Абомазотомия- күйіс қайыратын малды ұлтабарын жарып емдеу әдісі. Автогамия



бет70/82
Дата17.09.2022
өлшемі1.17 Mb.
#460852
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   82
Ауыл шаруашылық ғылыми зерттеу негіздері

ОБСӨЖ № 12-13

Вегетациялық тәжірибе көрсеткіштеріне дисперсиялық анализ

Өзіндік тапсырмалар:
1. Бірфакторлы тәжірибе
2. Көпфакторлы тәжірибе
Бірфакторлы тәжірибеде дисперсиялық талдаудың жалпы схемасында N – бақылаудың жалпы саны, n – қайталаулардың саны, l - варианттар саны. Варианттар Сv және қате Cz квадраттарының қосындысын еркіндік дәрежелерінің сәйкес санына бөлу арқылы F критерийін есептеуге қажетті орташа квадраттар Sv2 мен S2 алынады.
Мұнда квадраттардың барлық қосындысы оң сандар болатынын атап көрсету қажет. Қосынды теріс мәнді болса, қате кеткенін, демек, оны тауып жөндеу керек екенін көрсетеді.

Эксперимент түрі


Квадраттар қосындысы және еркіндік дәрежелері


жалпы

қайталаулар

бағаналар


варианттар


қалдық (қателер)


Толық рендомизация әдісі


Сv/


N-1

-

-

Сv/


L-1

Сv/


N-L

Ұйымдастырылған әдіс


Сv/


N-1

Сv/


n-1

-

Сv/
L-1

Сv/


(n-1) (L-1)


Латын шаршысы


Сv/


N-1

Сp/


n-1

Сc/


n-1

Сv/


n-1

Сz/


(n-1) (L-1)


Латын тік бұрышы


Сv/


N-1

Сp/


n-1

Сc/


n-1

Сv/


L-1

Сz/


(n-1) (L-1)



Тәжірибенің әр түрі үшін белгілібір математикалық модель немесе дисперсиялық талдаудың схемасы болады. Егістік жердегі бірен-саран танаптық немесе вегетативтік тәжірибе ыдысының шығымдылығы, егер олар ұйымдастырылмаған қайталаулар тәсілмен жүргізілсе, екі компоненттен: вариантпен байланысты және қатемен байланысты кездейсоқ компоненттен тұрады деп қарастырылуы мүмкін. Блоктар тәсілімен жүргізілген егістік жердегі тәжірибеде шығымдылық ерекшеленуінің компоненттері үшеу: қайталау, вариант және қате. Латын шаршысында және тік бұрышында төртеу: қатар, бағана, вариант және қате.
Дисперсиялық талдаудың математикалық моделі туралы айқын түсініктің болуы қажетті есептеу операцияларын түсінуді жеңілдетеді. Бұл әйтпесе қарапайым, дара факторлы тәжірибелерге қарағанда ерекшелену негіздері молырақ көп фактормен тәжірибелердің нәтижелерін өңдеуге өте қажет. Мысалы, әдеттегі қайталаулар блоктар тәсілімен жүргізілген екі факторлы тәжірибеде С варианттары үшін квадраттардың қосындысы үшке, ал үш факторлыда жеті компонентке мүшеленеді. Бұл тәжірибелер үшін квадраттардың жалпы қосындысы мына өрнектер түрінде беріледі.
Cy= (CA+CB+CAB)+Cp+Cz
Cy= (CA+CB+CAB+ CAC+CBC+CABC)+Cp+Cz
Көрсетілген компоненттерге сәйкес нәтижелі белгінің ерекшеленулерін және еркіндік дәрежелерінің жалпы санын ыдыратады.
Көпфакторлы тәжірибелерді көбінесе күрделі немесе бөлек-бөлек танаптар тәсілімен жүргізеді. Бұл жағдайда дәлдіктің бірыңғай дәрежесіне барлық салыстыруларды келтіру міндетті емес. Бөлек-бөлек танаптағы варианттардың орналасуынан туатын әртүрлі салыстырулардың нақпа-нақ болмауы тәжірибеде кеткен қатені оны құрайтын компоненттерге: бірінші дәрежелі танапқа Сz1, орналасқан варианттар қатесіне, екінші дәрежелі танаптағы Сzi, варианттар қатесіне жіктеуді талап етеді. Соңынан бұл қателерді факторлардың әсері мен өзара әсерін бағалау үшін пайдаланады. Мысалы, екі және үш факторлы егістік тәжірибелері үшін егер олар танаптарды екі және үш рет бөлшектеуге сәйкес жүргізілген болса, квадраттардың қосындысы мынаған тең болады:
Cy= (CA+CB+CAB)+Cp+Cz+Cz
Cy= (CA+CB+CC +CAB+ CAC+CBC+CABC)+Cp+Cz1+Cz11+Cz111
Сонымен, бөлшектенген танаптардағы тәжірибелерде айырмашылықтар елеулілігін бағалау бұрыңғы мысалдардағы сияқты бір ғана квадраттардың қалдық қосындысына сүйенбейді, қайта бірінші, екінші және үшінші дәрежелі танаптарға шақталған қосындысына сүйенеді.
Квадраттар қосындысын есептеуді жеңілдету үшін әсіресе есептеу машинасы жоқ кезінде бастапқы даталарды, әдетте, шартты бастаудың А өлшемдерінің нәтижесінен тәжірибедегі орташа шығымдылыққа Х жақындайтын бүтін санды шегеріп тастау жолымен түрлендіреду. Есептеудің бастапқы жағын өзгерту квадраттар қосындысына әсер етпейді және шағын орынды цифрлармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Дисперсиялық талдау белгінің бірлікке немесе 100 процентке балап алған ортақ дисперсиясындағы қандай да болмасын фактордың әсерінің дәрежесі немесе үлесі туралы ұғым алуға мүмкіндік береді. Атап айтқанда:
Варианттар әсері:
Қайталаулар әсері:
Кездейсоқ факторлар әсері:
1,0 немесе 100 % барлық факторлар әсері.
Варианттардың, қайталаулардың және қалдықтың квадраттарының қосындысының жалпы ерекшеленуге қатынасы, олар мұнда тиісінше ƞ2v, ƞ2z белгіленген белгінің жалпы құбылмалылығындағы жекелеген факторлардың қатысу үлесін көрсетеді.
Дисперсиялық талдау эксперименттік мәліметтерді өңдеуді Стьюдент критерийінің жұптап салыстыру тәсіліне қарағандағы мынадай негізгі артықшылықтарына байланысты қолдануға жедел енді.

  1. Әрбір варианттағы орташа жекелеген қателердің орнына дисперсиялық талдауда орта шамалардың бақылаудар санына негізделген жалпылай қатесі пайдаланылады, демек, ол – бағалаулар үшін сенімді база болып табылады;


  2. Дисперсиялық талдау тәсілімен қарапайым және күрделі, бір немесе бірнеше жылдық, дара және көп факторлы тәжірибелердің мағлұматтарын өңдеуге болады;


  3. Дисперсиялық талдау тәжірибеде варианттардың аса көп санын есептеуден құтқарады және статистикалық өңдеуц қорытындысын елеулі айырмалар түрінде жинақы көрсетуге мүмкіндік береді.


Экспериментті жоспарлаудың осы заманғы теориясы мен статистикалық талдау рендомизмдік принциптеріне негіәзделген. Теория барлық бақылаулардың тәуелсіз болуын талап етеді. Бұл жағдайда дисперсиялық талдау эксперимент қатесінің шатыстырылмаған дұрыс бағасын береді. Демек, егер тәжірибе рендомизацияланбаған болса, онда экспериментші тәжірибенің шатыстырылған қатесін алуы мүмкін және дисепрсиялық талдауда қолданылатын мәнділік критерийі заңды күшін жоғалтады да вариантар тиімділігінің дәлме-дәл статистикалық дәлелдемесінің аргументі болу сапасын жоғалтады.



Бақылау сұрақтары:




  1. Бір факторлы тәжірибе жүргізу ерекшеліктерін атаңыз?


  2. Екі факторлы тәжірибеге мысал келтіріп, негізгі жұмыс түрлерін көрсетіңіз?


  3. Көпфакторлы тәжірибе түрі қай жағдайда қолданылады?


  4. Көпфакторлы тәжірибе жүргізу ерекшеліктерін атаңыз?


  5. Дисперсиондық талдаудағы есеп түрлерін атаңыз?


  6. Қателік қанша пайыздан аспауы тиіс?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет