Адам иммун тапшылығының вирусы (аитв) және жүктілік



Дата09.06.2016
өлшемі30.44 Kb.
#125601
Адам иммун тапшылығының вирусы (АИТВ) және жүктілік
Бүгінгі күнге медицина АИТВ-ның анадан балаға берілуін қалай болдырмауға болатындығы жайында жеткілікті түрде көп біледі. АИТВ-сы оң әйелдер дені сау, жұқтырылмаған баланы дүниеге әкеле алады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, АИТВ-ның анадан балаға берілу қаупі 20-45% құрайды. Ал, алдын алу іс-шараларын жүргізген кезде, дәрі-дәрмектерді, профилактикалық емді уақытылы алса ғана, осы қауіпті кемінде 2% дейін азайтуға болады. Әдетте біздің елімізде бұл профилактикалық емдеу жүктіліктің 14-ші аптасынан 3 компоненттік АРВ (антиретровирустық терапия) препараттармен басталып босанғанға дейін үзбей қабылдау керек. Босанғаннан соң, әйел емін тоқтатып, нәрестеге 1 ай бойы ем тағайындалады. Егер осы айтылған нұсқауларды уақытылы қабылдаса, нәрестеге АИТВ жұқпасының жұқтыру қаупін төмендетуге болады.

Өмірге жаңа адам әкеліп, ұрпақ жалғастыруға әр әйел құқылы. АИТВ –жұқпасы бар ана өзінің балалы болуға деген ниетімен, жүкті болуға саналы түрде шешім қабылдаған жағдайда, босанғанға дейін дәрігерге уақытылы қаралып және осы жұқпаның анадан балаға берілуінің алдын алу шарасына белсенді қатысуы тиіс. Осының нәтижесінде өзің, дені сау сәбидің бақытты анасы болуға мүмкіндік аласыз.

АИТВ-инфекциясының алдында мейлінше осал әйелдер де жыл сайын көбінесе АИТВ-мен өмір сүруді үйрену қажеттілігіне тап келуде. Олардың көпшілігі 18-ден 30 жасқа дейінгі жастар. Бұл әйелдер үшін бала тууға мейлінше қолайлы жастағылар. Жыл өткен сайын АИТВ –жұқтырылған анадан туған балалар көбейе түсуде.

Балалы болу немесе жүктілігін үзу жөніндегі ұйғарымды, тек әйелдің өзі ғана қабылдай алады. Мұндай жағдайда, ең алдымен Сізге, осы мәселе бойынша қосымша ақпарат, жақын адамның кеңесі мен қолдауы қажет етіледі.



АИТВ деген не? АИТВ – бұл адамның иммун тапшылығы вирусы. АИТВ ағзаны әр түрлі инфекциядан қорғайтын иммунды жүйесін әлсіретеді. АИТВ иммундық жүйенің белгілі бір жасушаларын (СД4-жасушаларын) зақымдайды. СД4-жасушалары мөлшерінің азаюына қарай аурудың сатысы жайлы пайымдалады. АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды АИТВ- сы оң деп те атайды.

АИТВ қалай беріледі? Егер АИТВ-ның жеткілікті мөлшері қанға еніп кетсе, жұқтырылуы болуы мүмкін. Жұқтырылуы үшін өзінде АИТВ-ның жеткілікті мөлшерден тұратын ағзадағы сұйықтық, бұл:

қан,


ұрық,

қынапты секрет

емшек сүті.

Сілекейде, тер мен зәрде жұқтырылуға жеткілікті мөлшердегі вирус болмайды.

АИТВ жарақаттанбаған тері арқылы ене алмайды немесе салқын тию немесе тұмау вирусы секілді, ауа арқылы берілмейді.

Қазақстан Республикасында 01.01.2014 жылға өсіңкі қорытындымен 2508 АИТВ жұқтырылған әйел мен 3443 жүкті әйелдер тіркелген, яғни екінші қайтара жүкті болған 935 әйел тіркелген. 2013 жылдың 12 айында 339 АИТВ жұқтырылған жүкті әйел анықталды. Қарағанды, Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында тіркелген АИТВ жұқтырылған жүкті әйелдер көп болып отыр.

01.01.2014 жылға өсіңкі қорытындымен АИТВ жұқтырылған аналардан 1990 бала туған. Олардың ішінде бақылау мерзімінің аяқталуы бойынша және АИТВ-инфекциясына теріс зертханалық деректер жағдайында 1377 бала диспансерлік есептен шығарылған. АИТВ-инфекциясы диагнозының қойылғаны – 93 бала, бұдан бөлек, 84 балаға ретроспективті түрде диагноз қойылған. АИТВ жұқтырылған аналардан туған балалардың ішіндегі өлгені – 63. Диспансерлік есепте тұрғандардың барлығы – 410 бала. 2013 жылдың 12 айында АИТВ жұқтырылған аналардан туғаны – 330 бала. Алматы қаласында, Қарағанды мен Алматы облыстарында туылғандар көп болып отыр.

Маңғыстау облысы бойынша өсіңкі қорытындымен 12 жүкті әйел, 17 жүктілік, 13 туылған және 2 аборт тіркелген. Бақылау мерзімінің аяқталуы бойынша 11 бала диспансерлік есептен шығарылған. Бүгінгі күнге, АИТВ жұқтырылған анадан туған- 2 бала және жүктілігі 25-30 апта мерзіміндегі АИТВ жұқтырылған 2 жүкті әйел есепте тұр. Есептегі АИТВ –ға шалдыққан екі ана орталықтағы дәрігерлердің үнемі бақылауында, жүктілік кезеңінде арнайы вирусқа қарсы емін алу үстінде. Дүниеге келетін сәбилерге арналған дәрі-дәрмектер орталықта жеткілікті. Дүниеге келген сәбилердің денсаулығы дәрігерлердің жіті бақылауында болатыны сөссіз. Біздің алға қойған мақсатымыз АИТВ –ға шалдыққан аналардан денсаулығы мықты сәбиді дүниеге әкелуге көмектесу болып табылады.



Кеңес алу мәселелері бойынша 3 ш/а, 170 үй, мекен жайындағы ЖИТС Облыстық орталығына хабарласуға болады, тел: 52-44-05,ішкі 113.
ЖИТС ОО диспансерлік

бөлімінің меңгерушісі Әлия Төлемісқызы Жиенғалиева

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет