Адам құқықтары туылу кезінен пайда болатын тұлғаның ажырағысыз құқықтары мен бостандықтары. Адам құқықтары жаратылыс жэне кез келген өзге құқықтың негізгі түсінігі болып табылады



Дата13.06.2016
өлшемі69.5 Kb.
#133739
Адам құқықтары - туылу кезінен пайда болатын тұлғаның ажырағысыз құқықтары мен бостандықтары. Адам құқықтары жаратылыс жэне кез келген өзге құқықтың негізгі түсінігі болып табылады. Олар азаматтық құқықтар мен саяси бостандықтарды, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарды, сондай-ақ қауымдар құқықтарын (балалар, әйелдер, ұлттық азшылықтар, халықтар және т.б.) қамтиды. Адам құқықтары дегеніміз индивидтің өз қалауы бойынша әрекет ету мүмкіндігін (адам құқықтарының бұл бөлігін бостандықтар деп атайды) немесе белгілі бір игіліктерді иемдену мүмкіндігін (бұл адам құқықтарының өзі болып табылады) қамтамасыз ететін адамдар мен мемлекет қарым-қатынастарының нормалары, қағидалары.

Адам құқықтары адамдар қызметінің ұзақ қайталанған актілерінен қайталанып отырған байланыстар мен қатынастар нысандарынан қалыптасқан. Осылардың нәтижесінде адамдардың қарым-қатынастарын тәртіпке келтіре алатын белгілі бір тұрақты нормалар, эталондар, құндылықтар пайда болған. Әрбір адам белгілі бір материалдық жэне рухани игіліктерді иемденуге талаптанады, ал оларды иемденуге қоғам мен мемлекет көмектесуі керек жэне осы игіліктер көлемі тарихи тұрғыдан әрқашанда қоғамның сыныптық құрылымындағы, материалдық өндіріс жүйесіндегі индивидтің жағдайымен белгіленіп отырады. Индивидке берілетін осы игіліктерді адам құқықтары деп атауға болады.

Адам құқықтары мәселесі әрқашанда қоғамдағы адам орнын белгілейтін құқықтарды иемдену үшін, олардың көлемін кеңейту үшін жүргізілетін сыныптық шайқастар мәселесі болған. Тарих көрсететіндей әр ұрпақ адам құқықтарын қайта қорғауға мәжбүр болады, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау және қолдау үшін күш қажет болмайтындай жағдай адамзатқа кездескен емес. Әр ұрпақ адам құқықтары мен бостандықтары сияқты ұлы құндылықты қорғауға байланысты тарихтың шақыратын мәңгілік жекпе-жек шайқасына шығады.

Адам құқықтары ең жоғары мәдени құндылықтардың бірі, өйткені олар барлық қоғамдық даму процестерінің ортасына тұлғаны қояды, оның еркіндігі мен тең құқықтығын белгілейді.

Адам құндылығының идеясы ежелгі қоғамда айтылған еді жэне, егер басында бастапқы негіз ретінде полис қарастырылған болса, эллинизм дәуірінен бастап ол индивидке ауды. Феодализмде діни сана адам даралығынан басым түссе, жаңа дәуірде мэдениет адамды қайтадан барлық заттың өлшегішіне айналдырды.

Адам құқықтарының бүгінгі түсінігі либерализмнен бастау алады, ал оның көрнекті өкілдері Локк, Гроций, Монтескье, Джефферсон, Смит, Милль жэне т.б. болған. Осы ғұламалар адамның өмір сүруге, қауіпсіздікке, еркіндікке, езушілікке қарсы қарсылық көрсетуге және т.б. іргелі құқықтарын мемлекеттен тәуелсіз жэне онымен қорғалуға тиісті адам жүріс-тұрысының табиғи, ажырағысыз және қасиетті нормалары ретінде негіздеген еді. Бұл жағдайда адам құқықтарының табиғи, жаратылыс сипаты дегеніміз олардың адам туылғанынан пайда болуы, адам құқықтарының ажырамасыздығын және оларсыз индивидті қоғам мүшесі, нағыз әлеуметтік субъекті қылатын ерекше адамдық қасиеттерден айырылу қатері пайда болатын олардың индивидке тірі жан ретінде тән болуы, ал адам құқықтарының қасиеттілігін оларды ең жоғары құндылықты мәртебе ретінде қарастырғандықтан сыйлау, құрметтеу және оларға табыну деп түсінуімізге болады.

Алғашқы рет адам құқықтарының либералды концепциясы өзінің құқықтық бекітілуін 1789 жылғы американдық құқықтар жөніндегі Биллге негіз болған 1776 жылғы тәуелсіздік Декларациясында көрініс тапты. Сәл кешірек адамның негіз қалаушы құқықтары 1789 жылғы адам мен азамат құқықтарының франциялық Декларациясында бекітілді.

Адам құқықтары категориясы - индивидтің құндылығы жөнінде, тұлға еркіндігін қамтамасыз ететін құқық пен оның негізінде құрылған тәртіп жөнінде көзқарастарды қалыптастырған жоғары гуманистік мәдениетті туындатқан христиан дініне негізделген европалық өркениеттің даму нәтижесі екенін айтып кеткеніміз жөн.

Сонымен қатар, өзге де, батыстық емес қоғамдарда адам құқықтары жөніндегі идеялардың бастамалары қалаптасқан. Мысалы, қазақ даласында белгілі бір көшпенді демократия болған, оның негізгі белгілері - индивидтің қатал жауыздық (деспоттық) ережелермен езіліп байланбауы, әйел адамның белгілі бір дәрежедегі еркіндігі және теңдігі, ежелгі жэне орта заманның отырыңқы егіншілік өркениеттеріне тән билікке құл ретінде тізе бүгушіліктің болмауы.

Қазақ хандарының билігі ешқашанда қатал жауызды, (деспоттық) болмаған, ал көшпенді тайпалар жүз немесе ру басшылырымен келіспеушілік болған жағдайда әрқашанда басқа жерлерге қоныс аудару мүмкіндігіне ие болған. Адам құқықтары Тәуке ханның Жеті Жарғы деп аталған заңдарында реттелген, онда индивидтің жеке (азаматтық) және экономикалық құқықтары көрініс тапқан. Қоғамның кейбір мүшелеріне берілген саяси құқықтар ханды сайлау институттарынан көрініс табады.

Билер иститутының маңызы зор болған, олар жеке және ұжымдық дауларды шешу бойынша сот-әкімшілік қызметті атқарған еді және бұл институттың демократиялық сипатын би атағы тұлғаның тек халық арасындағы беделі негізінде берілетіндігінен көруге болады. Тарихтағы Әбілхайыр ханды өлтіргені үшін Барақ сұлтанды билердің соттау фактісі ақсүйектердің сотталудан иммунитеті болмағанын көрсетеді. Қазақ жерін патшалық режим отарлағаннан кейін адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың дәстүрлі құрылымдары бірте-бірте жойылды.

Сонымен қатар, егер индуизм өркениеті туралы айтатын болсақ, оның негізіндегі барлық қоғамдық өмірді егжей-тегжейлі реттейтін ережелер жүйесін құрайтын индуизм діні белгілі бір жүріс-тұрыс және өмір сүру қалпын белгілеп, әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді саналы түрде бағалауға мүмкіндік бермейтін. Басқа да әлеуметтік себептермен бірге (экономикалық және ұлттық шашырандылық, қауымдардың тұйық оңашалануы) бұл- қауымның, "кастаның" шартсыз билігін көріп отырған адамның мақрұм қалуына үлкен эсер жасады.

Ислам негізінде діні жатқан мұсылман өркениетінде тұлғаның жұріс-тұрысын реттеудің мақсаты - "діндарлар" мүддесін, жалпы ислам мүддесін қамтамасыз ету. Өзін осыған қарсы қойған адам ислам дінінен жаңылған болып саналып, ауыр жазаланған. Мұсылмандық құқық діни сипатқа ие болғандықтан оның нормаларын сақтау "діндарлар" үшін діни міндет болып табылады. Мұсылмандық құқық мұсылмандардың тек сыртқы жүріс-тұрысын ғана емес, оның негізіндегі ішкі себептерді де егжей-тегжейлі реттеуге бағытталған. Бұл болса ислам ережелеріне сүйенген қауымға индивидтің өз еркі бойынша, саналы түрде бағынуын белгілейді және сол кезде бұл "мемлекетке сенушілік" болып та табылады. Ислам мәдениеті бойынша индивидтің билікке деген талаптары ретінде адам құқықтары идеясын қалыптастыру діни ережелерінің мызғымастығына қол сұғушылық болып табылар еді.

Сонымен, еркіндік пен адамның даралығы идеясын қалыптастырған христиан дінінің негізіндегі европалық өркениет қана индивидке барынша таңдау еркіндігін беріп адамды басшылық ететін ілімнің негізін қалады.

XV -XVI ғасырлардан бастап, адам құқықтары мемлекеттердің екіжақтық шарттарында бекітіле бастады, ал XX ғасырда адам құқықтары бойынша көпжақтық келісімдер де қабылданды. Адам құқықтарын қорғауға арналған алғашқа халықаралық шарттар діни азшылықтарды қорғау жөніндегі европалық елдердің екіжақтық келісімдері еді. 1815 жылғы Вена конгресінде поляк азшылығының құқықтарына кепілдік беретін, яғни діни емес, ұлттық азшылықтың құқықтарын қорғауға бағытталған құжат қабылданды. Сонымен бірге, осы конгресте европалық мемлекеттер алғаш рет негрлерді сатуды жою туралы Декларацияны қабылдады және бұл құжат бойынша осындай әрекеттер абыройсыздық болып танылып, мемлекеттерден осы тәжірибені тоқтату талап етілді.

Ұлттар Лигиясының шеңберінде халықтың ең осал топтарының бірі  - ұлттық азшылықтарды арнайы халықаралық қорғау жүйесі алғаш рет орнатылды. Бірақ, қорғау механизмінің ойластырылмағандығынан, сондай-ақ осы саладағы Ұлттар Лигиясы мүшелерінің міндеттер көлемінің теңсіздігінен, бұл жүйе құрушылырдың үмітін ақтамады.

Біріккен Ұлттар ¥йымы (Б¥¥) құрылғаннан кейін адам құқықтары осы ұйым қызметінің негізгі бағыттарының біріне айналды. Б¥¥ Жарғысында адам құқықтарына біраз көңіл бөлінген. Мысалы, бұл құжаттың кіріспе бөлімінің өзінде Б¥¥-ң негізгі мақсаттарының бірі ретінде "адамның негізгі құқықтарына, адам баласының абыройы мен қадір-қасиетіне, ерлер мен әйелдердің теңқұқықтығына және үлкен мен шағын ұлттардың теңдігіне сенушілікті қайта бекітуге" белбайлаушылық белгіленген. Осымен бірге, Жарғының 1 бабы Б¥¥-ң басты мақсаттарын айқындай отырып, солардың ішінде нәсіліне, жынысына, тілі мен дініне қарамастан барлыгы үшін адам цщыцтары мен негізгі бостандықтарын құрметтеуді мадақтау және дамыту бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруды атайды (1 баптың 3 тармағы). Адам құқықтарының негіз қалаушы сипаты Жарғының 55 бабымен де расталады, ол жерде былай делінген - "халықтарды" өзін-өзі билеу және тең құқықтығы қағидасын құрметтеуге негізделген ұлттар арасындағы бейбітшілік және достық қарым-қатынастар үшін қажетті тұрақтылық және тыныштық жағдайын қалыптастыру мақсатында, Біріккен Ұлттар ¥йымы:

а) Халақтың өмір сүру деңгейін, толық еңбек бастылығын көтеруге және экономикалық пен әлеуметтік өрлеу мен даму шарттарына;

б)  Экономикалық, әлеуметтік, денсаулық сақтау жэне осы сияқты салалардағы халықаралық мәселелерді шешуге; мэдениет пен білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа;

с) Нәсілі, жынысы, тілі мен дініне қарамастан барлығы үшін адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын жалпылай құрметтеуге және сақтауға көмектеседі.

55 бапта орнатылған Б¥¥ мақсаттары қалай алсақ та адам құқықтарын қамтамасыз ету ісімен байланысты. Оларды ажырататын жалғыз белгі - адам құқықтарын әртүрлі салаларда, әртүрлі деңгейде және әртүрлі бағыттар бойынша қамтамасыз етуге арналуы. Алайда, бұл мақсаттардың негізгі екпіні - ол, адам, оның құқықтары мен бостандықтары.

Сонымен, Б¥¥-ң негізгі қызметінің барлығы қай деңгейде болса да түбінде адам құқықтарын қорғауға бағытталған деп айтуға болады.

Сонымен қатар, адамның құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау қазіргі халықаралық құқықтың негіз қалаушы қағидаларының бірі болып табылады және мемлекеттердің ішкі құқығының да, халақаралық құқықтың да бірде бір әрекет күшіндегі нормасы осы императивті қағидаға қайшы келе алмайды.

Бұл қағиданың нормативті мазмұны 1975 жылғы Евуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық Мәжілісінің (ЕҚЫМ/СБСЕ) Хельсинкілік Қорытынды актісінің құрамдас бөлігі болып табылатын "Қатысушы-мемлекеттерді" өзара қарым-қатынастарында басшылыққа алатын қағидалар Декларациясында ашылған. Осы құжатқа сәйкес мемлекеттер адам құқықтарының барлық кешені адам баласына тән қадір-қасиеттен туындайды және оның еркін де толық дамуы үшін маңызды болып табылады деп таныды. Сонымен қатар, қатысушы-мемлекеттер барлық елдер арасындағы достық қарым-қатынастар мен ынтымақтастықтың дамуын қамтамасыз ету үшін қажетті бейбітшіліктің, әділдік пен тыныштықтың маңызды факторы болып табылатын адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын құрметтеудің жалпылай маңызын таныды. Осының негізінде, мемлекеттер адам құқықтарын құрметтеуге, олардың тиімді жүзеге асуын мадақтауға және дамытуға, осыған көмектесуге, сондай-ақ осы салада Б¥¥ Жарғысы мен Адам құқықтарының жалпылай Декларациясының мақсаттары мен қағидаларына сәйкес әрекет етуге, осы саладағы халықаралық келісімдер бойынша өздерінің міндеттерін орындауға міндеттемелер алды және адамдардың өз құқықтары мен міндеттерін білу және соларға сәйкес әрекет ету құқын растады.

Адам құқықтарын құрметтеу қағидасының құрамында өзінің ар-ожданына сәйкес дінге сенуіне тұлғаның еркіндігін құрметтеу жэне тану қажеттілігі жөніндегі, сондай-ақ ұлттық азшылықтарға жататын тұлғалардың құқықтарын сыйлау және оларға адам құқықтары мен бостандықтарын іс жүзінде толық қолдану мүмкіндігін беру жөніндегі ережелер бөлек белгіленген.

Сонымен, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті, сондай-ақ мемлекеттер мен мемлекетаралық қатынастардың тұрақтылығы мен тыныштығы адам құқықтарын және негізгі бостандықтарын құрметтеу мен тікелей баланыстырылды.

Осы байланыс Б¥¥ қабылданатын әртүрлі құжаттарда әрдайым расталып отырады. Мысалы, 16 желтоқсан 1970 жылғы халықаралық қауіпсіздікті нығайту жөніндегі Б¥¥ Декларациясында "адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын жалпылай құрметтеу және толық жүзеге асыру жэне осы құқықтарды бұзушылықты жоқ қылу халықаралық қауіпсіздікті нығайтудың қажетті де кейінге қалдырылмас шарты болып табылады" деп тағы да белгіленді және осыған байланысты "езушілікті", зұлымдық пен кемсітушіліктің барлық нысандары, әсіресе жасалған жеріне қарамастан нәсілшілдік пен нәсілдік кемсіту сөгіске алынды (22 тармақ). Бұл халықаралық қатынастардың қалпы мен дамуына үлкен ықпалын жасаған маңызды жайт.

Адам құқықтарын қорғау қазіргі әлемдегі халықаралық саясаттың негіз қалаушы қырларының біріне айналды.

Адамзаттың прогрессивті күштерінің адам құқықтары үшін күресі өзінің логикалық көрінісін БҰҰ Бас Ассамблеясымен 10 желтоқсан 1948 жылы қабылданған "Адам құқықтарының жалпылай Декларациясынан" тапты. Бұл адамзат тарихындағы адам құқықтары мен негізгі бостандықтарының тізімін бекіткен алғашқы халықаралық құжат. Бұл актінің қабылдану себептерінің бірі - БҰҰ Жарғысы нәсілі, жынысы, тілі мен дініне қарамастан барлығы үшін адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын жан-жақты мадақтау және құрметтеу ісіне мемлекеттердің міндеттерін бекіте отырып, бұл құқықтардың тізімін белгілемеуінде.

Соңғы екі-үш онжылдықтың ішінде адам құқықтары мен бостандықтарының мәселесі бір қатар себептерге байланысты саяси күрестің орталығына айналды. Бұл сауал бойынша халықаралық қауымдастық айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Осыған қарамастан, әлде де көп елдер адам құқықтары мен бостандықтарын жалпы адамзат құндылықтары ретінде танудан алшақтау. Мәселен, Венада 1993 жылы өткен адам құқықтары жөніндегі Конференцияда тек бірнеше азиялық мемлекет қана, оның ішінде Жапония мен Оңтүстік Корея, адам құқықтарын әмбебап құндылық ретінде қарастыруға шақыратын резолюцияны қолдады.

Бұл ең алдымен азия елдерінің адам құқықтарына бірегей көзқарасының болмауына байланысты. Олардың көпшілігі адамның жеке құқықтары категориясын өз өркениеттері үшін бөтен деп санайды, өйткені көптеген шығыс қоғамдарында адамның жеке құқықтары емес ұжымдық құрылымдардың (отбасы, ру, тайпа және т.б.) құқықтары бірінші орынға қойылады. Ал, Иран сияқты мемлекет Вена конференциясында адам құқықтары және оларды бекіткен халықаралық құжаттар иудалық-христиан өркениеті құндылықтарының көрінісі болғандықтан бұл елдің мұсылман қайымымен қабылдана алмайды деп ашық жариялады. Демек, мәдени релятивизм бұл саладағы ең ауыр мәселелерінің бірі.

Адам құқықтарының толық жүзеге асыру үшін дамышы елдердің сыртқы қарыздары, шектен асқан қайыршылық мәселелерін, нәсілшілдік пен нәсілдік кемсітудің, ксенофобия мен осыларға байланысты төзімсіздіктің әртүрлі нысандарының болу мәселелерін шешудің маңызы зор.

Адам құқықтарының барлық кешенін іс жүзінде жүзеге асыру жан-жақты да кешенді іс болып табылады және оның шешілу деңгейі жеке елдердің де, барлық адамзат өркениетінің де даму деңгейін, өрлеуі мен адамгершілігін сипаттайды. XXI ғасыр табалдырығында адам құқықтарын сақтау және құрметтеу ішкі және халықаралық саясаттың адамгершілік өлшемінің маңызды белгісіне айналуда. Адам құқықтарын құрметтеу арқылы жекелеген мемлекеттер мен жалпы әлемде тұлғаның жоғарғы құндылығы орнығады.

