Бақылау сұрақтары:
Алуан түрлі өзгергіштік (дисперсий) түрлерін есептеуді және ℓ, Су, СV, Сp , Сz көрсеткіштерін анықтауды жүргізу әдістемесі қандай және бұл көрсеткіштерді есептеудің негізінде қандай қорытындылар жасауға болады?
Әртүрлі өзгергіштік түрлерінің орташа шамаларын есептеу қалай жүзеге асырылады (тәжірибе қайталымдары, нұсқалары, қалдық өзгергіштік және дисперсияның орташа мәндері үшін еркіндік дәрежесінің саны)?
«Корреляция, регрессия және ковариация»
1. Сызықты корреляция және регрессия
2. Қисық сызықты корреляция және регрессия
3. Ковариация
Агрономиялық және биологиялық зерттеулерде белгілерді жаппай зерттеген кезде байланыстарды табудың қажеттілігі туындайды, оны корреляциялық байланыс немесе ықтималдылық байланыс деп атайды (схоластикалық).
Корреляциялық байланыстарды оқып-білгенде екі негізгі сұрақты қарастыруға тура келеді: тығыздық, байланыстардың пішіні және бағыты, сонымен қатар өлшем бірлігі ретінде статистикалық әдістер қолданылады, оны корреляция және регрессия деп атайды (сурет 13).
Егер де, екі белгінің арасындағы байланыс зерттелетін болса, онда корреляция мен регрессия қарапайым болып саналады, ал егер екі немесе одан да көп белгілердің арасындағы байланыстар зерттелетін болса, онда күрделі (көпше)болып саналады.
Корреляция
Форма
Бағыт
Сызықты
Қисық сызықты
Тік
Кері
Сурет 13 – корреляциялық байланыстардың пішіні мен бағыты
Регрессия түсінігінің астарында бір немесе бірнеше факторлардың (дәлел) жекелеген өзгерісі кезінде Y (функция) нәтижелі белгісінің өзгерісі түсінігі жатыр. Функция мен дәлелдің арасындағы байланыс регрессияның немесе корреляцияның теңесуімен көрсетіледі. Қарапайым регрессиялық теңесу қысқаша түрде былай көрсетіледі Y = f (х), көпше түрінде Y = f (х, z, v…). Байланыстардың тығыздығы (күші) корреляциялық коэффициент және корреляциялық қатынас арқылы бағаланады.
Сызықты корреляциялық тәуелділік – бұл екі белгілердің, яғни Х және У белгілерінің арасындағы сызықтық (тік сызықты) сипатқа ие тәуелділік, ол тік сызықтың теңестірілуімен У = а+вх көрсетіледі. Бұл теңесу У регрессиясының Х регрессиясына теңесуі деп аталады, ал оған сәйкес тік сызық – таңдаулы сызықтар У Х регрессиясына.
Мысал ретінде 14 суретте зығыр сабағының диаметрі мен салмағының арасындағы байланысқа байланысты сызықты регрессия көрсетілген, Х дәлелінің қандай да бір мәнінде, дақылды біркелкі өсіруде У функциясының өзгеруі біркелкі болады.
У
Х
Сурет 14 - Зығыр сабағының диаметрі мен салмағының арасындағы байланыс.
Х және У белгілерінің арасындағы сызықтық корреляциялық тәуелділік сызықтық сипатқа ие және ол тік сызықтың теңестірілуімен көрсетіледі У=а + в Х. Егер дәлелдің көбеюі біркелкі болса, онда функцияның өзгеруі біркелкі болмайды, яғни регрессия қисық сызықты деп аталады. Сызықты регрессия Х шамасы өзгергенде У шамасы орта есеппен қалай өзгеретінін көрсетеді. Егер Х шамасы жоғарылайтын болса, онда У шамасы орта есеппен жоғарылайды, яғни бұл жағдайда корреляция мен регрессия оң немесе тік (тура) деп аталады, ал егер Х мәні жоғарылап, У мәні орта есеппен төмендейтін болса, онда корреляция мен регрессия - теріс немесе кері деп аталады.
Дәлелдің біркелкі емес көбеюі кезінде функцияның өзгеруі біркелкі болмайды, бұндай жағдайда регрессия қисық сызықты деп аталады.
15 суретте күздік бидайдың өніміне (линия У) тұқымның себу мөлшері (Х) әсерінің қисық сызықты регрессиясы келтірілген.
Келтірілген теориялық регрессия сызығы – танаптық тәжірибеде белгілі бір фактордың әсерінің жоғарылауы салдарынан (нақты жағдайда тұқымның себу мөлшері) өнімнің жоғарылауы байқалатындығын, ал кейін бұл фактордың әсері оңтайлы деңгейге жеткен кезде өнімнің төмендеуі байқалатындығын көрсетеді. Осыған ұқсас судан шөбінің себу мерзімі мен өнімінің арасындағы тәуелділік алдыңғы мысалдарда көрсетілген (сурет 9).
У
Х
Тұқымның себу мөлшері, млн.дана/га
Сурет 15 – Күздік бидайдың тұқымының себу мөлшері (Х) мен қалыптастырған өнімінің (У) арасындағы тәуелділік
Зығыр өсімдігінің фузариоз ауруымен зақымдануы және бұл өсімдіктің бір танапта себу жылдарының арақашықтығы арасындағы тәуелділікке байланысты кері сызықты корреляцияға мысал 16 суретте келтірілген, яғни бұл мысал зығыр өсімдігінің фузариоз ауруымен залалдануына жол бермес үшін бұрынғы себілген орнына қайтадан араға 7 жыл салып барып себуге болатындығын дәлелдейді.
Көпше түрдегі корреляция – нәтижелі белгі шамасының өзгеруіне бір мезгілде бірнеше факторлардың әсер етуі. Көпше түрдегі байланыстардың анағұрлым қарапайым формасы – үш фактордың арасындағы сызықты тәуелділік, мәселен, дақылдың өнімі У функциясы ретінде қарастырылса, ал басқа екеуі Х және z дәлелдері ретінде қарастырылады. Үш ауысымның арасындағы тік сызықты тәуелділік үшін математикалық теңестіру – регрессия жазықтығының көпше түрдегі теңестірілуі деп аталады.
У
Х
Сурет 16 - Зығыр себу жылдары (жылдардың саны) аралығының егістіктің фузариоз ауруымен зақымдануына әсері.
Бақылау сұрақтары:
Корреляция деген не, оның түрлері және бағыты?
Сызықты (тік сызықты) корреляциялық тәуелділік деген не және оны кесте (график) түрінде көрсету әдістері?
Қисық сызықты регрессия деген не және оны кесте (график) түрінде көрсетудің әдістері?
Кері тік сызықты регрессия деген не және оны кесте (график) түрінде көрсетудің әдістері?
Көпше түрдегі корреляцияның ерекшеліктері қандай және оның танаптық тәжірибені бағалаудағы мәні?
Достарыңызбен бөлісу: |