«адам қҰҚЫҒЫ» ПӘннін оқУ-Әдістімелік кешені


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет5/8
Дата09.06.2016
өлшемі0.61 Mb.
#125109
1   2   3   4   5   6   7   8

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Экономикалық құқықтар: жалпы сипаттама.

  2. Әлеуметтік құқықтардың ұғымы мен жіктелуі.

  3. Мәдени құқықтар және олардың жүзеге асырылуы.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Искакова Г.К. Современность: права и свободы человека. Монография. Семипалатинск, 2013.-299 с

  2. Сборник документов по международному праву в области защиты прав человека. Алматы: САК, 2003.- Т.1. – 576 с.

  3. Права человека. Основные международные документы. - М.: Международные отношения, 2009. - 157 с.



10. Қазақстан Республикасындағы адам және азамат міндеттері

Тақырыптың мақсаты: қарастырылып отырған мәселеле бойынша негізгі анықтамаларға сипаттама беру, жан-жақты қарастыру, сипаттама беру.

Жоспары:


Конституциялық міндеттер. Басқа тұлғалардың құқығын, бостандығын, абыройын құрметтеу. Қазақстан Республикасын қорғау.
Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады, ол қандай негізде алынғанына қарамастан, бірыңғай және тең болып табылады. Республиканың азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзінің азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды.

3. Республика азаматының басқа мемлекеттің азаматтығында болуы танылмайды. Республиканың халықаралық шарттарында өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының азаматын шет мемлекетке беруге болмайды. Республика өзінің одан тыс жерлерде жүрген азаматтарын қорғауға және оларға қамқорлық жасауға кепілдік береді.

Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі.

Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады. Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады. . Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республикада азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттер атқарады.. Адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс.

1. Әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы.

2. Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегі тегін көрсетіледі.

Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.

Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.

1. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.

2. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. Өлім жазасы адамдардың қаза болуымен байланысты террористік қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ соғыс уақытында ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамның кешірім жасау туралы өтініш ету хақы бар.

1. Әркім өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар.

2. Заңда көзделген реттерде ғана және тек қана соттың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға шағымдану құқығы беріледі. Соттың санкциясынсыз адамды жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ұстауға болады.

3. Ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегін пайдалануға құқылы.

1. Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды.

2. Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды.

1. Әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар.

2. Әркім өзінің жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, почта, телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығы сақталуына құқығы бар. Бұл құқықты шектеуге заңда тікелей белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі.

3. Мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды адамдар және бұқаралық ақпарат құралдары әрбір азаматқа өзінің құқықтары мен мүдделеріне қатысты құжаттармен, шешімдермен және ақпарат көздерімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.

19-бап

1. Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы.

2. Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар.



20-бап

1. Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады.

2. Әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқығы бар. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиясы болып табылатын мәліметтер тізбесі заңмен белгіленеді.

3. Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгіттеуге жол берілмейді.



21-бап

1. Қазақстан Республикасы аумағында заңды түрде жүрген әрбір адам, заңда көрсетілгеннен басқа реттерде, оның аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты мекенді өз қалауынша таңдап алуға құқығы бар.

2. Әркімнің Республикадан тыс жерлерге кетуіне құқығы бар. Республика азаматтарының Республикаға кедергісіз қайтып оралуына құқығы бар.

22-бап

1. Әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар.

2. Ар-ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру жалпы адамдық және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемеуге тиіс.



23-бап

1. Қазақстан Республикасы азаматтарының бірлесу бостандығына құқығы бар. Қоғамдық бірлестіктердің қызметі заңмен реттеледі.

2. Әскери қызметшілер, ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьялар партияларда, кәсіптік одақтарда болмауға, қандай да бір саяси партияны қолдап сөйлемеуге тиіс.

24-бап

1. Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі.

2. Әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар.

3. Ереуіл жасау құқығын қоса алғанда, заңмен белгіленген тәсілдерді қолдана отырып, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешу құқығы мойындалады.

4. Әркімнің тынығу құқығы бар. Еңбек шарты бойынша, жұмыс істейтіндерге заңмен белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығына, демалыс және мереке күндеріне, жыл сайынғы ақылы демалысқа кепілдік беріледі.

25-бап

1. Тұрғын үйге қол сұғылмайды. Соттың шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейді. Тұрғын үйге басып кіруге, оны тексеруге және тінтуге заңмен белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі.

2. Қазақстан Республикасында азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалады. Заңда көрсетілген санаттағы мұқтаж азаматтарға тұрғын үй заңмен белгіленген нормаларға сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорларынан олардың шама-шарқы көтеретін ақыға беріледі.

26-бап

1. Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады.

2. Меншік, оның ішінде мұрагерлік құқығына заңмен кепілдік беріледі.

3. Соттың шешімінсіз ешкімді де өз мүлкінен айыруға болмайды. Заңмен көзделген ерекше жағдайларда мемлекет мұқтажы үшін мүліктен күштеп айыру оның құны тең бағамен өтелген кезде жүргізілуі мүмкін.

4. Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар. Монополистік қызмет заңмен реттеледі әрі шектеледі. Жосықсыз бәсекеге тыйым салынады.



27-бап

1. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады.

2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу — ата-ананың етене құқығы әрі міндеті.

3. Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті.



28-бап

1. Қазақстан Республикасының азаматы жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде оған ең төменгі жалақы мен зейнетақының мөлшерінде әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік беріледі.

2. Ерікті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша нысандарын жасау және қайы-рымдылық көтермеленіп отырады.

29-бап

1. Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.

2. Республика азаматтары заңмен белгіленген кепілді медициналық көмектің көлемін тегін алуға хақылы.

3. Мемлекеттік және жеке меншік емдеу мекемелерінде, сондай-ақ, жеке медициналық практикамен айналысушы адамдардан ақылы медициналық жәрдем алу заңда белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша жүргізіледі.



30-бап

1. Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті.

2. Азаматтың мемлекеттік жоғары оқу орнында конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар.

3. Жекеменшік оқу орындарында ақылы білім алу заңмен белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша жүзеге асырылады.

4. Мемлекет білім берудің жалпыға міндетті стандарттарын белгілейді. Кез келген оқу орнының қызметі осы стандарттарға сай келуі керек.

31-бап

1. Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды.

2. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін деректер мен жағдаяттарды лауазымды адамдардың жасыруы заңға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.

32-бап

Қазақстан Республикасының азаматтары бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұруға хақылы. Бұл құқықты пайдалану мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделері үшін заңмен шектелуі мүмкін.


1. Қазақстан Республикасы азаматтарының тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысуға, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына тікелей өзі жүгінуге, сондай-ақ жеке және ұжымдық өтініштер жолдауға құқығы бар.

2. Республика азаматтарының мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға құқығы бар.

3. Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың сайлауға және сайлануға, республикалық референдумға қатысуға құқығы жоқ.

4. Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке кіруге тең құқығы бар. Мемлекеттік қызметші лауазымына кандидатқа қойылатын талаптар лауазымдық міндеттердің сипатына ғана байланысты болады және заңмен белгіленеді.

1. Әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.

2. Әркім Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті.

Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады.

1. Қазақстан Республикасын қорғау — оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті.

2. Республика азаматтары заңда белгіленген тәртіп пен түрлер бойынша әскери қызмет атқарады.

Қазақстан Республикасының азаматтары тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасауға, тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғауға міндетті.

Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті.

1. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада ғана және тек заңмен шектелуі мүмкін.

2. Ұлтаралық татулықты бұзатын кез келген әрекет конституциялық емес деп танылады.

3. Саяси себептер бойынша азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қандай да бір түрде шектеуге жол берілмейді. Конституцияның 10; 11; 13-15-баптарында; 16-бабының 1-тармағында; 17-бабында; 19-бабында; 22-бабында; 26-бабының 2-тармағында көзделген құқықтар мен бостандықтар ешбір жағдайда да шектелмеуге тиіс


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Адам және азаматтың конституциялық міндеттері: жалпы ұғым.

  2. Адам және азаматтың конституциялық міндеттері: мазмұны және түрлері.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Искакова Г.К. Современность: права и свободы человека. Монография. Семипалатинск, 2013.-299 с

  2. Сборник документов по международному праву в области защиты прав человека. Алматы: САК, 2003.- Т.1. – 576 с.

  3. Права человека. Основные международные документы. - М.: Международные отношения, 2009. - 157 с.




11. Қазақстан Республикасындағы адам құқығын қорғаудағы ұлттық және мемлекеттік институттар

Тақырыптың мақсаты: қарастырылып отырған мәселеле бойынша негізгі анықтамаларға сипаттама беру, жан-жақты қарастыру, сипаттама беру.

Жоспары:


Қазакстан Республикасының Президенті - адам және азамат құқықтарының кепілі.

Азамат құқықтары мен бостандыктарын биліктің өкілдік органдарының қамтамасыз етуі.

Азамат құқықтары мен бостандықтарының сакталуындағы Конституциялық кеңестің рөлі.

Адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың негізгі

мәселесі – қоғам және мемлекет ӛміріндегі ең бірінші қорғалуға тиісті

құндылықтар. Жалпы гуманитарлық құндылықтар ӛлшем бірлігінде адам

және азаматтардың құқықтары мен бостандықтары басқа субьектілер

арасында басым рольге ие екендігі даусыз. Кез келген демократиялық

мемлекетте адам құқықтары мен бостандықтары және оның міндеттері

әлеуметтік, саяси, әрі заңды сипаттағы маңызды институтты құрап, қоғамның ӛркениетті даму деңгейі жетістіктерінің ӛлшеуші қызметін атқарады.

Адам құқықтары мен бостандықтарының – тұлғаның рухани және

материалдық игіліктерге жетуінің құралы, биліктің механизмі, ерік

білдірудің заңды түрі, ӛз мүдделерінің жүзеге асуының басты факторы

екендігін де атап ӛткен орынды. Сонымен қатар, тұлғаның ӛзін-ӛзі

дамытуының міндетті алғышарты, оның қоғамдағы орнын нақтылау, әрі

артықшылықтарын кӛрсетудің бір түрі [1]. Сондықтан да дамыған,

ӛркениетті мемлекеттер мен ұлттар, жалпы әлемдік қауымдастық - адам

құқықтары мен оны қорғауды мемлекеттің прогрессивті дамуы мен

гүлденуінің, тұрақтылық пен тӛзімділіктің әмбебап идеалды алғышарты

ретінде қарастырады. Сол себепті қазіргі заманғы әлем осы бағыт бойынша

қарқынды дамуда. Белгілі қоғам қайраткері Т. Джефферсон ӛз кезегінде

«адамның туа біткен және ажырамас құқықтарынан басқа ӛзгеріске

ұшырамайтын ештеңе жоқ» деген қанатты сӛзін бекер қалдырмаса керек.

Адам құқықтарын қорғаудың мәселесі бүгінгі таңда жекелеген

мемлекеттердің аумағынан шығып, бүкіләлемдік құқықтық институттардың

құрылуына негіз болғанымен, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау

механизмінің осы кезеңдегі және жақын болашақтағы жетекші ролі ұлттық

институттарға тиесілі екендігі де жасырын емес. Адам құқықтарынhttp://www.enu.kz

қорғаудағы кепілдіктердің бірі құқыққорғау институтының әділ және тиімді

жүйесі. Оның ӛзі ӛз кезегінде екі түрге бӛлінеді: 1) құқық қолдану -

құқықтық заңнамаларды жүзеге асырудың мемлекеттік биліктік әрекеті,

құқықтық қатынастар субьектілерінің мүдделерін жүзеге асырудағы

кездесетін кедергілерді жою болса; 2) құқық қатынасының субьектісі ӛз

мүддесі мен заңды құқықтарын қорғау үшін тиісті құқыққорғау органдарына

шағымдануға, ал құқыққолданушы оны қорғауға кепілдік беруге немесе

оның мүддесінің жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге құқылы [2].

1948 жылдың 10 желтоқсан күні БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы «Адам

құқықтары туралы Жалпы Декларациясын» қабылдаған болатын. Аталған

Декларацияда адам туа салысымен тең құқықтар мен міндеттерге ие, оларды түрі, түсі, ұлты, жынысына және тағы да басқа ерекшеліктеріне қарай бӛлуге болмайтындығы туралы нақты айтылған. 1950 жылдан бастап әр жылдың 10 елтоқсаны Халықаралық Адам құқығы күні ретінде аталып ӛтіледі.

Сонымен қатар 1950 жылы «Адам құқықтарын қорғаумен оның негізгі

еркіндіктері туралы Еуропалық конвенция», «Экономикалық, әлеуметтік

және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакт» қабылданды. Осы аталған және содан кейінгі қабылданған құжаттар негізінде адам және азамат құқықтарын қорғаудың халықаралық стандарттарын, яғни ӛлшемдерін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттердің конституциялық құрылымын реттеп, инкорпорациялау үшін негіздер қаланған болатын.

Адам құқықтары туралы алғашқы ұғым 1789 жылы қабылданған

Францияның «Азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы

Декларациясында» кӛрініс тапқаны белгілі. Алайда күн бүгінгі күнге дейін

адамның туа біткен құқықтары мен бостандықтары ұзақ даму кезеңдерден

ӛткен болатын. Оның алғышарттарының, яғни қайнар кӛздерінің қатарына

Еркіндіктің Ұлы Хартиясы (1215), Ағылшындық құқық туралы Биль (1689)

және Американдақ құқық туралы Биль (1791) сияқты құжаттарды жатқызуға

болады.. XIX ғасырда басым мемлекеттерде алғашқы саяси және азаматтық

либералдық құқықтар әр түрлі сипатта қалыптасқан болатын. ХХ ғасырдың

басындағы социалистік жүйенің қарқынды ықпалымен азаматтық және саяси

құқықтардың қатарына кәсіподаққа бірігу құқығы, еңбек ету құқығы,

әлеуметтік кӛмекке құқық және т.б. сол сияқты бірқатар әлеуметтік

экономикалық құқықтар келіп қосылғаны белгілі

Құқыққолдану жүйесіндегі мемлекеттік органдардың құқықтық

нормаларға қатысты қоғамдық қатынасты қалыптастыру жүйесінің маңызды

бӛлігі - сот жүйесі. Сот билігі нақты сипаттағы құқыққорғаушылық қасиетке

ие, сонымен қатар сотта қаралатыын істер мӛлдір, әрі ашық болуы, шарт.

Соттың адам құқықтарын қорғаудағы әрекеті заңды құқыққорғау деп аталса,

басқа ӛкілетті органдардың адам құқықтарын қорғаудағы әрекеті

құқыққорғаушылық деп аталмайды. Құқыққорғаудың адам құқықтары мен

бостандықтарын қорғаудағы басқа ӛкілеттік органдардан басты ерекшелігі

осы болып табылады, ол адам құқықтары мен бостандықтарының азаматтық,

саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени саладағы құқықтарының

қамтамасыз етілуін қадағалайды.http://www.enu.kz

Бұл жерде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының бұрынғы

Тӛрағасы Қ.Мамидің Қазақстан Республикасындағы Сот жүйесін

реформалаудың басым бағыттары, нақтырақ Қазақстан Республикасындағы

адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы сот жүйесінің маңызы

туралы «сот жүргізу ісін қарапайым жүйеге келтіру, азаматтар құқығын

қамтамасыз етудің кепілдігін арттыру, әділетті сот жүргізу мақсатында

соттырдың тәуелсіздігін қамтамасыз ету, сот жүйесіндегі құқыққорғау

ӛкілдерінің маңызын арттыру, сот жүйесіндегі жариялылық пен шыншылдық

қағидаларын қалыптастыру, сонымен қатар ұлттық сот жүйесін халықаралық

сот жүйесінің нормаларына сәйкестендіру арқылы сот билігінің беріктігін

қамтамасыз ету» керек деген сӛзін атап ӛткен орынды болар еді [3].

Қазіргі күшіндегі Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30

тамыздағы қабылдаған Конституциясының тұтастай бір VII бӛлімі Соттар

және сот тӛрелігіне арналғандығын да атап ӛткен жӛн. Ата заңымыздың 75-

бабында Қазақстан Республикасында сот тӛрелiгiн тек сот қана жүзеге

асырады деп ашып кӛрсеткен. Ал 76-бабында Сот билiгi Қазақстан

Республикасының атынан жүзеге асырылады, сонымен қатар ӛзiне азаматтар

мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерiн қорғауды, Республиканың

Конституциясының, заңдарының, ӛзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң,

халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етудi мақсат етiп қояды.

Сот билiгi Республика Конституциясының, заңдарының, ӛзге де нормативтiк

құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының негiзiнде туындайтын

барлық iстер мен дауларға қолданылады. Соттар шешiмдерiнiң үкiмдерi мен

ӛзге де қаулыларының Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi күшi

болатындығы туралы атап ӛтеді.

Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі

туралы Қазақстан Республикасының 2000 жылғы. 25 желтоқсандағы № 132-II

Конституциялық Заңының 1-бабында әркiмге мемлекеттiк органдардың,

ұйымдардың, лауазымды және ӛзге де адамдардың Республиканың

Конституциясында және заңдарында кӛзделген құқықтарға, бостандықтар

мен заңды мүдделерге нұқсан келтiретiн немесе оларды шектейтiн кез келген

заңсыз шешiмдерi мен iс-қимылдарынан сот арқылы қорғалуға кепiлдiк

берiлетіндігі туралы айтылған.

Адам құқықтары - тұлғаның жалпы құқықтық мәртебесін айқындайтын

құқықтардың жиынтығы. Ол құқықтық мемлекеттердің конституциялық

құқығының негізін құрайды. Аталған ұғым әр түрлі позитивті құқықтық

мемлекеттермен қатар, түрлі халықаралық құқықтық келісімдерде де бірнеше

мағынада кездесуі мүмкін. Халықаралық жария құқықта БҰҰ-ның Адам

құқықтары жӛніндегі Декларациясы Адам және азаматтардың құқығын

қорғау жӛніндегі тұңғыш заңнама болып табылады.

Сот органдарында құқыққорғау қызметінің екі аспектісі кӛрсетілген:

Біріншіден, құқық пен заңның үстемдігін қамтамасыз ету. Бұл сот органдары

азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істерді қарастыра отырып, тек қана

заңнамаға, соның ішінде Конституцияға, нормативтік-құқықтық актілерге,

мемлекеттің халықаралық заңнамаларына сүйену керек екендігін кӛрсетсе, http://www.enu.kz

екіншіден, азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандығын және заңды

мүдделерін қорғауын қамтамасыз ету болып табылады. Аталмыш қызмет

Қазақстан Республикасының Конституциясының қағидаларына сай келеді.

Қазақстан Республикасын Конституциясының 78-бабында «Соттардың

Конституциямен баянды етілген адам және азаматтардың құқықтары мен

бостандықтарына нұқсан келтіретін заңдар мен нормативтік құқықтық

актілерді қолдануға құқығы жоқ. Егер сот қолдануға тиісті заң немесе ӛзге де нормативтік құқықтық акт Конституциямен баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп тапса, іс жүргізуді тоқтата тұруға және осы актіні конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгінуге міндетті» екендігі туралы айтылып өткен.

Істі қараудағы әділ, әрі жария түрде қарау құқығы тәуелсіз және әділетті сот арқылы жүзеге асырылуы тиіс екендігі Адам құқығы мен бостандығын қорғау туралы Декларацияның 8-бабында айқындалып, оған Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабы арқылы кепілдік берілген. Конституция бойынша: «Әркімнің құқық субьектісі ретінде танылуына құқығы бар және ӛзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға және әркімнің ӛз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғалуына құқығы бар» екендігі туралы айтылған. Еуропалық Конвенцияның 6-бабына сәйкес: «әрбір тұлға ӛзінің азаматтық құқықтары

мен міндеттерін анықтауда немесе кез келген қылмыстық айыптау кезінде

әділ және жария соттық қарастыруға, соттың нақты және дұрыс шешім

қабылдауына сенім арта алады».

Сол сияқты заңнама Адам құқықтары туралы жалпы Декларацияның

10- бабында, Халықаралық азаматтық және саяси құқық туралы пактінің 14- бабында баяндалған. Сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы адам құқықтарын қорғаумен айналысатын ұйымдардың бірі, ол – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтарын жӛніндегі комиссия. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Адам құқықтары жӛнiндегi комиссия Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес танылатын және кепiлдiк берiлетiн адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепiлi ретiндегi өзiнiң конституциялық ӛкiлеттiктерiн iске асыруына жәрдемдесетiн консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.

Адам құқықтары жӛніндегі Комиссия ережеде бекітілген мақсат міндеттерін тиімді атқаруда. Дегенмен де, жекелеген адамдардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын тәжірибелік қорғау саласында ұтымды іс-шаралар ұйымдастыра алмай отырғандығын да атап

ӛткен орынды болар еді. Ӛйткені Комиссия адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және саяси технологияларды енгізумен ғана шектеліп қалуда. Сондықтан да келешекте Комиссияның осы бағыттағы қызметін жандандыра түсуі қажет, яғни адам құқықтарын жалпы негізде қорғау қызметімен бірге жекелеген адам құқықтарын қалпына келтіру, қорғау қызметінің механизмін де жұмыс тәжірибесіне енгізген дұрыс болар еді.

Қазіргі кезеңде Қазақстанда Омбудсмен институтын енгізу ӛзекті

мәселелердің бірі болып отыр. Омбудсмен – адам құқықтарын қорғау, арыз,

ӛтініштерді қарау, құқықтар бұзылған жағдайда қалпына келтіру қызметімен айналысатын ӛкіл. Омбудсмен институты біздің елімізде адам құқықтарын қамтамасыз етудің бірдін-бір тетігі болуы мүмкін. Классикалық тұрыда,

омбудсмен дегеніміз – мемлекеттік шенеуніктердің заңсыз әрекеттері

нәтижесінде бұзылған құқықтар жӛніндегі арыз-шағымдарды қарап, тексеріп

заңдық күші жоқ ұсыныстар беретін тәуелсіз лауазымды тұлға. Біздің

мемлекетімізде бұрын соңды бұндай институт болған емес. Ал ол адам

құқықтарын қорғау, қамтамасыз ету және қалпына келтіруде жаңа тәсілдер

мен әдістер енгізуге қуатты серпін бере алады. Бұндай қажеттілікті қазіргі

таңда жұртшылықтың барлығы да мойындап отыр. Адам құқықтары

жӛніндегі ұлттық құрылым, үшінші мыңжылдықтың басында Омбудсмен

институты қызметін қолдану құқықтық мемлекет құрудағы нық қадамдардың бірі болар еді.

Қазақстан Республикасы адам және азаматтардың құқықтары мен

бостандықтарын қорғау саласында ұлттық заңнамаға сүйенеді. Қазақстанның халықаралық конвенцияларға қосылуы адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау және сақтау саласында әлем стандарттарына қол жеткізуінің басты факторы болып табылады.

Әдетте тәжірибеде адам құқықтарын қорғаудың алуан түрлі органдар

жүйесі мен процедуралары қорғау механизмін қалыптастырады. Бұндай

механизімдерсіз құқықтық мемлекет құру мүмкін емес, одан әрі ӛмір сүре

алмайды: Конституциялық соттар (Испания, Италия, Ресей, Германия);

Конституциялық Кеңес (Франция); Жоғарғы Сот (АҚШ); Мемлекеттік Кеңес (Италия); Әкімшілік соттар, жалпы юрисдикциялық соттар, омбудсмендар (Франция, Польша, Ұлыбритания); медиатор-делдал (Франция) – міне адам құқықтарын және олардың бостандықтарын қамтамасыз ететін кейбір механизмдер осындай.

1948 жылдың желтоқсанында Адам құқықтарының Жалпыға бірдей

Декларациясы қабылдануымен адам құқықтарын кодификакциялау процесі

басталды деуге болады. Адам құқықтары институтын және процедураларын жақсарту оларды іс жүзіне асыру және қорғау шаралары енгізілді. Осы жолдағы адамзаттың жарты ғасырлық тәжірибесі адам құқықтары мен бостандықтарын жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етусіз және қорғаусыз демократияға, құқықтық мемлекет құруға қол жеткізудің мүмкін еместігін кӛрсетіп берді.

Адам құқықтарының жай-күйі әр мемлекетте адам және мемлекет

қарым-қатынасы қағидасының сақталуына байланысты, әлемдік

қатынастарда танылған бұл қағидаларды ұлттық заңнамаларға енгізу,

құқықтарды қорғаудың механизмін қалыптастыру құқықтық жүйенің жай- күйіне тығыз байланысты десек қателеспес едік. Адам құқықтарын қорғау

механизмі мынадай шараларды қамтиды:

- Конституциялық бақылау;

- Соттық қорғау;

- Қорғаудың әкімшілік-құқықтық формалары;

- үкіметік емес құқық қорғау ұйымдарының қызметі.

Жоғарыда аталған адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау механизмі әр түрлі дәрежеде біздің елімізде де қолданылады.

Адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің маңызды мемлекеттік институты Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес ел Президенті болып табылады. «Республика Президенті – халық және

мемлекеттік биліктің бірлігінің, конституцияның мызғымастығының, адам

және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі және символы»

(Қазақстан Республикасы Конституциясының 40-бабы). Президенттің ерекше конституциялық мәртебесі халық алдындағы зор жауаптылығымен

сипатталады. Мысалы Конституцияға толықтырулар мен ӛзгертулер енгізу

конституциялық белсенділік құқығы Қазақстан Республикасы Президентіне

берілген. Заңды қарау және мемлекеттің басқа органдарымен қарым-қатынас үрдісіндегі Президенттің ерекше жағдайы адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің кепілі болып табылады. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Республика Президенті мемлекетте қабылданған барлық құқықтық норматитвтік актілердің күшін толық немесе ішінара жоя алады.

Президент мемлекеттік реттеудің барлық тетіктеріне, атап айтқанда құқық қорғау, қарулы күштер қолдану және т.б. ішкі саяси қайшылықтар

жағдайында жедел, әрі жауапты әрекеттер жасауға міндетті болып табылады.

Бұл адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың

құралы болып келеді. Заңдылық, қылмыстың әр түрлі формаларымен күрес,

мемлекеттік тәртіпті сақтау режимдерін қамтамасыз ету мемлекет басшысының белсенді тәжірибелік ролін аңғартады. Тарихи әділеттілікті және заңдылықты қалпына келтіру тұрғысындағы

1991 жылғы 12 желтоқсандағы «Қазақстанда 1986 жылы 17-18 желтоқсандағы оқиғаларға қатысқаны үшін жауаптылыққа тартылған

азаматтарды ақтау жӛніндегі» Президент жарлығы мен 1993 жылғы 14 сәуірдегі «Жаппай саяси репрессия құрбандарын ақтау жӛніндегі» Заң маңызды құжаттар болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет