«Адам және жануарлар физиологиясы» пәні, негізгі оқу пәні ретінде биология және биотехнология факультетінің биология, биотехнологияның және биология педагогика мамандықтары бойынша 3-курс студенттеріне оқылады



бет17/103
Дата12.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#477263
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   103
ЛЕКЦИЯ АЖФ сонгы

Биопотенциалдар тірі жүйеде болатын электрлік үдерістер түрлерінің жалпы атауы.
Жарақат потенциалы – электр құбылысы жайлы түсініктің ең алғаш тарихи түсінігі, былайша айтқанда, зақымдалған тканьмен зақымдалмаған тканьдердің арасындағы потенциал айырмашылығы. Осы құбылыстың себебін зерттеп, табу арқылы биопо-тенциалдың мембрандық теориясы жасалды.
Мембрандық потенциал (МП) – бұл клетканың тыныштық күйіндегі, оның ішкі және сыртқы бетінің арасындағы потенциал айырмашылығы. МП тыныштық күйде 50–80 мВ “–” белгісімен клетка ішіндегі көрсетімді белгілейді. Клетка қозған кездегі әрекет потен-циалы тіркеледі (олардың фазалары: “шыңы”, теріс іздік потогенездік), бұл қозу кезіндегі мембрандық потенциалда болатын өте тез жүретін өзгерістік.
Клеткадан тыс тіркелуші әрекет потенциалы, клетка ішінде тіркелуші әрекет потенциал – бұлар әрекет потенциалдарының варианттары, оларды тіркеудің әдісіне қарай аталады.
Рецепторлық (генераторлық) потенциал – клетка қозу кезіндегі клетка рецепторларының, МП-ның өзгеруі.
Постсинаптық потенциалдар (олардың варианттары) – қоздырушы постсинаптық потенциал (ҚПСП), тежеуші постсинаптық потенциал (ТПСП), соңғы пластинка потенциалы (СПП).
Арнайы жасалынған, тудырылған потенциал – бұл нейрондардағы ӘП-ның осы нейрон бойымен ақпарат тасушы рецепторлардың қозуына жауап беру.
ЭКГ, ЭЭТ, ЭМГ (миограмма) жүректің, мидың, бұлшық еттің қозуы кезіндегі электрлік активтілігінің жалпы көрсеткіші.
1.5. Тұрақты токтың тканьдерге әсері

1859 жылы Пфлюгер токтың полярлық әсерінің заңын қалыптастырды. Ол заң бойынша тұрақты токпен әсер еткенде қозу тізбекті қосқанда немесе ажыратқанда ғана болады. Токты қосқанда қозу катодтың астында пайда болады. Неге осы заң 100 жыл бұрын ашылса да казір де өзінің маңызын жойған жоқ? Себебі осы заңдылықты түсіне отырып, қозу және онда болатын үдерістердің негізін қалыптастыруға, осы заң арқылы деполяризацияның критикалық деңгейіндегі өзгерістердің механизмін түсіндіруге болады. Сондықтан осы заң тканьдерде қозудың физиологиялық негізін анықтатып, бірінші заң деп қарастырылады.


Тұрақты токтың тізбегін қосқанда тітіркендіргіштің күші өзгереді. Сондықтан қозу токты қосқан кезде немесе ажыратқан кезде пайда болады. Токты қосқанда катодтың астында деполяризация туады, егер деполяризациясы критикалық деңгейге көтеруге жететін болса, яғни ӘП пайда болады. Егер ондай құбылыс болмаса, онда катод маңында қозғыштық өзгеріске ұшырап, ол алғашында жоғарылап (электротон, катэлектротон), бірақ кейіннен Na+ каналының акцивтігінің төмендеуінен күрт төмендейді, осы үдерісті катодтың депрессиясы деп атаған.Осы құбылысты ашқан пермдік физиолог – В.Ф.Вериго. Бұл құбылысты басты негізгі пресинаптық тежелуге ұқсас деп қарастыруға болады. Ал тізбекті анод астын қосқанда мембрандық потенциалдың (МП) мөлшері жоғарылап, гиперполяризация пайда болады. Сондықтан тізбекті токқа қосқанда қозу тумайды. Қозғыштық төмендейді (анэлектрон құбылысы). Бірақ тоқ ұзақ уақыт бойы әсер етсе, онда гиперполяризация кезінде де, деполяризация кезінде де көрсеткіш деңгейі төмендейді, мембрандық потенциалдың (МП) бастапқы деңгейіне жақындай бастайды). Сондықтан токты ажыратқанда анодта қозу пайда болады, мембрандық потенциалдың (МП) деңгейі тез төмендеп, деполяризацияның критикалық деңгейі (ДКД) жоғарылайды. Сөйтіп, анэлектротон құбылысы және токты ажыратқан кездегі анодта қозудың пайда болуы қозғыш тканьдердің функционалды үдерісінде деполяризацияның критикалық деңгейі (ДКД) өзгеруге байланысты болатындығын дәлелдеді.
Токтың полярлық әсер ету заңын практика жүзінде пайдалануға болады. Нервтің бойымен қозуды тоқтату кезінде тұрақты токты пайдаланады. Анод бар жерде қозғыштық төмен, сондықтан қозуды реттейді (өткізбейді). Осыған ұқсас катодтағы ұзақ уақыт бойы пайда болған қозудан депрессия үдерісі туады немесе катодтық депрессия деп аталады.
2-ТАРАУ




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет