Тақырыбы: Өнімнің сәйкестігін растау
Дәрістің жоспары:
1 Сәйкестікті растаудың жалпы сипаттамасы
2 Сертификаттаудың түрлері
Сәйкестікті растаудың ұйымдық-әдістемелік негізі барлық сертификаттау объектілеріне таралатын және осы процедураны ұйымдастыру және жүргізу тәртібін реттейтін ережелерден құралады.
Отандық және импортталатын өнімдердің сәйкестігін растау бірегей ҚР Мемлекеттік сертификаттау жүйесінде тағайындалған ережелер және схемалар бойынша жүзеге асырылады. Өнім қай мемлекетте шығарылғаны, өндіру, сақтау, тасымалдау процестері, келісімдердің түрі мен олардың ерешеліктері ескерілмейді.
Импортталған өнімнің сәйкестігін растау шетел сертификатын және сәйкестік Белгісін мойындау жолымен жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл жерде сертификаттау нәтижесін мойындау туралы тиісті келісім болуы керек. Республикада мойындалатын сертификат болмаған жағдайда өнімнің үлгілерін сертификаттау сынақтарынан өткізеді. Сынақ жүргізгенде өнімнің көрсеткіштерінің Қазақстан Республикасында жүретін нормативтік құжаттарда бекітілген қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі тексеріледі.
Экспортталатын өнімдердің сәйкестігін растау олардың шығарушы және тапсырыс беруші арасындғы контракттта қарастырылған нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін көрсету үшін жүргізіледі.
Өнімнің, оның ішінде импортталатын өнімнің сәйкестігін растауды сертификаттау жөніндегі аккредиттелген орган, ал ондай орган болмағанда Мемстандарт жүзеге асырады.
Сертификаттау сынақтарын жүргізуге тек аккредиттелген сынау зертханалары (орталықтары) тартылу керек.
Өнімді сынау кезінде анықталатын көрсеткіштер үш топқа бөлінеді:
сәйкестендіру мақсатында анықталатын көрсеткіштер;
қауіпсіздікті және міндетті сертификаттау үшін қойылатын басқа да талптарды куәландаруға қажетті көрсеткіштер;
ерік сертификаттау үшін анықталатын аталғаннан басқа көрсеткіштер.
Сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізумен байланысты барлық шығындарды, жұмыстың нәтижесіне байланысыз, өтінуші өтейді. Бұл үшін өтінуші және сертификаттау жөніндегі орган арасында келісім-шарт жасалады. Сертификаттау жөніндегі орган, өз кезегінде, сертификаттау жұмыстарын жүргізуге өзі тартқан ұйымдардың шығындарын өтейді келісім – шарт бойынша.
Сертификаттау түрлері.
Қазақстан Республикасы территориясында өнімдердің (процестердің, көрсетілетін қызметтерлің, жұмыстардың) сәйкестігін растау ерікті және міндетті түрде жүргізілуі мүмкін.
Өз еркімен сәйкестікті растау ерікті сертификаттау түрінде жүзеге асырылады. Ерікті сертификаттау өтінушінің (шығарушы, сатушы, орындауышының) инициативасы бойынша жүргізіледі. Мақсаты - өнімнің (процестің, көрсетілетін қызметтің, жұмыстың) өтінуші ұсынған стандарттың немесе басқа нормативтік құжаттың талаптарына, сондай-ақ өтінушінің арнаулы талаптарына сәйкестігін куәландыру. Ерікті сертификаттау міндетті сертификаттауды алмастыра алмайды. Басқаша айтқанда, егер өнім міндетті сертификаттауға жататын болса, оны ерікті сертификаттаудан өткізуге болмайды.
Сәйкестікті міндетті растау төмендегі түрде жүзеге асырылады:
шығарушы кәсіпорын сәйкестік туралы декларация қабылдау арқылы;
міндетті сертификаттау жүргізу арқылы.
Міндетті сертификаттау – сәйкестікті растау жөніндегі органдрдың қатысуымен өнімнің, көрсетілетін қызметтің техниклық реттеу саласындағы нормтивтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкестікті растау нысаны.
Міндетті сертификаттау міндетті сертификаттауға жататын өнімдер (процестер, көрсетілетін қызметтер, жұмыстар) тізіміне кірген өнімдер (процестер, көрсетілетін қызметтер, жұмыстар) үшін жүргізіледі.
Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерге техникалық регламенттер, стандарттар немесе өнімнің, процестің, көрсетілетін қызметтің адам өмірі, денсаулығы, мүлкі үшін және қоршаған орта үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басқа да нормативтік құжаттар жатады.
Міндетті сертификаттауға жататын өнімдер мен көрсетілетін қызметтер тізімі, сондай-ақ сәйкестігі туралы декларациямен растауға болатын өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің тізімін Мемстандарт мемлекеттік басқару органдарының ұсынысы бойынша әзірлейді. Тізімдер Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітіледі.
Қазіргі кезде мұндай тізілімдер мыңнан астам өнімдер және онға тақау көрсетілетін қызметтерді ауқымдайды.
Заңға сәйкес тізілімдерге енгізілген өнімдерді тек қана сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік туралы декларациясы болған жағдайда сатуға болады.
Міндетті және ерікті сертификаттаудың салыстырмалы сипаттамалары 1 кестеде келтірілген.
Қазақстанда қазіргі кезде көбінесе міндетті сертификаттау орын алады. Себебі – тауарлар рыногындағы бәсекелестіктің деңгейі төмен. Бәсекелестік арта түскен жағдайда ерікті сертификаттаудың ролі артады. Шетел мемлекеттерінде ерікті сертификаттаудан өткен өнімдер жақсы сатылады, бәсекелестікті көтереді. Біз де соған жетеміз кезінде.
1 кесте - Міндетті және ерікті сертификаттаудың салыстырмалы сипаттамалары
Сертифи-каттау түрі
|
Жүргізу мақсаттары
|
Жүргізу негізі
|
Объектілер
|
Сәйкестікті тексеру мәні
|
Норматив-тік базасы
|
Міндетті
|
Өнімнің (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) қауіпсіздігін және экологияға зиянсыздығын қамтамасыз ету
|
Қазақстан Респуб-ликасы-ның заңнама-лық актілері
|
Міндетті түрде сертификатту-ға жататын өнімдердің Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген Тізіміне енгізілген өнімдер, көрсетілетін қызметтер
|
Нормативтік және де басқа құжаттарда қарастырыл-ған міндетті талаптарға сәйкестікті тексеру
|
Өнімнің (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) сапасы және қауіпсіздігі-не міндетті талаптар қоятын нормативтік және басқа құжаттар
|
Ерікті
|
Кәсіпорынның өнімінің (жұ-мысының, көр-сетілетін қыз-меттінің) бәсеке-сестігін қамтамасыз ету.
Қауіпсіздік талаптарына ғана емес, сапаны қамтамасыз ететін талаптар-ға сәйкес келетін өнімге (жұмыс-қа, көрсетілетін қызметке) жарнама беру
|
Заңды және жеке тұлғалар-дың инициа-тивасы бойынша жасалған келісім-шарт
|
Кез келген объектілер
|
Өтінуші белгілеген кез келген талаптарға сәйкестікті тексеру (міндетті сертификаттау-ға жататын өнімдер бойынша міндетті талаптарды толықтыру-шы талаптарға сәйкестікті тексеру)
|
Өтінуші ұсынған нормативтік және басқа да құжаттар
|
Өздікбақылауға арналған сұрақтар:
1 Сәйкестікті растаудың ұйымдық-әдістемелік негізі неден тұрады?
2 Өнімді сынау кезінде анықталатын көрсеткіштер неше және қандай топтарға бөлінеді?
3 Сәйкестікті растаудың қандай түрлерін білесіз.?
4 Міндетті сертификаттауға қандай өнімдер жатады?
5 Міндетті және ерікті сертификаттаудың артықшылықтары мен кемшіліктері?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Учебное пособие под редак. Тазабекова Алматы.: 2003 г. - 450 с.
2 Ракымжанова М.Т. Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері– Астана, «Фолиант», 2008 ж. – 245 б.
№ 13 дәріс
Достарыңызбен бөлісу: |