Абомазотомия- күйіс қайыратын малды ұлтабарын жарып емдеу әдісі. Автогамия


Өнімді жинау және есептеу әдістемесі



бет49/82
Дата17.09.2022
өлшемі1.17 Mb.
#460852
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   82
Ауыл шаруашылық ғылыми зерттеу негіздері

2 Өнімді жинау және есептеу әдістемесі
Өнімді жинау мен есептеудің екі негізгі әдісі бар – тікелей және жанама, тәжірибе мөлдектеріндегі өнімді есептегенде екі әдісте қолданыла алады.


Тікелей есептеу әдісі есеп мөлдегінің бүкіл ауданынан алынған өнімнің барлық массасын жинау және есепке алуды қарастырады (дәнді дақылдармен жасалған тәжірибелерде – комбайнмен жинау).

Жанама есептеуде барлық мөлдек өнімділігінің қандай да бір дәрежеде орташа үлгісі бола алатын, мөлдектің қандай да бір бөлігі есептеледі, дәнді дақылдармен жасалған тәжірибелерде кейде үлгі бау бойынша есептеу қолданылады. Аз ауданды мөлдектерде (10-20 м2) жанама әдіспен және үлгі баумен өнімді есептеуді қолданбаған дұрыс. Бұл екі әдістің принципиалды айырмашылықтары жанама есептеуде өнім есеп мөлдегінің барлық ауданынан емес, тек бір бөлігінен ғана өлшенеді, яғни есеп мөлдегінің ауданы айтарлықтай азаяды, сондықтан тәжірибені қою мен өткізу талаптары бұзылады, тәжірибе дәлдігі азаяды, яғни бұл әдістерді танаптық тәжірибеде қолдануға болмайды.
Дәнді дақылдарды жинауды арнайы немесе кәдімгі комбайнмен жинау керек, бұл ұзартылған пішінді және 100 мкем емес ауданды мөлдектерде ғана мүмкін. Қазіргі кезде ҒЗИ одан аз ауданды есеп мөлдектерінде мүмкіндік беретін, алым ені аз машиналарды қолдана бастады. Комбайнмен жинауды қолдану мөлдектерді алдын–ала дайындаусыз – қорғаныстарды шабу, шабулар жүргізу және т.б. жасамай, жұмысты жүргізуге мүмкіндік береді. Әрбір мөлдекті жинар алдында және біткен соң дәндер електерден өтуі мен толық бастырылуы үшін комбайнды 1-2 минутқа тоқтату керек, әрбір мөлдек дәндерін қаптарға жинайды, өлшеп, этикетка тағылады.. Сонымен бірге әрбір мөлдектен дәндер ылғалдылығына және арамшөптермен ластануына үлгілер алу керек.
Алып тастауға арналған мөлдектер өнімділігі, тәжірибе мөлдегінің қалыпты ауданына мына формуламен келтіріледі:


Х – келтірілген өнім, кг;
А – алынып тасталған мөлдектен алынған нақты өнім
а – қалыпты мөлдек ауданы (м2);
в – шеттету ауданы (м2).
Дәнді және дәнді-бұршақ дақылдардың алынған бункерлік өнімі 14% ылғалдылыққа және 100% тазалыққа қайта саналу керек, бұл үшін әрбір мөлдектен 1 кг орташа үлгі алынып, талдау жасалады.
Стандартты ылғалдылыққа және тазалыққа қайта санау келесі формула бойынша жүргізіледі:

мұнда
Х – 14% ылғалдылықтағы және 100% тазалықтағы өнімділік;
У – бункерлік өнімділік;
В – дәннің нақты ылғалдылығы, %;
С – дәннің нақты арамшөптермен ластануы, %.
В1 – стандартты ылғалдылық.


Мал азықтық шөптердің өнімін есепке алу - біржылдықтар – судан шөбі, итқонақ, қонақтары, сұлы, арпа, көпжылдық шөптер – еркекшөп, қылтықсыз арпабас, жоңышқа, эспарцет, түйежоңышқа және олардың шөпқоспаларында астық тұқымдастарда сияқты мөлдектің барлық ауданынан да, үлгі баудан да немесе метрлік өлшегіштермен жасалады, бірақ тағы да айта кету керек бұл жағдайда мөлдектердің есепке алынатын ауданы минимумға дейін азайды, нәтижелер дәлдігі және алынған материалдар растығы төмендейді, яғни тәжірибені өткізуге кеткен еңбектің бәрі өнімді есепке алу әдісін дұрыс таңдамау нәтижесінде құнсызданады, сондықтан өнімділікті мөлдектің барлық ауданынан есепке алуды қолдану керек.

Шөптерді шабу тіркемелі шапқыштарымен немесе қолмен жасалады, одан кейін жасыл массаны өлшеу жасау керек,немесе мөлдекте кептіріп, соңынан пішен өнімі есептеледі, бірақ екі жағдайда да өлшеумен бірге массаның ылғалдылығын анықтау және оны стандарттыға келтіру, және де шөпотына (ботаникалық құрамын) құрылымдық талдау жасау үшін пластик пакеттеріне 1-2 кг аралас үлгілер салынады. Егер әр мөлдек өнімі үлгі баулар тұрақты салмаққа жеткізілмесе, себілген шөптермен жасалған тәжірибелерде де, табиғи шабындықтар мен жайылымдарда да пішен өнімділігін стандартты ылғалдылыққа келтіру керек.
Массаның ылғалдылығын анықтау келесі әдіспен өткізілуі мүмкін: өлшеу кезінде өнімнен үлгілер алынады, олар қайшымен мүмкіндігінше ұсақталады да тығыз тығындары бар банкаларға салынады, ылғалдылық кейін кептіргіш шкафта 65температурада 3-4 сағат ішінде анықталады.
Көк балауса немесе пішен өнімі пішеннің 16% ылғалдылығына мына формула арқылы келтіріледі:

мұнда
Х – 16% ылғалдылықтағы пішен өнімділігі, ц/га;
У – жоғары ылғалды көк балауса немесе пішен өнімі, ц/га;
В – жинау кезіндегі, есептеуде, өлшегенде көк балауса немесе пішеннің ылғалдылығы, %;
84 - 16% ылғалдылыққа қайта есептеу коэффициенті.

Пішен сапасының маңызды көрсеткіші болып оның ботаникалық құрамы саналады, әдетте оны анықтағанда өсімдіктердің барлық түр құрамы емес, тек маңызды топтары ғана есептеледі. Себілген шөптерде (эспарцет, жоңышқа, түйежоңышқа, еркекшөп, қылтықсыз арпабас және т.б.) негізіг компонент саны (масса) және барлық қоспалар (әртүрлі шөптер, арамшөптер) есептеледі. Шөптер үлгілерін талдауды ылғалды түрінде өткізген жөн, бұл мақсатқа пішеннің шығуы анықталатын үлгібау қолданылады.
Аталғандардан басқа тәжірибенің мақсаттарына қарай тағы бірқатар көрсеткіштерді анықтау керек болады: дәндерде – ақуыздың, крахмалдың және нәруыздың құрамын, мал азықтық дақылдарда – ақуыздың, протеиннің, майлардың, клетчатка, азықтық өлшемнің және т.б.


Қорытындылай келе өнімді есепке алуда келесі шарттарды ұстану керектігін атап айтып кету керек:
- агротехникалық тәжірибелерде жинау мерзімдері бір мерзімде болу керек, яғни бір күнде және бір тәсілмен, сортсынау тәжірибелерінде дақылдар, сорттардың пісуіне қарай;
- зерттеу жұмысында өнімді жинау мен есепке алудың негізгі әдісі деп жаппай жинау мен әр мөлдектен таразымен өлшеуді санау керек;
- бірқатар «зерттеушілер» қолданатын үлгі аулалармен, баулармен өнімді есептеу әдісі өте сенімсіз, субъективизммен шектеседі, сондықтан нәтижелерге күмандануға болады;
- кейінгі талдау үшін үлгілерді алу жалпы ұсынылған әдістемелік нұсқаулармен сәйкес өткізілуі керек;

Келесі кезең өнімді есепке алу – алынған мәліметтерді біріншілік өңдеу және оларды сандық өңдеу, оның ішіне: алынған мәліметтерді агрономиялық талдау; мәліметтерді біріншілік сандық өңдеу; мәліметтерді статистикалық сандық өңдеу кіреді.

Агрономиялық талдау тәжірибені қою мен өткізудің әдістемесін нақты ұстануды, критикалық талдауды және ағымды бақылауларды өніммен салыстыруды қарастырады, сонымен бірге жазулардың дұрыстығын тексеріп, қателерді алып тастайды.

Танаптық тәжірибені біріншілік сандық өңдеу мыналарды қарастырады:
- өнімділікті мөлдек ауданынан 1 га өнімге қайта есептеу;
- өнімділікті стандартты ылғалдылыққа келтіру;
- өнімділіктің кестесін құру – варианттар, қайталымдар бойынша өнімдер жиынтығын анықтау, өнімдердің жалпы жиынтығын және тәжірибе мен варианттар бойынша орташа өнімділікті анықтау.
Бақылау сұрақтары




  1. Тәжірибелерді өнімді есепке алуға дайындау кезінде қандай жұмыстар жүргізіледі?


  2. Мөлдектерді бракқа шығару мен алып тастау және жинау әдістемесі қандай?


  3. Танаптық тәжірибелерде жинау мерзімдерін анықтау, өнімділікті есептеудің негізгі әдістері қандай, жұмыстарды жүргізу әдістемесі және оларды бағалау?


  4. Алып тастауды ескерумен бірге мөлдектен өнімділікті есептеу әдістемесі қандай? Стандартты ылғалдылық және өнім тазалығы деген не және оларды анықтау әдістемесі қандай?


  5. Дәнді және дәндібұршақ дақылдарының өнімін жинау, есепке алудың әдістері мен тәсілдері қандай?


  6. Мал азықтық шөптердің өнімін жинау мен есепке алудың ерекшеліктері қандай?


  7. Дәнді және мал азықтық дақылдарда талдауға үлгілер алу әдістемесі қандай?


  8. Шөптер өнімін стандартты ылғалдылық пен тазалыққа қайта есептеу әдістемесі қандай?


  9. Мал азықтық шөптердің көк балаусасы мен пішенінің ботаникалық құрамын талдауды өткізу әдістемесі қандай?


  10. Астық пен мал азығының сапасын бағалау үшін қандай талдаулар өткізу керек?


  11. Тәжірибе нәтижелерін біріншілік өңдеу деп нені айтамыз және біріншілік пен сандық өңдеуде, агрономиялық талдауда қандай жұмыстар жасалады?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет