.
Нақты студент үшін критерийдің индексін есептеу келесі формуламен 
жүзеге асырылды:
мұндағы, К
1, 
К
2

3

4


– шкалаға сәйкес көрсеткіштердің бағасы
К – көрсеткіштердің жалпы саны.
K
K
K
K
K
K
Q
5
4
3
2
1
5
4
3
2
1












93 
Тәжірибелі–эксперимент жұмысын жүргізіп болған соң статистикалық 
мәліметтерге біз сәйкес кесте құрдық. Эксперименталды топтың бірін мысал 
ретінде бірінші критерийдің баға индексін көрсетеміз (12-кесте); сарапшы 
ретінде – студенттің өзі және екі оқытушы сөйледі. Одан кейін студенттердің 
АКТ аркылы басқарушылық құзыреттілік қалыптасуының әрбір критерийі үшін 
алған балдарының қосындысы бойынша есептедік, ол студенттердің 
басқарушылық құзыреттілігінің қалыптасуының деңгейін анықтауға көмектесті. 
Болашақ педагогтердің басқарушылық құзыреттілігінің қалыптасуының 
деңгейін анықтау үшін сараптап бағалаудан басқа біз басқа әдістерді 
пайдаландық. Олар мысалы эксперименталды топ студенттерімен жасалған 
рефераттарды, қысқа шығармаларды, оқыту электронды құралын, сабақ 
конспектілерін, соңғы кезеңде жобаларды, әңгімелесуді, курстық жұмыс 
нәтижелерін орындаудағы белсенділігін және т.б. талдау. 
Кесте 12 -Басқарушылық құзыреттілік қалыптастырудың үшінші кезеңінде 
студенттердің критерий индексі. 
Студенттер 
Сарапшы бағалары 
Индекс 
(орта мәні) 

II 
III 




3,4 




4,8 









4,4 




3,4 




4,4 




4,6 




4,4 




3,4 
10 



2,4 
11 



3,4 
12 



2,8 
Мысал ретінде қалыптастыру кезеңіне тәуелді 2018-2019 ж.ж. 
экспериментке қатысқан эксперимент тобы (41 студент) болашақ МДҰ 
педагогінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптасу деңгейін бақылау 
нәтижелерін ұсынайық. 
Көрсетілген мәліметтерді талдау эксперимент тобы студенттерінің АКТ 
арқылы басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру динамикасы оң нәтиже 
берді және студенттердің басқарушылық құзыреттілігі толық өсуде деп 
қорытындылауға ықпал жасайды (13-кесте мен 17-сурет).


94 
Кесте 13 - Басқарушылық құзыреттілік деңгейлерінің кезеңдер бойынша 
көрсекіштері. 
Басқарушылық 
құзыреттілік 
деңгейлері 
1-кезеңнің 
басы 
1-кезеңнің 
соңы 
2-кезеңнің 
соңы 
3-кезеңнің 
соңы 
Төмен 
71,6 % 
62,3 % 
32,6 % 
8,3 % 
Орта 
28,4 % 
32,2 % 
47,5 % 
57,2% 
Жоғары 
0 % 
5,5 % 
19,9 % 
34,5 % 
Көрнекі болу үшін бұл мәліметтерді диаграмма түрінде көрсетейік (3-сурет). 
Сурет 17 - Эксперимент тобы студенттерінің АКТ арқылы басқарушылық 
құзыреттілігінің қалыптасу деңгейін бақылау диаграммасы 
Сонымен қатар біз ұсынылған әдістеменің тиімділігін көрсету мақсатында 
қалыптастыру эксперименті кезінде эксперименттің басы мен соңындағы 
бақылау және эксперимент тобы студенттерінің басқарушылық құзыреттілік 
жағдайын біліп және салыстыру қажет.
Бақылау әдістемесі көмегімен қалыптастыру экспериментінің басында АКТ 
арқылы басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру деңгейін меңгерген екі топ 
үшін де төмен болғанын көрдік (14 кесте мен 18-сурет), дегенмен нәтижелері екі 
деңгейде бір-бірімен өзара байланысты.
0,00%
10,00%
20,00%
30,00%
40,00%
50,00%
60,00%
70,00%
80,00%
1-кезеңнің 
басы
1-кезеңнің 
соңы
2-кезеңнің 
соңы
3-кезеңнің 
соңы
Төмен 
Орта 
Жоғары 


95 
Кесте 14 - Қалыптастыру эксперименті басындағы болашақ МДҰ педагогтерінің 
басқарушылық құзыреттілігінің қалыптасу деңгейін бақылау нәтижесінің 
кестесі
Басқарушылық 
құзыреттілігін 
қалыптастыру деңгейі 
Эксперимент тобы 
Бақылау тобы 
Төмен
77,5 % 
81,3 % 
Орта
23,5 % 
18,7 % 
Жоғары
0,0 % 
0,0 % 
Сурет 18 - Қалыптастыру эксперименті басындағы эксперимент және 
бақылау топтарындағы болашақ МДҰ педагогтерінің басқарушылық 
құзыреттілігін қалыптасу деңгейін бақылау диаграммасы 
Енді қалыптастыру эксперименті соңындағы эксперимент және бақылау 
топтарындағы болашақ МДҰ педагогінің басқарушылық құзыреттілігін 
қалыптастыру деңгейінің бақылау нәтижесін кесте және диаграмма түрінде 
ұсынамыз (15-кесте мен 19-сурет). 
0
0,1
0,2
0,3
0,4
0,5
0,6
0,7
0,8
0,9
1
2
3
4
5
6
Басқарушылық 
құзыреттілігін 
қалыптастыру деңгейі
Эксперимент тобы
Бақылау тобы


96 
Кесте 15 - Қалыптастыру эксперименті соңындағы эксперимент және бақылау 
топтарындағы болашақ МДҰ педагогтерінің басқарушылық құзыреттілігін 
қалыптасу деңгейін бақылау нәтижесінің кестесі 
Басқарушылық 
құзыреттілік 
қалыптастыру деңгейі 
Эксперимент тобы 
Бақылау тобы 
төмен 
8,7 % 
54,5 % 
орта 
55,3 % 
36,4 % 
жоғары 
35,5 % 
10,1 % 
Сурет 19 - Қалыптастыру эксперименті соңындағы эксперимент және 
бақылау топтарындағы болашақ МДҰ педагогтерінің басқарушылық 
құзыреттілігін қалыптасу деңгейін бақылау диаграммасы 
Сонымен қорытындылау кезеңінде алынған кесінді болашақ педагогтердің 
басқарушылық құзыреттілігі қалыптасқандығы әдістемесінің тиімді болғандығы 
туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік берді. 
Қорытындылау кезінде алынған кесінді көрсеткендей, эксперимент 
топтарындағы студенттердің бастапқы күйге қарағанда барлық көрсеткіштер 
бойынша тұрақты дамуы байқалады.
Осы бөлімнің соңында эксперимент және бақылау топтары үшін АКТ 
арқылы басқарушылық құзыреттілікті қалыптасу деңгейінің динамикасын 
көрсететін нәтижелі кестені келтіреміз (16-кестені қараңыз). 
Жалпы алғанда, мәліметтерді сандық-сапалық талдау болашақ МДҰ 
педагогінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыруға, зерттеу жұмысының 
барлық кезеңдерінде оның барлық деңгейінің жоғарылағанын анықтауға 
көмектесіп, бұл болашақ МДҰ педагогінің басқарушылық құзыреттілігін
қалыптастыруда біз ұсынып отырған әдістеменің тиімді екенін көрсетеді. 
0,00%
10,00%
20,00%
30,00%
40,00%
50,00%
60,00%
төмен
орта
жоғары
Эксперимент тобы
Бақылау тобы


97 
Кесте 16 -Тәжірибелі –эксперимент жұмысы барысында АКТ арқылы болашақ 
МДҰ педагогтерінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру деңгейінің 
динамикасы 
Басқарушылық 
құзыреттілігін 
қалыптастыру- 
дың деңгейі 
Эксперименталды тобы % 
Бақылау тобы % 
Экспери- 
мент
басында 
Экспери- 
мент
соңында 
Өсуі 
Экспери- 
мент
басында 
Экспери- 
мент
соңында 
Өсуі 
төмен 
78,6 % 
8,4 % 
-70,2 
80,2 % 
58,5 % 
-21,7 
орта 
21,4 % 
57,1 % 
+35,7 
19,8 % 
30,4 % 
+10,6 
жоғары 
0 % 
34,5 % 
+34,5 

11,1 % 
+11,1 
Қорыта айтқанда, зерттеудің міндеттері орындалып, болжамы теориялық 
және эксперименттік мәліметтермен дәлелденді. Кестеден байқап отырадай 
эксперимент соңында эксперименталды топта басқарушылық құзіреттілігінің 
қалыптасу деңгейінің 34,5 %-ға, ал бақылау тобында 11,1 %-ға өскенін көреміз. 
Сондықтан да, жалпы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы 
мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің басқарушылық құзыреттілігін 
қалыптастыру қоғам талабынан туындап отырған мәселе екендігіне көз 
жеткіземіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет