Абомазотомия- күйіс қайыратын малды ұлтабарын жарып емдеу әдісі. Автогамия


Мөлдектерді орналастырудың рендомизациялық әдісі



бет43/82
Дата17.09.2022
өлшемі1.17 Mb.
#460852
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   82
Ауыл шаруашылық ғылыми зерттеу негіздері

3 Мөлдектерді орналастырудың рендомизациялық әдісі
Доспехов Б.А. (1985) пікірі бойынша жүйелі әдістің бірқатар кемшіліктері бар, нақты айтқанда «тәжірибе нұсқалары бойынша болуы мүмкін және көбіне болатын ойда жоқ бұрмаланушылықтар, сонымен қатар тәжірибенің қателігін статистикалық бағалаудың сенімсіздігі», яғни осыған байланысты автор тәжірибе нұсқаларын орналастырудың анағұрлым тиімді әдісі – рендомизация деп көрсеткен.
Танаптық тәжірибелерде нұсқаларды рендомизация әдісімен орналастыруды қолдану, әлі күнге дейін көптеген таластар туғызуда, яғни кездейсоқ таңдаудың және нұсқалардың рендомизациясының талаптары ғылыми дәлелденбеген деп есептеледі, экспериментте кездейсоқтық орынсыз және зиянды, ал рендомизацияны мүлде ұсынуға болмайды, себебі «мөлдектерді рендомизация әдісімен орналастырған кезде біз саналы түрде өзімізге және өзіміздің тәжірибе нәтижелерін жеребеге, кездейсоқ ойынына бағындырамыз».
Танаптық тәжірибенің (және т.б. бірқатар тәжірибелердің) нәтижелеріне дисперсиялық талдау жасау әдістерімен айналысып жүрген бірқатар математиктер (Фишер Р.А., 1958, Перегудов В.Н., 1961, Доспехов Б.А., 1979 және т.б.), рендомизация тәжірибені бағалауда орнынан алу қаупіне біраз кедергі (жояды) болады және экспериментаторға тәжірибелік жұмыстардың сапасын дұрыс сипаттауды көрсетеді. Доспехова Б.А. (1979) пікірінше, «Нақты салыстыруларды және статистикалық бағалауды талап ететін танаптық тәжірибелерді жоспарлау үшін нұсқаларды орналастырудың қазіргі заманғы әдістерін пайдаланған дұрыс, оның негізі – рендомизация болып табылады». Бұл көзқарасты ескермеуге болмайды, ең құрғанда рендомизацияның жалпы негізін білу қажет.


Рендомизация – тәжірибеде нұсқалардың жүйесіз орналасуын қарастырады, ал оның анағұрлым қарапайым әдісін келесі мысалдан көруге болады. Тәжірибенің нұсқаларын нөмірлейді немесе әріптермен белгілейді және оларды біркелкі карточкаларға жазады, кейін бұл карточкаларды жақсылап араластырады және бір-бірден суырып алып қарайды. Қайталымдардың нұсқаларын жеребемен, кездейсоқтықпен анықталған тәртіп бойынша мөлдектерге орналастырады, ал әр бір қайталым үшін өзіндік рендомизациясы жасалады.
Нәтижесінде бұл қалай болатынын 4 – суреттен көруге болады


Тәжірибе қайталымы


I

II

III

IV

3

1
Бақылау

4

2

5

2

4

1
Бақылау

5

3

4

2

5

3

1
Бақылау


5

3

1
Бақылау




4

2


Сурет 4 – Төрт қайталымда бес нұсқаны рендомизация әдісімен мөлдектерде орналасу

Суреттен көріп отырғанымыздай жеребе тастау (кездейсоқ) еркіндігі бойынша барлық қайталымдардағы бақылау нұсқалары және басқа да барлық тәжірибе нұсқалары мөлдектерде жүйесіз, «араласып» орналасты, бұл сөзсіз тәжірибеде дақылдарды себу жұмыстарын жүргізуге, бақылау және есептеу жұмыстарын жүргізуде қиындықтар туғызады, сонымен қатар бұндай әдісте зерттеуші қайталымдардың нұсқалық мөлдектерін бір-бірімен шатастырып алмауы қажет. Рендомизация үшін қазіргі таңда кездейсоқ сандар кестесі жасалған және кеңінен пайдаланылуда, ол әр түрлі эксперименттік жұмыстарда кездейсоқ іріктемені (таңдауды) жоспарлауда техникалық жәрдем (көмекші) болып табылады.


Тиісті әдістемені пайдалана отырып (кесте 1, қосымша), қандай нұсқалар тәжірибенің әр бір қайталымының әр бір мөлдегінде орналасу керек екенін көрсететін сандарды есептеп шығарудың алғашқы пунктін ғылыми белгілеуге және алуға болады.

Доспехов Б.А. (1979) танаптық тәжірибе нұсқаларын рендомизациялық әдіспен орналастырудың бес әдісін ажыратып көрсетті: ұйымдастырылмаған қайталымдар (толық рендомизация); рендомизацияланған қайталымдар; латын квадраты және тік бұрышы;шашыраған мөлдектер; араласқан.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет