А. Электрохимиялық өзгеріс:
1. Әрекет потенциалының генерациясы;
2. ӘП-ның Т – жүйесі арқылы таралуы;
3. Т – жүйеде, саркоплазмалық торда электр тогының артуы, ферменттердің активтілі-гінің артуы, инозитол үшфосфаттың қалыптасуы, клетканың ішінде Са++ ионының концентрациясының жоғарылауы сияқты үш кезеңнен тұрады.
Ә. Хемомеханикалық өзгеріс (бұл да үш кезеңнен тұрады).
1. Са++ ионының тропонинмен байланысқа түсуі, актин жіпшесінде акцивті орталықтардың қалыптасуы;
2. Миозин басының актинмен байланысқа түсуі, миозин басының айналысқа түсіп серпімділігінің дамуы;
3. Актин және миозин талшықтары бір-біріне қарсы сырғанау арқылы жылжуының нәтижесінде саркомераның арасы тарылып, ет талшығы қысқаруының нәтижесінде қуаты жоғарылайды. Ал енді осы кезеңдерде болатын құбылыстарға толығырақ тоқталайық.
Еттің қозғалу митонейроны арқылы және ацетилхолин (АХ) медиаторы арқылы етте қозу үдерісі пайда болады. Ацетилхолиннің ет пластинкасының ұшындағы холинрецепторы мен өзара әсерінен АХ-ге сезімтал каналдарда белсенділік пайда болып, пластинкада әрекет потенциалы 60-мВ-қа дейін көтеріледі. Пайда болған ӘП ет талшығы мен клетка мембранасына жақын шеткі пластинкаға қарай екі жаққа тарайды, жылдамдығы 3-5 м/сек.,
t 360. Осында ӘП жоғарылап, еттің жиырылуының бірінші кезеңі болып табылады.
Екінші кезеңде ӘП кезіндегі қозу денеде орналасқан түтікше жүйелері арқылы еттің ішкі жағына қарай таралады, сөйтіп мембрананың беткейімен, еттің жиырылғыш аппараттарымен байланысқа түседі. Т – жүйе саркоплазмалық тордың цистернарларымен бірге көрші екі саркомерамен байланысады. Электроимпульсті байланыс болған жерде ферментті активтендіріп, инозитолүшфосфорды қалыптастырады. Ал бұл фермент өз кезегінде цистерна терминалындағы кальций каналдарын белсендендіріп, Са++ иондарының цистернадан сыртқа шығуына әсерін тигізеді,соның нәтижесінде клетка ішінде оның концентрациясы 10-7-ден 10-3 М-ға көтеріледі. Осы барлық үдерістердің жиынтығы үшінші кезеңде болады. Сонымен бірінші кезеңінде электросигналдың ӘП-ның тууынан химиялық өзгеріске немесе Са++ ионы концентрациялық жоғарылауға, былайша айтқанда, электрохимиялық өзгеріске ұшырауына әсер етеді.
Клетка ішіндегі Са++ ионының концентрациясының жоғарылауы тропомиозинді актин жіпшелерінің арасындағы тесіктерге ығыстырып, актин жіпшелерінің участоктарындағы көлденең көпіршелердің пайда болып, оған миозин жіпшелерінің байланысқа түсуіне мүмкіндік береді. Ал бұл жерде айта кетерлік бір жайт, тропомиозиннің ішке қарай ығысуына басты себеп – болған жағдай Са++ ионымен байланыс кезінде тропониннің белоктық молекуласының конформациясының өзгеруіне байланысты. Сөйтіп, кальций ионының қатысуымен актин мен миозиннің өзара байланысуы тропонин және тропомиозин арқылы іске асырылады деп тұжырымдау керек.
Сонымен, төртінші кезеңде электромеханикалық өзгерісінің тууы Са++ионы мен тропонин арасында өзара байланысқа байланысты деп қарауға болады.
Бесінші кезеңде миозиннің басты актин жіпшелеріндегі көлденең көпірлерге байланысуы. Бұл кезде миозин басы өз осінен айналады, себебі актин жіпшесінде бірнеше активті участоктар бар, олар белгілі бір ретпен ғана байланысқа түседі. Миозин өз осінен айналуы талшықтарда серпімділік және қысым тудыру арқылы талшықтардың жиырылуын туғызады. Осы 4 және 5-кезеңде хемомеханикалық өзгеріс болады. Сонымен, миозин басының белгілі бір ретпен актин жіпшесі көлденең көпірлерге байланысып, босаңсып отыруының салдарынан жуан және жіңішке жіпшелердің бір-біріне қарсы жылжып, саркомераның арасы азайып, ет талшығының қысқаруын алтыншы кезең деп атаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |