4. Қазақстан адам құқығын қорғаудың әлемдік жүйесінде
Тақырыптың мақсаты: қарастырылып отырған мәселеле бойынша негізгі анықтамаларға сипаттама беру, жан-жақты қарастыру, сипаттама беру.
Жоспары:
Адам құқығын қорғаудың сан қырлы және аймақтық жұйесіндегі Қазақстан. Қазақстан адам құқығын қорғаудың аймақтық жүйесінде. Адам құқығының және мәдениеттің алуан түрлілігі.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
-
Қазақстан адам құқығын қорғаудың аймақтық жүйесінде.
-
Адам құқығының және мәдениеттің алуан түрлілігі.
Адам тұлғасының құндылығын, оның қадір-қасиетін тану, адамның ерікті дамуы мен еркін өмір сүруін қамтамасыз етудің қажеттілігін XX ғасырдағы әлемдік қауымдастықтың даму барысындағы басты қадамдардың бірі болып табылады.
Әлемдік қоғам әрбір адамның кез келген мемлекетте қоғамдық құрылысқа, басқарудың нысандарына, саяси режимге, т.б қатыссыз жалпы адам құқықтары мен босатандықтарының ең төменгі стандартын құрайды. Міндетті түрде мемлекетпен орындалатын, олардың заңды, саяси және моральдық күшін ерікті түрде танитын адам құқықтары туралы халықаралық-құқықтық құжаттарды қабылдау аталған құқықтар мен бостандықтарды анықтаудағы негізгі құрал болды.
Қазіргі кездегі адам құқығын қорғаудың халықаралық жүйесі үш деңгейден тұрады: халықаралық, аймақтық және ұлттық. Адам құқығын қорғаудың халықаралық механизмдері Біріккен Ұлттар Ұйымымен, оның Жарғысымен және адам құқығының жалпыға бірдей декларациясымен астасып жатыр. Соңғы саяси беделдің жоғарылығы сонда, оның қағидалары әлемдегі көптеген елдердің конституцияларына енгізіліп, адам құқығын қорғаудың халықаралық жүйесін қалыптастыруға, халықаралық саясат пен қатынастардың дамуына маңызды әсер етті. Халықаралық құқық және сонымен бірге саясаттың дамуы ауқымды саяси ынтымақтастыққа талпынуға жол ашып отыр. БҰҰ халықаралық ынтымақтастықтың құқықтық негіздерін ғана емес, сонымен бірге оның механизмдерін, құқықтық актілердің зағды күшіне енудегі қажетті органдардың жүйесін де құрып берді. Әлемдік өзгерістерге байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымына жаңаша көзқараспен қараудың қажеттілігі туындады, яғни, БҰҰ адам құқықығын қорғау саласындағы халықаралық саясат пен мемлекетаралық ынтымақтастықта басты бағыттаушы орталық болып табылуы тиіс.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін адам құқығы сарласында халықаралық ынтымақтастық Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) негізін қалады. 1945 жылы 26 маусымда әлемдік 50 мемлекеттің өкілдері БҰҰ Жарғысын қабылдау үшін Сан-Францискоға жиналды. БҰҰ-ның Жарғысы – осы халықаралық ұйымның құрылу тәртібі мен әрекет етуін реттейтін, мемлекеттердің адам құқығы саласындағы ынтымақтастығының құқықтық негізін қалайтын маңызды құжат. БҰҰ-ның мақсаты Жарғының 1–бабында анықталған, ол – адам құқығы мен баршаға ортақ негізі бостандықтарды бағалауды дамыту және мадақтауда мемлекетаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру. БҰҰ-ның орталығы Америка Құрама Штатының астанасы Вашингтонда орналасқан. Бұл қалаға барлық БҰҰ-на мүше елдерінің өкілдері БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысу үшін жыл сайын жиналады.
Жарғының 55-бабында БҰҰ-на мүше мемлекеттердің «нәсіліне, жынысына, тілі мен дініне қарамастан, адам құқықтары мен негізгі бостандықтарды жалпы сақтау мен бағалау барлығына ортақ» халықаралық құқықтық міндеттері анықталған, яғни БҰҰ-ның Жарғысы нәсіл, жыныс, тіл, дін тәрізді қаналуға жатпайтын төрт қағидаға басты мән бере отырып, баршаның тең құқылығын орнатады. 1 және 55-ші баптарда көрсетілген жағдайлар адам құқығы саласындағы БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің құқықтық негізін құрайды және бұл ынтымақтастықтың бағытын анықтайды. Жарғы БҰҰ мүшелеріне адам құқығы саласы бойынша міндеттемелерді жүктейді. Сол себепті БҰҰ Жарғысы адам құқығы мен бостандығы саласында тәуелсіз мемлекеттер мен халықтардың ынтымақтастығын нығайтудың негізгі саяси және заңдылық іргетасы болды.
Адам құқығына қатысты БҰҰ Жарғысының шарттары кейінірек әр түрлі халықаралық құжаттармен нақтыланып, дами түсті. Бүгінгі күнге дейін БҰҰ аясындакөптеген халықаралық құжаттар қабылданды, соның ішінде адам құқығын қорғаудың әр саласы бойынша мемлекеттердің әрекет етудегі міндетті заңдылықнормаларын қалыптастыратын келісімшарттар, конвенциялар мен фактілер де бар.
Сан қырлы құжаттар негізгі төрт актімен сипатталады: Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы (1974), экономикалық, әлеуметтік және мәдениқұқықтыр туралы факт, азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық факт (1966 жылы қабылданып 1977 жылы күшіне енді), егер жеке құжат деп танитынболса, азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық фактінің факультативті хаттамасы. Бұл құжаттардың заңдылық күштері әр түрлі, бірақ жиынтығындаолар адам құқығы саласы бойынша мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығының негізін құрайды.
Декларация нормаларының міндетті емес сипатына қарамастан, ол мемлекетке қатысты міндетті тәртіп ережелерінің қалыптасуына күшті ықпал етеді. Декларациянегізінде адам құқығы мәселелеріне қатысты міндеттілік сипатына ие болған халықаралық келісімшарттар құрастырылып, қабылданады. Қазіргі кезеңдегі халықаралық құқықта адам құқығын қорғау аясында мемлекетке қатысты заңдылық міндетті нормаларды құрайтын алпысқа жуық әрекеттегі халықаралық келісімдер, фактілер мен конвенциялар бар.
Декларацияда көрсетілген ұсыныс беруші нормалар мемлекеттер арасындағы өзара қарым-қатынасқа да әсерін тигізеді, яғни БҰҰ-ның мүшесі болып табылатын мемлекет, сол сияқты Қазақстан да, БҰҰ-ның нормативті актілерімен есептесуіне болмайды. БҰҰ-на мүше мемлекет БҰҰ-ның ереже-рекомендацияларын үнемі бұзған жағдайда, бұл халықаралық ұйым өз жарғылық міндеттеулерін осы мемлекеттің орындамағаны туралы мәселе көтеруіне болады. Декларация бұрынғыдай XXI ғасырда да құқық қорғау саласындағы құқықтың қайнар көзі және адама құқығын қорғаудағы жалпыға ортақ қозғалыстың негізі болып қалады.
БҰҰ-ның маңызды жетістіктерінің бірі адам құқығын қорғау саласында барлығын қамтитын нормативтік базаның құрылуы болып табылады. Әлемдік қауымдастық тарихында алғаш рет адам құқықтарын қорғау мәселесі бойынша заңдардың жалпыға ортақ жиынтығы құрастырылды және бұған барлық мемлекет қосыла алады.
Адам құқығы турлы халықаралық факт – бұл қатысушы мемлекеттер, яғни олардың ережелерін ұстануға ресми келіскен елдер, құқықтардың кең бағытын жүзеге асыруда құрметтеп, кепілдік беру үшін жасалған келісімдер.
БҰҰ шеңберінде жасалған заңды міндеттемелік келісімдердің ішіндегі маңызы бойынша ең көлемдіреді «Азаматтық және саяси құқық туралы халықаралық факт» және «Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық факт» болып табылады. 1966 жылы қабылданып, 1976 жылы заңды күшіне енген осы құжаттар мемлекеттің өз азаматтарын қамтамасыз етуі тиіс адам құқығының ең төменгі стандарттарын орындатады. Бұл көзқарастан фактілер жалпыға ортақ декларациямен салыстырғанда бір саты алдыда тұр. 1998 жылға қарай Азаматтық және саяси құқық туралы халықаралық фактіге дамыған елдердің көпшілігімен қатар, 140 мемлекет қол қойды. Экономикалық, элеуметтік және мәдени құқықтар туралы фактінің қатысушылары 137 мемлекет болды. Көптеген мемлекеттер қатары, соның ішінде АҚШ бұл құжатты қабылдамады. Жоғарыда аталған құжаттарды қабылдау маңында орын алған пікірталастар, негізінен, фактілердің біреуін ғана немесе екеуін де қабылдау керектігі туралы сұрақтар төңірегінде бағытталған. Көпшілікітің пікірі көптеген мемлекеттерде азаматтық және саяси құқықтар заңды түрде қалыптасқан, сондықтан ол бақылау жүргізетін ерекше орган жағынан қарастырылатын нәрсе болуы мүмкін делінді. Экономикалық, саяси және мәдени құқықтарды жүзеге асыру ол кезде көбінесе тез арада іске асуы мүмкін болмайтын мақсат ретінде қарастырылды, дегенмен Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы солар сияқты басқа құқықтарға мән берді, Қазақстан Республикасы 2005 жылы осы фактілерге қосылды. Осылайша, фактілер жалпыға ортақ декларацияларда мазмұндалған көптеген құқықтарды танып, нақтырақ анықтайды, сонымен қатар кейбір қосалқы құқықтарды қарастырады.
Азаматтық және саяси құқықтар туралы фактіде нақтылы құқықтар мен бостандықтар айқындалған. Бұл әр адамның ажырамас құқығы – өмір сүру құқығы. Факт өлім жазасы алынбаған мемлекеттерде өлім жазасы ең ауыр қылмыс үшін шығарылатыны анықталды.
Халықаралық бақылау жүйесін құрайтын, адам құқығы бойынша бірінші құжат – Нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысанын жою туралы халықаралық конвенция болды (БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1965 жылы қабылданған). «Нәсілдік айырмашылыққа негізделген кез келген астамшылық теориясы ғылыми қатынаста жалған, моральдық қатынаста сыналған, ал әлеуметтік қатынаста әділетсіз, қауіпті және қайда болсын, теорияда да, практикада да, нәсілдік кемсітушілік ақталмайды». Конвенция кемсітушілікті «нәсілдік белгілерге, түсіне, туыстық, ұлттық немесе этникалық шығу тегіне негізделген, мақсатты мен салдары адам құқықтарын және саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени немесе басқа да негізгі бостантықтарды тануды, қолдануды және тең бастамада жүзеге асыруды жою мен төмендету болып табылатын кез келген айырмашылық, өзгешелік, шектеу немесе сілтеу» деп анықтады. Бұл конвенция нәсілдік кемсітушілік түсінігін анықтап, теріс жақтарын көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар, нәсілдік тармақшылыққа немесе нәсілдік жек көрушілікке негізделген әр түрлі идеяны таратудың заңмен жазалануын жариялауды және нәсілдік кемсітушілікті көтермелейтін кез келген ұйымды заңға қайшы деп жариялауды міндеттеді.
Конвенция қылмыс жасалған елде немесе кез келген басқа елде тұратын жеке тұлғалар, ұйымдар және мекеме мүшелері, сондай-ақ мемлекет өкілдері жайындағы апартеид қылмысы үшін халықаралық қылмыстық жауапкершілікті айқындайды. Айып тағылған тұлғалар кез келген конвенцияға мүше мемлекетте сотқа тартылуы мүмкін. Конвенцияға мүше мемлекеттер адам құқығы бойынша комиссия шеңберінде арнайы топқа конвенцияны жүзеге асыру мақсатында қабылданған шаралар туралы мезгілімен баяндамаларын ұсынып отыруға міндетті.
Жалпы, адам құқығын қорғап, бостандығын ардақтау азаматтардың лайықты өмір сүріп, жақсы тұрмыс кешуіне ахуал қалыптастыру - Қазақстанның алдынақойған асыл мұраты. Адам құқықтары туралы білімді өрістету – адам құқықтарының сақталуына кепіл болады. Яғни, біздің ойымызша, әрбір адамда құқықтықсауаттылық болса, ол ешқашан өзгенің құқығын бұзбайды, және өзінің де құқықтарын бұзылмауын қамтамасыз етеді. Ал, өз құқықтары мен міндеттерін жете білгенадам еш уақытта жаңсақ баспасы анық.
Адам құқықтарын жетілдіру мақсатында біздің енгізер ұсыныстарымыз: қарапайым азаматтар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру керек. Ол үшін, мектепбағдарламасына Адам құқықтарының Декларациясын оқытуды енгізу қажет. Сонда жас жеткіншектердің құқықтық сауаттылығы біршама деңгейге көтеріледі.Сонымен қатар, газет – журналдарда адам құқықтарының қорғалуы жайлы мақалалар, заң саласындағы мамандарымен жүргізілген сұхбаттар жарияланып,телеарналарда адам құқықтары туралы түрлі бағдарламалар ашылуын қолға алу керек.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасындағы Адам құқығы. Г.Искакова, Н.Ғазизова, А.Сембаева. Оқу құралы. Астана: Фолиант 2008-.296 бет.
2. Искакова Г.К. Современность: права и свободы человека. Монография. Семипалатинск, 2013.-299 с
3.Адам құқықтары туралы халықаралық билль. Алматы қаласы. 1998жыл.
4.Мемлекет және құқық теориясы. Жоламан Қ.Д. 221,222,229 беттер.
|
5. Адам және азаматтың конституциялық принциптері мен құқықтың мәртебесі
Тақырыптың мақсаты: қарастырылып отырған мәселеле бойынша негізгі анықтамаларға сипаттама беру, жан-жақты қарастыру, сипаттама беру.
Жоспары:
Құрылтайшылық сипаттама. Азаматтық құқықтары мен бостандыктарының өзіне ғана тәнділігі және оны ешкім тартып алмау принципі. Қүқықтар мен бостандықтардың жалпылығы және теңдігі. Конституциялық құқықтар мен бостандыктарды заңсыз шектеуге тиым салу. Құқық пен міндеттердің белгілері. Адам және азамат қүқықтары мен бостандыктарының жіктелуі.
Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдаған жолдауларында адам құқығын сақтау, Қазақстанды одан әрі жаңарту мен демократияландыру күн тәртібіндегі мәселе екендігі айтылған. Қазақстан Республикасы тәуелсіз, егеменді мемлекет, өзін әлеуметтік, құқықтық мемлекет ретінде орнықтырып, қоғамның бүгінгі таңдағы әлеуметтік, саяси, экономикалық өзгерістеріне, яғни нарықтық экономикаға көшу, көп партия құру, қоғамда демократиялық және құқықтық институттарды дамыту мәселелеріне көп көңіл бөледі. Өткізілген реформалардың сәтті шығуы ең алдымен жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделетін құқықтық сана деңгейіне әсер етеді, одан адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары да шет қалмайды.
Мемлекетте демократияның басты негізі жеке тұлғаның құқықтық жағдайы болып табылады. Барлық қазіргі заманға сай конституциялар, оның ішінде Қазақстан Республикасының Конституциясы да бұл мәселеге ерекше назар аударады. Көпшілігінде адам мен азамат құқықтары мен бостандықтары алғашқы бөлімдерде келтірілген, бұл мемлекеттің жеке тұлғаның құқықтық жағдайына қаншалықты қарым-қатынаста болатындығын көрсетеді. Көпшілік мемлекеттер Конституциясымен қатар оның құрамдас бөлігі ретінде негізгі құқықтар мен бостандықтарды жеке құжаттарда көрсету орын алады. Бұған, атап айтқанда 1789 жылғы француздың Адам мен азамат құқығы Декларациясын, 1982 жылғы канадалық Құқық пен бостандық хартиясын, 1992 жылғы Негізгі құқықтар мен бостандықтар Хартиясын жатқызуға болады. Бұл қадам басқа да конституциялық жағдайлардан жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын бөліп алып қарастыруға мүмкіндік береді.
Қазақстандық заңдық ғылымдарда конституциялық әділет органдарының қызметі, олардың жеке аспектілері, сонымен бірге адам құқықтарын қорғаудың жағдайлары зерттеушілердің назарын тек кейінгі уақытта ғана өзіне бұрды.
1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Конституция жеке тұлғаның құқықтық мәртебесін реттеуде ірі қадамдардың бірі болды. Ол тек адам құқықтары облысында халықаралық құжаттардың ойларын ғана емес, сонымен қатар елдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайлардың конституциялық дамуының бұрынғы тәжірибесін де есепке алды. Конституциялық құқықтар мен бостандықтарды қазіргі уақытта қорғау жүйесі көп деңгейлі сипатта көрінеді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы ең жоғары құндылық ретінде адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп бекітті. Бұл қағида демократиялық мемлекеттің қызметі мен оның халықаралық- құқықтық міндеті. Конституцияда бекітілген жеке тұлғаның құқығы оны жүзеге асыру мен қорғаудың тиімді механизмін құруды болжайды. Адам құқығы, оны сақтау мен кепілдік беру бүгінгі таңдағы маңызды мәселелердің бірі. Адам құқықтарын сақтаудың шындық жағдайы- демократияның маңызды көрсеткіші, оның кемеліне келуі мен руханилығының белгісі. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы “Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық Өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” атты халыққа жолдаған жолдауында Стратегиялық жоспарын іске асырудың базалық шарттары экономиканы жаһандық қалпына келтіруге дайындау және оның сыртқы сынақтарға тұрақтылығын арттыру үшін біртұтас үш міндеттінің бірі: сенімді құқықтық орта қалыптастыруды жалғастыру екендігі айтылған.
Жалпы, адам құқығын қорғап, бостандығын ардақтау азаматтардың лайықты өмір сүріп, бай-рақатты тұрмыс кешуіне ахуал қалыптастыру- әлемдік қауымдастыққа көшін ұластырған Қазақстанның алдына қойған асыл мұраты.
Сонымен қатар конституциялық құқықтар, бостандықтар мен міндеттерді жүзеге асыру объективтік және субъективтік факторлардың бірлігіне де байланысты. Демократиялық қоғам құру жолындағы Қазақстан үшін аталған мәселені шетелдік тәжірибені қолдана отырып шешу тиімдірек екені сөзсіз. Қазақстан Республикасының халықаралық байланыстары, мемлекет азаматтарының шетел азаматтарымен арасындағы қарым-қатынасы бұл тәжірибеге әсерін тигізіп қана қоймайды, сонымен бірге оған ылғи да жол ашуды көздеп отырады.
Адам құқығы-қазіргі замандағы өзекті мәселелердің бірі. Мемлекет те, партия да, жеке лауазымды тұлға да емес, жеке қарапайым адам өзінің құқықтары мен бостандықтары арқылы кез келген қызмет ортасында болуы керек. Адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарына қол сұғылмайды және ол адамның туған сәтінен бастап өзіне тиесілі.
Кез келген адам мен азамат негізгі құқықтар мен бостандықтарды пайдалана алады. Демократиялық құқықтық мемлекеттің заңдылықтары адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығының теңдігіне, яғни оның ұлтына, нәсіліне, жынысына, тіліне, мүліктік және қызметтік жағдайына қарамастан кепілдік береді, тілдік, діндік, ұлттық, нәсілдік, әлеуметтік белгілеріне қарамастан оның құқықтарына шек қоюға тыйым салынады.
Адам қоғамы мыңдаған жылдар бойы-сонау көне дәуірден қазіргі заманға дейін әлеуметтік нормалар арқылы басқарылып келді. Сондықтан жеке адамның құқығы мен бостандығы туралы теорияның мыңдаған жылға созылған тарихы және мол тәжирибесі бар.
Адам құқығы - тарихи, табиғи, объективтік құбылыс. Сондықтан әлеуметтік норма әр уақытта даму процесінде болады. Әлеуметтік норма адам қоғамымен бірге дамып, бірге өзгеріп, бірге өмір сүріп келеді. Қоғам дамып, нығайып, жақсарған сайын әлеуметтік норма да дамып, нығайып жақсарады, оның әділеттік, бостандық, демократиялық шеңбері де, кеңістігі де молаяды, күрделенеді.
Жалпы, адам құқығын қорғап, бостандығын ардақтау азаматтардың лайықты өмір сүріп, бай-рақатты тұрмыс кешуіне ахуал қалыптастыру- әлемдік қауымдастыққа көшін ұластырған Қазақстанның алдына қойған асыл мұраты. Қазақстан Республикасы адам құқықтарын қорғау саласында оң қадамдар жасауда. Біздің республикамыз келешекте де адам құқығы жөніндегі айтулы халықаралық, экономикалық, әлеуметтік және саяси пактілерге қосуға бет бұрып, үнемі басты назарда ұстауға кепілдік береді.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
-
Адамның құқықтық мәртебесі ұғымы.
-
Адам және азаматтың конституциялық принциптері: мазмұны және жіктелуі
Ұсынылатын әдебиеттер:
-
Искакова Г.К. Современность: права и свободы человека. Монография. Семипалатинск, 2013.-299 с
-
Сборник документов по международному праву в области защиты прав человека. Алматы: САК, 2003.- Т.1. – 576 с.
-
Права человека. Основные международные документы. - М.: Международные отношения, 2009. - 157 с.
|
6. Қазақстан Республикасындағы азаматтық
Тақырыптың мақсаты: қарастырылып отырған мәселеле бойынша негізгі анықтамаларға сипаттама беру, жан-жақты қарастыру, сипаттама беру.
Жоспары:
Азаматтық ұғымы. Азаматтық институты. Конституцияның азаматтық туралы негізгі ережелері. Азаматтықты алу жолдары. Азаматтықтың негізгі белгілері. Азаматтықты тану.Заң мен сот алдындағы жұрттың бәрі тең, өмір сүру құқығы. Адамның бас бостандығы құқығы. Адамның кадір - касиетіне қол сұғылмайды. Жеке өмірге кол сұғылмау құқығы. Сөз және шығармашылық бостандығы. Еркін жүріп - тұру және тұрақтылыкты мекенді өз қалауынша тандап алу құқығы. Ар - ождан бостандығы. Түрғын үйге қол сұғылмау.
Қазақстан Республикасының азаматтығы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңымен және осыларға сәйкес басқада ҚР заңнамаларымен реттеледі.
Қазақстан Республикасының азаматтығына ие болады:
-
Туғанынан
-
Қазақстан Республикасы азаматтығын қабылдау арқылы
-
Қазақстан Республикасының мемлекеттер арасындағы келісімдермен белгіленген тәртібі немесе негізі арқылы
-
Осы Заңмен белгіленген басқа негіздер арқылы.
«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңының 16 б. сәйкес ҚР азаматтығына қабылдана алады:
- Қазақстан Республикасының аумағында заңды негізде бес жылдан кем емес тұрған немесе Казақстан Республикасының азаматымен 3 жылдан кем емес некеде тұрған адамдар;
- Қазақстан Республикасында тұру мерзіміне қарамастан Қазақстан Республикасы азаматтары арасынан жақын туыстарынан біреуі бар бұрынғы одақтас республикалардың азаматтары: -балалары (оның ішінде асырап алған балалары), жұбайы (зайыбы), ата–анасының біреуі (асырап алушысы), апа-қарындастары, аға-інісі, атасы немесе әжесі.
Қазақстан Республикасының азаматтығын алудың жеңілдетілген (тіркелу) тәртібіхалықаралық келісімдер арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта, бұндай келісім келесі елдермен бекітілген:
- Ресей Федерациясымен
- Беларусь Республикасымен
- Қырғызстан Республикасымен.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі № 478 Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес (бұдан әрі – 22.07.2011 жылғы № 478 ҚР Заңы) «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына «Жеңілдетілген (тіркелген) тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау шарты деген жаңа 16-1-бап енгізілді, оған сәйкес:
Жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азаматтығына тұратын мерзіміне қарамастан Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын:
1) тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген ұлты қазақ адамдар;
2) өз еркінен тыс азаматтығынан айырылған немесе азаматтығын жоғалтқан жаппай саяси қуғын-сүргіннің ақталған құрбандары, сондай-ақ олардың ұрпақтары қабылдануы мүмкін.
2011 жылдың 16 тамызынан кейін (22.07.2011 жылғы № 478 ҚР Заңы күшіне енгеннен кейін) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау бойынша ниет білдірген оралмандардың өтінімі жеңілдетілген тәртіппен қабылданады, келген елінің уәкілетті органымен берілген бұрынғы азаматтықтың аяқталуы немесе азаматтықтан шығу туралы анықтама ұлты қазақ адамдардан талап етілмейді (27.04.2012 жылдан бастап).
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудан
және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіруден бас тарту негіздері. Егер Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өтініш білдірген адам:
адамзатқа қарсы халықаралық құқықта көзделген қылмыс жасаса, Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігіне әдейі қарсы шықса;
Қазақстан Республикасы аумағының бірлігі мен тұтастығын бұзуға шақырса;
мемлекет қауіпсіздігіне, халықтың денсаулығына нұқсан келтіретін құқыққа қарсы әрекетті жүзеге асырса;
ұлтаралық және діни араздықты қоздыратын болса, Қазақстан Республикасы мемлектеттік тілінің қолданылуына қарсы әрекет жасаса;
террористік және экстремистік ұйымдарға кірген немесе террористік әрекеті үшін сотталған болса;
халықаралық іздеуде болса, соттың күшіне енген үкімі бойынша жазасын өтеп жүрсе не сот оның әрекетін ерекше қауіпті баукеспелік деп таныса;
басқа мемлекеттің азаматы болса;
-
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтініш білдірген кезде өзі туралы жалған мәліметтер хабарласа немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде қажетті құжаттарды дәлелсіз себептермен тапсырмаса;
-
Қазақстан Республикасының аумағында немесе оның шегінен тыс жерлерде қасақана қылмыс жасағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен солай деп танылған, соттылығы алынбаған немесе өтелмеген болса;
-
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтініш білдіргенге дейінгі бес жыл ішінде халықтың көші-қоны саласында Қазақстан Республикасының экономикасы және (немесе) заңнамасы саласында құқық бұзушылық жасаса;
-
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтініш білдіргенге дейінгі бес жыл ішінде осы Заңның 21-бабы 1),2) және 5) тармақшаларының негізінде Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылса, оның өтініші қабылданбайды.
Осы баптың бірінші бөлігі 7) тармақшасының ережелері Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар қолданылатын, сондай-ақ осы Заңның 16-бабы бірінші бөлігі 1) тармақшасының екінші бөлігінде аталған және ішкі істер орагндарына шетелдік азаматтықтан бас тарту туралы нотариат куәландырған жазбаша өтінішпен өздері азаматы болып табылатын мемлекеттің азаматтық мәселелері жөнінде шешім қабылдайтын лауазымды адамына өтініш білідрген адамдарға қолданылмайды. Өтініш білдірген адамдар Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданған жағдайда мұндай өтініш білдіру фактісі туралы ақпарат, олардың шетелдік паспорттары шет мемлекетке жіберіледі.
|