Жеке елдердің шеңберінде адам құқықтарын сақтау бекем дамудың қажетті шарты болып табыларды, халықтарды әртүрлі тоталитарлық және өзге де сынақтардан, агрессивті ішкі және сыртқы саясаттан сақтайды. Дүниежүзілік деңгейде адам құқықтарын сақтау және құрметтеу халықаралық қатынастарды шынайы адамгершілік қағидалар негізінде құрудың бейбітшілікті сақтау мен нығайтудың кепілі. Тұлға құқықтарын құрметтеу халықтар арасындағы сенімділікті нығайтуға көмектеседі, адамдар арасындағы жан-жақты байланыстар мен ынтымақтастық үшін қолайлы жағдай жасайды, халықаралық  оқу орнындарында философияның оқытылатынын ескерсек те жеткілікті. Ғалымдар мен мемлекет қайраткерлері, саясаткерлер мен өнер адамдарының философиялық еңбектерге деген қызығушылығын жоққа шығару мүмкін емес. Және бұл қызығушылық өсе түсуде, сондықтан жоғарыдағы Конттың пікірі өзін ақтамайды.

Философия тарихындағы универсалистік тенденциялар мен дәстүрлер философияның ұзақ уақыт бойы сақталуына ықпал етеді. Табиғи, адамзаттық және идеалдық әлемнің мәнін тануға деген универсалистік ұмтылысты философия қалай жұзеге асырады немесе, басқаша айтқанда, философия қалай “болады?„.

Жауабы айдан анық: философия дегеніміз адам рухының (немесе “ойлауының”, “зердесінің” және т.б.) сөз арқылы болуы. “Бастапқыда Сөз болды” деген тезистің философияның қалай “болатынына” қатысы бар. Француз философы Альбер Камюдің мынадай пікірі бар: “Адамның адам болуы көбінше оның пікір айтқанынан гөрі, үндемей қалуының арқасында”. Бұл біздің өміріміздің кейбір жағдайларында белгілі бір ақиқатты білдіргенімен, қойылып отырған мәселеге келгенде оны қанағаттандыра алдмайды. Себебі, кезінде К.Маркс айтқандай жалпы тіл, сөз біздің ойымыздың нақтылығын білдіреді.

Сонымен бұл “сөз”, бұл білім мен даналық не туралы дейтін болсақ, оның “жалпы бар нәрсе”, өмір сүретін нәрсе туралы екендігі философия тарихынан белгілі болды. Ал біздің қабылдауымызға көнетін қөрнекі не нәрсе нақты өмір сүреді?

Ежелгі Греция философтары Парменид пен Гераклит дәуірлерінен бері бұл нәрсені “онтос”-“болмыс” деп атады. Біз өмір сүреді деп айқын қабылдайтындай не нәрсе болымды? Философиядағы классикалық ұғым “онтос” арқылы дәл осының құрылымын қарастыруға болады. Сондықтан философия құрылымын талдауды “философиялық білім құрылымының онтологиялық принципі” деп айтамыз.

Бұл тұрғыдан алғанда, оның ең бастапқы саласы, іргетасы онтология, болмыс туралы ілім болып табылады. Мұнан ары біз болмыстың деңгейлерінің осы типологиясын пайдалана отырып, философиялық білімнің әртүрлі салаларын жеке дара жүйелеп қарастырамыз. Төменде келтірілетін бұл классификацияда әр түрлі салалардың қай кезде пайда болғаны, олардың бір біріне өзара әсері мен байланысы және т.б. мәселелерді берілген контекстен ауытқымау үшін арнайы қарастырмаймыз.

Философиялық білімді жіктеуде көптеген әдіс-тәсілдердің бар екендігін ескерткеніміз жөн. Мысалы философиядағы ең кең танымалы ретінде теориялық философия және практикалық философия деген бөлінісі. Оның біріншісіне болмыс теориясы (онтология) мен таным, білім теориясы (гносеология) жатады. Екіншісінің өзегін, ең алдымен этика

құрайды, оған құқық философиясы, тарих философиясы және т.б. жатқызылуы мүмкін.

Философияның теориялық және практикалық деп бөлінуі өзінің бастауын антикалық классикадан алады. Аристотель үшінші бөлігін ерекшелеп, оны “пойетикалық философия” деп атады. Бұл шығармашылық мақсаттағы білімді көздейді, ал оның негізін сөз шығармашылығының эстетикасы—риторика және поэтика құрайды. Алайда, біз “философиялық білім құрылымының онтологиялық принципіне” қайта оралайық. Сонымен, табиғат болмысына қатысты, ондағы “заттар” мен “процестерге” қатысты философиядағы білімнің ерекше саласы—натурфилософия. Натурфилософияның, сол сияқты онтологияның және басқа салалардың “отаны” метафизика болып табылады.

Ал табиғаттағы адам болмысы, оның іс-әрекетіне қатысты философиялық білім шеңберінде натурфилософиямен қатар философиялық антропология, яғни техника философиясы мен ноосфера концепциясы қалыптасты және өмір сүруде. Адам болмысының өзі “табиғаттан тыс” мағынасында көптеген “әлемдерден” тұрады. Бұл, мысалы, экономика, тарих, мәдениет, саяси және құқықтық қатынастар әлемдері, әлеуметтік-топтық және этникалық қауымдастықтар әлемдері және т.б. философияда бұлардың әрқайсысына сәйкес өзіндік салалары бар:   мысалы, шаруашылық философиясы (қазіргі кездері кең таралған экономика философиясының арғы отаны десе де болады), мәдениет философиясы, саяси философия, құқық философиясы, философиялық антропология және т.б.

Ақырында, өз кезегінде бірнеше “әлемдерге” бөлінетін адамзат рухының болмысына (мысалы, наным-сенімдер әлемі, адамгершілік және эстетикалық құндылықтар әлемі, ғылым әлемі, ментальдық қабілеттер мен мүмкіндіктер әлемі және т.б.) қатысты филоссофия мынадай салаларға бөлінеді, мысалы, дін философиясы, этика, эстетика, рух феноменологиясы және философиясы, философиялық герменевтика, жаратылысы жағынан философиялық болып табылатын психология және риторика, ғылым философиясы, және де философиялық антропология сонымен қатар, әрине онтология секілді ежелгі философиялық білім салаларының бірі гносеология.

Мүның бәрін мынадай кесте түрінде келтіруге болады:

Табиғат болмысы—Онтология (болмыстың барлық деңгейлері мен формаларын қоса алғанда). Натурфилософия (табиғат философиясы)

Адам болмысы—Философиялық антропология Тарих әлемі—тарих философиясы Мәдениет әлемі—Мэдениет философиясы Экономика әлемі -Шаруашылық философиясы Құқық әлемі—Құқық философиясы Саясат әлемі — Саяси философия

Қоғам әлемі—Қоғам философиясы, оның қатынастары, құрылымы, байланыстары— Әлеуметтік философия

Рухани болмыс—адамгершілік әлемі—Этика, “мораль философиясы”

Дін әлемі—дін философиясы

Ғылым әлемі—Ғылым философиясы. Эпистемология Өнер, сұлулық әлемі—Эстетика Таным—Логика. Гносеология

Эрине, кез-келген кесте бар нәрсе жағдайының тек жақындатылған, толық емес бейнесі ғана. Оның үстіне, біз қарастырған жағдайда философиялық білім салаларының арасындағы өзара байланыстар мен өзара қатынастар көрсетілмеген. Алайда, білім бөлімдерінің осылайша жүйеленуі көрнекті құрал ретінде болмысқа қатысты көзқарас қалыптастыруға септігін тигізеді.



Сонымен, философия болмыстың мәнін осылай игерумен (немесе оны құрайтын заттардың, құбылыстардың, жағдайлардың, деңгейлердің, процестердің және т.б. мәнділігі), адамның әлемге қатынасының мәнін және ондағы адамның мәнділік орнын танумен айналасады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет