Танапты мөлдектерге бөлу
А
В С
Тәжірибе танабының тік бұрышын рулетка немесе жіп-кендір арқылы табуға да болады. Көбінесе ол үшін белгілі Пифагор теориясын пайдаланады, онда тік үш бұрыштың гипотенузасы шаршы катетер квадратының қосындысына теңестіреді.
Зерттеуші егістік тәжірибедегі жұмыстарды тәуліктен асырмай орындауды жоспарлауды қажет етеді. Егер 1 тәулікте тәжірибедегі жұмыстарды орындауға мүмкіндік болмаса, мысалы, 4 рет қайталаудан 1-ші мен 3-шісің алдымен 2-ші мен 4-ші қайталауларын кейінгі тәулікте орындайды. Егістік тәжірибедегі агротехникалық тәсілді барлық варианттарда бір мезгілде орындамаса, олардың арасында айырмашылық тұрады. Егіс тәжірибе учаскісін жүргізілетін агротехникалық жұмыстарға қойылған талаптардан ең бастысы мерзімінде орындалуы, жылдамдылығы оның сапалылығын төмендетуі болып саналады.
Тыңайтқыштарды енгізу. Егістік тәжірибесінде тыңайтқыш енгізу ең бір жауапты мәселенің бірі болып саналады. Егістік тәжірибеде қолданылатын тыңайтқышты енгізу тәсілдеріне негізгі қойылатын талап мөлдек танабына оларды біркелкі бөлу болып саналады.
Минералды тыңайтқыштарды енгізерде есептейтіні оның қоректік мөлшері мөлдекке килограммен шаққанда мына формула арқылы анықталады:
X – a x c
100.b
Мұнда. X - мөлдекке керекті тыңайтқыштың мөлшері /кг/: а – қоректік заттың әсерлі зат түріндегі мөлшері, кг/га:
в - тыңайтқыштағы қоректік заттың құрамы %;
с – мөлдік көлемі (м2)
Бақылау сұрақтары:
1.Экспериментті жоспарлау неден басталады?
2. Тәжірибе схемасына мысал келтір?
3.Жүргізілетін зерттеулер мен есептеулерді жоспарлаудың дұрыс тәртібін жасаңыз?
4.Егіс тәжірибесін жүргізу техникасын атаңыз?
5.Көрсеткіштерді алғашқы өңдеу жұмыстарына не кіреді?
Достарыңызбен бөлісу: |