Қабылдаған: Аширбаева Ж. Орындаған: Шарапова А


Облитерациялық эндартериит (тромбангиит)



бет4/6
Дата28.05.2023
өлшемі4.61 Mb.
#474393
1   2   3   4   5   6
хирургияяя

  • Облитерациялық эндартериит (тромбангиит) – аяқ артерияларының қабынуымен көрінетін, олардың көлденең кесіндісінің тарылуымен және қанайналым бұзылуымен көрінетін ауру.м
    • Облитерациялаушы эндоартериит
    • -аурудың негізінде ишемиялық симптомокомплекстің дамуымен жүретін қан тамырлардың стенозы мен облитерациясына әкелетін аяқтың дистальды бөлімі артерияларының дистрофиялық зақымдалуы жатыр. Бұл сырқат 20-30 жастағы ер адамдарда жиі кездеседі. Облитерациялаушы эндоартерииттің ер адамдар мен әйелдердің арасындағы қатынасы 99:1 құрайды

    Этиологиясы

    • Этиологиясы:»
    • Суықтың ұзақ әсер етуі-үсік шалу»
    • Аяқ травмалары»
    • Шылым шегу»
    • Авитаминоздар>
    • Ауыр эмоцианалдық күйзелісте
    • рПсихикалық бұзылыстар
    • >Инфекциялар
    • Аутоиммунды процестердің бұзылыстары

    патогенезі


    қан тамырлардың спазмы бүйрек үсті безінің гиперфункциясына байланысты дамитын гиперадреналинемия әсерінен тұрақты болып келеді деп есептейді.
    артериялардың спазмы қан тамырының созылмалы ишемиясына әкеледі, осының нәтижесінде интиманың гиперплазиясы, адвентициясының фиброзы мен қан тамырдың өзіндік өзгерістері туындайды.
    Интиманың өзгеруі салдарынан тромб түзіліп, тамыр қуысының тарылуы мен облитерациясы дамиды.
    оттегінің тасымалдануы төмендеп, тіндік гипоксия дамиды және артериоло-венулярлы анастомоздар ашылған кезде тіндік гипоксия күшейеді.
    Тіндерде оттегінің азаюы тотықпаған өнімдердің жиналуы мен метаболикалық ацидозға әкеледі
    Осындай жағдайда қан қоюланып, оның коагуляционды белсенділігі, эритроциттердің агрегациясы, тромбоциттердің адгезивті-агрегациялық қасиеті жоғарылап,дезагрегациялық қасиеті төмендейді.
    Осындай жағдайда қан қоюланып, оның коагуляционды белсенділігі, эритроциттердің агрегациясы, тромбоциттердің адгезивті-агрегациялық қасиеті жоғарылап,дезагрегациялық қасиеті төмендейді.

    клиникасы


    1 саты- функциональды компенсация сатысы. Науқастар бақайлардыңұштарында тоңу, кейде шаншу мен күйдіруге, қатты әлсіздік пен шаршауға шағымданады. Үсігенде аяқтың түсі бозғылт тартып, ұстағанда суық екені сезіледі. 4 5 кда ч ва жылдамдықпен 1000 м-ден артық қашықтықты жүргенде ауысатын ақсаңдау пайда болады. Себебі науқас көп жұргенде балтыр мен табан бұлшықеттерінде ауырсынуды сезе бастап тоқтауына тура келеді.
    2 саты - субкомпенсация сатысы. Алмасатын ақсандаудың интенсивтілігі артады және жоғарыда көрсетілген темппен жүргенде ақсандау 200 м жүргенде (Па сатысы) пайда болады. Табан мен балтыр терісінің өзіне тән эластикалық қасиеті төмендейді, құрғайды, қабыршақталады және табан астының терісінде гиперкератоз пайда болады. Тырнақ өсуі баялайды, қалыңдайды, сынғыш келеді, сұрғылт тартып өңі кетеді. Зақымдалған жердегі-шаштардың өсуі бұзылып тақырланады.
    3 саты - декомпенсация сатысы. Зақымдалған аяқтағы ауырсыну тыныштық жағдайында пайда болады, науқас тек 25-30 м қашықтыққа дейін жүре алады. Тері түсі зақымдалған аяқтың орналасу жағдайына сәйкес жедел өзгереді:Жоғары көтергенде-бозарадыТөмен түсіргенде қызарадыСоңында жұқарып, тез жарақаттанғыш болып келеді.
    4 саты- деструктивті өзгерістер сатысы.Табан мен бақайларда ауырсыну тұрақты және шыдатпайтын болып келеді. Түзілетін жаралар көбіне аяқтың дистальды бөлімінде, жиі бақайларда орналасады. Жара шеті мен түбі лас-сұр түсті, ал грануляциялары болмайды, айналасында қабынулы инфильтрация бар.Балтыр мен табанның ісінуі қосылады. Бақайлар мен табанның дамитын гангренасы ылғалды болып келеді.
    • Шамов сынамасы: Науқасқа аяғын тізе буынын жазған күйде бүкпей 2-3 минутқа жоғары көтертеді және санының жоғарғы 1\3 бөлігінің ортасына систолалық қысымнан жоғарылатқан қысымы бар Рива-Роччи аппаратының манжеткасын салады. Осыдан кейін аяқты горизонтальды жағдайда ұстап, 4-5 мин кейін манжетканы шешеді. Сау адамдардаорташа есеппен алғанда 30 с кейін бақайларының сыртқы бетінде реактивті гиперемия пайда болады. Егер ол 11/2 мин кейін пайда болса- салыстырмалы түрдегі шамалы қан айналымының жеткіліксіздігі, ал 11/2-3мин-қа кешіксе-орташа жеткіліксіздігі, егер 3 мин артық кешіксе- аса ауыр жеткіліксіздігі бар.Оппельдің плантарлы ишемия симптомы:
    • .Гольдфлам сынамасы: Оны мынадай кезекпен орындайды науқас арқасымен жатып, аяғын төсектен жоғары көтереді және голеностопный буынын бүгіп жазады.Қан айналымы бұзылса- 10-20 рет осындай қозғалыстар жасағаннан кейін науқастың аяғы тала бастайды. Бірмезгілде табаннын ішкі бетінің түсіне (Самюэльс сынамасы) назар


    Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4   5   6




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет