«Адам әдептілігімен әдемі»



Дата27.03.2023
өлшемі26.73 Kb.
#471232
«Адам әдептілігімен әдемі»



Сыныбы: 6 а

Уақыты: 31.03

Сынып сағатының
тақырыбы

«Адам әдептілігімен әдемі»

Сынып сағатының

Балалардың әдептілік, имандылық туралы ұғымдарын кеңейту.

мақсаты

Сынып сағатының міндеті

Балалардың әдептілік, имандылық туралы ұғымдарын кеңейту. -Әдептілік сақтауға, үлкендерді құрмет, кішілерге ізет көрсетуге, өзара сыйластыққа, жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге тәрбиелеу. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.

Ресурстар

Суреттер, слайдтар, үлестірме материалдар.

Барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Кіріспе

Оқушылармен амандасу, көңіл күйлерін сұрау

Амандасу

Шаттық шеңбері

Қане, қане, тұрайық, Үлкен шеңбер құрайық. Тұрсақ үлкен шеңберге, Алақанды ұрайық.

Өлеңді хормен айтады.

Сабақтың басы



Мұғалімнің сөзі «Жирен жаман әдеттен, үйрен жақсы әдеттен»,-дейді халық. Әдепті болу үшін иманды, кішіпейіл, көпшіл болу қажет. Әрбір адамның әдептілігі оның сөзінен, көзінен, өзінен байқалады. Иман жүзді, әдепті адам күндей күлімдеп, жарық дүниедей жадырап сөйлейді.Халық әдебі «сіз» деген сөзден басталады. Бұл сөз адамды құрметтеуді, ардақтауды білдіретін қасиетті сөз. Бүгінгі тәрбие сағатымыз сендердің әдептілік әліппесін қаншалықты білетіндеріңді байқау мақсатында сайыс түрінде өтеді. Ол үшін топқа бөлінейік. 1. Инабат тобы
2. Әдеп тобы







Сабақтың ортасы
Сабақтың соңы

Рефлексия



Сұрақтар легі 1.1.Әдептілік дегенді қалай түсінесің? Өз ойларын айтады. 2. Әдепсіз дегенді қалай түсінесің? 3. Әдептілікті бізге кім үйретеді?

2. Мақалдарға байланысты әдептіліктің мәуелі бәйтерегін құрастыру.


3. «Әдепті оқушы» көрінісі: Рұқсат па? Кешіріңіз. Сәлеметсіз бе? –сөздерін қолдана отырып 2 топ «Әдепті оқушы» – деген тақырыпқа көрініс құрап көрсетеді.
4. “Теңге ілу” 1-теңге. Әдепті бала мен әдепсіз баланы салыстыр. 2-теңге. Әдепсіз балаға хат жазу. 3-теңге. Әдептілік туралы бес жолдық өлең (синквейн)
5. “Сөйлемді жалғастыр” 1. Үлкеннің – …………(тілін алу керек) 2. Сабақтан -…………(кешігуге болмайды) 3. Кішкене баланы -…….(жылатуға болмайды)

Сұрақтар топта талқыланады. Әр оқушы топ ішінде өз ойларын ортаға салады.

Әр топ жарыса отырып “әдептілік жапырақтарын” орналастырады.


Көрініс құрап көрсетеді, талдайды.


Тапсырмаларды орындайды

Әр бала бойындағы қасиеттерді айтып, өзіне мінездеме береді.


Сабақтан алған әсерлерін айтады.

Ой талқы: Мен қандай баламын?


«Ашық микрофон» әдісі




Соңы








Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет