Абомазотомия- күйіс қайыратын малды ұлтабарын жарып емдеу әдісі. Автогамия



бет44/82
Дата17.09.2022
өлшемі1.17 Mb.
#460852
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   82
Ауыл шаруашылық ғылыми зерттеу негіздері

Толық рендомизация (ұйымдастырылмаған қайталымдар әдісі) – жер учаскесінде танаптық тәжірибені орналастырудың қазіргі заманғы әдістерінің ішіндегі ең қарапайымы деп есептеледі, бұл әдісте жер учаскесіндегі тәжірибе нұсқалары мөлдектер бойынша әбден кездейсоқ таратылады (орналасады). Мысалы, төрт қайталымды, 3 нұсқалы танаптық тәжірибеде жер телімі 12 мөлдекке бөлінеді (3х4=12). Кейін кездейсоқ сандар кестесі бойынша, әр бір нұсқаға 4 мөлдектен келетіндей етіп, тәжірибе нұсқаларын мөлдектерге орналастырады (сурет 4).

2

1

3

2

1

3

2

1

3

1

2

3

Сурет 4 – толық рендомизация әдісімен төрт қайталымда үш нұсқаны орналастыру сызбанұсқасы



Бұл әдіс бірқатар жағдайларда, яғни тәжірибеде зерттеліп отырған нұсқалардың саны аз болғанда (2-ден 4-ке дейін) тиімді деп есептеледі және бұл әдісті жер аумағы үлкен емес және топырақ құнарлылығы бойынша біркелкі жер учаскесінде, көпжылдық жемісті дақылдармен жұмыс істегенде қолдануға болады. Тәжірибеде мөлдектердің санын көбейткенде бұл әдістің тиімділігі төмендейді, бұндай жағдайда ұйымдастырылған рендомизацияланған қайталымдар әдісін қолданған дұрыс.

Рендомизацияланған қайталымдар әдісі – әлемдік іс-тәжірибеде анағұрлым кең таралған, бұл әдіс бойынша танаптық тәжірибенің әр бір қайталымында тәжірибелік нұсқалар мөлдектер бойынша кездейсоқ тәртіппен орналасады. Тәжірибені жүргізу жағдайларына байланысты мөлдектердің пішіні ұзарған (созылған), тік бұрышты немесе тік төрт бұрышты болуы мүмкін және олар қайталымдарда тұтастай күйінде бір, екі және одан да көп қабаттарда орналасады. Зерттелетін нұсқалардың саны тәжірибелік жер учаскесінің тегістігіне (жер бедерірінің) және тәжірибелік мөлдектердің көлеміне (ауданына) байланысты болады: тәжірибеде 15-20 нұсқалар қолдануға болмайды деп есептеледі, ал егер де нұсқалардың саны 8-10 нұсқадан асатын болса, онда әр бір қайталымға кем дегенде 2 және одан да көп бақылау (стандарт) мөлдектерін қосу қажет. Мысал үшін 5-суретте 9 нұсқасы бар танаптық тәжірибеде мөлдектердің екі қабатта орналасу сызбанұсқасы келтірілген.
Доспехов Б.А. пікірінше, тәжірибелік мөлдектерді латын квадраты және тік бұрышы әдісімен оранластыру, жер телімі топырағының құнарлылығының жүйелі түрде өзгеруінің, тәжірибе нәтижелеріне екі өзара перпендикулярлы бағыт бойынша әсер етуін жоюға мүмкіндік береді.

II
Қайталымдар

I







8


6


4


st
1

3


7


2


5


st
1

9


st
1

5


2


7


3


st
1

9


4


6


8


9


8


6


4


st
1

5


3


st
1

2


7


4


2


st
1

3


7


9


8


5


6


st
1



III

IV



Қайталымдар


Сурет 5 – Әр біреуінде 2 бақылау нұсқалары бар рендомизацияланған төрт қайталымда тәжірибелік 9 нұсқаны екі қабатқа орналастыру



Тәжірибені салу техникасы: тік төрт бұрышты немесе тік бұрышты пішіндегі жер телімі тәжірибедегі нұсқалар санына сәйкес келетін, қатарлар мен бағаналар санына көлденең (горизонтальді) және тік (вертикальді) бағыттарда қағылады, сонымен қатар әр бір қатар немесе бағана тәжірибеде зерттеліп отырған барлық нұсқаларды қосады. Мөлдектердің пішіні ұзарған (созылған) болса, онда латын квадратының рендомизацияланған қайталымдардың алдында артықшылығы болмайды. Тәжірибені латын квадраты әдісімен салу бірқатар жағдайларды (тәртіпті) сақтауды талап етеді – тәжірибелік нұсқалардың саны қайталымдардың санына тең болуы тиіс, осыған орай мөлдектердің саны тәжірибенің нұсқаларының екі еселенген санына тең болады, мысалы, тәжірибеде бес нұсқа болған жағдайда мөлдектердің саны 5х5=25 тең, алты нұсқа болғанда 6х6=36 және т.б. Алты нұсқалы танаптық тәжірибенің латын квадраты әдісімен орналасу сызбанұсқасының бір нұсқасы 6-суретте келтірілген.

Қатарлар



Бағаналар



I
II

III
IV

V

VI

I II III IV V VI

6

4

1

3

5

2

1

5

4

6

2

3

4

2

6

5

3

1

3

1

5

2

4

6

2

6

3

4

1

5

5

3

2

1

6

4

Сурет 6 – Алты нұсқалы тәжірибені латын квадраты әдісімен орналастыру сызбанұсқасы


Тәжірибені латын квадраты әдісімен орналастырғанда әр бір қатардағы және бағанадағы тәжірибе нұсқалары мен қайталымдарының нөмірлері қайталанбайтыны есте ұстаған дұрыс. Мөлдектерді орналастырудың бұл әдісін зерттеудің барысында, нұсқаларының саны төрттен төмен квадраттарды салу тиімсіз екенін көрсетті, ал іс-тәжірибеде көбінесе 5х5, 6х6, 7х7 квадраттар қолданылады, сонымен қатар нұсқаларының саны 7-8 нұсқадан көп тәжірибелерді бұл әдіспен салу қиынға соғады, сондықтан бұндай жағдайда тәжірибені орналастырудың – латын тік бұрышы әдісін қолдануды ұсынады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет