Абомазотомия- күйіс қайыратын малды ұлтабарын жарып емдеу әдісі. Автогамия



бет29/82
Дата17.09.2022
өлшемі1.17 Mb.
#460852
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   82
Ауыл шаруашылық ғылыми зерттеу негіздері

Лизиметриялық – өсімдіктің тіршілігін және топырақ процесстерінің динамикасын зерттеу үшін арнайы лизиметрлерде жүргізіледі, бұл кезде далалық жағдайда ылғалдың және қоректік заттардың қозғалысын және балансын есептеуге мүмкіндік бар.
Лизиметрлік зерттеу әдістерінде өсімдіктің өсуі және дамуы, топырақтың қасиетін анықтау арнайы лизиметрлерде жүргізіледі, ондағы топырақтар жан-жағындағы және астындағы топырақтан қоршалған. Лизиметрлердегі зерттеу қалыңдығы зерттеу мақсатына байланысты ауқымды боуы мүмкін 1-2 м,етрге дейін.
Лизиметрдің құрылысы тәжірибенің басты мақсатына байланысты және міндетті түрде топырақтан аққан суды жинау құрылғысы болуы қажет, ол ондағы заттардың қаншалықты сіңгенін анықтайды. Лизиметрлік тәжірибе әр түрлі ауылшаруашылығы дақылдарындағы су балансын оқуға, қоректік заттардың атмосфералық жауын-шашынмен және суармалы ылғалмен жылжуы, дақылдардың транспирациялық коэфициентін анқытау. Зерттеудің бұл әдістемесі егіншілікте, өсімдік шаруашылығында, мал азығын өндіруде, шалғын шаруашылығында, топырақтануда, мелиорацияда, физиологияда, агрометеорлогияда, селекцияда, агрохимияда және т.б. қолданылады.

Танаптық тәжірибе агрономия зерттеуінде негізгі болып саналады, басты мақсаты ауылшаруашылығы өндірісінің ауылшаруашылығы өндірісінің сапасын және өнімділігін арттыру бойынша қойылған талаптары негізінде жүргізіледі, әртүрлі топырақ климат аймақтарына агротехникалық шаралар және ұсыныстар жасалынады, сорттарды сынау олардың ең жақсыларын «Қазақстан Республикасында пайдалануға жіберілген, селекциялық жетістіктердің Мемлекеттік реестріне» енгізу.
Танаптық тәжірибе ғылыми зерттеудің ең басты әдісі, зерттеулердің негізінде әртүрлі топырақ климат аймақтарында егістік дақылдарды өсіру технологияларының элементі жинақталады, шаруашылыққа әрбір дақыл үшін нақты агротехникасы жасалынады.
Қай тәжірибені жүргізу үшінде экспериментті қою әдістемесін қатаң түрде сақтаған дұрыс.
Осы мәеслені дамытуда үлкен үлес қосқан ғалымдардың жазған арнайы әдебиеттерде танаптық тәжірибе туралы әртүрлі түсініктер бар. А.А.Кудрявцевтің (1959), айтуы бойынша «Танаптық тәжірибе түсінігін кеңінен қарайтын болсақ табиғи жағдайда өсімдіктер тіршілігіне әртүрлі жағдайлардың әсер етуін зерттеу».
Академик П.Н.Константиновтің айтуы бойынша (1952): «Танаптық тәжірибе-ауылшаруашылығы өнімділігінің күшін дамытуға және ауылшаруашылығы өндірісіне ғылыми көмек беруге бағытталған эксперимент, нақты табиғи және өндірістік жағдайды есепке алатын эксперимент, қарастырылатын сұрақтың тарихын және даму болашағын есепке алу».
«Ауылшаруашылығы энциклопедиясы»-да (1955 жыл, үшінші басылым) келесідей түсінік берілген: «Өндірістік жағдайға жақын егістік жерлерде дақылдарға жүргізілетін агрономиялық зерттеулер экспериментін танаптық тәжірибе дейді».
Тәжірибе ісі әдістемесінің және тәжірибе материалдарын статистикалық өңдеуінің ірі теоретигі профессор Доспехов Б.А. (1979) келесі анықтама берді: «Эксперимент, тәжірибе- зерттеуші құбылыстың пайда болуына әкеледі немесе құбылыстың пайда болу жағдайын түсіндіре алатындай әсері, ара қатынасы және құбылысы. Тәжірибе – зертетудің басты әдістемесі, ол бақылауды, корреляцияны, жағдайлардың өзгеруін және алынған мәліметтерді қатаң түрде есепке алады. Нақты ғылыми тәжірибенің басты ерекшелігі-оның іске асуы».
Профессор Н.Г.Найдиннің (1968) айтуы бойынша тәжірибе егісітігін арнайы әдебиеттерінде ауылшаруашылығы ғылымының алдында тұрған жалпы мақсаттар немесе осы ғылымның жанындағы бөлімдердегі мақсаттар келтіріледі, алайда бұл мақсаттарды басқа әдістерді қолданбай іске асыруға болмайды, сондықтан танаптық тәжірибелердің мүмкіншілігін асыра айтуға болмайды және оны ауылшаруашылығының алдында тұрған жалпы мақсатпен араластыруға болмайды. Н.Г.Найдин келесі анықтаманы ұсынады: «Танаптық тәжірибе – ауылшаруашылығы өсімдіктеріне жағдайлардың немесе өсіру шараларының (жеке алғанда немесе қосындысы) сандық әсерін анықтау үшін арнайы жерлер бөлінген табиғи жағдайда жүргізілетін зерттеу».
Жоғарыда келтірілген анықтамаларда «танаптық тәжірибе» түсінігінде жалпыға бірдей және негізгі түсінік берілген- «танаптық тәжірибе өндіріске жақын егістік табиғи жағдайда жүргізілетін эксперименталды агрономиялық зерттеу», сондықтан анықтамалардың барлығын негізге алуға болады. Бірақ та Н.Г.Найдиннің танаптық тәжірибе анықтамасында басқа агрономиялық зерттеу әдістемелеріне қарағанда өзгешелігі бар, сондықтан әрі қарай танаптық тәжірибе әдістемесіндегі ірі маманның анықтаған анықтамалығын пайдаланамыз.
Танаптық тәжірибелерде, басқа эксперименталды зерттеулердегідей басты маңызы бақылауды дұрыс жүргізуде.


Бақылау- ол зерттеушіні қызықтыратын дамулардың сандық және сапалық көрсеткіштерін тіркеу, сол және басқа жағдайлардың қасиетін және әсерін анықтау.
Өсімдіктердің өнімділігін арттырудың практикалық және теориялық негіздерін жасаудың ғылыми зерттеу шаралары – вегетациялық кезеңде өсімдіктердің өсуі және дамуын бақылау және эксперимент жүргізу.
Оқу құралының келесі бөлімдерінде басты көңіл танаптық тәжірибеге бөлінеді: жіктелуі, жоспарлау әдістемесі, учаскелер таңдау, тәжірибе салу, бақылау және есепке алуды жүргізу және т.б.

Өндірістік – өндірісітік жағдайда танаптық алқаптарда жүргізілетін тәжірибе. Олар келесі тәжірибелерге бөлінеді- үлгілік, салыстырмалы, тиімді шараларды есепке алу және демонстративті

Өмірлік – тәжірибе. Тәжірибенің бұл түрі практикалық алған білімнің жиынтығы, тәжірибеде сыналған, көп жылдар бойы жинақталып ұрпақтан ұрпаққа таратылып келген, шаруашылық тұрғыда баладан әкеге қалып отырған
Бақылау сұрақтары

1. Агрономиялық зерттеулердегі «анализ», «синтез» және «гипотеза» туралы түсінік.

2.Тәжірибе (эксперимент), тәжірибедегі бақылаулар түсініктеріне анықтама беру және бұл анықтамалардың мәнін ашу.

3.Агрономиялық зерттеулерде қандай негізгі әдістер қолданылады?

4.Вегетациялық тәжірибелер алдында қандай негізгі тапсырмалар қойылады және зерттеулердің негізгі обьектері? Вегетациялық тәжірибелердегі зерттеулерді өткізу әдістемесі туралы жалпы мәлімет, вегетациялық тәжірибелер түрлері.

5.Зертханалық зерттеулер алдында қандай негізгі тапсырмалар қолданылады, бұл тәжірибелерде қандай сұрақтар зерттеледі және оларды өткізу жағдайлары?

6.Лизиметриялық тәжірибе жасағанда қандай негізгі тапсырмалар қойылады, қою және өткізу әдістемесі?

7.Танаптық тәжірибе агрономиядағы зерттеулердің негізгі әдісі деп неге саналады және оның негізгі тапсырмалары?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет