v. cephalica арасында түрақсыз - беткей
бі- лектің оргалык венасы,
v. mediana antebra- chii (141-сурет), кездеседі. Бұл венаиықтыц жоғаргы үшінде v.
mediana cubiti-мен бірге не- месе оның сабауы екіге айырылады: оның бір тармағы орталық латералді теріасты венасы,
V. mediana cephalica, атауымен
v. cephalica- га', екіншісі-орталық
медиалді теріасты венасы,
v. mediana basilica, атауымен
v. basilica-га барады. Ш ынтақ буынында
v. mediana cubiti (немесе
v. mediana basilica) мен терец веналар арасында тұрақты ана- стомоз болады.
Білектің дисталді болімінде v.
cephalica- да, v. basilica-да алақанның терец веналық доғасымен,
arcus venosus palmaris profundus, байланысады.
Сонымен катар v.
basilica мен v.
cepha- lica өз жолдарында білектің сыргқы жэне алақандық беттерінде өзара кеңінен байланысады.
Терец веналар
Қолдың черед веналары (142-сурет) ар- териялармед екеуден қосарлана жүреді.
Қолұшы аймагында екі веналық тор бар.
Алақанныд беткей веналық догасы, ar-
cus venosus palmaris superficialis, нашар дамыған, атгас алақан доғасымен қосарла- на жүреді.
Алақанныд теред веналық доғасы
(143-сурет) озара анастомоздалатын екі ве- надан түрады, оларға сүйекаралық бүл- шықеттерден қанды жинайтын алақан сүйектерінід алақандық веналары, vv. meta- carpeae palmares, жэне білезіктід терец алақандық веналық торыныд бірнеше қагар тармақтары қүйылады. Алақан сүйектері- нід алақандық веналары саусакаралық кеңістіктер аркылы қолүніыныд сыртқы ве- наларымен анастомозданады.
Алақанныд геред веналық доғасы бірін- ші саусақаралық кедісгікте бірінші алакан сүйектерінід сыртқы венасымен анастомоз түзеді.
Алақанныд терец жэне беткей веналық доғалары веналары білекке өткен сод, та- мырлар жолында өзара анастомозданатын
шынтақ веналарын, vv.
ulnares, жэне екі кэріжілік веналарын, vv.
radiates, түзеді.
Ш ынтақ жэне кэріжілік веналары, vv. іА- ncires et vv. radilales, атгас артериялардыд жан-жағында орналасып, шынтақ шұцқы- рына жетеді; шынтақ жэне кэріжілік вена- лары жолдарында оларға бұлшықетгер мен сүйек веналары қүйылады, олардыд атауы шынтақ жэне кэріжілік артерияларыныд тармақтарына сэйкес.
Ш ынгақ буыны түсында шынтақ жэне кэріжілік веналары қосылын, екі иық вена- сын, vv. brachiales, қүрайды. Иық веналары аттас артериямен бірге жүріп, өз жолында ірі жэне ұсақ тармақтар қатарын қабылдан,
қолтық ш үдқырында өзара қосылып, қолтық венасын түзеді.
Қолтық венасы, v.
axillaris (144-су- рет), аттас артерияныд алдында қолтық шүдқырыдда орналасады. Ол
т. pectoralis major-дъщ төменгі жиегінен I қабыргага дейін орналасып, қолдыд беткей жэне терец веналарынан веналық қанды жинайтын негізгі сабау болыгі есептеледі.
Қолтық венасы қолтық артериясы тармак-
тарына сэйкес тармақтарды қабылдайды. Оларга тоқпан жіліктің айналма веналары,
vv. circumflexae humeri, ж ауырынасты ве- налары, w. subscapulares, жэне бүйір кеуде венасы, v. thoracica lateralis, жатады.
Бүйір кеуде венасына келесі веналар құйылады.
а) Кеуде-құрсақүсті веналары, vv. thora- coepigastricae, кеуде жэне іш қабырға- сының бүйір бөлімінен басталып, төменде беткей қүрсақүсті венамен, v. epigastrica
superficialis, анастомоз түзіп, кеуде то- рының бүйір бетімен қолтық шүңқырьща жетеді.
б) Сүт безі бүртігі аймағындағы беткей
өрімнен қанды әкелетін веналар - емізік жанындағы веналық өрім, plexus venosus areolaris.
в) 6-7 жоғарғы артқы қабырғааралық
веналар басталатын веналар, т. serratus anterior-ды тесіп өтіп немесе v. thoracica
lateralis, немесе v. thoracoepigastrica-m
қүйылады. Қолтық венаға көрсетілген вена- лардан басқа v. cephalica-да ашылады.
Қолтық венасы I қабырғаның сыртқы жиегінде бүғанаасты венаға өтеді.
Бұғанаасты вена, v. subclavia - қолтық венаның тікелей жалғасы. Ол I қабырғаның жоғарғы бетінде, омыртқаалды кеңістігінде жатады жэне төс-бүғана буынының арткы бетіне жетеді.
Осы жерде бұғанаасты венасының екі қақпағы бар жэне ішкі мойындырық вена- мен бірігіп, иық-бас венасын түзеді.
V subclavia менv.
jugularis interna, біріккен жерінің эрбір жағы оң жэне сол веналық бүрышы атауын алады.
Бұғанаасты венасына: мойынның көлде- нең венасы, v.
transversae colli, жауырынның артқы венасы, v.
scapularis dorsalis, кеуде ве- налары, vv.
pectorales жэне
кеуде-акромион венасы, v.
thoracoacromialis, қүйылады, олар аттас артериялармен қосарлана жүріп, жиі сыртқы мойын дырық венаға қүйылады.