«Адам ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн) және (немесе) адам тіндерін, қан мен оның компоненттерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге лицензия беру»



Дата13.06.2016
өлшемі91.5 Kb.
#133823
Жоба
«Адам ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн) және (немесе) адам тіндерін, қан мен оның компоненттерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының

аумағынан әкетуге лицензия беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


  1. Жалпы ережелер

1. «Адам ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн) және (немесе) адам тіндерін, қан мен оның компоненттерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).



2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлік көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – портал);

2) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:

адам тіндерін, қан және оның компоненттерін әкелуге, әкетуге лицензия беру кезінде – 3 (үш) жұмыс күні;

адам ағзаларын (ағза бөлiктерiн) әкелуге және (немесе) әкетуге лицензия беру кезінде – 1 (бір) жұмыс күні;

2) құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік көрсетілген қызмет нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша адам ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн) және (немесе) адам тіндерін, қан мен оның компоненттерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге арналған лицензия (бұдан әрі – лицензия), не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауап.



Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

Лицензия Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы бір рет өтуге беріледі.

Көрсетілетін қызметті алушы қағаз жеткізгіште лицензия алуға жүгінген жағдайда лицензия электрондық пішімде ресімделеді, басып шығарылады, көрсетілетін қызметті беруші басшысының мөрімен және қолымен расталады.

Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төленеді, ол «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес 10 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейлі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы жүзеге асырылады.


Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін электрондық сұрату портал арқылы берілген жағдайда төлем «электрондық үкімет» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы да жүзеге асырылуы мүмкін.


8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі;



2) порталдың тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенімхат бойынша өкілі):

1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;


қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

сыртқы сауда шартының (келісімшартының), оған қосымшаның және (немесе) толықтырудың көшірмесі, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда тараптардың ниетін растайтын басқа құжаттың көшірмесі;



адам тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн), қан және оның компоненттерін әкелу, әкету мүмкіндігі туралы шешім қабылдауға өкілетті үшінші елдердің мемлекеттік органдарының рұқсаты.

2) порталға жүгінген кезде:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрату;

сыртқы сауда шартының (келісімшартының), оған қосымшаның және (немесе) толықтырудың электрондық көшірмесі, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда тараптардың ниетін растайтын басқа құжаттың электрондық көшірмесі электрондық сұратуға тіркеледі;

адам ағзаларын (ағза бөліктерін) және (немесе) тіндерін, қан және оның компоненттерін әкелу немесе әкету мүмкіндігі туралы шешім қабылдауға уәкілетті үшінші елдердің мемлекеттік органдарының рұқсаты;

ЭҮТШ арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), лицензиялық алымды төлеу (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда), «трансплантология», «гематология», «қан дайындау» мамандықтары бойынша медициналық қызметке арналған лицензия және лицензияға қосымшаның көшірмесі туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы уәкілетті лауазымды тұлғалардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.

Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды:

көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы берген кезде:

өтініштің нөмірі мен қабылданған күнін;

сұратылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрін;

өтінішке қоса берілген құжаттардың саны мен атауларын;

мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу күні (уақыты) мен құжаттарды беру орнын;

құжаттарды қабылдаған көрсетілетін қызметті берушінің жауапты тұлғасының тегін, атын, әкесінің атын көрсете отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;

портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұратудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушы жазбаша келісім береді.

10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:

субъектілердің осы санаты үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынған қызмет түрімен айналысуы;

қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленбеуі;

көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;

мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оған қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;

сот орындаушысының ұсынымы негізінде соттың өтініш иесіне лицензия алуға тыйым салуы.
3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына беріледі.

Шағым пошта арқылы жазбаша түрде немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін қолма-қол беріледі.

Шағымның қабылданғанын растау нөмірі, күні, оны қабылдаған тұлғаның тегі, байланыс деректері, сондай-ақ жауапты алу орны мен мерзімі, шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды тұлғалардың байланыс деректері көрсетілген талонды бере отырып тіркеу (мөртабаны, кіріс нөмірі мен күні) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны белгілеу және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері көрсетілетін қызметті алушыға пошталық байланыс арқылы жіберіледі немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Көрсетілетін қызметті алушының шағымының портал арқылы қабылданғанын растау оны тіркеу туралы хабарлама болып табылады.

Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алуға болады.

Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеген кезде жаңартылып отырады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы заңнамамен белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.



4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерді көрсетудің ерекшеліктерін есепке ала отырып өзге де талаптар
13. Көрсетілетін қызметті берушінің үй-жайларында мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар (пандустар және лифтілер) көзделген.

14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mz.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті ЭЦҚ болған кезде портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

16. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтағы қолжетімділік режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы ала алады.

17. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

«Адам ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн) және (немесе) адам тіндерін, қан мен оның компоненттерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

1-қосымша

нысан


Тауардың жекелеген түрлерінің экспортына лицензия


Кеден одағына қатысушы мемлекеттің атқарушы билігінің уәкілетті мемлекеттік органы


1. Лицензия №

2. 2. Қолданылу кезеңі
ЖЖЖЖ.КК.АА-дан бастап
ЖЖЖЖ.КК.АА кезеңіне

3. Лицензияның типі
ЭКСПОРТ

4. Келісімшарт
____ жылғы № ___

5. Өтініш беруші
 
 
 
 

6. Сатып алушы 
 
 

7. Тағайындалған елі

8. Сатып алушының елі

9. Келісімшарт валютасы

10. Құны

11.
Статистикалық құны

12. Шығарушы ел   

13. Саны

14. Өлшем бірлігі

15. СЭҚ БТН бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы

           



16. Қосымша ақпарат


17. Лицензия беру үшін негіздеме

18. Уәкілетті тұлға

Т.А.Ә


Лауазымы

Қолы және мөрі Күні



нысан
Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына лицензия




Кеден одағына қатысушы мемлекеттің атқарушы билігінің уәкілетті мемлекеттік органы


1. Лицензия №

2. Қолданылу кезеңі
ЖЖЖЖ.КК.АА-дан бастап
ЖЖЖЖ.КК.АА кезеңіне

3. Лицензияның типі          ИМПОРТ

4. Келісімшарт
____ жылғы № ___

5. Өтініш беруші      
 
 
 
 

6. Сатушы
 
 
 
 

7. Жөнелтуші елі

8. Сатушы елі

9. Келісім-шарт валютасы

10. Құны

11.
Статистикалық құны

12. Шығарылған елі

13. Саны

14. Өлшем бірлігі

15. СЭҚ БТН бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы

  


16. Қосымша ақпарат


17. Лицензия беру үшін негіздеме

18. Уәкілетті тұлға
Т.А.Ә
Лауазымы
Қолы және мөрі         Күні

«Адам ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн) және (немесе) адам тіндерін, қан мен оның компоненттерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге лицензия беру»


мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
нысан
Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына лицензия беру
туралы өтініш



1. Өтініш №

2. Қолданылу кезеңі
ЖЖЖЖ.КК.АА-дан бастап
ЖЖЖЖ.КК.АА кезеңіне

3. Лицензияның типі ЭКСПОРТ

4. Келісім-шарт
____ жылғы № ___

5. Өтініш беруші

6. Сатып алушы

7. Тағайындалған елі

8. Сатып алушының елі

9. Келісімшарт валютасы

10. Құны

11. Статистикалық құны

12. Шығарған елі

13. Саны

14. Өлшем бірлігі

15. КО СЭҚ ТН бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы


16. Қосымша ақпарат

17. Лицензия беру үшін негіздеме

18. Осы лицензиямен ақпараттық ресурстардағы мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.



19. Өтініш берушінің уәкілетті тұлғасы

Т.А.Ә


Лауазымы

Телефоны


Қолы және мөрі Күні

нысан
Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына лицензия беру туралы


өтініш



1. Өтініш №

2. Қолдану кезеңі
ЖЖЖЖ.КК.АА-дан бастап
ЖЖЖЖ.КК.АА кезеңіне

3. Лицензияның типі ИМПОРТ

4. Келісімшарт
____ жылғы № ___

5. Өтініш беруші  

6. Сатушы

7. Жіберу елі  

8. Сатушының елі

9. Келісім-шарт валютасы

10. Құны

11.Статистикалық құны

12. Шығарылған елі

13. Саны

14. Өлшем бірлігі

15. КО СЭҚ ТН бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы


16. Қосымша ақпарат


17. Лицензия беру үшін негіздеме

18. Осы лицензиямен ақпараттық ресурстардағы мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.



19. Өтініш берушінің уәкілетті тұлғасы

Т.А.Ә.


Лауазымы

Телефоны


Қолы және мөрі Күні


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет