2 Дисперсиялық талдаудың негізі
Ағылшын математигі мен статистигі Р.А.Фишер (1890-1962) авторы болып табылатын, тәжірибе мәліметтерін статистикалық өңдеудің дисперсиялық талдау әдісін қолдана отырып, мынаны анықтауға болады:
Тәжірибе варианттары бойынша және бақылаумен салыстырғандағы өнімділіктің көтерілуі немесе төмендеуінің растығын;
Тәжірибе қатесінің көрсеткішін, тәжірибенің шекті қатесін;
Ең төменгі маңызды айырмашылықты (ЕТА0,95 немесе ЕТА 05);
Тәжірибе дәлдігін (m %).
Статистикалық өңдеу барысында әдетте мынадай терминдер мен анықтаулар қолданылады:
Өнімділіктегі айырмашылық– тәжірибе варианттары бойынша және бақылаумен салыстырғандағы өнімділіктің көтерілуі немесе төмендеуі.
Варианттағы орташа өнімділік–тәжірибе қайталымдары бойынша өнімділіктер жиынтығының қайталымдар санына қатынасы.
Ең төменгі маңызды айырмашылық (ЕТА0,95 немесе ЕТА 05) – мұнда 0,95 – мүмкін болу жағдайы, тәжірибе мәліметтері 95 жағдайда рас және тек қана 5 жағдайда жалған (дұрыс емес, қате) екенін білдіретін, есептеу тәсілімен анықталатын көрсеткіш. ЕТА 05 көрсеткіші – тәжірибенің шекті қатесі, яғни 5% маңыздылық деңгейінде тәжірибеде 5-пайызды қателік болуына рұқсат етіледі. Тәжірибе варианттары бойынша өнімділік көрсеткіштерін бақылаумен салыстырғанда, егер олар ЕТА 05 көрсеткішінен жоғары болса, қосымша өнімді рас деп айтуға болады.
Дисперсия - тәжірибе мөлдектері бойынша өнімділіктердің барлық тәжірибедегі орташа өнімділіктен ауытқуы. Дисперсия деп тәжірибелердегі өнімділіктің өзгергіштік (варьирование) түрлерінің орташа мән көрсеткіші (орташа квадрат) аталады. Дисперсия варианттар, қайталымдар және қалдықты (кездейсоқ ) өзгергіштік үшін саналады.
Тәжірибе қатесі (±m) – қалдықты өзгергіштік дисперсиясы арқылы анықталады.
F критерийі немесе Фишер критерийі – варианттар дисперсиясының қалдықты өзгергіштік дисперсиясына қатынасы, ол есеп жолымен анықталатын нақтылы – Fнақты және Fкестелік (кестелік) – «F критерийінің 5% - ды маңыздылық деңгейіндегі көрсеткіштері (мүмкін болуы 95%)» кестесі бойынша (қосымша 3) алынады..
Бақылау сұрақтары:
Танаптық тәжірибе мәліметтерін статистикалық өңдеудің негізгі міндеттері қандай?
Танаптық тәжірибенің нәтижелерін өңдегенде математикалық статистикада қандай негізгі терминдерді кездестіруге болады?
Зерттеу нәтижелерін статистикалық өңдеудің қандай әдістері бар?
Дисперсиялық талдауды жүргізу кезінде қандай негізгі сұрақтар шешіледі? Дисперсия, тәжірибенің қателіктері деген не?
Дисперсиялық талдауды жүргізу бойынша қандай негізгі жұмыс кезеңдері бар?
Достарыңызбен бөлісу: |